kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Реферат "Әбіш Кекілбаев"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақтың көрнекті жазушысы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы реферат

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Реферат "Әбіш Кекілбаев"»

Әбіш Кекілбаев

І.Кіріспе

Ә.Кекілбаев өмірі және алғашқы шығармашылық қадамдары.

Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6-шы желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған.

1928-31 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай ата мекенінен баз кешіп, Түрікменстанның Красноводск портында жүкші, «Бегдаш химия» кәсіпорнында біраз жыл жұмысшы болып істеп, елге 1937 жылы Баку мен Махачкала арқылы оралған соң, Оңдыдағы колхозда колхозшы, Таушық кенішінде шахтер болды. 1942 жылы соғысқа алынып, майданда 3 рет жараланып, Сталинград маңында қайтыс болады.

Әбіш Кекілбаевтың анасы Айсауле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылы әуелі Оңдыда колхозшы, Таушықта 1942-45 жылдар аралығында шахтер, 1945-62 жылдары «Екпінді» колхозында жұмыс істеді.

Әбіш Кекілбаев 1947 жылы Таушықтағы мекептің 1сыныбына барып, 1948-1954 жылы Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Ұштағандағы орта мектепте оқиды.

Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.

1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін, 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.

1965-68 жылдары ҚазССР Мәдениет министрлігінде,

1968-70 жылдары Кеңес армиясының қатарында,

1984-86 жылдары ҚазССР Мәдениет министрінің орынбасары,

1986-88 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының екінші хатшысы,

1991 жылы Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтарылық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы,

1992-93 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы,

1993-95 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі,

1994-95 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы,

1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді.

2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты. Әбіш Кекілбаев Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне 2 рет, Мәжілісіне 1 рет баламалы негізде депутат болып сайланады.

Ә.Кекілбаевтың алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді. 1979 жылы «Тырау- тырау тырналар», Маңғыстау төбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи-танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары таңдамалы 2 томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат», 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы» публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. Ә.Кекілбаевтың «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты. Ә.Кекілбаевтың көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев» орденімен марапатталды.



















II. Негізгі бөлім.

Ә. Кекілбаев шығармашылығындағы тәуелсіздік идеяларының негізгі бастаулары.

2.1. Тәуелсіздік жылдарындағы Ә. Кекілбаевтың қоғамдық және саяси қызметі.

1991 жылы алғаш Қазақстан Республикасы өз егенмендігін алуымен, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев билікке келуімен бірге Әбіш Кекілбаевтың ресми түрде саясатқа белсене араласуы осы тұста бастау алды. Алайда бұған дейін бірталай мемлекеттік, қоғамдық лауазымды қызметтер атқарған болатын. Елбасының тағайындауымен Ә. Кекілбаев 1991 жылы Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты, мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалады. Ә. Кекілбаев жауапы мемлекеттік қызметтің қай саласындағы қызметі болмасын өзінің кең ауқымды ойлай білетін қайраткерлігімен, осы жолдағы ел игілігі үшін жасалған іс-әрекеттерді табанды түрде жүзеге асыра білетіндігімен танылды. Қоғам қайраткері ретінде кеңінен танымал болған кезі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен тұспа-тұс келді. Тәуелсіздікті нығайту мен баянды ету жолындағы шешуші сәттерді, маңызды шешімдерді қабылдауда оның жоғары парасаттылығымен өзіне мол жауапкершілікті ала білетіндігі айқын көрінді. Елде ұлтаралық жанжалдарды болдырмау, саяси мәселелерді ушықтырмай тиянақты, дұрыс шешу жолдарын қарастыруда сарабдал саясаткерге тән саяси көрегендік таныта білді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында пайда болған экономикалық дағдарыстар мен өзге де саяси-әлеуметтік тығырықтан шығу үшін жүргізілген реформалардың халық тарапынан қолдау табуына айрықша үлес қосты.

