Пән: Өзін-өзі тану Күні 03.09 Сыныбы 2 Сабақ № 1 Мұғалім І.Б.Мырзатаева |
Сабақтың атауы | Біз осындай баламыз |
Мақсаты Күтілетін нәтиже | «Өзін-өзі тану»адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; Міндеттері: -2 сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану»пәнінің мазмұнымен таныстыру; -өзін және айналасын тануға деген қызығушылығын арттыру; -ізгілікке тәрбиелеу; Көрнекі құралдар;үнтаспа,сюжетті суреттер; |
Тыныштық сәті | Тыныштық сәті. -Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық). Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық). 1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық. Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар? | Оқушылар дем алып, ерекше күйге бөленеді, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Топқа бөлу | Геометриялық фигуралар үлестіріледі | Оқушылар таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады. |
Қызығушылықты ояту | Жаңа тақырыпқа арналған таныстырылым тамашалау Тапсырма.Оқушылар суреттегі алма ағашында көрсетілген өзін-өзі танудан үйренген құндылықтары туралы түсініктерін айтып береді.Олар әдептілік,білім,қайырымдылық т.б. |
Сергіту сәті | «Халықтар» биі |
Жаңа сабақ | Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Мәтінмен жұмыс Суреттерге қарап, «Менің жазғы демалысым» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар. • Өзін-өзі тану сабақтарында не үйрендіңдер? • Өзіңе, өзгеге, табиғатқа құрмет дегенді қалай түсінесіңдер? • Өз бойыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсың? |
Ой толғаныс | БББ кестесі Білем | Білдім | Білгім келеді | | | | |
Кері байланыс | Соңғы тыныштық сәті: Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар. | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ойлануға, көп ізденуге жетелеу | Ресурстар: Мультимедиялық тақта, оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз,маркер, аққағаз,гүл,жүрек,көбелек суреттері |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу ә) оқушылар назарын сабаққа аудару б) Тыныштық сәті -Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз...Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін... Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар...Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз. Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік. | Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында |
2. Үй тапсырмасын тексеру | |
Әңгімелесу мәтінді әңгімелеп беру | Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
Дәйексөзге тоқталу | Халық мақалы |
Шығармашылық жұмыс:Ойлы бала Ойсыз бала | Оқушылар тапсырмаларды орындайды |
Топпен ән айту: Ойлан, тап Сөзі: Қ.Ыдырысовтікі Әні: Ә.Еспаевтікі Кел балалар,ойнайық, Ойнайық та ойлайық, Қандай жұмбақ болса да Шешпей оны қоймайық. Қайырмасы: Ал балалар тыңдаңдар, Асығыстық қылмаңдар. Асықпайық деп және Бөгеліп те тұрмаңдар. Бәрің жақсы тыңдаңдар, Бөгеліп көп тұрмаңдар. Жұмбақ та бар аспан көк, Самолетпен зырлаңдар. Қайырмасы: Жұмбақтар бар өзен,көл, Пароходпен жүзіңдер, Айдын суға шомылып, Ақ шабағын сүзіңдер | Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді |
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. | Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды |
Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып түсінікайту | Күнделіктеріне жазады. |
Соңғы тыныштық сәті: Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар. | Оқушылар көздерін жұмып демалады. |
Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақты түсіндіру | Ресурстар: Мультимедиялық тақта, оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз,маркер, аққағаз,гүл,жүрек,көбелек суреттері |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу ә) оқушылар назарын сабаққа аудару б) Тыныштық сәті -Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз...Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін... Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар...Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз. Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік. | Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында |
Үй тапсырмасын тексеру | |
Мәтінмен жұмыс Оқушылардың жаттығу –ойлану тапсырмасын орындау нәтижесіндегі ойларын бекіту үшін әңгімелеу жұмысы ұйымдастыру.Алдын ала дайындалған бір оқушыға мәтінді әңгімелету. Мәтін туралы балалардың ойлары мына сұраққа жауап арқылы алынады: -Ал сендер қалай ойлайсыңдар? Мүмкін бе? Неліктен? Жаңа ақпарат Оқушыларға ұқыптылық сөзінің мағынасын түсіндіреді. «Ұқыпты адам тәртіпті,тыңғылықты болады.Ондай адам өз іс-әрекетінде үнемі жинақылық танытады.» Тапсырма Оқушыларға өлеңді оқытып,сұраққа жауап алу. Қарапайым ереже | Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
Дәйексөз: -Ұқыпты бала әрқашанда өз жұмыстарын уақытылы орындайды.Ал мұндай қасиетке ие бала жұмысқа да,оқуға да,ойнауға да ,серуендеуге де,қонаққа баруға да,дос,жақын,туыс адамдардың көңілін көтеруге де үлгереді | Мағынасын түсіндіру |
Шығармашылық жұмыс: Тақырыпқа байланысты эссе жазу | Оқушылар тапсырмаларды орындайды |
Топпен ән айту | Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді |
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. | Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды |
Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып түсінік айту | Күнделіктеріне жазады. |