Просмотр содержимого документа
«Ал?аш?ы ?скери дайынды?»
Пән: Алғашқы әскери дайындық
Сынып: 10
Сабақтың тақырыбы: Калашников автоматын (қол пулеметін) бөлшектеу және жинақтау.
Сабақтың мақсаты: (оқушылардың өздері қояды) әрбір оқушының қарастырылып жатқан қару үлгісінің материялдық бөлігін білуі.
Білімділік: Қарудың материялдық бөлігін оқып-үйрену кезінде оқушыларды қаруды бөлшектеу,жинақтау, тазалау және майлау, оны жиналған және бөлшектенген түрде қарау,атысқа дайындау.
Дамытушылық: Атыс кезінде кідірістің пайда болуы жағдайында-себептерін белгілеу және оларды жоя білу.
Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілік, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру, өз елінің нағыз патриоты болуға, өзін және өзгелерді қорғай білуге үйрену.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Бөлімшемен жұмыс, талдау жасау, өз пікірін қорғау,жұмысын бағалау.
Пән аралық байланыс: Физика, тарих, химия, математика.
Сабақтың көрнеклігі: Интербелсенді тақта, АК-74 автоматы және РПК-74 пулеметін бұзып жинауға арналған плакат, АК-74 макеті.
Сабақтың жоспары:
Ой қозғау Нені білгіміз келеді?
Ой толғау Нені білеміз?
Ой қорыту Нені білдік?
Жаңа сабақты игеру:
Сын тұрғысынан ойлау.
Қызығушылықты ояту.
Мағынаны тану. (түсіне білу)
Ой толғаныс.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Взвод командирі оқушыларды қатарға тұрғызып баяндама жасайды. Амандасу рәсімі. Оқушыларды түгендеп сабаққа дайындықтарын, киім үлгісін тексеру.
Сыныпқа кіргізіп, отырғызғаннан соң үй тапсырмасын сұрақ –жауап арқылы тексеру. Алдыңғы сабақты сұрау барысында өтілетін сабақтың тақырыбын шығарып алу.
1-бөлім.
Ой қозғау. Нені білгіміз келеді?
Жаңа сабаққа мақсат қойдырамыз. Тарихқа үңілеміз.АК-74 автоматы туралы не білеміз?
«4» жинауды өз ретімен орындалған бірақ бір қателік жіберілген.
«3» жинауды ретімен орындалмаған,орындаушы баяу қозғалады,бөлшектері күшпен салынды,екі қателіктен көбірек.
«2»үш қателіктен артық қателіктер жіберілді, жинауды дұрыс орындалмады.
«1» жинауды дұрыс орындамады.
«5»-30 с
«4»-35 с
«3»-40 с
Оқтау бөлігі қаралмады, шүріппе ағытылмады және сақтандырғышқа қойылмады, жиналу реті сақталмады, жиналу кезегі орындалмады,бөліктер күшпен салынды, оқушы өте баяу қимылдады.
Қортынды:Нені білдік? Оқушылар өз ойларын қортындылайды.
Бағалау: Оқушылар өз қолдарындағы бағалау парағындағы тапсырмаларға қойылған бағаларын қорыта келіп өздерін-өздері бағалайды.