Тақырып: Біз осындай баламыз. Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттері: Мейірімділік, адамгершілік. |
Мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: -2сыныпқа арналған «өзін - өіз тану» пәнінің мазмұнымен таныстыру. - Өзің және айналасын тануға деген қызығушылықтарын дамыту. - Ізгілікке тәрбиелеу
| Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
|
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз - Балалар, сендер бақ ішін аралап жүргендеріңді көз алдарына елестетіңдерші. Төңірекке сүйсіне қараңдаршы. Өте тамаша! Бұл не ғажап! Бақ мүлде өзгерген. Жаздағы жап - жасыл түс сары алтын түске боялған. Аяқ астына қараңдаршы, жерге сап - сары кілем төселген сияқты. Жер жүруге ыңғайлы, жұп - жұмсақ. Анда - санда ағараңдап жеміс ағаштары көрініп қалады. Олардың сары жапырақтары сусылдап жерге түсіп жатыр, бұтақтарының арасынан көгілдір аспан көрініп тұр. Осы тамаша сиқырлы баққа келген адамдар мейірімді, қамқоршыл болып келеді. Өйткені бұл - сиқырлы бақша. Мұнда данышпан қария өмір сүріп келеді. Ол қария сендер сияқты жақсы, ізетті балаларды жақсы көреді. Егер оның жанына барып: «Ассалаумағалейкум ата!» деп сәлем берсеңдер, ол өзінің жылы алақанымен сендердің бастарынан сипап, батасын береді. Ал енді қарияның батасын алып, өз сыныбымызға қайта оралайық! Енді сендер, одан бетер мейірімді, инабатты, ізетті, тәртіпті бала боласыңдар. Енді көздеріңді ашып, қолдарыңды жоғары содан кейін екі жаққа созыңдар, терең дем алыңдар, міне тамаша! | Үнтаспа. |
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Ана махаббаты шексіз бе? тақырыбындағы шығарманы оқыту, талдау жасау. | |
ІІІ.Жағымды ой пікір (Дәйексөз) Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. Сұрақтар: 1.Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? 2.Туған жердей жер болмас мағынасын қалай түсінесің? 3.Туған елге деген сағыныш жайлы өз ойың? | Слайд, нақыл сөздер. |
ІҮ.Оқиға айту. Мәтінмен жұмыс. Қ. Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» (үзінді) Туған жер – адамзаттың, кең дүниені есігін ашып, өмірге келген, бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекені. Туған ел – «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» – дегендей әркімнің өзінің туған жері, елі, атамекені. Мәтін бойынша сұрақтар: 1.Қарияның туған жерге деген сүйіспеншілігі неден көрінеді? - Қарияның туған жерге деген сүйіспеншілігі оның 40 жыл бойы туған топырағын бассам деп армандауынан, жолдың қаншалықты қиыншылығын көре тұра алған бетінен қайтпағандығы, заңсыз шекарадан басып өтуі, көзінен аққан жасына, жерді құлап сүйгенінен көрінеді. 2.Қарттың туған жердің топырағын жерге қайтаруының себебін қалай түсіндірер едің? - Қарт туған жер топырағын алып, тұмар етіп тағып жүрді. Себебі туған топырақ киелі, сондықтан өмір бойы оған күш-қуат беріп келді. Түйіні: Туған жер – ата-бабамыздың мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз тұрды, өмір сүрді. Бұл жер – ата-бабамыздың кіндігі кесілген жазира жер. Жалқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең. Туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған. | Мәтін. |
Ү. Шығармашылық жұмыс.Сахналау. Рөлге бөліп оқып, өз ойларыңмен жалғастырыңдар? Немересі: Ата, туған жеріңізді неліктен сағына бересіз? Атасы: Балам, туған жердің топырағы, суы мен ауасы түтіні де қымбат. Өйткені сол жерде дүниеге келіп, өсіп – өндім. Адамның өскен жері адамның жанына, сана- сезіміне әсер етіп, мәңгілік есінде қалады екен. Немересі: Туған жерді, елді соншама қадірлеуіңіздің себебі неде? Атасы: Ол – менің ата – бабамның жері, олар оны адал еңбек, маңдай терімен қорғап, көркейтіп, ұрпағына аманатқа тастап кеткен.Сондықтан мен олардың үмітін ақтауым керек. Немересі: Ата, осынша жасқа келсеңіз де, туған жеріңізді соншалықты қалай жақсы көресіз? Атасы: Қарағым, туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрмет менің бойыма ана сүтімен, бесік жырымен сіңген. Менің бойымдағы туған жерге сүйіспеншілік сезімі өздеріңе дарып жатса, үмітімнің ақталғаны деп білемін. Немересі: … Түйіндеме Туған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайды. Тек одан барлық алғаныңды көңіл сүзгісінен өткізіп, бал жинаған арадай жүрегіңе құя білуің шарт. Туған жерді сүю дегеніміз өмір бақи өз жерінде байланып қалу емес. Әлемге назар аудармай, табандап отырып алсақ, ақпайтын көл секілді өз-өзімізбен тұйықталып, әлемдік даму мен өркениеттен құралақан қалар едік. Десе де, жер шарының қай ендігі, экватордың қай белдеуінде жүрсең де, қайта соғар, сағынышыңды басар темірқазығың – туған жер атты ұлы ұғым біреу. Сонымен рухани байланысыңды үзбесең ғана, айдарыңнан жел еспек. Өйткені өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтыра алмақ емес. | |
ҮІ.Топпен ән айту. Атамекен. Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем. Маңдайымнан сипап өткен самалды Қазағымның алақаны деп білем. Қайырмасы: Қайда жүрсем атамекен, Көкейіңде жатады екен. Күннің өзі қимай оны Ұясына батады екен. Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем. Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін Қазағымның махаббаты деп білем. Қайырмасы: Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем. Асқар тауын аспаныммен астасқан, Қазағымның мәртебесі деп білем. Қайырмасы: | Үнтаспа. |
ҮІІ.Сабақтың қорытынды сәті: Мұғалім сөзі: Міне, Ш.Айтматов айтпақшы, Туған жер, атамекен әр адамның тағдыры. Одан алғангыңды жүрегіңе құя білуің шарт. Туған жерді сүю, өз еліңе байланып қалу емес. Жер шарының қай түкпірінде жүрсең де туған жер, Отан – біреу. Себебі өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтыра алмайтындығын біз бүгінгі сабағымызда білдік. Бүгінгі «Елім деп соғар жүрегім…» атты сабағымызда Отанды, елімізді, туған жерімізді сүйе білуді үйрендік. «Туған жер», «ел», «Отан» – сөздері баға жетпес құндылығымыз, ең қымбатымыз. Әрқайсымыз ата-бабамыздың кіндік қаны тамған жер ежелгі қоныс, ата мекенімізді қадірлей, қастерлей, бағалай білуге тиіспіз. Себебі туған жер- қасиетті, құдіретті. Сіздер кең байтақ , Тәуелсіз қазақстанның жас ұландары, көгінде қалықтаған жас қырандарысыңдар. Ендеше, сабақ соңында, Отанымызға деген сүйіспеншілігімізді әнмен білдірсек дегім келеді. «Атамекен» әні айту. Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болғай деген ізгі ниетпен, еліміз көркейіп, гүлдене берсін, дами берсін деген тілегімізді тақтаға ілулі тұрған туған жердің табиғатын гүлдендіру арқылы білдірсек | Слайд, нақыл сөздер. |
ҮІІІ.Үйге тапсырма: «Елім менің Қазақстан» тақырыбында шығарма.
| |
ІХ.Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қосылады. -Тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады. | Үнтаспа |