Жаңа технологияларды енгізудің жеке тұлғаның дамуына әсері
Жаңа технологияларды енгізудің жеке тұлғаның дамуына әсері
Жаңа технологияларды енгізудің жеке тұлғаның дамуына әсері
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында.Адам уақытпен бірге адымдайды,уақытпен бірге өмір сүреді.Болашақ еңбек етіп,өмір сүретіндербүгінгі мектеп оқушылары.Біз олардықалай тәрбиелесек,ертеңгі қазақстан сол деңгейде болады.Сондықтан да ұстазға жүктелер міндет жүгі өте ауыр. Шәкіртінің ертеңін ойламаған ұстаз еліміздің болашағына жаны ауырмағаны.Ісіне берілгенжаңалықты жатсынбай,ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, рқушының жанына нұр құя білу ұстаз парызыдеп ойлаймын.Мектеп оқушысының бүгінгі табатыны да, талғайтыны да күнде көріп, тәрбиесін танып жүрген ұстазы. Көп оқушы ұстазына ұқсағысы келеді.Мұғалімнің бақыты мен қуанышы-оның шәкірттері білімді болып, ұстаз сенімін ақтай білуі. Мұндай белеске жету үшін мұғалімнің беделі оның жеке басының, жан дүниесінің көркемдігіне, біліктігіне байланысты.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жаңа технологияларды енгізудің жеке тұлғаның дамуына әсері»
Жаңа технологияларды енгізудің жеке тұлғаның дамуына әсері
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында.Адам уақытпен бірге адымдайды,уақытпен бірге өмір сүреді.Болашақ еңбек етіп,өмір сүретіндербүгінгі мектеп оқушылары.Біз олардықалай тәрбиелесек,ертеңгі қазақстан сол деңгейде болады.Сондықтан да ұстазға жүктелер міндет жүгі өте ауыр. Шәкіртінің ертеңін ойламаған ұстаз еліміздің болашағына жаны ауырмағаны.Ісіне берілгенжаңалықты жатсынбай,ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, рқушының жанына нұр құя білу ұстаз парызыдеп ойлаймын.Мектеп оқушысының бүгінгі табатыны да, талғайтыны да күнде көріп, тәрбиесін танып жүрген ұстазы. Көп оқушы ұстазына ұқсағысы келеді.Мұғалімнің бақыты мен қуанышы-оның шәкірттері білімді болып, ұстаз сенімін ақтай білуі. Мұндай белеске жету үшін мұғалімнің беделі оның жеке басының, жан дүниесінің көркемдігіне, біліктігіне байланысты.
Қазіргі кезде ҚР-да білім беру ісі ЮНЕСКО ұсынған халықаралық стандартқа сай 4 деңгейде дамып келеді. Олар:мектеп жасына дейінгі тәрбие беру мен оқытып-үйрету, орта білім, жоғары және жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін білім беру. Халыққа білім беру ісінде жоғары сапалыққа жету үшін оқу-тәрбие процесінің құрылымдық желісі қайта қалыптасуда. Бүкіл оқыту саласы түбегейлі өзгерістерге ұшырады.
Қазіргі заманғы оқу орындарында жаңа технологияларды енгізу, шәкірттердің білім сапасын және мақсаттарын оқыту процесін Ильинше айтсақ”Әрбір сабақ-жаңалық” болуы шарт дегенді меңзейді. Яғни өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман мұғалімге сегіз қырлы ерен қасиет иесі болуды міндеттейді. Дамытудың әлемдік деңгейімен иықтасу үшін ұстаздың барлық қырлары түгелдей дерлік алмас қылыштай жарқырап тұруы ләзім. Ұстаз алдында отырған бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен, зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте сақтауы әрқилы шәкірттердің жүрегіне жол табу, күрделі құрылым екені даусыз.
Қазақ әдебиетінің XX ғ ірі өкілі, белгілі ағартушы Аймауытов Жүсіпбек ұстаз қызметін былай сипаттады.”Балаларға сабақ берумен, білім үйретумен мұғалімнің қызметі тәммм болмайды. Ол балаларды тәрбиелеуге, үгіттеуге міндет, басқаша айтқанда, мұғалім қарапайым қызметкер емес, ол шәкірттердің алдағы өмірін, бір күндерде зарығатын, тарығатын, қауіп қатерге ұшырайтын өмірін көз алдына келтіріп, өз басынан кешірген тәжірибесіне таянып оларға келешекте жазатайым аяғын шалыс басып, өмірден соққы жеп өкінбеске күні бұрын сақтандыратын қарғаушысы, қамқоры”. Шәкірттерге әсер ету жолдар түрліше.Мұғалім ізденісті әр баланың ішіне үңілуден бастайды.Әр шәкірттің жан дүниесінің есігін ашатын кілтін түсіру- сезімталдық- көрегендік-сергектік-білімпаздық-шығармашылық қабілетін байқап оқытып жүрген шәкірттердің өзіндік ерекшеліктерін жете зерттеп білім алған соң, әдіс-тәсілдерді солардың қабылдау деңгейіне қарай іріктеп, талдап қолданады. Тиімді, пайдалыларын жетілдіре түседі. Көрнекті педагог В.А. Сухомленский:” Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өмірінде құр ғанғ сабақ қоймас үшін,ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жас өспірімдер үшін рухани ошағына, мұғалім осы ошақты құрметті иесі мен сақтаушысына, кітап-мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады”.-деп айтқан екен. Жәй ғана сабақ-құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар- мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденіс, көтерілген белгісі, абырой-атағы, мақсат-мұраты.
Ұстаз көкейіндегі шәкірттерді өзіне баулап, баурап алу үшін шеберлігі болған жөн.
Педогогикаға жаңа жол салып, ал ғылымға мықтап енген педогогикалық технологияға әр түрлі ұғымдар беріліп жүр. ЛИхачев, Беспалько,Волков, Шепель, Чошанов, Монахов,Кларин,Селевко, Таубаева т.б.
Қазіргі заманғы жаңа сипатта мектептерде дәстүрлі сабақтарды жаңаша ұйымдастырудың кілті табылғандай. Американ ғалымы Джон Дьюи- балаларда оқыту керек емес, жағдай туғызу керек, нәтижесі баланың білімі болуы керек дейді.
Бүгінгі жаңашыл педагогиканың құрамдас салалары боп өмірге енген инновация, технология ұғымдарының жеке тұлғаның дамуының өзегі екендігіне ешкім күмән келтірмейді. Өйткені оқытудың тәсілдері, әдістері жетерлік. Тәжірибе көрсеткендей, оқытудың жекелеген жүйелері мен әдістері емес барлық дидактикалық мақсаттарды қуаттайтын технология қажет.
Ол қажеттілік терең теориялық та емес, жалаң практикалық та емес, былайша айтқанда педогогика ғылымы мен мектеп тәжірибесінің жетістіктерінен туындайтын жаңа технология керек. Жаңаша оқытуға бетбұрыс жасау үшін педогогикалық ұжымда жаңа серпіліс болуы шарт.
2.Тиімділігі- қысқа уақытта көп шығынсыз белгіленген нәтижеге жету;
3.Оьективтілігі-көп салалық пәндерден жинаған білім негізінде оқу- танымдық іс-әрекетті ұйымдастыра білу;
4.Тұлғалық бағыттылығы-ең соңғы күтілетін нәтиже жеке тұлғаның қалыптасуы,дамуы болуы шарт.
5.Талап қоя білу-обьективтік мазмұны бағытындағы педогогикалық іс-әрекет немесе обьект туралы білім тұлғаның белгілі бір ұстанымдарын білдіреді.
6.Рефлексия-педогогтың өзін-өзі тану қажеттігі;
7.Үйлесімдігі-жеке тұлғаның жан-жақты дамуы үшін бірыңғай педогогикалық әсер ету немесе іс-әрекеттің орындалуы.
Жаңа технологияның маңызы: Оқушы ойыны еркін дамиды,мұғалім де оқушы да шығармашылық тұлға-субьектіге айналды.
“Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім,ар, мінез деген қасиеттермен озады” деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес.
Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі-баланы оқыта отырып, оның еркіндігі, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдылану.
“Баланы ең әуелі мейірім-шапағатқа, сонан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз ғылымға баулу керек” дейтін халық даналығын әр кез жадында ұстау керек.
“Жаңа ғасыр мектебінің басты мақсаты-баланың ой-өрісін өсіріп, өзіндік дүниетанымы бар, шығармашыл тұлға қалыптастыру”-болып табылады.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани-азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі кездегі жаңа технологиялардың бірі деңгейлеп оқыту.Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараев оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөледі.
1.Міндетті деңгей.Репродиктивтік деңгей
Өзіндік жұмыстарды қиналып орындайды.Ойлау дағдысы қалыптаспаған.Бағдарлама көлемін дұрыс игермеген. Бұл оқушылар тарихи факті, дата, тұлғаларды жаттап алады.
тиіс
2.Алгоритмдік деңгей.
Өзіндік жұмыстарды өз бетінше орындауға тырысады. Мұғалімнің түсіндіргені бойынша айтып бере алады. Бағдарлама көлемін игерген. Ойлау дағдысы қалыптасқан.
Мұнда оқушы мұғалімінің түсіндіріуімен қабылданған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.
3.Эвристикалық деңгей.
Оқушы өзі ойланып, ізденіп, өзі қосымша әдебиеттерді пайдаланып жауап береді.
Бұл тапсырмаларды орындағанда оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.
Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, жауап береді.Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.
4.Шығармашылық деңгей
.Оқушы таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты балалар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі қажет .
Оқушы таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты балалар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі қажет..
Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады. Сондықтан оқушы бұл деңгейдегі тапсырмаларды орындауға аса ойлануды қажет етпей, тез жауап бере алуы тиіс.
Жаңа тақырыпты оқушы өзінің ізденуі арқылы шығармашылыққа ұмтылады.Мұғалімнің көмегінсіз әрекет ете алады.Ойлау дағдысы жоғары деңгейде қалыптасқан.Берілген тапсырмаға өз бетімен мәнжазба, баяндама, зерттеу, саралау жұмыстарын жүргізе алады.
Тақырып бойынша, жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын,белсенділігін, дағдысын,білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттыратын негізгі тәсіл-оқушыларға осы деңгейлік тапсырмалар беру.
Деңгейлік тапсырмалардың өзі дамытпалы түрде болады. Барлық оқушылар өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайын туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуына кепілдік береді, әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасайды.
Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді.
Сонымен, әр деңгейлік оқыту жүйесінің тарих пәнінің сапасын арттырумен бірқатар тиімді жақтар бар.
Біріншіден,сыныптағы барлық оқушыларды жұмыспен қамтамасыз етеді,әрбір оқушының белсенді түрде қатысуын қадағалайды, белсенділігін оятуға түрткі болады.
Екіншіден,әр оқушы өзіне тән қарқынмен, өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізеді, қойылған мақсатқа жету үшін қажетті төзімділікті қалыптастырады.
Үшіншіден,оқушылар өз еңбектерінің нәтижесін көріп, өзін-өзі бағалайды. Өз бетімен жұмыс істеу оқушылардың біліміне ғана әсер етпей, сонымен қатар тәртібі мен мінез-құлқына да тигізер ықпалы зор.Оқушыларды тиянақтылыққа,бастаған ісін жемісті аяқтауға, төзімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді.Сонымен бірге, өздік жұмыс оқушы бойындағы жауапкершілікті оятады.
Жауапкершілікті сезіне отырып, оқушының іздемпаздылығы, шығармашылығы дамиды.Сондықтан да оқушылар жаңа бағытта тарих пәнін оқытудың маңызы зор.