Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Үндестік заңы буын үндестігі дыбыс үндестігі деп бөлінеді.
Сөз ішіндегі, сөз бен қосымша арасындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып айтылу зандылығын буын үндестгі дейміз. Буын үндестігін ғылымда сингармонизм заңы деп те атайды. Қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке буындардан құралған. Сонымен бірге қазақ тілінде сөз ішінде жуан, жіңішке дыбыстар араласып келеді. Бұндай ерекшелік төмендегідей жағдайларда:
1) басқа тілдерден енген сөздерде (кітап, муғалім, кадір, анекдот т.б.);
2) біріккен сөздер мен қос сөздерде (бойжеткен, қыз-келіншек, баспасөз, зкогары-төмен т.б.) кездеседі. Бұл сөздерге қосымша соңғы буынға қарай жалғанады (бойжеткен-ді, кітап-тың, қыз-келіншек-тер, баспасөз-де).
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Қазіргі қазақ тіліндегі мынандай қосымшалардың бір тобы соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарамастан, не жуан, не жіңішке қалпында қосылады.
1) Көмектес септік жалғауы: дon-пен, өзен-мен т.б.
2) -хана, -стақ -кент, -күнем: дәрі-хана, Пәкі-стан, Шым-кент, пайда-кунем т.б.
3) -кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -ғой, -гөй, -кеш, -yap: калам-гер, пәле-қор, өнер-паз, кәсіп-қой, кіре-кеш, бата-гөй, қазақ-уар, сөз-уар т.б.
4) -ов, -ев, -ик Сейсенбеков-тің, Алмабаев-тың т.б. Мүнда қосымша түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады.
5) Қазак тілінде баска тілден енген сөз алдынан қосылатын бей-, би- қосымшалары да үндестік заңына бағынбайды: бей-берекет, бей-бастық, бей-бақ, бей-шара (би-шара), бей-тарап т.б.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт