kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Cөйлесе білу де өнер

Нажмите, чтобы узнать подробности

оқушылардың «сөз», «сөз құдіреті», «тіл табысу» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Cөйлесе білу де өнер»

Күні: 13.12.2016

Сынып: 5 «а»

Тақырып: Сөйлесе білу де өнер

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер:мәдениеттілік, өзін-өзі ұстау әдебі, тәртіптілік.

Ресурстар: Интерактивті тақта, үнтаспа, оқулық, дәптер, слайд, бейнебаян.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың «сөз», «сөз құдіреті», «тіл табысу» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

  • Сөзді түсіне білу,сөйлеу дағдыларын қалыптсатыру.

  • Адамдармен жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

  • Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтағы жағымды күйге келу.

5Т (тәртіп, талап, тыныштық, таалық, татулық).

Тыныштық сәті (үнтаспадан баяу әуен естіліп тұрады)

-Балалар, көзімізді жұмып,біраз демалып, жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет,әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке,ізгілікке толы әдептілік әлеміне саяхат жасаймыз.

Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісті.Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда отбасымыз, жақындарымыз, достарымыз,олар сондай ерекше адамдар,олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз.Сүйіспеншілік, мейірімділік,ізгілік нұры бізге қонып, жан-дүниемізді жақсы сезімге толтырады.Адамдар әрқашанда бір-біріне тек жақсылық жасап, қуаныш, ізгілік нұрын сыйлап, әдептілік танытып жатса, қандай жақсы болар еді!

Қайтатын уақытта келді. Осы әлеммен қоштаса отырып,мейірімділік нұрын, әдептілік әліппесін өзімізбен ала кетейік. Енді балалар көздеріңді аша қойыңдар.

Ал, балалар өзіміздің жан-дүниемізден қандай өзгерістерді сезіндік?

- Сол сиқырлы әлемнен біз қандай нұрды ала келдік?

- Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

Ал,ендеше сол әлемнен алып келген әдептілік әліппесі, мейірімділік нұрымен жер бетін нұрландырайық.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Шығармашылық жұмыс «Сәлем – сөздің анасы» тақырыбында диалог құру тапсырмасы берілді.

3.Жағымды ой-пікір (дәйексөз).

«Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді». Халық мақалы

(Ер балалар 3 рет, қыз балалар 3 рет қайталайды. Дәйексөздің мағынасын оқушылармен талқылау)

4.Оқиға айту( әңгіме).

Не айтатыныңды ойлап ал. Үнді аңызы

Күндердің күнінде бір байлыққа масаттанған әйел данышпаннан ақыл сұрайды.

Ата ,менің де сіз сияқты данышпан атанғым келеді. Бірақ менің бір кемшілігім бар, адамдарды өсектегенді жақсы көремін. Осы қылығымнан қалай арылуға болады?

Жақсы, - деп жауап берді ақсақал. «Базарға барып,тауықтың қанатын сатып ал. Үйіңе қайтып келе жатқанда бір-бірлеп жұлып , жолға тастап отыр. Сосын маған қайтып кел» - дейді.

Әйел данышпанның айтқан сөзіне таң қалады. Алайда өзі өте қадірлейтін адамның сөзін жерге тастамай, айтқанын орындайды.

Ертеңгі күні тағы келеді.

Өте жақсы. Бірінші тапсырмамды орындадың,енді тағы базарға бар да, қайтып келе жатқанда кешегі қауырсындарды түгел жинап ал,- дейді данышпан.

Ол мүмкін емес қой ата! Оларды жел ұшырып кетті ғой, мен оларды қалай жинап алам ?


  • Данышпан әйелге қандай тәлім берді?

  • Сендер әйелдің сұрағына қалай жауап берер едіңдер?

  • Неліктен біреу туралы ғайбат сөз айтуға болмайды?

Жаңа ақпарат.

Тыңдай білетін және өзіңді түсіне білетін адаммен сөйлесу адам жанына қуат береді,жағымды әсер етеді.Адам сөзді есту,тыңдау арқылы шебер болады. Сөйлеген кезде шындыққа сүйеніп,туралықты айту адам жанының тазалығын көрсетеді. Мәдениетті адам не айту керектігін алдын ала ойланып алады.

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сахналау

І-топ Көшеде достармен сөйлесу әдебі

ІІ-топ Дастархан басында үлкендермен сөйлесу әдебі

ІІІ -топ Көшедегі бейтаныс адамдармен сөйлесу әдебі

6.Топпен ән айту.

Ш.Әбілтаевтың «Бір ауыз сөз» әнін үнтаспаға қосылып айту.

Бір ауыз сөз қасіретті тыяды,

Бір ауыз сөз айықпас дерт жияды.

Бір ауыз сөз әлемге әйгі еткізсе,

Бір ауыз сөз жаманатқа қияды.

Бір ауыз сөз мұхиттарды жалғайды,

Бір ауыз сөз қыран болып самғайды.

Бір ауыз сөз ұшса бақыт құсы боп,

Бір ауыз сөз арсыз жандай алдайды.

7.Үйге тапсырма.

Мәтінді оқып, дұрыс сөйлеу ережесіне диалог құрастыру.

8.Сабақтың қорытынды сәті.

Сабақ бекіту мақсатында оқушыларға «білім ағашы», «сабақтан қандай әсер алдың» тапсырмаларын орындату.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Cөйлесе білу де өнер

Автор: Жиенбаева Инара Борисқызы

Дата: 28.02.2017

Номер свидетельства: 396463

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "«С?йлесе білу де ?нер» (2са?ат)"
    ["seo_title"] => string(27) "soiliesiebiludieonier2sagat"
    ["file_id"] => string(6) "324672"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1462597783"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) ""С?йлесе білуде ?нер" ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(31) "soiliesiebiludieonierashyksabak"
    ["file_id"] => string(6) "317799"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460451295"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "Өзін- өзі тану пәнінен сабақ жоспары "Сөйлесе білу де өнер""
    ["seo_title"] => string(62) "ozin_ozi_tanu_p_ninien_sabak_zhospary_soiliesie_bilu_die_onier"
    ["file_id"] => string(6) "419000"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495964423"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(160) "БАЛАБА?ШАДА СУРЕТ САЛУ?А ?ЙРЕТУДЕ ?Р Т?РЛІ ?ДІСТЕРДІ ?ОЛДАНУ АР?ЫЛЫ БЕЙНЕЛЕУ ?НЕРІНЕ БАУЛУ"
    ["seo_title"] => string(87) "balabakshadasurietsalugauirietudierturlidistierdikoldanuarkylybieinielieuonieriniebaulu"
    ["file_id"] => string(6) "306112"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1458054453"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(198) "МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ СУРЕТ САЛУ?А ?ЙРЕТУДЕ ?Р Т?РЛІ ?ДІСТЕРДІ ?ОЛДАНУ АР?ЫЛЫ БЕЙНЕЛЕУ ?НЕРІНЕ БАУЛУ"
    ["seo_title"] => string(107) "miektiepzhasynadieiingibalalardysurietsalugauirietudierturlidistierdikoldanuarkylybieinielieuonieriniebaulu"
    ["file_id"] => string(6) "276765"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452784827"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства