Болашақ энергия көздері. Медеу Сәрсеке «Жетінші толқын»
Сабақтың тақырыбы
Энергия көздері
Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
9.1.3.1 әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну
9.2.1.1 берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрау;
9.5.1.2 жазба жұмыстарында (қарсылықты бағыныңқы) сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыру
*Есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың мақсаты
*Барлығы: әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсінеді.
Көбісі: ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін біліп, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады.
Кейбірі: тыңдалатын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені болжайды.
Бағалау критерийі
Менің жетістігім:
Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсінемін.
Ыңғайластық және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін біліп, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданамын.
Тыңдалатын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені болжаймын.
Тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту: жеке, жұпта жұмыс жасау, қойылған сұраққа толық жауап беру, диалог құрастыру, мәтіннен жаңа сөздер мен сөз тіркестерін таба алу, түсіну, мәтінге қатысты өз ойын айта алу.
Құндылықтар
ЭКСПО-2017- Қазақстан белесі.
Сабақ барысы
Кезеңдер
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, психологиялық ахуал орнату.
Өткенді қайталау: Сұрақ-жауап.
Үй жұмысын тексеру: алған білімдері қай дәрежеде меңгергенін тексеру.
*Ережені қайталау: Сабақтас құрмалас сөйлем.
Сабақтас құрмалас сөйлем- құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен сабақтаса байланысқан құрмаластың түрі. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысады.
1. Шартты бағыныңқы СбҚС (СПП условия) Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің шарты болып келеді. (Подчинительная часть содержит указание на условие, от которого зависит осуществление действия в главной части) Сұрақтары: қайтсе? не етсе? қайткенде? не еткенде? не етпей? қайтпей? қайтпейінше? не етпейінше? т.б. Шартты бағыныңқының жұрнақтары (суффиксы придаточного условия) : са, се, май, мей, пай, пей, бай, бей, майынша, мейінше, пайынша, пейінше, байынша, бейінше ғанда, генде, қанда, кенде. Мысалы: Жауын жауса, үйде отырамын. 2. Қарсылықты бағыныңқы СбҚС (СПП противительные) Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлеміне қарама-қарсы болып келеді. (Главное и подчинительное предложения противопоставлены друг другу) Сұрақтары: қайтсе де? не етсе де? қайткенмен? не еткенмен? қайтпесе? не етпестен? не істесе де? не етпейінше? т.б. Жұрнақтары мен шылаулары (суффиксы и частицы): са да, се де, ғанмен, генмен, қанмен, кенмен, а-е-й + тұра, тұрып,ғанына- геніне-қанына-кеніне+қарамай, қарамастан, ғаны-гені-қаны-кені + болмаса, ғанша, генше, қанша, кенше Мысалы: Мен қанша тесіле қарасам да, Маржан маған назар аудармады.
Менің жетістігім: Мен ... білемін. Мен ... түсінемін. Өзім ... орындаймын.
Өлең жолдары
Үлестірме-лі парақтар
Сабақтың ортасы
Қызығушылықты ояту: суретпен жұмыс.
Энергия – бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз. Энергия социумдар үлгісінің сақталуын қамтамасыз етеді, ол көптеген аспектілерді біріктіретін ұғым ретінде бүкіл әлем мен адамзатқа тікелей қатысты қызықты сауалдарды туындатады. Қоғамның энергия көздеріне қол жеткізуі олардың әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық тұрақты дамуының нақты жағдайларын тiкелей түрде анықтайды.
«Болашақ энергиясы»- тұрақты қуат көздерінің дамуына бағытталған стратегияларды, бағдарламалар мен технологияларды зерттеу, қуатпен жабдықтау сенімділігі мен тиімділігін арттыру, қалпына келтірілетін қуат көздерін қолдануды ынталандыру және қонақтарға қуат көзін үнемдеу өндірісінің жоспарын дайындау мен іске асыруға, энергетикалық қорларды тиімді пайдалануға белсенді қатысу қажеттілігін көрсету тәрізді нақты мақсаттар қояды.
*Сабақ тақырыбын ашу және бағалау критерийлерімен таныстыру.
Оқушылар мақсатты айтады немесе жазады.
Менің жетістігім:
Мен ...білемін. Мен ... түсінемін. Өзім ...орындаймын.
Сөздікпен жұмыс: хормен қайталайды, сөз тіркес құрастырады.
