Сынып: | 5 - сынып |
Пәні: | Қазақ тілі |
Мұғалім: Данишкина А.М. № 53 мектеп-лицейі Астана қ. | |
Сабақтың тақырыбы: | Дұрыс тамақтанамыз |
Негізгі түйінді идея: | Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі |
Оқу мақсаты | Дұрыс тамақтану ережелерін меңгеру. |
Табыс критерийлері |
Барлық оқушылар: | Көпшілік оқушылар | Жекелеген оқушылар: |
Дұрыс тамақтану жөнінде қарапайым сөйлеу үлгілерін пайдалану арқылы ақпарат бере алады. | Қарапайым сөйлемдер арқылы дұрыс тамақтану нормаларын сипаттайды. | Тақырып аясында өз бетімен мәтін құрайды, қарапайым үлгілер арқылы тілдесімге келеді. |
Уақыты | Кезеңдері | Тапсырма | мақсаты | Мұғалім не істейді | Оқушылар не істейді | Бағалау | Ресурс |
| Ұйымд. Кезеңі. Сәлемдесу! Психологиялық ахуал туғызу. | | Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу. | Оқушыларды «Шаттық шеңберіне» тұрғызады, түгендейді, сәттілік тілейді, түймедақ түстері бойынша топқа бөледі | Бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді, әр оқушы түрлі-түсті қағаздан қиылған түймедақты таңдап алады. | | Түрлі-түсті қағаздан қиылған түймедағы гүлдері. |
| Үй тапсырмасын тексеру. | «Сөздік жарысы» әдісі арқылы үй тапсырмасын тез, шапшаң, қойылған талаптарды сақтай отырып орындайды | Жаңа сөздерді қолдану қабілеттерін тексеру. | Тапсырма береді, қадағалайды, қателерін түзетеді | Берілген тапсырманы дискрипторлады сақтай отырып орындайды. | Формативті бағалау | Плакат, маркерлер |
| Жаңа тақырып «Дұрыс тамақтанамыз» | Слайдтар арқылы сабақтың тақырыбын ашады, сұрақтарға жауап береді | Оқушыларды ойланадыру, ізденедіру | Оқушыларды сабаққа қызықтыру мақсатында сұрақтар қояды: - Балалар, сендер дұрыс тамақтанасыңдар ма? Тамақтану ережелерін білесіңдер ме? | Сұрақтарға жауап береді, тақырыпты ашады. | мадақтау | Интерактивті тақта, слайдтар. |
| Сөздік жұмыс | Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, шағын сөйлемдер құрастырады. | Жаңа сөздерді пайдаланып қарапайым сөйлемдер құрастыру | Жаңа сөздермен таныстырады, оқиды, аударады, қайталатады. (тамақтану, тез бұзылады, сапа, артық салмақ, асқазан, жиі, дұрыс тамақтану) | Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды, сөздіктеріне жазады. Сөз тіркестерін, шағын сөйлемдер құрастырады. | Мадақтау | Интерактивті тақта |
| Мәтінмен жұмыс | Мәтінді оқиды «Попкорн» әдісі арқылы мазмұнын айтады | Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын ашу. | Мәтін береді, сұрақтар мен жауаптардың дұрыстығын қадағалайды. | Оқушылар кезектесе сұрақ қояды, жауап береді. | Мадақтау | Оқулық, мәтін |
| Топпен жұмыс | «Фастфуд», «Пайдалы тағамдар» тақырыбына сурет бойынша кластер құрайды, жарнама жасайды | Тақырып бойынша жаңа сөздердің көмегімен мәтін құрастыру, анықтама беру | Тапсырманы түсіндіреді, суреттерді таратады қадағалайды. | Кластер құрастырады, жарнама жасайды. | Мадақтау | Плакат, маркерлер |
| Жұптық жұмыс | Ас мәзірін жасайды | Сөйлем құрау қабілеттерін жетілдіру, ойын анық жеткізу | Бақылайды, түзетеді | Тапсырманы жазбаша орындайды, оқиды | Дискрипторлар: а) Ас мәзірінде пайдалы тағамдар болу керек. ә) дұрыс тамақтану нормасын сақтау арқылы құрастыру б) құрастыруға 7-8 мин уақыт беріледі | Дәптер |
| Топпен жұмыс | «101 кеңес» әдісі арқылы жағдаяттық тапсырманы орындайды | Қарым-қытынас жасау дағдыларын қалыптастыру | Бақылайды, кемшіліктерін түзетеді. | Қарым-қатынас жасайды, дұрыс тамақтану бойынша кеңес береді, басқа оқушының көзқарасын өзгертеді | мадақтау | суреттер |
| Үйге тапсырмасы | Жаңа сөздерді жаттау, сүт тағамдарының пайдасы туралы жазып келу. | Үйде жаңа сабақты қайталау, бекіту, тақырып бойынша іздену. | Үй тапсырмасын түсіндіреді. | Тыңдайды, күнделіктеріне жазып алады | | Күнделік |
| Бағалау | | Оқушылардың сабақ барысында көрсеткен білімдерін обьективті бағалау, дискрипторларды ескеру | Оқушыларды әр тапсырма бойынша түсініктеме бере отырып бағалайды. | Тыңдайды, бағаланады. | Сумативті бағалау | Күнделік, журнал |
| рефлексия | Түймедақтарына сабаққа белсенді қатысқан оқушы туралы өз ойын жазады және гүлін сыйлайды. | Бір-біріне деген жылы қарым-қатынастарын нығайту, сүйіспеншілікке, сыйластыққа тәрбиелеу. | Жазғандарын оқытады, тыңдайды, мадақтайды. | Өз ойларын айтады, гүлдерін сыйлайды. | мадақтау | Қағаздан жасалған түймедақ гүлдері |
Сабақтан кейінгі қойылатын сұрақтар: |
Не сәтті болды? | Жаңа сөздерді оқушылар сабақ барысында дұрыс, нақты қолдана алды. |
Не сәтті болмады? | Ас мәзірін құрастырған кезде кішкене шатасты. |
Нені жақсартуға болады? | Оқушылардың дискрипторларды қаншалықты түсінгендерін бақылап отыру қажет. |
Мен өз дағдыларымда нені дамыта алдым? | Қарым-қатынасқа түсу, сұрақ қойып оған жауап беру дағдылары жақсарды |
Не өзгертуге болады? | |