Мемлекеттік қызметке келу тұсында Ә. Кекілбаевтың бірден-бір әріптесі елбасымыз Н.Ә.Назарбаев болатын. Белсенді әрекетімен қоса терең ойлы, мол білімді, ғибратты көсемсөздерімен ел санасын оятып, дәл уақытында тиісті сөз айтып та, жазып та келеді. Ол саясатқа сабырлы, салиқалы болып келген болатын. Ә. Кекілбаев мемлекет шаңырағын көтеру мен мемлетіміздің мемлекеттілігін тұрақтандыру ісінде ерекше орын алған. Қазақ халқының, мемлекетіміздің тағдыры шешілген көптеген тарихи құжаттардың қабылдануында депутат Ә. Кекілбаевтың орны бөлек еді. Еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап қабылданған барлық заңдарға өз ой-пікірін білдірді, жалпы оның қатысуынсыз ешбір заң қабылданбады десе де болады.

«Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметін 1992-93 жылдары атқарады. Осы жылдарда Ә.Кекілбаев өз ойын, шығармашылығын газет бетіне жариялаумен қоса ел тағдырынынан, жер тағдырынан тысқары қалмады. 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикаасының Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалады.

Ә.Кекілбаев көптеген елдерге ресми делегацияларды басқарып барған болатын. Соның қай-қайсысында болмасын ол туған елінің тұғырын биіктетіп, абыройын асқақтата білді. Шетелдегі әрбір кездесулерде халқымыздың, жеріміздің тарихынан сыр шертіп, оны өзі барған елдің тарихымен шендестіре сөйлеп, әлемдік мәдениеттің сабақтастығын дәлелдей білген азамат.

1996 жылы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, комитетінің төрағасы болып қызмет атқарады. 1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалады. 2002 жылдың ақпанынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. «Асар» партиясының Парламенттік мүшесі. Ана тіліміздің жай-күйі кейінгі жылдары жұртшылығымызды қатты алаңдатқан кезеңде Ә.Кекілбаевтың атқарған еңбегі аз емес. «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деген қағиданың ұлттық тәжірибенің де, әлемдік тәжіртбенің де тұрғысынан қаншалықты дәйекті екендігіне тоқталған болатын. Мәдени, саяси, экономикалық, әлеуметтік, тіл, діл мәселелері Ә. Кекілбаевтың бір мезетке де ойынан шыққан емес. Осы тұрғыда оның бірнеше еңбектері де жарық көрді. Кеңес одағы кезеңіндегі тыйым салынған әдебиеттер, сол заманда айтылуы мүмкін емес мәселелер еліміз егемендігін алған жылдардан бастап, Ә. Кекілбаевтың көкірегінен жарқын шыққан болатын. Газет беттеріндегі мақалалары мен сұхбаттары халық қамы үшін жасалуы тиіс мәселелерді меңзейтін. Барлығы халық үшін, барлығы дамушы Қазақстан мемлекеті үшін өз еңбегін еш уақытта аямаған азаматтың елі үшін атқарған қызметі көптен көп. Ол-өз шығыармашылығы мен қызметін әрқашан бірге алып жүрген азамат.

Барлық мәселені қарастыруда Ә. Кекілбаев жалпы саяси жағдай, тәуелсіздік жолындағы күресті алға тартады. Қазақ халқының өткені мен болашағы, тәуелсіздік тақырыбын тереңінен ойға салды. Тәуелсіздікті нығайтудың ең басым кепілі-ішкі ынтымақты нығайту болып табылады. Ол жоқ жерде тәуелсіздік жай сөз болып қалады. Оған жол бермеудің жалғыз жолы-экономикалық қатынастарды да, саяси қатыгастарды да мейлінше демократияландыра түсу. Әркімнің өз еңбегңмен күн көруіне ғана емес, ауқатты өмір сүруіне құқықтық та, экономикалық та мүмкіндіктер жасауға күш салу.

