Просмотр содержимого документа
«Я думаю, что моя работа поможет другим учителям. В моей работе есть чем заняться»
Сабақтың мақсаты:Білімділігі: Дауыссыз Қ мен Ғ-ның жазылу емлесімен таныстыру, дауысты дыбыс қосылғанда қалай өзгеріске ұшырайтынын түсіндіре отырып, сауаттылыққа жетелеу, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету, сөз ішінен қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды ажыратуды үйрету.
Дамытушылығы: Ой шапшаңдығын дамыту, сөздік қорын молайту, тиянақты жауап беруді талап ету.
Тәрбиелігі: Әсемдікке, ұқыптылыққа баули отырып, бірлікке, ұжым ішінде ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдісі:Өз бетінше, жұппен, сұрақ-жауап.
Түрі: Саяхат.
Көрнекілігі: Жеміс-жидектер, ребус, көкөністер суреті, т.б.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Мұғалім:Екі көз не үшін керек?
Оқушы:Бар жақсылықты көру үшін.
Мұғалім:Екі құлақ не үшін керек?
Оқушы:Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім:Екі қол не үшін керек?
Оқушы:Елге көмек беру үшін.
Мұғалім:Екі аяқ не үшін керек?
Оқушы:Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін.
Отырыңдар, балалар. Дұрыс айтасыңдар. Екі аяқ туған жерге жетіп, туған тілде сөйлеу үшін керек. Тіл туралы мен сендерге мына бір қызық нәрсені айтып беремін. Қане, тыңдап көрейік.
Өте ертеде бір қария дүниеден көз жұмарында қасына ұлын шақырып алып: « - Балам, менің дүниемен қоштасар күнім жақын. Өзіңе қалдырып бара жатқан бір асыл қазынам бар. Сен соны іздеп тап, ұқыпты пайдалан, ұқсатып қолдан», - депті. Күндердің күнінде бала әке қалдырған қазынаны іздеймін деп, әбден шаршайды. Бірақ әкеден қалған қазына таптырмайды. Амалы таусылған бала ел ішіндегі көпті көрген қариядан ақыл сұрайды. « - Әкеңнің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы – тіл. Ол сөзге шешен кісі еді ғой. Бәріміз де сөз асылын, сөз өнерін сенің әкеңнен үйрендік. Тілден қымбат қазына жоқ», - деп кемеңгер қария аталы сөздің шешуін айтты.
Иә, балалар, тіл – асыл мұра. Ол біздің ана тіліміз, арымыз.
ІІ. Ой ашар.
Ал, балалар, бүгін біз ана тіліміз қазақ тілі сабағын көңілді өткізейік.