Есімдіктердің түрленуі І. Ана тілім, дана тілім, бақ тілім, Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім? ІІ. Болса егер менің саған керегім, Күндерімді, түндерімді, Ой толқынын, сыр толқынын Саған ғана беремін! (Б.Мом.) Есімдіктің түрлері: жіктеу:маған,сен ; сілтеу: міне, сол ; сұрау: кімсің? неге? өздік: өзі, өздерінен; жалпылау: бәрі, барлығына; белгісіздік: кейбіреу, әркімнің ; болымсыздық: ешкімнен, ешқайсың. Есімдікті тауып,талдау. І.Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. ІІ.Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сенімді байлық. Ғ.Мұстафин. Семантикалық кестені толтыр. р/с | мысал | жіктеу | сілтеу | сұрау | өздік | жалпылау | болымсыздық | Белгісіздік | 1. | сіздің | | | | | | | | 2. | өзіміз | | | | | | | | 3. | бәрі | | | | | | | | 4. | кейбіреу | | | | | | | | 5. | ешкім | | | | | | | | 6. | нешінші | | | | | | | | 7. | Мынау | | | | | | | | ІІ.Бейтаныс белес. Есімдіктің сөйлемдегі қызметі І. Ең бірінші бақытым – халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын. Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. (М.Мақатаев) Адамзаттың Абай мен Мағжан сынды Асқар алыптарын туғызған ұлтымыздың тірегі сенсің, туған тілім. ІІ. Қазақ тілі өзінің бейнелілігі, суреттілігі жағынан басқа түрік тілдерінен әрқашан ерекшеленіп тұрады. Малов С.В. (орыс ғалымы) Жаңа ұғымға жаттығу жұмысы. ІІІ.Шешендікті шыңдау белесі. Мақал – мәтелдер 1.Тіліңді биіктет, 2.Әркімдікі өзіне, Өзгеге сүйікті ет. Ай көрінер көзіне. Жүзден біреу – шешен, Мыңнан біреу – көсем. Біреу күн нұрына малынса, Біреу ай сәулесіне зәру. ІҮ.Тапқырлық белесі. Өзі үлбіреп тұр, Мұртының тиген жері күлдіреп тұр. Сыртым – қызыл, өзім – ақ, денем доптай, Шешіндірсең, жылатам ұрмай – соқпай. О жағы – мәрмәр, Бұл жағы – мәрмәр. Ортасында сандуғаш сайрар. Ү.Шығармашылық шыңы. Омоним есімдіктер Диалог алаңы Кейбіреулер келіп, Әлдекімді көріп, Танысып жатыр. Әлдебіреулерден мәлімет алысып жатыр. ‒ Сіз осы қайда тұрасыз? ‒Көксайда,ал өзіңіз? Әлдеқайда! ‒Ол қай жерде? ‒Белгісіз жайда… ‒Мұныңыз қиын екен, Іздесек таба алмаспыз оңай… ‒Оқасы жоқ, жаратылысымыз солай… |