kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?дебиет ?лемінде

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ранымыз:  Абай жа?ын ?аза??а,

Орыс?а  да,т?рікке.

Абай - ?аза? баласы,

Абай - а?ын  данасы. Халы?  к?кірегінде м??гілікке ?ялап ?алатын адам  деген  арда?ты  есімні? е?  биіктерден  ас?а?тап салтанат  ??ратынын  білеміз. ?аза?  даласында  жар?ырап  ту?ан  ж?лдыздар бар.  Олар -  Шо?ан, Абай, Ыбырай.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?дебиет ?лемінде»

Әдебиет әлемінде
(Қазақ әдебиетінен сыныптан тыс іс - шарасы)
Мақсаты: Оқушылардың оқырмандық талғамын қалыптастыру. Танымдық іс - әрекетттерінің белсенділігін дамыту. Рухани жан - дүниесін байыту.


Жүргізуші:(Н. Тілендиевтің «Аққу» әуені) Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Әдебиет сүйер қауым! «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес. Әр адамның ең жақын досы – кітап болғанда, сол нәрлі достық ең әуелі әдебиет кітабымен достасудан басталады» деп қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай рухани қазынамыз, қайнар бұлағымыз әдебиет әлемінің парақтарына үңілмекпіз. «Әдебиет әлемінде» атты сыныптан тыс іс - шарамызға қош келіпсіздер! (Мақсатын айту).
Менің де көмекшім келуі керек еді, кешікті ғой. Қайда жүр екен?!(Осы кезде есікті қағып, Кітапқұмар келеді).
Кітапқұмар: Сәлеметсіздер ме? Сіздер мені таныдыңыздар ма?! Мен Кітапқұмармын. Мен сендерге ерекше кітап әкелдім. Балалар сендер кітап оқығанды жақсы көресіңдер ме?

Жүргізуші: Әрине, біздің балалар кітап оқығанды жақсы көреді. Солай емес пе?!
Кітапқұмар: Жақсы. Қазақ халқы кітапты киелі, қасиетті, құдіретті зат деп бағалаған. «Ой маржаны – кітапта», «Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы», «Кітаппен кеңес, білімдімен теңес», «Білім тозбайды, білімді азбайды» деп кітапты жоғары бағалап, әулиеге балап, кітап сөздерін жаттап, ойында сақтай білген. Кәне, кім айтады? Менің қолымдағы қандай кітап?
Балалар: Қазақ әдебиеті.
Кітапқұмар: Дұрыс. Өте жақсы! Бүгін балалар осы қазақ әдебиетінің кейбір парақтарына үңіліп, оқып білген байлықтарың білімдеріңді ортаға саласыңдар.
Жүргізуші: Ал тапсырмалардың орындалуына байланысты әділқазылар бағалап отырады (Осы жерде әділқазыларды таныстырып өту.)

Кітапқұмар: Ал, құрметті достар, іске сәт! Кітапты ашпас бұрын қазір топтар өздерін таныстырып өтсін.
Топтарды таныстыру.
1 топ –«Абай» тобы
«Абай» тобынан жалынды сәлем, сәлем, сәлем!
Ұранымыз: Абай жақын қазаққа,
Орысқа да, түрікке.
Абай – қазақ баласы,
Абай – ақын данасы.

2 топ – «Шоқан» тобы
Баршаңызға сәлем берді,
«Шоқан» атты тобымыз!
Ұранымыз: Алғыр жүрек,
Алмас ой,
Арыс кеуде,
Уәлиханов Шоқандай боламыз біз!
Кітапқұмар: Міне, кітапта ашылды!

Жүргізуші: Халықтың көкірегінде мәңгілікке ұялап қалатын адам деген ардақты есімнің ең биіктерден асқақтап салтанат құратынын білеміз. Қазақ даласында туған жарық жұлдыздар бар. Олар – Шоқан, Абай, Ыбырай. Осы қазақтың өлмес, өшпес асыл тұлғалары қалдырған мұраларына басымызды иіп, көкірегімізді кере мақтаныш етеміз. Олардың әрбір жақсы сөзін жанымызға терең қабылдап, істерінен үлгі аламыз.

1 кітап парағы – «Ұлы тұлғалар» айдары. Осы айдарымызда ұлы адамдардың өмірі мен игі істері туралы қысқаша мағлұматтар беріледі. Сендер қай ұлы тұлға туралы айтылған соны анықтауларың керек. Кәне, бастайық! Барлығыңа сәттілік тілейміз!
Кітапқұмар: 1. Абай мен Ыбырайдың ізін жалғастырған ұлы ғалым, ақын - аудармашы. Қазақ әдебиетіндегі бес арыстың бірі. «Тіл - құрал», «Әліппе» деген оқулықтар жазған. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», Крыловтың «Аққу, шортан Һәм Шаян», «Қарға мен түлкі» және т. б шығармаларын аударған. (Ахмет Байтұрсынов.)

Жүргізуші: 2. Ұлы Отан соғысына қатысып, Отанымызды жаудан қорғаған халық батыры - жазушы. Соғыста генерал Панфиловтың полкында дивизия командирі болған. «Офицердің күнделігі» атты жинағы бар. Өзінің отбасы мен балалық шағы туралы «Ұшқан ұя» романын жазған.(Бауыржан Момышұлы)
Кітапқұмар: 3. Қазақ балалар әдебиетінің атасы. Ол балаларға арнап мектептер ашқан. Өзі мектепте мұғалім болады. «Қазақ хрестоматиясы» деген кітап жазған. Балаларға арналған «Кел балалар оқылық», «Өзен» және т. б. өлеңдері, «Бай баласы мен жарлы баласы» т. б. көптеген әңгімелері бар.(Ыбырай Алтынсарин).

Жүргізуші: Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп - тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол – ақынның білімсіз бейшарасы...
Өлеңге әркімнің - ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы» деп Абай айтқандай кітаптың

2 –парағы – «Өлең сөздің патшасы» - мәнерлеп оқу сайысы. Әр топтан бір сайыскер өздерінің таңдауы бойынша қазақ ақындарының бір өлеңін жатқа мәнерлеп оқу керек. Сайыскерлерге сәттілік тілейміз.
Кітапқұмар: Ән – Сәулем –ай Халық әні.. Орындайтын Сұлтанова Назира 7-сынып оқушысы
Жүргізуші: «Сөздің көркі - мақал» деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады. Мысалы: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп айтылған ақыл кімге ұнамайды дейсіңдер. Мақалды көп біліп, көп қолданатын адамдардың білімі де ақылы да арта түседі.
кітаптың 3 -парағы – «Мақал мәтелдер».
Кітапқұмар: Бір минуттың ішінде әр командалар өз білетін мақал - мәтелдерді жатқа айтады. Мақал - мәтелдердің дұрыстығы мен саны есептеледі.

Жүргізуші: Рахмет. Мақал - мәтелдерді сүйіп оқып, көңілдеріңе тоқып жүрсеңдер, сендердің де тілдерің байып, сөйлеген сөздерің сұлу, әсерлі шығады. Бәріміз білеміз, әдебиет өнермен, яғни театрмен, киномен, музыкамен өте байланысты келесі кітап парағы – «Өнер - өмір» деп аталады.
Кітапқұмар: Құрметті оқушылар сендердің назарларыңа бейне сұрақ. Қазір сендер фильмнен үзінді көресіңдер.(«Менің атым – Қожа» көркем фильмінен үзінді көрсету.) 1. Бұл фильм қалай аталады? Кімнің шығармасы бойынша түсірілді?
Жүргізуші: 2. Музыкалық сұрақ. Тыңдағандарың қандай музыкалық аспап? Бұл қандай атақты адаммен байланысты. (қобыз - Қорқыт).

Жүргізуші:(қобыз әуені). Қобыз - ғасырлар бойы қазақтың мұңын шерткен аспаптың бірі. Оның үнінде жайқалған қызғалдақтың, құлпырған даланың тынысы бар. Кең даладағы қоңыр салқын жібек желдің сыбдыры бар. Елін, жерін қорғап батыр атанған ұлдарының ерлігін жырлайтын үн бар. Қорқыт ата қобызбен өмір жайлы, өнер жайлы күй ойнапты. Міне, сол күйлері өлмей, біздің дәуірге дейін жетіпті. Олай болса, өнер мәңгілік екен. Нағыз өнер ешқашан ұмтылмай, атадан балаға, ғасырдан - ғасырға өшпес мұра болып сақталып, халықтың рухани мұрасына айналады екен. Енді 2 сынып оқушыларының орындауында керемет би өнерін тамашалайық.
Жүргізуші: «Жұмбақ сандық» кітап парағы да ашылды. Қазір әр топқа кітапқұмар жұмбақ жасырады. Соның шешуін табайық. Жауабы мына біздің сандығымызда жасырылған.
Кітапқұмар: 1. Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.(Кітап)

Жүргізуші: Кәне, сандығымызды ашайық. Дұрыс па екен жауабы?! Әрине, шешуі дұрыс. Кітап. Бұл кішкентай кітапшада кімнің суреті? Ғарышкер - Тоқтар Әубәкіров. 12 сәуірде ғарышкерлер күні аталып өтті. Осы ғарышкер ағаларыңның өмірі сендерге үлгі болсын.
Кітапқұмар: Менің тағы да жасыратын жұмбағым бар.
Білімнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы.(Мектеп)

Жүргізуші: Өте жақсы. Жұмбақтар арқылы сендер қаншалықты ой - қабілеттеріңнің жақсы дамығанын көрдіңдер. Келесі ақырғы кітап парағы «Топ басшыларының сайысы». Қазір әр топ басшыларына сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап бір балмен есептеледі.
Кітапқұмардың сұрағы:
1. Халық ауыз әдебиетін кімдер шығарған? ( халық)
2. Қой иесін ата. (Шопан ата)
3. Жұмбақ: Суға батпайды, отқа жанбайды. (мұз)
4. Мақал - мәтелдердің көлемі қандай болады? (қысқа)
5. Қазақ ертегілері неше топқа бөлінеді? (3)
6. «Бала Шоқан» повесінің авторы кім? (Сапарғали Бегалин)
7. « Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмаларының авторы кім? (Ілияс Жансүгіров)
8. Адам мен табиғат арасындағы байланысты ашатын шығарма.(Көксерек. М. Әуезов)
9. «Әжемнің әнгімесі» шығармасы кім туралы? (Абай)
10. «XX ғасырлардың Гомері» атанған ақын.(Жамбыл)

Жүргізушінің сұрағы:
1. Қобыланды мінген ат. - Тайбұрыл
2. Жиренше кім? – тапқыр шешен
3. Мақал: Ел іші – ( алтын бесік)
4. Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңі не туралы? (ерлік туралы)
5. «Көксерек» кімнің шығармасы? (Мұхтар Әуезов)
6. Қазақтың киелі саны.(жеті)
7. «Әнші» әңгімесіндегі Әмірхан кімнің прототипі? (Әміре Қашаубаев)
8. « Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмаларының басты тақырыбы қандай? ( қазақ ән - күйі, өнерпаздар тағдыры)
9. Сиыр иесін ата. (Зеңгі баба)
10. Халықтың ауызша тараған көркем әңгімесі. (ертегі)

Жүргізуші: Осымен сайысымыз да аяқталды. Әділқазыларымыз ұпайларын толық есептеп алғанша, келген қонақтарымызға кезекті «Ақ тілек» әнін тарту етейік.
Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Сөз қазылар алқасына беріледі.
Жеңімпаз топқа мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етіледі.
Кітапқұмар: Балалар, мені басқа да білім әлемінде күтіп қалған шығар. Сау болыңдар! Алдағы уақытта да биік жеңістерден көріне беріңдер! Келесі кездескенше!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
?дебиет ?лемінде

Автор: Кенжегалиева Мариям Ондагановна

Дата: 16.03.2016

Номер свидетельства: 306631

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) ""Әдебиет әлемінде" қазақ әдебиеті пәні бойынша сыныптан тыс іс-шара"
    ["seo_title"] => string(71) "diebiiet_liemindie_k_azak_diebiieti_p_ni_boiynsha_synyptan_tys_is_shara"
    ["file_id"] => string(6) "457801"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1518769547"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Қазақ әдебиеті әлемінде"
    ["seo_title"] => string(26) "k_azak_diebiieti_liemindie"
    ["file_id"] => string(6) "395101"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487911708"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Сыныптан тыс ж?мыс "?дебиет ?лмінде" "
    ["seo_title"] => string(37) "synyptan-tys-zhu-mys-diebiiet-lmindie"
    ["file_id"] => string(6) "184367"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1426047997"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Онлайн-саба? :"Ж?мба?тар ?лемінде""
    ["seo_title"] => string(35) "onlain-sabak-zhu-mbak-tar-liemindie"
    ["file_id"] => string(6) "311346"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459183988"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Абай ж?не орыс ?дебиеті"
    ["seo_title"] => string(26) "abai_zh_nie_orys_diebiieti"
    ["file_id"] => string(6) "343403"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1473672844"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства