kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Баламалы энергия көздері-біздің болашағымыз» атты конференция

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Баламалы энергия көздері - біздің болашағымыз" атты конференция сабақ өткізілді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Баламалы энергия көздері-біздің болашағымыз» атты конференция»



Орал «Сервис» технологиялық колледжі




«Бекітемін»

Директордың оқу ісі

жөніндегі

орынбасары:

________________

К.К.Джумалиева




Тақырыбы:





Өткізген: Физика және информатика

пәнінің оқытушысы М.А.Оразгалиева


Физика және информатика

пәнінің оқытушысы Ж.О.Бапенова








2016-2017 оқу жылы


Қайырлы күн құрметті конференцияға қатысушы оқытушылар және студентер!

Бүгінгі біздің «Баламалы энергия көздері-біздің болашағымыз» атты конференциямызға қош келдіңіздер.

Конференциямыздың мақсаты арзан баламалы жаңартылмалы энергия көзін пайдалану арқылы экологияға нұқсан келтірмейтін энергияны үнемдеу саясатын ұсыну.

Оразгалиева Мейрамгүл Алипкалиевна - қазіргі кезде адамзат қоғамының өмірін энергиясыз елестету мүмкін емес. Кеш бата бәріміз электр жарығымен өмір сүреміз, үйдегі көптеген электр құралдары, демалыс, көңіл көтеру орындарының тіршілігі, бүкіл өндіріс, өнімдерді өңдеу, басқа да қажетті заттарды жасау технологиялары электр энергиясын қолдана отырып жүзеге асатынын білеміз.

Дәстүрлі энергия көздері ретінде органикалық отын, яғни көмір, мұнай, газ пайдаланылатыны белгілі. Бірақ табиғатта қоры шектеулі: ерте ме, кеш пе, ол таусылады. Сондықтан бүгінгі таңда баламалы энергия көздерін іздестіру өте маңызды мәселе болып отыр.

Бапенова Жанила Оразбаевна - «Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында атап өткендей, «көмірсутегі шикізатының нарығында ірі ойыншы болып қала отырып, біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. 2050 жылға қарай елде энергияның баламалы және жаңғыртылатын түрлерін қоса алғандағы барлық энергия тұтынудың кем дегенде тең жартысы келуге тиіс. Елдің дамудың «жасыл» жолына көшуіне Астанадағы алда тұрған ЭКСПО-2017 қуатты серпіліс беруі тиіс».

Бүгінгі конференциямызға 15топ және 3 топ студенттері қатысқалы отыр. Олай болса конференциямызды бастаймыз.


Баламалы энергия дегеніміз не?

Баламалы энергетика – энергияны дәстүрлі қазба көздерінен (көмір, мұнай, газ) емес Күннен, геотермиялық көздерден температураны және т.б.пайдалану арқылы алу. Қазіргі таңда баламалы энергетика қарқынды дауда. Оның себебі экологияның нашарлауы болып келеді. Баламалы энергияның көптеген түрі бар оның ішінде:

  1. Күн энергиясы

  2. Жел энергиясы

  3. Су энергиясы

Осы энергия көздері туралы 15 және 3 топ студенттерінің дайындаған жұмыстарына кезек берейік.

  1. студент. Абилхайрова Жаңылсын

Күн энергиясы. Күн энергетикасы дегеніміз – дәстүрлі емес энергетика бағыттарының бірі. Ол күннің сәулеленуін пайдаланып қандай да бір түрдегі энергияны алуға негізделген. Күн энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі болып табылады, әрі экологиялық жағынан да еш зияны жоқ. Күннің сәулеленуі – Жердегі энергия көзінің негізгі түрі. Оның қуаттылығы Күн тұрақтысымен анықталатындығы белгілі.

