"?зін-?зі тану" п?ні ?лемдегі е? басты ??ндылы?- адамны? ?мір с?руі ?шін, ба?ыты ?шін, ?уанышы ?шін жарал?анды?ына негізделеді. Б?л п?нді о?ытуда о?ыту ?дерісіндегі ?тымдылы? к?рсететін о?тайлы ?діс-т?сілдерді пайдалану білім сапасыны? ?ажетті де?гейіне жетуге негіз болады. Осы орайда адамдар арасында?ы досты? ?арым-?атынас пен ?зара т?сіністікті ба?алай білу, адам ?міріндегі досты?ты? алатын орны туралы ??ымдарын ке?ейту ма?сатында ?ткізген ашы? саба?ым ?з ма?сатына жетті деп айта аламын. О?ушылар досты? дегеніміз адамдарды? ?зара жауапкершілігі, сыйласты?ы, бір-біріне ?ам?орлы?ы екенін т?іне отырып, "досты?" ережесін ??рды. "Жылы ж?рек-жа?сы тілекпен" бір-бірлеріне тілектер айтты.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз. Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіңіз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеіңізден шығып жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде. Мен Нұрмын”. Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жәймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
3. Үй тапсырмасын сұрау:
«Екі дос» аңыз әңгімесін оқу, «Дос» туралы эссе, «Менің досымның бейнесі» сурет салу.
- Олардың адалдығын қандай іс-әрекеттерінен байқадыңдар?
4. Дәйексөз: « Ағаш тамырымен мықты, адам- досымен мықты.»
( Халық нақылы )
1.Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
2.Достықтың беріктігі дегеніміз не?
Не жетеді нағыз досқа, асылға Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда. Қиналады – сен қиналсаң болғаны, Ұйықтамасаң – ұйықтамайды ол дағы .
5. Әңгімелесу (Мұғалім сыйы) Данышпан Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп: - Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, - депті.Қарт жігітке: - Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шақырыпты. Жігіт келген соң, қарт: - Шырағым, жаман жігіт емессің, - депті. - Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт. Қарт күліп: - «Жігітті жолдасына қарап бағала» дейді халық, - депті.
Қария жігітті қалай сынады?
Нағыз достықтың белгісі не деп ойлайсыңдар?
«Жігітті жолдасына қарап таны» дегенді қалай түсінесіңдер?
Тыныштық сәті: Көзімізді жұмып, еркін жайғасамыз. Енді терең тыныстаймыз... бүгінгі сабақтан не білдім, нені үйрендім сол жөнінде ойланайық. Достықтың қаншалықты қымбат екенін, өмірімізде ерекше орын алатынына көзімізді жеткізейік. Енді осылардың барлығын жүрегімізге түйіп, орналастырайық.