kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Батылды? пен ?жеттілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

~~Саба?ты? та?ырыбы: «Батылды? пен ?жеттілік»
??зіреттілікке жеткізетін саба?ты? ма?сат міндеттері:
А) а?паратты?
?) комуникативтік
Б) проблеманы шешу   
О?ушыларды? «халы?», «Отан», «махаббат» ??ндылы?тары туралы т?сініктерін ке?ейту;

−батылды?, ?жеттілік, ?айсарлы?, ерлік  ??ымдары туралы т?сінік беру;
− о?ушыларды? шешім ?абылдай білу іскерліктерін дамыту;
−батылды??а, ?жеттіліккке, отанс?йгіштікке т?рбиелеу;

Саба?ты? типі: Жа?а материалды т?сіндіру
Саба?та ?олданылатын педагогикалы? технологиялар:  Т?сіндіре отырып оза о?ыту, дамыта о?ыту технологиялары;
Саба?ты? ?дісі Т?сіндірмелі−иллюстративті, практикалы?
П?наралы? байланыс: ?дебиет, бейнелеу ?нері, музыка
О?у ??ралдары: О?улы?, д?птер
 Саба?ты? барысы:  М??алімні? ?рекеті О?ушыны? ?рекеті  К?тілетін н?тиже
1I.?йымдастыру б?лімі
 −С?леметсіздерме о?ушылар?
−Б?гінгі к??іл−к?йлері? ?алай?
−Саба??а дайынсы?дар ма?

О?ушылар саба?ымызды ?деттегідей
«Шатты? ше?берінен» бастаймыз.
−Барлы?ымыз ше?бер ??рып, о?улы?та?ы О.?уб?кіровты? с?зіне жазыл?ан, Ш.?алдая?овты? ?ні «Балдыр?андар ?нін»орындайы?.

        Балдыр?андар ?ні
                                   О. ?уб?кіров
                                   Ш.?алдая?ов
?уаныш?а б?ленген ?р к?німіз,
Ба?ыттымыз, балалар, барлы?ымыз.
                 ?айырмасы:
           ?мір тым жайдары,
           ?ызы?ты? ?айнары,
           Ба?шамыз жайнады.

Біз – Отанны? балдыр?ан ?лдарымыз,
?дептілік, батылды? – ?ранымыз.
              ?айырмасы:
          ?мір тым жайдары,
          ?ызы?ты? ?айнары,
          Ба?шамыз жайнады.

 −С?леметсізбе!
−жа?сы
−ия

О?ушылар ше?бер ??рып, «Балдыр?андар ?нін» орындайды.

 


Балдыр?андар ?ні
                         О. ?уб?кіров
                         Ш.?алдая?ов
?уаныш?а б?ленген ?р к?німіз,
Ба?ыттымыз, балалар, барлы?ымыз.
                 ?айырмасы:
           ?мір тым жайдары,
           ?ызы?ты? ?айнары,
           Ба?шамыз жайнады.

Біз – Отанны? балдыр?ан ?лдарымыз,
?дептілік, батылды? – ?ранымыз.
              ?айырмасы:
          ?мір тым жайдары,
          ?ызы?ты? ?айнары,
          Ба?шамыз жайнады. 

?арым−?атынас орнату ?шін белсенді іс−?рекет жасау?а дайындалады.Саба??а деген ?ызы?ушылы?тары артады.

 

 

 


О?ушылар ?нді орындау ар?ылы ба?ытты балалы? ша?тарыны? жайдарлылы?ын сезініп, Отан?а, ту?ан ?лкеге, ту?ан жерге деген с?йіспеншіліктері артып, ?дептілік, батылды?, ?жеттілік, ?айсарлы? сынды  рухани ??ндылы?тарды бойларына дарытады.

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Батылды? пен ?жеттілік »

Пәні:

Өзін- өзі тану

Сыныбы:

4

Уақыты:


Сабақтың тақырыбы:

«Батылдық пен өжеттілік»

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат міндеттері:

А) ақпараттық

Ә) комуникативтік

Б) проблеманы шешу


Оқушылардың «халық», «Отан», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;


−батылдық, өжеттілік, қайсарлық, ерлік ұғымдары туралы түсінік беру;

− оқушылардың шешім қабылдай білу іскерліктерін дамыту;

−батылдыққа, өжеттіліккке, отансүйгіштікке тәрбиелеу;


Сабақтың типі:

Жаңа материалды түсіндіру

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Түсіндіре отырып оза оқыту, дамыта оқыту технологиялары;

Сабақтың әдісі

Түсіндірмелі−иллюстративті, практикалық

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет, бейнелеу өнері, музыка

Оқу құралдары:

Оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Күтілетін нәтиже

1I.Ұйымдастыру бөлімі


−Сәлеметсіздерме оқушылар?

−Бүгінгі көңіл−күйлерің қалай?

−Сабаққа дайынсыңдар ма?


Оқушылар сабағымызды әдеттегідей

«Шаттық шеңберінен» бастаймыз.

−Барлығымыз шеңбер құрып, оқулықтағы О.Әубәкіровтың сөзіне жазылған, Ш.Қалдаяқовтың әні «Балдырғандар әнін»орындайық.


Балдырғандар әні

О. Әубәкіров

Ш.Қалдаяқов

Қуанышқа бөленген әр күніміз,

Бақыттымыз, балалар, барлығымыз.

Қайырмасы:

Өмір тым жайдары,

Қызықтың қайнары,

Бақшамыз жайнады.


Біз – Отанның балдырған ұлдарымыз,

Әдептілік, батылдық – ұранымыз.

Қайырмасы:

Өмір тым жайдары,

Қызықтың қайнары,

Бақшамыз жайнады.



−Сәлеметсізбе!

−жақсы

−ия


Оқушылар шеңбер құрып, «Балдырғандар әнін» орындайды.





Балдырғандар әні

О. Әубәкіров

Ш.Қалдаяқов

Қуанышқа бөленген әр күніміз,

Бақыттымыз, балалар, барлығымыз.

Қайырмасы:

Өмір тым жайдары,

Қызықтың қайнары,

Бақшамыз жайнады.


Біз – Отанның балдырған ұлдарымыз,

Әдептілік, батылдық – ұранымыз.

Қайырмасы:

Өмір тым жайдары,

Қызықтың қайнары,

Бақшамыз жайнады.



Қарым−қатынас орнату үшін белсенді іс−әрекет жасауға дайындалады.Сабаққа деген қызығушылықтары артады.









Оқушылар әнді орындау арқылы бақытты балалық шақтарының жайдарлылығын сезініп, Отанға, туған өлкеге, туған жерге деген сүйіспеншіліктері артып, әдептілік, батылдық, өжеттілік, қайсарлық сынды рухани құндылықтарды бойларына дарытады.






II.Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалға кіріспе



Әңгімелесу

−Балалар, сіздер өткен сабақта «Өзімшілдік пен көпшілдік» тақырыбын өтіп, сол турасында әңгіме қозғаған болатынсыздар. Ендігі біздің бүгінгі сабағымызда батылдық, өжеттілік сынды адами құндылықтарды тереңірек талдағалы отырмыз. Ол үшін мен сіздерге ең алдымен сұрақтар қоямын сол сұрақтарға өз ойларыңды жеткізе отырып жауап берулеріңізді сұраймын.


−Батылдық, өжеттілік ұғымдарын қалай түсінесіңдер?


−Өжеттілігімен, қайсарлығымен көзге түскен қандай батырларды білесіңдер?



,өжет болу үшін не істеу керек деп ойлайсыздар?






Оқушылар тақырып төңірегінде мұғалімнің қойған сұрақтарына толық әрі нақты жауап береді. Белсенді қатысып отырады.


−Батылдық, өжеттілік адам бойындағы баға жетпес рухани құндылықтардың бірі. Бұл қасиеттері бар адам көп нәрседе жақсы нәтижеге жетеді.

−Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Маметова, М.Өтемісұлы, И.Тайманұлы.

− Өзімізді әрдайым батылдыққа, өжеттілікке бағыттап, батыр ата-бабаларымыздан үлгі алып, ерліктерін бойымызға сіңіруіміз қажет.

Әрбір оқушы өз пікірін айта алады, тақырыпқа өзінің көзқарасын білдіріп, өзін толғандыратын сұрақтарды қоя алады. Тақырыпқа орайлас батырлық, батылдық, өжеттілік, қайсарлық, ерлік турасында қойылған сұрақтарды талдау арқылы әрбір бала аталған адами ізгі, баға жетпес құндылықтарға қарай ұмтылады. Бұл қасиеттер адам баласы үшін үлкен маңызға ие екендігін тереңірек ұғынады және оқушылардың сұрақтарға жауап беру барысындва ойлау қабілеттері шыңдала түседі.

III.Жаңа материалды түсіндіру



«Мәтінмен жұмыс»

−Енді оқулықта берілген Т.Ілиясованың «Қойшы Қаһарман» ертегісін өздіктеріңізбен оқып, соңында берілген сұрақтарға өз пікірлеріңізді айтып жауап берулеріңіз сұралады.


Баяғыда өткен заманда Қайырымсыз деген хан өмір сүріпті. Ол өте мейірімсіз болыпты. Көрші елдерге соғыс ашып, басып алып, бейбіт халықты жылатады екен. Қатыгез ханнан әбден ...


−Қаһарманның ержүрек батырлығын қандай іс – әрекетінен байқадыңыздар?



−Қаһарман батырдың тағы қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласыздар?


−Өздеріңнің бойларыңызда батылдық бар деп ойлайсыздар ма? Неліктен?






«Дәйексөзбен жұмыс»

«Батыл болмай, батыр болмайды» деген халық мақалына назар аударып және оның мәнін ашып,түсінік алайық.



−Дұрыс айтасыздар балалар. Бойында батылдығы, қайсарлығы, намысшылдығы, ержүректігі бар адам баласы «батыр» деген атқа ие бола алады. Ал батыл болу үшін біз өздеріңіз айтқандай қазірден өжет, шыдамды, сабырлы, ата – анасын, елін, жерін сүйетін, қорқуды білмейтін адам болуымыз керек екен . Сол себепті осы қасиеттерге бойымызды жақын ұстауымыз бек қажет.


«Сергіту сәті»

−Балалар, бойымызды бір сәт сергітейік. Ол үшін мына өлең шумағын барлығымыз іс – қимылдар арқылы қайталайық.


Шынығамыз жастай біз,

Жаттығуды бастаймыз.

Бір, екі, үш,

Бір, екіі, үш,

Бойымызға жинап күш.





«Жаттығу»

−Енді оқушылар, «Жаттығу» айдарында сіздерге сонау тарихтағы батырларды еске түсіруді ұсынамын. Олардың бойындағы қасиеттерді еске түсіре отырып, батылдық ұғымына топтастыру жасайық.

БАТЫЛДЫҚ−..................



«Ойын»

−Балалар, қанеки сабағымыздың келесі кезеңін «Ойынға» берейік. Ойын шартына тоқталсам: жарты шеңбер құрып тұрайық. Ортаға ұзындығы 2-3 метр болатын түзу сызық сызылады. Меже белгіленеді. Ортаға бір ойыншыдан шығады. Ойыншыны ойын басқарушы орнында тұрып айналдырады. Бірнеше рет айналғаннан кейін сызылған сызықтың бойымен екі қолын жайып түп – түзу жүру керек. Кім межеге сызықтың бойынан ауытқымай түзу жүрін жетсе, сол батыл, жеңімпаз атанады.



Мәтінді өздіктерімен зейін қойып оқып, соңында берілген сұрақтарға өз пікірлерін, ойларын ортаға салып жауап береді.



−Ханның қызы Әйгерімді айлакер, қу жалмауыз кемпірден қорықпай, керісінше батылдық танытып оны құтқарып алады. Ол өжеттіліктің, ержүректіктің көрінісі.

− Қаһарман батырдың бойындағы тағы дажақсы қасиеттерін Қайрымсыз ханның қаһарынан тайсалмай өз жұртын оның қорлығынан аман алып қалғандығын айтуға болады.

−Біздің бойымызда батылдық қасиеттері бар деп ойлаймыз. Себебі ертегідегі Қаһарман батырдың ерлігінен өзімізге үлгі ала білдік.


Дәйексөзбен барлығы дерлік жұмыстанады.

− Бойында батылдығы бар адам батыр бола алады. Ал батыл болу үшін өжет, төзімді, шыдамды, сабырлы, ата – анасын, елін, жерін сүйетін, қорқуды білмейтін адам болу керек.Ондай адам батыр бола алады. Сондықтан да халық «Батыр болмай, батыр болмайды» деп тегін айтпаған.


Оқушылар орындарынан тұрып, «Сергіту сәтіне» берілген өлең шумағын мұғалім соңынан қайталайды.

Шынығамыз жастай біз, (орындарынан тұрады)

Жаттығуды бастаймыз. (қолдарын бүйірлеріне қояды)

Бір, екі, үш, (қолдарын алға, жоғары, жанына созады) }2рет

Бойымызға жинап күш.

(қолдарын ішке бүгеді)


Оқушылар өз ойларын жинақтап, тарихтағы ұмытылмас батырларды еске түсіріп, олардың бойындағы ерлік қасиеттерін айтып, «батылдық» ұғымына топтастыру жасайды.

БАТЫРЛЫҚ− өжет адам, қорықпайтын, төзімді, денсаулығы мықты, шыныққан, Отанын сүйетін, қайсар және т.б.


Балалар ойын шартымен танысқаннан кейін жарты шеңбер құрып тұрады.. Ортаға бір ойыншыдан шығады. Ойыншыны ойын басқарушы орнында тұрып айналдырады. Бірнеше рет айналғаннан кейін сызылған сызықтың бойымен екі қолын жайып түп – түзу жүруге тырысады.


Оқушылардың танып білуге деген құштарлықтары артады.

«Қойшы Қаһарман» ертегісін талдай отырып, әрбір оқушы оның ержүректігінен, ханның қызы Әйгерімді айлакер, қу жалмауыз кемпірден құтқарып алуындағы ерлігінен және де Қайырымсыз ханның қорлығынан әбден жапа шеккен жазықсыз халқын аман алып қалуындағы батылдығынан өздеріне үлгі алады. Қаһарман батырдың бойындағы ада қасиеттер, яғни, өжеттілік, батылды, батырлық, қайсарлыққа қарай талпына түседі. Мәтінді тыңдай және ести білуді,сезіне алу және сезіммен қабылдауды, ой елегінен өткізу мен пайымдай алуды үйренеді.






Өз беттерімен пайымдап, жаңа ақпараттан алған білімдерін қалай қолданатынын үйренеді. Сабақта қаралып отырған мәселе түйінделеді. Оқушылардың назары «батыл болмай, батыр болмас» атты халық мақалына аударылып, ондағы айтылатын астарлы ойды кеңінен талдап, дәйексөздің мағынасын ашады. Оқушылар өздерін жақсы қасиеттерге қарай бағыттап, бойларына дарытуға тырысады.



Сергіту сәтін орындау арқылы оқушылар адам бойына батылдықтың қалыптасуына дене жаттығуларының да әсері бар екендігін еске түсіріп, олардың денелері сергітіледі және ойын ұйымдастырылады.




Жаттығуды орындау барысында оқушылардың ойлау қабілеттері тағы бір мәрте шыныға түседі. Әр адам баласының бойынан табылу керек құнды «батылдық» қасиетін топтастыра отырып, бұл қасиеттің мағынасын тереңінен ұғына түседі. Сонымен қатар тарихтағы батылдығымен аттары қалған батырларды еске түсіріп, олардың ерліктерінен әрдайым үлгі – өнеге алып, ұмытпау керектіктерін түсінеді.


Оқушыларға ұйымдастырылған бұл ойын олардың батылдыққа қарай ұмтылуға деген талпыныстарының алғашқы қадамы болмақ және де бір сәт бойларын жаттықтыра түседі.

IY.Сабақты бекіту



«Тапсырма»

−Оқушылар, бүгінгі сабақ тақырыбы бойынша білімдеріңізді бекіту мақсатында «Өмірде ерлікке орын жетеді» тақырыбында әңгімелеп беріңіздер.


«Дәптермен жұмыс»

−Оқушылыр, енді дәптермен жұмыстанып, ондағы сөзжұмбақты шешіңдер.


1.Абылай ханның Қабанбай батырға қойған аты.........

2.Ақжолтай батыр............

3.Махамбеттің серігі................

4.Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры......

5.Желтоқсан оқиғасының батыры..........


Оқушылар мұғалім берген тапсырманы бар ынта – жігерлерімен орындайды, яғни, «Өмірде ерлікке орын жетеді» тақырыбында әңгіме өрбітеді.



Оқушылар дәптермен жұмыстану барысында берілген сөзжұмбақты шешеді.

1.Дарабоз


2.Ағыбай

3.Исатай

4.Рахымжан

5.Қайрат


Оқушылар берілген тапсырманы орындау барысында өмірде ерліктің қолданар ауқымының кеңдігін түсініп, «ерлік» ұғымы төңірегінде өз ойларымен бөлісіп, ойлау қабілеттері жаттығады.


Оқушылардың қазақ халқының батырларының жасаған ерліктері туралы өрістері кеңейіп, түсініктері молаяды. Дәптермен жұмыстану арқылы шығармашылық қарім- қабілеттері дамып, сабақта алған білімдері пысықталады.


Y.Қорытынды

«Жүректен жүрекке»

−Қанеки, шеңберге тұрып,бір – бірлерімізге жылы лебіздер білдіріп, Ө.Тұрманжажовтың «Батыр ата» атты өлең жолдарын барлығымыз бірге хормен айтайық.

Батыр ата

«Батыр!» деген барша сүйген жақсы сөз,

Алтын туы сияқты ол ғасырдың.

Батыр ата: «Батыр бол!» - деп ұрандар!

Естіңдер жас жеткіншек қырандар!

Батыр болып, туған жерді қорғауды –

«Шық бақыт!» - деп тілек етіп сұраңдар.


−Бүгінгі сабағымыз өз мақсатына жетті. Батылдық – адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі. Адам батыл болу үшін бала күнінен денесін шынықтырып, салауатты өмір сүру керек. Халық батырларының өмірін мақтаныш, үлгі тұта білейік.


−Сонымен сіздерге сабақ ұнады ма?

Барлықтарыңыз өте жақсы қатыстыңыздар. Сабақ аяқталды.

−Сау болыңыздар!

Балалар бір – біріне жылы лебіздерін білдіреді:

−Бір – бірімізді қиын сәттерде қолдай білейік!

−Деніміз сау болсын!

−Бойымызға батылдықты, батырлықты дарыта білейік.!


Барлығы қосылып мына өлең жолдарын айтады.

Батыр ата

«Батыр!» деген барша сүйген жақсы сөз,

Алтын туы сияқты ол ғасырдың.

Батыр ата: «Батыр бол!» - деп ұрандар!

Естіңдер жас жеткіншек қырандар!

Батыр болып, туған жерді қорғауды –

«Шық бақыт!» - деп тілек етіп сұраңдар.

−Иә, ұнады.



−Сау болыңыз!

Жылы лебіз танытылады. Оқушы мен оқытушы арасындажағымды қарым− қатынас орнатылады.





Оқушылар оқулықтағы Ө. Тұрманжановтың батырлық, ерлікті, батырлықты дәріптелетін «Батыр ата» өлеңін оқу арқылы, өлеңдегі астарлы мәнді терең ұғынып, адамның ең негізгі құндылықтарының бірі әрә бірегейі екенін түсінеді. Батыл әрі батыр болу үшін кішкене күндерінен салауатты өмір бағытын ұстап, әрдайым жақсылыққа ұмтылу керектігін ұғынады.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Батылды? пен ?жеттілік

Автор: Самадинова Бибін?р Ни?метолла?ызы

Дата: 03.11.2014

Номер свидетельства: 125488

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Батылды? пен ?жеттік "
    ["seo_title"] => string(23) "batyldyk-pien-ozhiettik"
    ["file_id"] => string(6) "204523"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429687353"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Батылды? пен ?жеттік."
    ["seo_title"] => string(21) "batyldykpienozhiettik"
    ["file_id"] => string(6) "298972"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456419934"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Батылды? пен ?жеттік   (4 сынып)"
    ["seo_title"] => string(31) "batyldyk-pien-ozhiettik-4-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "304224"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457687917"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Батылдық пен өжеттілік"
    ["seo_title"] => string(25) "batyldyk_pien_ozhiettilik"
    ["file_id"] => string(6) "456073"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518189978"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Батылдық пен өжеттік"
    ["seo_title"] => string(23) "batyldyk_pien_ozhiettik"
    ["file_id"] => string(6) "391281"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486989495"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства