Просмотр содержимого документа
«Әбіш Кекілбай өмірі мен шығармашылығы»
Күні: 14.04.2016ж
Сынып: 6 «А»
Пәні: Әдебиет
Тақырыбы: Әбіш Кекілбай өмірі мен шығармашылығы
Сабақтын мақсаты: Оқушылардың ойларын еркін жеткізуге, талпынуға дағдыландыру.
Білімділік: Оқушыларға Ә. Кекілбай туралы мәлімет бере отырып, ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету.
Дамытушылық: Жазушы шығармалары арқылы әр оқушының өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі - өнеге алуға шақыру. Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, Пәнаралық байланыс: музыка, экология, бейнелеу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, тест, «ия» немесе «жоқ» стратегиясы, тірек сөздер, топтастыру. ағаш, үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың өтілу жоспары: 1. тірек сөздер
2. тест
3. «ия» немесе «жоқ» стратегиясы
4. сөйлемді аяқтау.
5. сұрақ-жауап
6. топтастыру
7. топ басшы есеп беру.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгендеу;
ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығын бақылау;
б) Психологиялық дайындық;
в) Топқа бөлу, бағалау парақтары таратылады;
Оқушылар келген қонақтармен амандасады.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік бәріне,
Құрметпенен біз,
Асықтағы сандар бойынша топқа бөлініп отырады.
Кезекшіден үй тапсырмасы сұралады.
Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі.
12-інші сәуір қандай күн болды?
Ғарышкерлер күні.
Ғарышқа ұшқан ағаларымыз кімдер?
Т.Әубәкіров, Ю.Гагарин, Т.Мұсабаев
Олай болса сол ағалардың берген тапсырмаларын орындаймыз.
Қазақтың тұңғыш ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров
Тірек сөз бойынша әңгіме мазмұнын айтқызу.
1.Дауыс
2.Сатай
3.Рәбиға
4.Қасқыр
5.Қорқыныш
6.Кітап
Әлемдегі бірінші ғарышкер – Юрий Гагарин
Тест тапсырмасын ұсынып отыр.
1.Сатайдың құлағына жеткен таң азанғы жағымсыз дауыс кімдікі?
а)апасінікі
ә)ағасының
б)әкесінің
в)әжесінің
2.Рәбиға мен Сатай қай сыныпта оқиды?
а)8
ә)6
б)7
в)9
3.Қылау әңгімесін жазған кім?
а) Мұзафар Әлімбаев
ә) Мұқағали Мақатаев
б) Шерхан Мұртаза
в) Сайын Мұратбеков
4.Сатай Рәбиғаға жылынып отыру үшін қандай киім берді?
а)тон
ә)ішік
б)пальто
в)күртеше
5.Рәбиға қай пәнді жақсы көреді?
а)математика
ә)биология
б)химия
в)қазақ тілі
6. Сайын Мұратбековтың туған жылы
а) 1936-2007
ә) 1924-1992
б)1931-1976
в)1893-1938
Қазақтың екінші ғарышкері –Талғат Мұсабаев
«ия» немесе «жоқ» стратегиясын ұсынды.
1.Рәбиға Сатайға кітап сыйлады (ия)
2.Сатай қасқырмен жекпе – жекпе шықты (жоқ)
3.Сатай жуынайын десе шәугімдегі су мұп-мұздай екен (жоқ)
4.Рәбиға Тастөбе деген жерде оқиды (ия)
5.Рәбиға мен Сатай сегізінші сынып оқушылары (жоқ)
6.Сатай Рәбиға берген кітапты алмады.
7.Сатайдың ұнатпайтын пәні әдебиет (жоқ)
8.Таң азанғы әке даусы Сатайға ұнамады (ия)
9.Әңгімедегі Сатай мен Рәбиға жағымсыз кейіпкерлер. (жоқ)
10.Сатай қайырымды бала. (ия)
Сергіту сәті:
Жаңа сабақ: Әбіш Кекілбай өмірі мен шығармашылығы
Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған.
Кекілбай 1942 жылы соғысқа алынып, майданда 3 рет жараланып,
Сталинград маңында қайтыс болады. Алайда Кекілбайдың дүниеден өткенін үй ішіне бірнеше жылдан соң ғана хабарлайды.
Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген.
Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады .
Әбіш Кекілбайұлының көптеген романдары, повестері, әңгімелері, аудармалары бар. 2015 жылдың 11 желтоқсанында дүниеден өтті.
Қызмет жолы
1957 жылыҚазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады.
1962 - 1965 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.
1970-1975 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор,
1992-1993 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы,
2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасының ПарламентіСенатыныңдепутаты болып қызмет жасайды.
Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді.
Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы, «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары жарыққа шықты.
Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды.
Марапаттары
Қазақстанның Еңбек Ері
Отан ордені
Назарбаев ордені
ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл медалі
Астана қаласына 10 жыл медалі
Құрмет белгісі ордені
Достастық ордені
Қазақстанның халық жазушысы
Отбасы
Жары - Жұмабаева Клара Жұмабайқызы
Ұлдары: Аулет 1965 - 2013. 2013 жылы Маңғыстауда жол апатында қайтыс болды.
Даулет - 1975 жылы туған.
Қыздары: Заузат 1967 жылы туған, Сәулет 1971 жылы туған.
6 немеренің атасы
Жеке жұмыс: «Сөйлемді аяқтау»
1975 жылы туған. (Даулет)
2. Жары: Жұмабаева Жұмабайқызы. (Клара)
3. Қазақстанның халық (жазушысы)
4. Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы күні Маңғыстау облысы,
Маңғыстау ауданы , Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. (6желт)
5. Әбіш Кекілбайұлының дәулетті, ел ішінде аты
шыққан бидің отбасында дүниеге келген.(анасы Айсәуле Жұмабайқызы)
Сергіту сәті:
Қорытынды: сұрақ-жауап.
Әбіш Кекілбайұлының туған жылы, күні қашан? (1939ж 6 желтоқсан)
Ұлдарының аты кім? (Аулет, Даулет)
Неше немересі бар? (6)
Қандай марапаттарын білесіңдер? (Қазақстанның Еңбек Ері)
1970-1975 жылдары қандай қызмет атқарды? («Қазақфильм» студиясында бас редактор)