Ә.Кекілбаевтың саясатқа келгелі бергі уақытында еліміздің Конституциясы төрт рет өзгеріске ұшыраған болатын. Жоғарғы Кеңес жұмысына кірісе сала, оған елеулі өзгерістер енуіне тура келді. Өйткені, Президент институты құрылды. Парламентті жартылай кәсібилікке көшірді. Көп ұзамай егемендігімізді жария еттік. Соған байланысты одақпен қарым-қатынасымызды қайта пайымдадық. 1993 жылы өз Конституциямызды қабылдадық. Реформа мен тәуелсіздік орныға түскен сайын демократия да нығая түседі.

2.2 Ә. Кекілбаев шығармашылығындағы қоғамның әлеуметтік, мәдени-рухани өмірінің бейнеленуі және тәуелсіздік көріністері.

Әбіш Кекілбаев егеменді еліміздің барлық саяси өмірі мен қоғамдық тыныс-тіршілігінің ыстық-суығын бастан аяқ атқарысып келе жатқан айтулы азамат. Сондықтан да оның публицистикасында тәуелсіздік тақырыбының көрінуі заңды. Әбіш Кекілбаев сезімнің емес, терең ойдың, ақыл-парасаттың иесі болғандықтан, оның шығармашылығында тәуелсіздіктің, қоғам өмірінің, егемендіктің көрінуі-заңды әрі керек те [14].

1988-90 жылдары тарих және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы орталық кеңесі президентінің төрағасы қызметіне ұсынылады. Осы жылдары Ә.Кекілбаев бірнеше жерлерге іс- сапармен аттанып, тарихи ескерткіштерді қорғау мен тарихи жерлерді жаңғырту мәселелерінде ерекше жұмыстар жасай білді. Маңғыстау өңірінде тарихи-мәдени мұра саласында жүрген уақытында Ә.Кекілбаев «Мирас» қорының ашылуынан бастап ерекше мұраларға көз жігін тіге бастады. Мәдени-тарихи мұраларды зерттеуді қолға алған Ә.Кекілбаев болашағы жарқын әрі баянды егенменді ел болатынымызға сенімі мол еді [3].

Тарихи мұраға қамқорлық жасау- тек өткенге ізет емес, ол ең алдымен болашақтың қамын ойлау. Әлеуметтік белсенділікті ауадай қажет ететін тұста Ә.Кекілбаев бабаларымыздың, күллі қоғамымыздың, тарихымыз бен халқымыздың рухани мерейіне қатысты көптеген іс-шараларды жүзеге асыруға ат салысқан азамат.

Әбіш Кекілбаевтың «Сайранқұмарлық санаға түсу» деген қоғамдық ой-толғанысқа толы мақаласында: «Өнер қашанда әлеуметтік зұлымдыққа емес, әлеуметтік ізгілікке қызмет ету арқылы өседі. Біз көркем шығармалы мақсат деп осыны ұғамыз. Ұлы мұраттарды тек талантты шығармалар ғана қорғай алады... Рухани бедерсіздік саяси тәуелсіздікті де тәрк етеді. Тойған тоғышарлыққа халықтың, адамның азаттығы емес, нәпсісінің азаттығы керек.

Ал, тәуелсіздік шекарасын өрелі азаматтық сана мен биік рухани мәдениет қана айна қатесіз анықтай алады»,- деп тұжырым жасауы соның айғағы.

Әбіш Кекілбаев драматургия жанрында да біршама үлес қосты. Оның әлем әдебиетімен тәржімалаған драмалық туындылары қазақ театрларында ана тілінде сөйлеп, көпшілік көрерменнің ыстық ықыласына бөленген. Қазақтың М.Әуезов атындағы Ұлттық академиялық драма театрында және басқа да театрларда Уильям Шекспирдің «Ромео мен Джульетта», «Король Лир», Валехо Антонио Буэроның «Бүгін мейрам, бүгін той», А.Чеховтың «Ваня ағай» және Макс Фриштің «Ғылым қуған Дон Жуан» сынды драмалық туындылар репертуардан берік орын алса, жазушының «Абылай хан» атты халықтық-қаһармандық сахналық дастаны еліміз тәуелсіздік алған тұста жасалды. Туынды 1998 жылы Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қойылды. Ә.Кекілбаев прозалық шығармаларында қазақ халқының ғасырлар бойы арман етіп аңсаған рухани тәуелсіздігін негізгі мәселе етіп көтерсе, сол асыл армандарды енді сахнаға да алып келді. Шығарма жөнінде өнер сүйер қауымды елең еткізер пікірлер де айтылды.

