«Шынықсаң шымыр боларсың!»
Мақсаты: Балаларға денсаулық туралы түсінік беру. Шапшаңдықты, ептілікті дамыту. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Құралдар: Секірмелі доп, құм салғыш дорба, аяққа арналған массажерлар, аю, ара атрибуттары, фито-шай.
Сабақ барысы: Балалар
Көңілді әуенмен балалар залға келеді.
Тәрбиеші:, бүгін бізде мереке. Бізге бүгін қонақтар келді.
Балалар: Сәлеметсіздер ме? – деп амандасады
Тәрбиеші: Дұрыс! Балалар, адамдар кездескен кезде бір-біріне не тілейді?
Балалар: Денсаулық тілейді
Тәрбиеші: Балалар, денсаулық дегенді қалай түсінеміз?
Балалар: Денсаулық деген күш, әдемілік, көңіл күйің жақсы болса, бәрі де болады.
Тәрбиеші: Дендерің сау болу үшін не істейсіңдер?
Балалар: Дене шынықтырумен айналысамыз, жаттығулар жасаймыз, дұрыс тамақтанамыз, тазалықты сақтаймыз, көңілді күлеміз.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, күлкі де, жақсы көңіл-күй де, денсаулық кепілі. Қане бір-бірімізге қарап күлейікші, көңілді күлкімен бір-бірімізге денсаулық, қуаныш тілейміз.
Осы кезде залға Сайқымазақ келеді.
Сайқымазақ: Сәлем, достар.
Балалар: Сәлеметсізбе?
Тәрбиеші: Сайқымазақ сен қайдан жүрсің?
Сайқымазақ: Мен осы балабақшада мереке болып жатыр деп естіп келдім. Менің де мерекеге қатысқым келді.
Тәрбиеші: Сен бізге жақсы келдің. Біз саяхатқа шығамыз, кел, бізге қосыл.
Саяхатқа шықпас бұрын алдымен жолға дайындалуымыз керек. Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, күз мезгілі салқын болады, жапрақтар сарғаяды, біз жылы киінуіміз керек. Әртүрлі аурулардың алдын алуымыз керек. Мысалы тұмау ауруы. Саяхатта тұмауратып қалиау үшін біздің медбике қазір өзінің емдік шараларын жасайды.
Медбике келеді. Балалар амандасады.
Медбике: Мұрынға жаттығулар жасайды.
- Алдымен балаларға салфетка беріледі. Салфеткамен мұрындарын жақсылап сүртеді.
- Балалар ауыздарын жауып, мұрынмен дем алып, дем шығарады.
- Балалар сұқ саусағымен 10 рет оң танауымен, 10 рет сол танауымен дем алады.
- Балалар сұқ саусағымен танауының айналасын уқалайды., жоғары төмен.
- Салфетка беріледі, тағыда мұрындарын жақсылап сүртеді.
Медбике: балалар мұрнымызды шынықтырдық, ал енді мен сендерге «С» дәруменін беремін, ол салқын тиюден сақтайды.
Сендер дәрумен жеп болғанша мұрындарыңа оксалин майын жағамын.
Медбике: Ал бұл не?
Балалар: моншақ
Медбике: Дұрыс, бірақ бұл моншақ жәй моншақ емес, оның ішінде сарымсақ бар. Бұл сарымсақсендерді тұмаудан қорғайды. Қане, мойындарыңа тағып алыңдар.
Міне, балалар сендер күзгі бақ еліне баруға дайынсыңдар. Мен сендерді енді уайымдамайтын болдым. Саяхатқа шыға берулеріңе болады.
Медбике шығып кетеді.
Ән- «Жаттығу»
Тәрбиеші: : Жарайсыңдар, балалар. Денсаулық әр адамға қажет, бүгін біз көңілді әнімізді салып күзгі орманға саяхатқа барамыз.
Тәрбиеші:Ал, балалар саяхатқа шығуға дайынбыз ба?
Балалар: Иа, дайынбыз.
Әнмен айналып келеді, күзгі орманда жолда кедергі кездеседі. Қоян шығады.
Қоян:Балалар, сәлеметсіздерме?
Балалар: Сәлеметсізбе.
Тәрбиеші: Қоян, бұл жолдан қалай өтсек болады.
Қоян: Менің сендерге тапсырмам бар, сол тапсырма орындасаңдар өте аласыңдар.
Тапсырма: «Секірмелі доппен секіру»- балалар екі топқа бөлініп секірмелі доппен секіреді.
Қоян: Жарайсыңдар балалар, сендер жақсы ойнадыңдар. Балалар менде саяхатқа шыққым келеді, менде барсам болама?
Тәрбиеші: Қане, қоян жүр, бізбен өте көңілді болады.
Балалар әнмен саяхатты жалғастырады. Жолда тағы кедергі кездеседі. Аю шығады. Аюдан көмек сұрайды.
Аю: Менің сендерге тапсырмам бар, сол тапсырма орындасаңдар өте аласыңдар.
Тәрбиеші: Жақсы аю, сенің тапсырмаңды орындаймыз.
Тапсырма: «басына құм салынған дорба қойып жүру»- балалар екі топқа бөлініп бастарына құм салынған дорбаны қойып, межеден айналып келеді, ойынды келесі бала жалғастырады.
Балалар тапсырманы орындайды.
Тыныс алу жаттығуы
Аю: Балалар менде сендермен барғым келіп тұр.
Тәрбиеші: Ендеше аю бізбен бірге жүр.
Әндетіп саяхатты жалғастырады.
Тәрбиеші: Міне, балалар, қараңдаршы күзгі орман қандай әдемі.
Тәрбиеші: Балалар әдемі табиғатта аюмен ойын ойнағыларың келеме?
Балалар: Иә ойнағымыз келеді.
Тәрбиеші: Ендеше «Аю мен аралар» ойынын ойнайық.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Аю мен аралар»
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар. Бүгінгі саяхатымыз ұнадыма?
Балалар: Иә
Тәрбиеші: Ендеше қазір табиғаттың хош иісімен демалайықшы.
Эфир майы қосылған ылғалдандырғыш ауа жіберіледі. Балалар сонымен мұрынмен дем алып, дем шығарады.
Ән: «Біз бақытты баламыз!» орындалады
Балалаларға «фито-шәй» беріледі.
Сайқымазақ, аю, қоян балалармен қоштасады.
Тәрбиеші: Қонақтар осымен бүгінгі «Шынықсаң шымыр боларсың» атты мерекелік шарамыз аяқталды. Дендерің сау болсын. Жаттығумен айналысыңдар. Балалар сендерге де рахмет.
Балалар қонақтармен қоштасып залдан шығып кетеді.
«№11 Шағала балабақшасы» МКҚК
«Шынықсаң шымыр боларсың!»
Дене тәрбиесінен сауықтыру шарасы
Өткізген: Аққұлова Н
Мұнайлы ауданы