Венн диаграммасы Салалас – Компоненттері тиянақты тең дәрежеде байланысады. Жалғаулық шылаулар, интонация арқылы байланысады. Сабақтас – Алғашқы компоненті тиянақсыз. Бағына байланысады. Қосымша арқылы байланысады. Бағыңқы, басыңқы Екеуі де құрмалас сөйлем. Күрделі ойды білдіреді. Құрылысы жөнінде, мағынасы жөнінде.
Тапсырмалармен жұмыс:
Т.ж.: Оқылым. 1тапсырма: мәтінді тізбектеп оқу, мағынасын түсіну,
өз ойларымен жеткізу.
*Ж.ж.: Жазылым. 2тапсырма: берілген кестені толтыру.
Ж.ж.: Жазылым. 3тапсырма: берілген етістіктермен қарсылықтық саб.құр.сөйлем құрастыру.
сурет
мәтін бөліктері
кесте
оқулық
дәптер
Сабақтың соңы:
Рефлексия: Менің жетістіктерім:
Мен .............. білдім. Мен .............. түсіндім. Өзім .............. орындаймын.
Үй тапсырмасы: жаңа сөздерді жаттау, ережені қайталау, 131б- 3т(ж)- сөйлемдерді құрастыру.
Сызба
күнделік
*Екі жай сөйлемнен құралып, бір біріне бағынышты болатын,бірінші сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болатын күрделі сөйлемнің түрі сабақтас құрмалас сөйлем деп аталады.
Сабақтас құрмалас сөйлемде бірінші сөйлем бағыныңқы,екінші сөйлем басыңқы деп аталады. Сабақтас құрмалас сөйлемнің алты түрі бар: шартты, қарсылықты, себеп-салдар, қимыл-сын, мақсат, мезгіл.
1
Құрмалас сөйлем
В
Е
В
В
С
Д
С
Е
Е
Е
В
Д
Д
Д
Д
Е
Е
С
С
А
Е
А
А
А
А
Құрмалас сөйлем.
1- нұсқа.
1. Салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.
А) Әл-Фараби ежелгі Фараб қаласында туып-өскендіктен, араб елдерінде оны Фараби деп атаған.
В) Солардың 117-сінің аты белгілі, ал әзірге табылған 36 кітап. С) Ол 200-ге жуық ғылыми кітап жазған. Д) Әбу Насыр қыпшақ, оғыз, араб тілдерін жетік білген. Е) Жұрт жиналып болған соң,
Самат көрген-білгенін асықпай айтып берді.
2. Сабақтас сөйлемді табыңыз.
А) Жиналыс бітті де, халық тарай бастады. В) Мен үлкенмін, содықтан сен мені тыңдауың керек.
С) Мен кітабымды беріп едім, бірақ ол алмады. Д) Оның бүгін кеткісі келмеді және күн суық болды.
Е) Ертең күн жылы болса, біз тауға барамыз.
3.Сабақтаса құрмаласқан сөйлемді табыңыз.
А) Бурабайға адамдар көп келеді. В) Тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші шешен болады.
С) Хамиттің жүзі өзгеріп кетті, себебі келген адамды ол бірден таныды. Д) Теледидарда кино да,
айтыс та, ән де кезектесіп жүріп жатты. Е) Ержан далаға шығып еді, бірақ олар кетіп қалыпты.
4. Ыңғайлас салалас сөйлемді табыңыз.
А) Су табиғатта кең тараған, себебі бүкіл атмосфера судан тұрады. В) Бүгін үш сабақ оқыдық және оқушылар жиналысы болды. С) Күн біресе жауады, біресе басылады. Д) Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері. Е) Күн бұлтты болды, бірақ жаңбыр жаумады.
5. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Жақсы оқу үшін, көп ізденіс керек. В) Мен келгенше, сен үйде отыр. С) Ауылдан бүгін Әсем келеді немесе Кәкен келеді. Д) Егер сен маған келсең, біз циркке барамыз. Е) Қатты жаңбыр жауғандықтан, біз қонаққа бармадық.
6. Құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Алма ағашы. В) Күн ұзақ. С) Қазір қыс. Д) Жел тұрды, жаңбыр жаумады. Е) Жаз айлары.
7. Салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.
А) Төле би 17 ғасырда өмір сүрген. В) Раушанның қалаға келгеніне үшінші күн болғанда, жиналыс ашылды. С) Күн бұлтты болды, бірақ жаңбыр жаумады. Д) Мен мұғаліммен бірге құрбыма бардым.
Е) Үй іші жым-жырт.
8. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Менің мектепке келгеніме жарты сағат болды, бірақ жиналыс әлі басталған жоқ . В) Ұшақ сағат бесте ұшуы керек еді, алайда ұша алмады. С) Ән басылды, бірақ домбыра сазы тоқталған жоқ.
Д) Ертең доп ойнауға я Бейсен барады, я сен барасың. Е) Біз барғанда, ол мектепте жоқ еді.
А) Неліктен? В) Не мақсатпен? С) Қайткенде? Д) Қалай? Е) Не еткенмен?
12. Құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз. Жел тұрды да, жаңбыр жаумады.
А) Толымды сөйлем. В) Аралас құрмалас сөйлем. С) Жай сөйлем. Д) Салалас құрмалас сөйлем. Е) Сабақтас құрмалас сөйлем.
13. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Қыз баласы әдемі болып өсіп келеді. В) Ермек шахтадан шығып кетті, себебі шахтада жарылыс жиі болып тұрады. С) Жігіттер келген қонақты ортаға алып, әңгіме қызығына беріліп кетті. Д) Күн сайын жерде төтенше жағдай болады, бірақ оған ешкім таңданбайды. Е) Күндіз олар не өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді.
15. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Күн батты, тауды қара көлеңке басты.
А) Сабақтас құрмалас сөйлем. В) Жай сөйлем. С) Толымды сөйлем. Д) Салалас құрмалас сөйлем. Е) Аралас құрмалас сөйлем.
16. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Қаздар, үйректер жылы жаққа ұшып кетті. В) Оған аудармашы болу қиын, дегенмен қызмет атқарып жүр. С) Бүгін күн бұлтты болады, оқтын-оқтын жаңбыр жауады. Д) Бүкіл жайлау елінен, қырдан қонақтар келе бастады. Е) Көрші отырсақ та, кездесе беруге уақыт жетпейді.
17. Себеп бағынынқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Бала жақсы болу үшін жақсы тәрбие керек. В) Егер мен шақырсам, досың бізге келер ме?
С) Біраз жүргеннен кейін, әкесінің қолынан бір шие түсті. Д) Абай әкесі кеткелі, үйден шыққан жоқ.
Е) Қонақ үй болмағандықтан, досымның үйіне келдім.
18. Құрмалас сөйлемді белгілеңіз.
А) Қар аралас жаңбыр жауды. В) Күн суық болды. С) Күн аса суық болмағанымен, ызғары бар. Д) Үйлердің төбесін, ағаштарды, терезені қырау басты. Е) Табиғаттың көрінісі тамаша!
А) Қар жауса, балалар қуанады. В) Сен оған айтқан соң, мен үндемедім. С) Олар су ішіп, шөлдерін қандырды. Д) Күн жарқырап тұрғанмен, қатты аяз. Е) Сабақ оқуға уақыттары аз бола тұра, емтиханды жақсы тапсырды.
20. Құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Олар екі-үш күн ерте келгенімен, ешкімге жолыға қойған жоқ. В) Ербол кеше сабаққа кешігіп келді. С) Мен оған ренжи қарадым. Д) Немересі қатты қуанды. Е) Шешесі қызына сүйсініп те, мақтанып та қарады.
21. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз.
А) Ақшамыз болмағандықтан, біз циркке барған жоқпыз. В) Баласы жақсы оқысын деп, әкесі көп кітап әкеліп берді. С) Олар су ішіп, шөлдерін қандырды. Д) Оладамдар еститіндей қаттырақ сөйледі. Е) Емтихан тапсырғаннан кейін, үйге барамыз.
22. Құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз. Автобус бірде тез жүреді, бірде баяу жүреді.
А) Саяхатқа баратынымызды хабарламақ болып, сынып жетекшіні іздедім. В) Бұл күнде ел де өзгерді, адамдар да өзгерді. С) Күз түсті, күн салқындады. Д) Бүгін біз төрт сабақ оқыдық және оқушылар жиналысы болды. Е) Күн суық, әрі қар борап тұр.
24. Шартты сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Не ексең, соны орарсың. В) Күз келді де, жаңбыр жауды. С) Сабақ ерте басталғанда, ерте бітеді.
Д) Мұғалім айтқанда, ол жазады. Е) Ол көп уайымдап, үйге келді.