Пән Қазақ | Тоқсан І | Сынып 6 сынып |
Сабақ тақырыбы | Сыйлық. Барыс септік. |
Ссылки, ресурсы | Слайд, «Туған күн» әні, топпен жұмыс ережесі. |
Мақсат | Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, сыйлық туралы ұғымдарын тереңдету; Барыс септік бойынша білімдерін пысықтау. Оқушылардың сөздік қорын молайту, түрлі тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілетін, тілін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру, топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Қазақ тілі сабағына қызығушылықтарын арттыру, белсенділікке, білімге тәрбилеу |
Күтілетін нәтиже | Оқушылар сыйлық туралы білімдерін тереңдетеді. Барыс септік жалғауларын қолданады. Барыс септіктегі сөздермен сөйлемдер құрастырады. Топпен жұмыс істеуді үйренеді. Еркін ауызекі сөйлей алады. Қазақ тілі сабағында белсенді жұмыс істейді. |
Сабақ үшін маңызды ұғымдар | Отбасындағы сыйластық, үлкендерге құрмет, сыйлық жасау. |
| 1мин | I.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуалды қалыптастыру. | 2Сыныптағы психологиялық ахуал: Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап... Балалар: Сәлем! Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап... Балалар: Сәлем! Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла... Балалар: Сәлем! Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге... Балалар: Сәлем! |
3 мин | ІІ Үй жұмысын тексеру СТО | «Ыстық орындық» әдісі |
3- минут | ІІІ Жаңа тақырып СТО Топпен жұмыс «Қобдишадан асық алу» Көшбасшылық Диалогтік оқыту | - Әрбір адамның өмірінде жыл сайын асыға күтетін, ерекше бір күн бар. 1. Ол күн қандай күн деп ойлайсыңдар? 2. Туған күнде не сыйлайды? 3. Сыйлық дегеніміз не? 4. Сыйлықты қай уақытта беру керек? |
5 мин | | Топ ережесі 1.Бір-бірінің сөзін бөлмеу. 2.Кезекпен сөйлеу. 3.Сыпайы болу. 4.Бір-біріне көмектесу. 5.Ортақ шешім қабылдау. - Сіздер аналарыңызға, әкелеріңізге, достарыңызға қандай сыйлық сыйлар едіңдер? Топ – анама Топ- әкеме Топ – досыма Суреттер берілген Сыйлық сөзіне ассоциация құру, коллаж жасау Коллажды қорғау |
1 минут | Сергіту сәті «Туған күн» әні | Балалар мұғаліммен бірге ән айтады. |
10 минут | Диалогтік оқыту СТО Сөздік жұмыс Мәтінмен жұмыс | Жаңа сөздер Тілек – пожелание Қатты ұнаған- очень понравилась Талдырмаш, нәзік дене –изящная фигура Іштей қуандым- был очень рад Жайнатып тастады- красиво накрыла стол Топ- Бүгін қарындасым Арайлымның туған күні. Анам ас әзірлеп жүр. Ал әкеміз екеуіміз базарға сыйлық және торт алуға бардық. Қарындасым көк түсті қатты ұнатады. Сондықтан оған көк түсті көйлек және «Туған күніңмен!» деп жазылған үлкен торт алып, үйге келдік. 2-Топ Анам дастарқанды жайнатып тастапты. Біз әкелген тортты да қойып үлгерді. Шақырған қонақтарымыз да келді. Олар Арайлымға өз сыйлықтарын беріп жатты. Сыйлықтар бір-бірінен өткен әдемі, қажетті заттар екен. Арайлымға қатты ұнаған сыйлық көрші апайдың әкелген сөмкесі болды. Қонақтар кезекпен тілектерін айтты. |
| . | 3-Топ Кезек маған жетті. Мен қарындасыма әкем екеуіміз алған сыйлықты әкелдім.Көйлектің көк түсін көрген Арайлым оны киіп көргісі келіп, өз бөлмесіне кетті. Арайлым біз отырған бөлмеге кіріп келді. Көйлек талдырмаш нәзік денесіне жарасып қалған. Маған рақмет дегендей , жүгіріп бетімнен сүйді. Мен де сыйлықтың қарындасыма ұнағанына іштей қуандым. |
| 5 минут | ІҮ Бекіту СТО Сөйлемді толықтыр | Топтарға тапсырма 1 Топ Сыйлықтар бір-бірінен өткен ... , қажетті заттар екен. Қонақтар кезекпен ... айтты. Қарындасым ... түсті қатты ұнатады. 2 Топ Бүгін ... Арайлымның туған күні. Анам ... жайнатып тастапты. Мен де ... қарындасыма ұнағанына іштей қуандым. 3 Топ Шақырған ... да келді. Біз әкелген ... да қойып үлгерді. Арайлым біз отырған ... кіріп келді. |
| 5 мин | Диалогтік оқыту Әңгіме құрастыру. | «Менің туған күнім» тақырыбына әңгімелеу. Рита, Лена, Сабина өз туған күні туралы әңгімелейді. |
| 3 минут | Семантикалық кестені толтыру. | Семантикалық карта «Септік жалғаулары» Оқушының аты____________________________ сөздер | І.с. | Б.с. | Т.с. | Ж.с. | базарға | | | | | дастарқанды | | | | | тортты | | | | | көйлектің | | | | | сыйлықты | | | | | апайдың | | | | | бөлмеге | | | | | сыйлықтың | | | | | |
| 5 минут | Синквейн | «Бес жолды өлең» стратегияс Не? Сыйлық Қандай? Әдемі, пайдалы, Не істейді? Сыйлайды, сатып алады, жасайды Сөйлем Мен досыма әдемі сыйлық сыйлаймын Синоним Тарту |
| 2 минут | IV.Үйге тапсырма | Деңгейлік тапсырмалар: І деңгей. Өз туған күнің туралы әңгімелу (Рита, Лена, Оля, Сабина, Динара, Артем). ІІ деңгей. Арайлымға туған күніне тілек жазыңдар (Саша, Вова, Марлена, Денис, Ангелина) ІІІ деңгей. Мәтіннен септік жалғауы бар сөздерді теріп жазу (Лера, Юля, Яна, Настя). |
| 1 минут | V. Бағалау. | Сабаққа жақсы қатысқан оқушылардың бағаларын айтып, мадақтау. |
| 1 минут | ҮІ. Рефлексия. | Ал енді балалар тақтадағы гүл шоғына сыныптастарына тілек жазып , стикерлеріңді жапсырыңдар |
Ресурстар | Проектор, экран, А-3 қағазы, фломастерлер, үлестірме карточкалар, шарлар, асықтар, қобдиша, гүлшоғының суреті |