Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Сөздерді қатесіз жазып тәрбиелеу.
Сабақтың типі: бекіту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көркем жазу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқу құралдарын, оқушыларды түгелдеу.
Дайындау: Сөздік диктанты:
Желтоқсан, мезгіл, батыс, түн, жиі-жиі, аппақ, қыстыгүні, аңшылар, аң, шаңғы, мейрам, Жаңа жыл.
3.Қайталау. 1-тапсырма, 120-бет.
6. Тексеру: Сабақтың тақырыбын хабарлау.
Диктанттың тақырыбын айтып оқу:
Қыс.
Бізде қыс желтоқсан айынан басталады. Бұл мезгілде күн суытады. Батыстан суық жел соғады. Күн қысқарып, түн ұзарады. Жиі-жиі қар жауады. Жердің бетін аппақ қар басады. Адамдар қыстыгүні жылы киінеді. Бұл мезгілді, әсіресе, аңшылар өте ұнатады. Олар аң аулайды. Үлкендер де, жастар да коньки теуіп, шаңғымен сырғанайды. Әр жыл мезгілінің өз мейрамы бар. Қыста біз Жаңа жылды қарсы аламыз.
/55 сөз/.
Қиын сөздерді тақтаға жазып, талдаймыз.
Тапсырма: Мәтіннен шығыс септігінде тұрған сөздерді теріп жазыңдар.