Сабақтың тақырыбы | Қазақтың дәстүрлі музыкасы |
Күні: | 12.12 |
Мұғалім: | Ныгыманова К.Ж. |
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | 7.4.3.1.-фразеологизм,мақал-мәтелдердің эмоцианалды мәнін, көркемдік ерекшелектерін түсініп қолдану |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Дәстүрлі әндер туралы мағлұматты біледі; Оқушылардың басым бөлігі: - Тұрақты тіркестердің мағынасын аша алады; - Тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді пайдаланып сөйлем құрайды Кейбір оқушылар: -Тұрақты тіркестер мен мақал –мәтелдерді пайдаланып, өз ойын әдеби тілмен жеткізе алады |
Күтілетін нәтижелер | Тақырыпқа байланысты қосымша ақпарат алады, сыныптарымен ой бөліседі, сұхбат құрады |
Сабақтың түрі | Жаңа сабақ |
Пәнаралық байланыс | Әдебиет,музыка |
Қажетті құрал-жабдықтыр | Қазақ тілі кітабы, стикер, А3 қағазы,түрлі-түсті қаламсап |
Оқыту әдістері | «Кофе таяқшалары», «Ассоциациялық карта», «Ментальды карта», «Сәйкестендіру», «Тиімдісін пайдалан», «Алма ағашы» |
Дереккөздері | Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар |
Тапсырмалар | |
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті |
Тапсырма | Мұғалімнің-іс-әрекеті | Оқушының -іс-әрекеті |
Басталуы Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Өткен сабақты тексеру | Оқушыларды екі топқа бөледі «Кофе таяқшалары» 1._Қорқыт ата қай ғасырда , қай жерде дүниеге келді? 2. Қолынан бал тамған тұрақты тіркесінің мағынасы? (Өнерлі) 3.Қорқыттың «Ұшардың ұлуы» деген күйдің тарихын айт 4. Музыка қай заманнан бастау алады? 5. Музыка қандай аспаптармен ойналады? 6. Немістің ұлы композиторы 7. Қазақтың дәстүрлі өнері қалай жіктелген? 8. XIX ғасырдың ортасы мен XX ғасырдың басында кімдер қазақ музыкасын жоғары сатыға көтерді? 9. Ғұрыптық әндерге қандай жырлар жатады? 10. Мақалды жалғастыр Ел іші........өнер кеніші Өнерлі жігіт өрде озады............. Өнерсіз жігіт жер соғады 11. « Музыка» сөзін үш тілді аудар 12. «Сәтті билет» (Мұғалімнің бағалауы) | Оқушылар таяқшаларды алып , сұрақтарға жауап береді |
Қызығушылықты ояту | Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту үшін «Сәйкестендіру» тәсілі қолданылады | Оқушылар тақтаға шығып, әншілерді дәстүрлі және эстрадалық деп ажыратады |
Мағынаны тану | 1.Білу.Түсіну А) Оқулықтағы тарсырмалармен жұмыс. Оқылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы оқиды 2. Талдау және қолдану. Жазылым Б) «Ассоцияциалық карта» әдісі және «Ментальды карта» әдісі бойынша бойынша мәтінмен жұмыс жасайды («Бағдаршам» бағалауы) 3. Сергіту сәті. «Аяқталмаған әндер» дәстүрлі әндерді жалғастыру 4. Жинақтау. «Тиімдісін пайдалан» әдісі бойынша 2 тапсырманы мақал-мәтелді және тұрақты тіркесті пайдаланып, мәтінді жалғастыр 5. Сұхбат Дәстүрлі әншімен кездесіп, сұхбат сұрақтарын қояды. Дәстүрлі әншіміз Табиғат Берікболат қонаққа келеді, жыр шашуын орындайды. | Оқылым. Мәтінді оқиды. Екі топ толтырады, талдайды Оқушылар бірлесе жұмыс жсайды Барлық оқушы қатысады |
Қорытынды | «Алма ағашы» | өз стикерлеріне сұрақ жазып, жабыстырады |
Бағалау | Қалыптастырушы бағалау. Мұғалім оқушылардың көршісін бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды | Оқушылар күнделікке қойдырады |
Үйге тапсырма | 73 бет, 5 тапсырма | Күнделікке жазып алады |