Пьеса үш бөлімнен тұрады. Бірінші көріністе тарихтан өзімізге мәлім Сабалақ атымен жүрген жас Абылаймен кездесеміз. Ұрыс майданында жоңғар ханы Қалдан Сереннің батыр ұлы Шарышты өлтіріп, батырлығымен танылды. Екінші көріністен аң аулап жүріп, қапияда кез болған ойраттардың тұтқынына түскен батырдың жан арпалысына кездесеміз. Батырға көмекке келетін сұлу Күлпаш оған көңілі кетіп, олардан Әмірсана туады. Абылай зынданнан өзінің шешендігімен, тапқырлығымен құтылады. Драматург осы тұста сөз құдіретін таныта білген. Баласын өлтірген батырға бостандықты бергізген де сөз құдіреті. Бірін- бірі аңдыған екі батырды бәтуаға, сыйластыққа алып келу- драматург шеберлігі. Үшінші көріністе оқиға шиыршық ата түседі. Бұл көріністе қазақтың өз ішіндегі бітпес дауға кездесеміз. Қазақ шонжарлары қалмақ шапқыншылығынан қорқып, Әмірсананы қайтаруды талап етеді. «Еркек тоқты құрбандық» деп түсінген хан баласын Ресейге өткізіп жіберуге мәжбүр болды. Автор Абылай ханның түйдек-түйдек ойлары арқылы көпке ой сала біледі: «Сыртта- лаң, іште- жылан. Шытырман да шырғалаң. Алға тартсаң- алдыңнан, қияға тартсаң- етегіңнен. Жармасып жатқан жау өңшең». Бір жағынан орысы, бір жағынан жоңғары мен қытайы қысқанда да сол қазақтың дау- жанжалы біткен бе? Осындай сан-сауалға жауап іздеген Абылай ханның түйінді шешімін:

Азаттықтың қамы үшін,

Болашақтың баңы үшін,

Ұлы жорық бастаймын

Айналайын әлеумет!-дегенінен көруге болады. Пьесадағы Абылайдың ақылшысы әрі кеңесшісі болған Бұхар жыраудың бейнесі – Көмей әулие. Ол – ханға қашанда өктем сөйлеп, ақыл-кеңес беруден жалықпаған дана қарт. Әбіш Кекілбаев бұл пьесада қазақтың кешегісі арқылы бүгінін меңзейді. Ол Абылайдың аузына ел басының сөзін салса, жоғарыдағы мысалдар қазақты ел болуға шақырғаны даусыз. Пьесадағы толғаулы ойлар, асылдай сөздер – драматургтың қол жеткізген табысы. Бұл пьеса Кекілбаев шығармашылығының шарықтау биігін танытар туынды.

ІІІ.Қорытынды

Қорыты айтқанда, Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбіш Кекілбаев – қазақ әдебиетінде поэзия, проза, драматургия, сын, публицистика, аударма жанрларында бір кісідей үлес қосқан қаламгер. Оның поэзия жанрындағы алғашқы ізденістерінен бастап, соңғы жылдары жазылған сыршыл лирикасы, әңгіме, повесттері, романдары қазақтартың кешегі, бүгінгі өмірі жайында терең сыр шертеді. Оларда жасалған тарихи тұлғалар мен біздің замандастарымыздың толымды бейнесі оқырмандар тарапынан үлкен қызығушылық танытуда. Оның тілінің құмға да, тасқа датіл бітірген образдылығы, елі мен жерін сүйген отаншыл азаматтың бүкіл шығармашылығының қазақ халқыныңазаттығы мен тәуелсіздігін негізгі идея етіп ұсынуы да қолдау табуда











3



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Реферат "Әбіш Кекілбаев"

Автор: Қошабаева Айша Сембайқызы

Дата: 30.11.2019

Номер свидетельства: 529541


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства