Просмотр содержимого документа
«Біз талантты баламыз.»
Біз талантты баламыз.
Құрметті көрермендер, ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Біз талантты баламыз» атты байқауға қош келдіңіздер.
1-жүргізуші:
Көңілдері марқайып бір қалсыншы
Өнерпаздар шырқап әнге салсыншы дей отырып бүгінгі біз талантты баламыз атты байқаудың ашылу салтанатын 6 «ә» сынып оқушысы Iргебай Дәуреннің орындауында «Қазақстаным менің» атты әнін тамашалаңыздар.
1-жргізуші:
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздегі береке мен тыныштық мәңгі жасасын.
Иә қазақ халқы өнерді жоғары бағалап, оларға ерекше құрмет көрсеткен. «Сал сері» деген атаулар беріп ыстық ықыласқа бөлеген.
Менің ойымша оған бірінші дарын, икемділік, жұртшылықты өзіне қарату, ерекше сезім иесі және терең білім мен шеберлікті қажет етеді.
Ендеше біздің мектебімізде осындай оқушылар барма?
Олай болса тұрмайық байқауымызды бастайық.
Сахнада ән сап жүреді
Еркебұланды бәрі біледі
Қазіргі бізге тартуы
Әсем ән «Жеңіс туы желбіреп»
«Жеңіс туы желбіреп» әнімен Татарова Руизаны қарсы алыңыздар.
Бал дәуренім тәтті балдай
Отаным менің әсем қандай
Еркін елім еркелеткен
Мен қызымын жазық маңдай
2- жүргізуші:
Келесі кезекте ән шырқайтын Рақымжанова Шынар
Мұңға батқан жүректі ән оятар
Тәтті үннің әсері жан оятар
Жанға қуат жүрекке шаттық сыйлап
Жас балаша көңілді жадыратар
1- жүргізуші:
«Менің Қазақстаным» әнімен Нағашыбаев Мадиярды қарсы алыңыздар.
Ертең-ақ мен ержетіп
Әнші ағадай боламын
Үлгі тұтып жақсыны
Менде әнге саламын
2- жүргізуші:
Орындап ата-ана өсиетін
Баламын жасы үлкенге бас иетін
Паш етем ер жеткен соң бар әлемге
Жаңарған нағыз қазақ қасиетін
1- жүргізуші:
Сен бір нәрсені айтпай тұрсың. Қазақта «Асыл тастан, өнер жастан» деген мақал бар. Қай өнер болса да жастайынан машық болу керек.
Әрине бар.
2- жүргізуші:
Уа ,туған жер, дариға алтын бесік
Жүрегім дүрсілдейді атыңды естіп
Бір шумақ саған арнап ән жазбасам
Сағыныштан кеудеме келеді өксік дегендей
«Туған жер» әнімен 4 сынып оқушысы Махамбетұлы Дамирді қарсы алыңыздар.
2- жүргізуші:
Ауылымның аңсаймын таңғы жұпар ауасын
Шаршағанда жаныма өзің ғана дауасың
Жас дәуірдің түлегіміз
Әке деп соққан жүрегіміз
Әрқашанда аман бол,
Осы біздің тілегіміз - дей келе сахнаға «Әке» әнімен Макен Ғарифулланы қарсы алыңыздар.
1- жүргізуші:
Достық, достық жасасыншы мәңгілік
Достықты жүрейік тек ән қылып
Татулық пен достық біздің Отанды
Жарастырсын бейбітшілік сән құрып
Сахнада « Анашыма » әнімен Әбдуали Ғалымды қарсы алыңыздар.
Өз елім өлеңім, де өнерім де
Бақытты, қайтпас қайсар өр елімде
Еліме арнап бар ғұмырымды
Шаттанып жүрейін тек өз елімде
«Бала махаббат» әнімен 2 сынып оқушысы Шарапат Ақнұрды қарсы алыңыздар.
2- жүргізуші:
Енді «Әнші балапан» байқауының жеңімпазын анықтау үшін ортаға әділқазы алқаларын шақырамыз.Әділқазылар ең жақсы ән орындаған оқушыны айтып марапаттап,сыйлықтар үлестірді.