Жаһандану дәуірінде энергетикалық сұранысты қанағаттандыра алатын энергия көзі – күн энергиясын қолдану аясын кеңіту және оның мүмкін келешегін зерттеу ғылыми жаңалық болып отыр. Біздің заманымызда табиғи таза энергия қоры Күн энергиясын пайдаланудың негізгі екі бағыты бар: 1) күн энергиясын ішкі энергияға түрлендіру арқылы жылумен қамтамасыз ету және 2) күн энергиясын электр энергиясына түрлендіру.
«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» – демекші өткен ғасырда ғылыми техникалық прогресстің арқасында адамзат біраз табыстарға қол жетті. Табиғаттан алатынынымыз көп, беретініміз аз болды. Қазіргі мемлекеттерде энергия тапшылығы байқалуда. Бұрыннан пайдаланып келе жатқан көмір, мұнай, табиғи газ сынды энергия көздерінің сарқылуы немесе қорының азаюы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерінің күн санап артуы адамдарды бей-жәй қалдырмады. Бүкіл әлем Энергия тапшылығынан құтылып, қоршаған ортаны ластамайтын альтернативті энергия көздеріне қол жеткізуге кірісіп кетті. Бүгінгі таңда әлемнің ғалымдары энергияның жаңа көзін жыл өткен сайын іздестіріп келуде. Сарқылмайтын дүние жоқ. Уран да сарқылатын отынға жатады. Атом энергетикасының келешегіне қауіп төніп, көптеген елдер баламалы қуат көздері туралы ойлана бастады. Әрине, көгілдір отын және көмірмен жұмыс істейтін стансаларда өндірілетін қуат арзан, бірақ олардың қоры шектеулі. Сондықтан күн батареялары мен жел стансаларының қымбаттығына қарамастан, энергия өндіру бағытында жаңғыртылатын қуат көздерін құру бүгінгі және болашақ үшін өте маңызды.


2- студент. Кенжегалиева Лаззат


БҚО, Жаңақала ауданы, Мұқыр ауылында бұлтты күні де қуат өндіретін күн батареялары орнатылды.


Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы «Мұса» шаруа қожалығының жетекшісі Тілеген Мусин құм ішінде әйгілі герефорд тұқымды ірі қараны өсірумен айналысады. Оның қызметінің басты феномені АҚШ-тан жеткізілген бітімі, оты мен суы бөлек текті малды Нарын құмына жерсіндіре білуінде. Соның нәтижесінде герефорд құмның жайылымын жатсынбай қоң жинай түсуде. Шерді мал өсірудегі басты қиындық – су. Құм ішінде өзен, көл бола бермейді.

Сондықтан Тілеген Мусин құдық қаздырып, су шығару үшін энергия өндіретін күн мен жел тақтайшаларын орнатты. Оның әрқайсысы тәулігіне ең төменгі есеппен 1,5 кВт қуат өндіреді. Жинақталып келгенде – 9 кВт. Бір отбасының орташа есеппен 3-5 кВт тұтынатынын ескерсек, бұл жеткілікті мөлшер. Қажеттілікке қарай 10-12 кВт қуат өндіруге болады. Тақтайшалардың пайдалану мерзімі 25 жыл. «Жөндеп, майлап әуре болмайсың. Тек анда-санда шаңын сүртсең болғаны» дейді Тілеген.

Сондай-ақ, шаруа қожалығының жетекшісі «Маглев» жүйесіндегі жел генераторы сағатына 100 Вт қуат беретінін айтты. Бұл түнгі мезгілде аккумуляторды қоректендіру үшін орнатылған. Тілегеннің өнертапқыштық ой-пікірінен түйгеніміз, біз Күн қуатына бай екенбіз. Түннің қысқалығы сонша, таңғы рауан себездеп түскенше аккумулятордағы жинақталған тоқ сарқылып үлгермейді. Күн тақтайшалары бұлтты күні де қуат өндіреді. Тек бұл ғажайып қондырғы күн күркіреп, найзағай жарқылдаған жағдайда ғана қуат бермейтін көрінеді. Оны өндіргенімен, жұмыс жасап тұрған кезде жай түсіп кету мүмкіндігі аса жоғары екен.


  1. - студент. Гайнитденова Тұрсын

Сергей Офицеровтің жасаған машинасы туралы.


Бұл машина үнемді және экологияға зиян келтірмейді, өйткені ол күн сәулесінен қуат алады. Бұл ғажайып машинаны қуаттандыру үшін разетка керек емес. Ішкі бензин қуаттандырғышты автомобиль төбесіне орнатылған панель арқылы күн сәулесінен қуат алатын электроматор алмастырады.

Күн сәулесі сағатына 100км. жылдамдықпен жүреді. Қуаты 10кВт.электроматор бензин қозғплтқышынан кем түспейді. 500кг – дқы «Ока» буксирге 4 тонналық «Хаммерді» оңайлықпен көтереді, сонымен қатар сағатына 30км. жылдамдықпен жүреді. Жаңалықты тек автокөліктерге ғана емес, сонымен қатар арнайы аккумуляторды велосипедтің арқы дөңгелегіне орнатса, онымен қимыл – қозғалыстары бұзылған адамдар жүре алады. С.Офицеров өз жұмысын Москва облысының Дубне қаласындағы ғылыми – практикалық конференцияда көрсетті. Ресей ғалымдары Оралдық студенттің жұмысын жоғары бағалап, Дубне қаласындағы Табиғат, адам және қоғам университетінің магистратурасының грант бөліміне оқуға қабылдады. Сергей биылғы жылдық қыркүйегінен бастап сол университетте білім алады. Бұл автомобильдің ерекшелігі Күн батареясы мен аккумулятор қуатын арттырса жылдамдық сағатына 100 км- ден де көп болады.

- Бұл экологиялық таза, қауіпсіз және шусыз машина. Машинаға күніне 7-9 теңге шамасында ғана акша жұмсалады. Машинаны қайта жабдықтауға 700 мың теңге жұмсалды. Егер электромобильді дизайн мен қуат қосса, ЭКСПО – 2017 көрмесіне қатысуға болады. ЭКСПО – ға қатысушы ретінде шақырылса, эксклюзивті кузовты электромобильгеқызығушылық артатыны сөзсіз, - дейді өнертапқыш Сергей Офицеров.

4 – студент. Жұмағалиева Альбина

Күн энергиясының артықшылықтары мен кемшіліктері.

Күн батареясының тұрғындарға зияны жоқ, тұрмыс-тіршілікке кедергі келтірмейді. Үйдің шатырына орнатылған Күн батареясы жиі ауыстыруды, орнынан қозғауды қажет етпейді. Алайда Күн батареясының жұмысына ауа райы әсер етуі мүмкін. Күн көзін бұлт көлегейлегенде батареяның энергия шығаруында кедергі болуы мүмкін. Жапон энергетиктері бұдан да шығар жолды қарастырған. Яғни, Жапонияда Күн батареясы орнатылған тұрғын-үйлер күндіз Күн батареясымен қуаттанса,  түнде энергия қордаланған қосымша батареяны пайдалану мүмкіндігіне ие.

Күншығыс елінің Үкіметі Күн энергиясын өндіруді он есеге ұлғайту үшін кешенді істер атқаруда. Күн энергиясының өндірісі шын мәнінде көзделген межеге жетсе, 1180 000 кв шикі мұнайды үнемдеу мүмкіндігі туады. Күн энергиясы он жыл бұрынғы көрсеткіштен он есе мол өндірілсе, осындай мөлшердегі мұнайдың жануынан шыққан көміртек диоксиді элдеқайда азаяды екен.

артықшылықтары: 
1) Күн энергиясы бәріне бірдей қолжетімді; 
2) ол сарқылмайды; 
3) қоршаған ортаға қауіпсіз; 
кемшіліктері: 
1) ауа райы мен тәуліктің уақытына тәуелді; 
2) Күн энергиясын алу үшін қолданылатын құрылғылардың қымбаттылығы; 
3) оны шағылдыратын бетті периодты түрде тазалап отыру қажет; 
4) электр станциясының жанында атмосфера ысып кетеді; 
5) энергияны аккумуляциялау қажет. 

Күн энергиясы туралы бейнефильм көрсетіледі.

5- студент. Бақтығалиев Нұрбек

Қазақстанның жел энергетикасын дамыту әлеуеті өте жоғары. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен БҰҰ-ның даму жөніндегі бағдарламсының ұсынған мәліметтеріне жүгінсек, еліміздің потенциалы мыңдаған МВт немесе жылына 1 триллион кВт-сағ көлемінде — бұл дүние жүзі бойынша үздік көрсеткіштердің бірі.

Қазақстанда өте қолайлы жел дәліздері бар: жел бір бағытта соғатын аймақтар (Ерейментау, Жүзімдік) және қарама-қарсы бағыттарда алмасып отыратын аймақтар (Жоңғар қақпасы, Шелек, Қордай).

6- студент. Мақсот Аругүл

Елбасы Н.Ә.Назарбаев биыл­ғы Жолдауында «Санаулы күн­дерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын ме­рейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғы­рын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өк­пегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді.

Заманның беталысын өздеріңіз көріп отырсыздар… Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек», деген болатын. Дағдарысты кезеңдерде тәуелсіздігін жариялаған бүгінгі табысты Қазақстан кедергілер арқылы кемелдікке жететінін талай мәрте дәлелдеген. Оған мың-сан мысал келтіруге болады.

Сол мысалдардың ішінде жү­­­ретін журналист қауымы ел ішінің үлкен өзгерістер құшағында екендігін, тіршіліктің мәні, ырыс қадамының ырғағы бөлектігін алдымен байқап, қуанышпен қа­лам тартатыны сондықтан. Мем­лекет басшысы айтқандай, отан­дастарымыз уақыт талабына бейімделе алатын жоспар құруға машықтанған. Өйткені, тәуелсіз елдің тұрғындары болашақтың эко­номикасын тиімді ғылыми-инновациялық жүйе құру арқылы ғана жасауға болатынын біледі. Бұл сенім аймақтарда желпініс тудырғаны ғанибет.

Жел энергетикасы – жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын жаңартылатын энергетиканың саласы. Ол жел энергиясы халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Елімізде арзан элетр энергия көздерін іздеу мақсатында, «Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы» мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жел күшімен өндіретін электр энергиясы қуатын халық шаруашылығына қолданудың тиімді жолдары қарастырылуда.

7- студент. Болатова Айкөркем

БҚО, Орал қаласындағы ҚАЗИиТУ оқу кешенінде жаслған құрамалы жел – күн орнатылымы.

Құрамалы жел – күн орнатылымы күндізгі уақытта 8 метрлік бағананың төменгі жағында орналасқан арнайы диспетчерлік батареялар - толтырғыштарға электрлік энергияны өндіре алады. Жел мен күн энергиясының электрлік агрет пен күн панелдері арқылы электрлік энергияға айналуы арнайы құрылғылар конвертерлер арқылы жүзеге асады. Түнгі уақытта жарықдиодты берілгіштің автоматты түрде жұмыс істеуінің арқасында электрлік энергия жоғарыда орналасқан 24Вт кернеуге есептелетін күндізгі жарықтандырудың люминсценттік шамдарына өтеді. Кернеуді акумуляторлық батареялардың қажетті санын қосу арқылы өсіруге болады. Механикалық ресурстардың максималды түрде қолдану мақсатында осы орнатылым диспетчерде электрлік энергияның қажетті деңгейде жиналуы жағдайында желтурбинасының сөндірілу құрылғысы,сонымен қатар қауіпті мәні шамасының артуы жағдайында ротор айналымының шектегішімен жабдықталған. Сонымен, жел турбиналары жел агрегатының жұмысы үшін жел жылдамдығы жеткілікті болса да уақытша айналмауы мүмкін.

8- студент. Жасталап Өмірбек

Жел энергиясының артықшылықтары мен кемшіліктері.

Бір де бір ғылым саласы, өндіріс, мамандық тек жағымды немесе тек қана жағымсыз факторлардан тұрмайды. Әдетте әр заттың жақсы-жаман тұстары болады. Ендеше, жел энергиясының артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастыра кетейік.

Артықшылықтары:

  1. Шикізатты сатып алу-тасымалдаудың, қалдықтарды шығарудың қажеті жоқ;

  2. Электр қуатын беруші компаниялардан дербестік қамтамасыз етілген;

  3. Ластаушы қалдықтар жоқ;

  4. Табиғи ресурстар үнемделеді;

  5. Отын, электр қуатының шығындары қысқарады;

  6. Атмосфералық жылулық балансқа әсер етпейді;

  7. Табиғаттың оттек қорын сақтайды;

  8. Желдің кинетикалық энергиясын электр қуатына тегін айналдырады.

Кемшіліктері:

  1. Жел қондырғыларының жұмысы эфир кедергілерін тудырады;

  2. Пайда болатын шу адамның және жануарлар әлемінің денсаулығына кері әсерін тигізеді;

  3. Жұмыстың тұрақсыздығы, энергияның берілуі бір қалыпты емес;

  4. Үлкен аумақты қажет етеді;

  5. Қымбат.


Жел энергиясы туралы бейнефильм көрсетіледі.


9 – студент. Ескакова Данагүл

Су энергиясы – энергетикалық су қорларының қуатын пайдаланумен айналысатын саласы. Алғашқы су энергиясы диірмендердің, станоктардың, балғалардың, ауа үрлегіштердің тағы басқа жұмыс машиналарының жетектерінде пайдаланылды. Гидравликалық турбина, электр машинасы жасалып, электр энергиясын едәуір қашықтыққа жеткізу тәсілі табылғаннан кейін, сондай-ақ су энергиясын су электр станцияларында (СЭС) электр энергиясына түрлендіру жолының жетілдірілуіне байланысты су энергетикасы электр энергетикасының бір бағыты ретінде дамыды. СЭС – жылу электр станцияларына қарағанда жылдам реттелетін, икемді икемді энергетикалық қондырғы.


Су энергиясы туралы бейнефильм көрсетіледі.

9 – студент. Мурзагалиев Нұрхан

Астанада өтетін ЕХРО-2017-нің басты ұраны – «Болашақтың энер­гиясы». Бүгінде бұл барлық саналы адамзатты толғандырып отыр­ған көкей­кес­ті мәселе.  Жұмыр жерді мекендейтін жеті миллиард адам­ның күн­нен-күнге өсіп бара жатқан энерге­ти­ка­лық сұра­нысын қанағаттан­ды­ру планетамыздың бо­лашақтағы ең бір өзекті проблемасына айналып бара жатыр. Элек­тр қуатын өндіру үшін көмір­су­тегі шикізатын көп­теп пайдалану – ауа­ны ластап, атмосферадағы тепе-теңдікті бұзды. «Жа­һандық жылыну үрдісі» атты дәуірлік қауіп қыр астынан бас көтерді. Ға­лымдар­дың пікірінше, осы жүз­жыл­­дық­тың соңына таман ауа­ның температурасы 6,4 градусқа жылынып, әлемдік мұ­хиттардың деңгейі 58 сантиметрге көтеріледі екен. Сон­дық­тан бүгінгі таңдағы түйінді мәселе – дәстүрлі энергетикалық қуат шикізаттарына тиімді балама табу. Тұңғыш Пре­зи­дентіміз Нұр­сұл­тан Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген Астана ЕХРО-2017-нің басты ұраны – «Бо­ла­шақ­тың энергиясы» болып отыр.­

ЭКСПО – 2017 туралы бейнефильм көрсетіледі.


Енді келесі кезекті 15 топта оқитын Сагиндыков Бектілеудің жасаған жұмысына берейік.

Бектілеу: -Бұл жұмысыма мынадай құралдарды пайдаландым:

-Қозғалтқыш (матор), соктан босаған қаңылтырлар, мақта таяқшалары, ПВХ, системаның шнурлары, соктың қақпағы, күн батареясы, желім, шам, батарейка, айырып-қосқыш.

-Осы құралдар арқылы күннен және судан энергия алатын құрылғы ойлап шығардым. Арнайы қозғалтқыштың көмегімен ыдыста тұрған суды жоғарға көтеріп, қалақшаларға құяды. Соның көмегімен қалақшалар айналып, қозғалтқышқа тоқ береді.

-Бұл батареяға күн сәулесі түскен уақытта батарея зарядталып, шам жанады.

Күн машинасы.

Қазіргі таңда табиғатқа зиян келтірмейтін күн қуаты арқылы жүретін көптеген дүниелер жасалуда, соған орай күн сәулесінен энергия алу арқылы жүретін машина ойлап шығардым.

Осымен бүгінгі «Баламалы энергия көздері, біздің болашағымыз» атты конференциямыз аяқталды. Ат салысып қатысқандарыңызға алғыс білдіреміз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Баламалы энергия көздері-біздің болашағымыз» атты конференция

Автор: Оразгалиева Мейрамгул Алипкалиевна

Дата: 03.03.2017

Номер свидетельства: 397404

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "«Баламалы энергия көздері-біздің болашағымыз» атты конференция"
    ["seo_title"] => string(72) "balamaly_enierghiia_kozdieri_bizdin_bolashag_ymyz_atty_konfierientsiia_1"
    ["file_id"] => string(6) "397409"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1488523443"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства