kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ 6-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ Ордабасы ауданы, Атамекен ауылы, "Атамекен" жом кмм

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ 6-сынып»

















Мұғалім: Батырова Надира Тургунбаевна

Пәні: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Бауырмалдық және кеңпейілділік

Сыныбы: 6 «а» сынып

Мектебі: «Атамекен» жалпы орта мектебі

Мекен жай: ОҚО, Ордабасы ауданы, Шубарсу елді мекені, Атамекен ауылы

Эл. адрес: [email protected]





















Өзін-өзі тану сабағына сабақ жоспары

Мектеп: «Атамекен» жом

Мерзім: 25.11.2016ж. № 12

Тақырып: Бауырмалдық және кеңпейілдік.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: шынайылық, жанашырлық, кешірімшіл болу,

Мұғалім: Н. Батырова

Сынып: 6 «а» Оқушы саны: 20


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға бауырмалдық және кеңпейілділік туралы түсінік бере отырып «сүйіспеншілік» құндылық ретінде мәнін ашу.

Міндеттері.

Білімділігі:

Оқушыларға шынайылық туралы түсінік беру

Дамытушылығы :

Оқушылардың жанашырлық іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелілігі:

Оқушыларды кешірімшіл болуға тәрбиелеу

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

5 Т-ны еске түсіру.

Талап, тәртіп, татулық, тазалық, тыныштық.

Тыныштық сәті:

Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гул түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан - жануарларға өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”.
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Ресурстар:( оқулық, дәптер)

2.Үй тапсырмасын тексеру. «Бір атаның балалары» повесінен үзіндінің мазмұнын сұрау.

1. Әңгіменің басты мағынасының мәні неде?

2. Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

3. Сендердің ойларыңша Ахмет атаның бойындағы ең басты қасиет не?

4. Зигфридтің ендігі өмірі қандай болды деп ойлайсыңдар?

5. Өздерің бауырмалдық танытқан кездерің болды ма?

Сабақ барысын талқылау:

3. Дәйексөз

Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық, ақ жүректен шығады.

Ш.Құдайбердіұлы

1. Нақыл сөздің мағынасы неде?

2. Ақ жүрек дегеніміз не?

3. Өз бойларыңда осы қасиеттер бар ма?


4. Әңгімелеу (сұхбат)

Бүркіт пен оның балапандары

(аңыз әңгіме)

Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты: -Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп бағып-қаққанымды жақсы білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар?

Біріншісі айтыпты: -Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүрем. Дүниенің төрт бұрышын түгел аралатам, таңғажайып тамашаларды көзіңмен көретін боласың.

Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңіз тұңғиығына батып кете барыпты. Сосын екіншісіне бұрылып: -Ал сен не айтасың,-депті.

Екіншісі айтыпты: -Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп берем, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады.

Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапан да біріншінің соңынан кете барыпты. Бүркіт үшінші балапанына бұрылып, жарықшақ толы дауыспен былай депті: -Ал, сен мені қалай жарылқамақсың?

Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты:

-Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылықтарыңның шеті де, шегі жоқ екенін, оны өтеуге менің барлық ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді аралатуға да, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.

Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып: -Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті,- деген екен.


Сұрақтар:

  1. Таудың қиясында қандай бүркіт мекендеді?

  2. Ол теңіздің бетімен неге ұшты?

  3. Ол балапандарын қалай сынады?

  4. Бүркіт бірінші және екінші балапандарын неге тастап жіберді?

  5. Ал, үшінші балапанын неге алып қалды?

  6. Бүркіттің айтқан сөзінің мәні неде деп ойлайсыңдар?

  7. Егер сендерден де осылай сұраса не деп жауап берер едіңдер?



5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Өлеңді жалғастыр»

Біз туған ел баласы

Қабдікәрім Ыдырысов

І топ: ІІІ топ:

Асыр салған... Бәрін көріп...

Біз туған ел... Болашаққа...

Қандай байтақ... Жақсы оқумен...

Жан-жағыңа... Біздер жауап...

ІІ топ:

Отаным кең...

Төсінде ырыс...

Қаптаған мал...

Бәрі менің...


6. Топпен ән айту.

Өз елім

1.Келгенде көктемі, көңілін гүл басқан

Шырағы көктегі, жұлдызбен сырласқан

Қ- сы

Өз елім менің, өзегім менің

Жырыма қосып жүремін

Төрім деп менің

Жерім деп сенің

Соғады мәңгі жүрегім

Түлегі сендер, тілегі сендер

Тірегі сендер сол елдің

Назары сендер

Базары сендер

Ажары сендер сол елдің

2.Ақ күмбез астығы, асқар боп өрлеген

Жалынды жастығы, жүлдені бермеген

  Қ-сы

3.Бұзылмас қамалың, батыры уақыттың

Тербеген самалы, бесігін бақыттың

Қ-сы 


7.Үйге тапсырма беру:

1. № 12 сабақ. Дәптермен жұмыс

2. №13 сабақ. Алма ағашы әңгімесін оқып келу


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен ойнатылады.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде,

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде




Тексерілді: Р. Бурисова


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық сабақ 6-сынып

Автор: Батырова Надира Тургунбаевна

Дата: 03.02.2017

Номер свидетельства: 387277

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Ашы? саба?    "Жала? ж?не жайылма с?йлем" "
    ["seo_title"] => string(42) "ashyk-sabak-zhalan-zh-nie-zhaiylma-soiliem"
    ["file_id"] => string(6) "160276"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422022686"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) "Ша?ын біріктірілген мектептерде ?дебиет саба?ынан ашы? саба?ты? ?лгісі. "
    ["seo_title"] => string(83) "shag-yn-biriktirilghien-miektieptierdie-diebiiet-sabag-ynan-ashyk-sabak-tyn-ulghisi"
    ["file_id"] => string(6) "138355"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417530971"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(160) "«Те?деу ??ру ар?ылы есептер шы?ару» математикадан  3-сынып?а арнал?ан ашы? саба? ?зірлемесі "
    ["seo_title"] => string(104) "tien-dieu-k-u-ru-ark-yly-iesieptier-shyg-aru-matiematikadan-3-synypk-a-arnalg-an-ashyk-sabak-zirliemiesi"
    ["file_id"] => string(6) "176070"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1424359218"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Ашы? саба?. Та?ырыбы «К??ілді старттар ойыны мен ?лтты? ойындар»"
    ["seo_title"] => string(55) "ashyksabaktakyrybykonildistarttaroiynymienulttykoiyndar"
    ["file_id"] => string(6) "286610"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454357073"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Сауат ашу   1-сынып   «?айталау» "
    ["seo_title"] => string(28) "sauat-ashu-1-synyp-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "198017"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428339246"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства