kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Үздіксіз ізденіс – ұстаз міндеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұстаздар қауымына,жас мамандарға, педагогикалық оқу орындарының студенттеріне арналған мақала 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Үздіксіз ізденіс – ұстаз міндеті»

Үздіксіз ізденіс – ұстаз міндеті

ШҚО

Жарма ауданы

Шуақ ауылы

Нурахатов Серикбол

Бүгінде ғылым-білімге қояр талап артып, оқу жүйесі де күрделенген шақта жаңа қоғам мұғаліміне жүктелер жүк еселене түсуде. Жалпы көп мамандықтардың ішіндегі жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ол аздай ұлтжандылық, мейірімділік, шәкіртжандылықты қажет ететін мамандық осы ұстаздық. Себебі ,өскелең ұрпақтың бойына осы қаситеттерді сіңіріп, күн сайын өзгеріп дамып отыратын ғылым негіздерінен мәлімет беріп, оны өмірінде қолдана алатын және қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелейтін осы ұстаз. Тіпті ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, ел басқарып, қарапайым халыққа жол көрсетіп отырған небір басшылар да бәрі-бәрі ұстаз алдында басын иіп білім мен тәлім алған. Бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп шығару міндеті жүктелген. Ұстаз қауымы алдындағы басты талап білім беру ғана емес, сонымен қатар ұлттық рухта сусындаған өркениет көшіне жол бастайтын әрі білімді, дарынды азаматтарды тәрбиелеп шығару. Бұл жолда мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру, үздіксіз білім алу сынды мәселелер мектеп алдында тұрған жауапты іс болмақ. Міне, осы ауыр да жауапты іс туралы өз ойымды ортаға салмақпын.

Менің ойымша әр мұғалімнің кәсіби даму шеберлігі алған дипломнан кейін әрі қарай тоқтап қалмай жалғаса беруі керек. Ол жүйелі ашық сабақтар, түрлі сайыстар, байқаулар, іс-тәжірибелер, сыныптан тыс жұмыстар, олимпиада, конференцияларға қатысу сынды үздіксіз жұмыстар. Сонымен бірге әртүрлі деңгейдегі курстар мен семинарларға қатысу да мұғалімнің әрі қарай жетіліп дамуының жолдары болмақ.

Осы үздіксіз еңбек жолында өзекті тақырыпты дамыту мақсатында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, шығармашылығын қалыптастыру, өз көзқарасын анықтап, мәселелерді өз бетімен шеше алатын әрекеттерді қолдануға үйрететін оқу-тәрбие жұмыстарын жүргіздім. Өзім де әр кезден ізденуден жалықпаймын, жаңалыққа жаным құмар. Еңбегім де жеміссіз емес. Алғаш рет мектепте ұстаз ретінде аяқ басқанымда тек мектепішілік түрлі шараларға қатысып, өзімді түрлі қырымнан көрсетіп, тек қана ізденіс үстінде жүрдім. Уақыт өте келе жалғасын тауып жататын ізденісімді одан әрі шабыттандырып, қызықтыра түсіретін түрлі қалалық, облыстық сайыстарға қатысып, курстарға барып әсерлене түстім десе де болады. Бұл игі істің нәтижесі оқушылар шығармашылығы мен сауаттылықтарынан көрініс тауып, әрі қарай алдағы мақсаттарыма талпынуға жол ашты. Нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, өз тараптарынан алға ұмтылуға талпындырады, әрі тынымсыз еңбектің көрінісі іспеттеп бұл марапат бойыңа күш беріп, жігерлендіре түседі. Үйретуден жалықпаған ұстаз үшін бұдан асқан мәртебе жоқ. Осы орайда «Өрлеу» БАҰО ұйымдастыруымен болатын талай жас ұстаздар мен білікті ұстаздардың педагогикалық шеберліктерін шыңдап, өзара тәжірибе алмасып және бірлесе отырып шығармашылық жұмыс істеуге бағыттауды көздейтін түрлі курстар мен сайыстарының әрқайсысы өзінің бірегейлілігімен, сан-алуан тақырып және өзектілігімен ерекшелене отырып, дарынды мұғалімдерді анықтап, шыңдап, әрі қарай жетілуіне, кәсіби, жеке және шығармашылық қабілеттерін дамытып, жүзеге асуына септігін тигізіп жататынын айтып өтпеске болмас. Осындай курстар мен шаралар үшін ұйымдастырушы топқа ұстаздар қауымының алғысы шексіз деп ойлаймын. Сондықтан болар әлі де талай өткізілетін шараларға қатысып, талмай еңбек етіп, ізденетініме сенімдімін.

Қорыта айтқанда, тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған негізгі мәселенің бірі – білім беру, ғылымды дамыту екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Ұстаз қолында бала тағдыры, болашақ ел тағдыры тұр. «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі»,- деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай қазіргі оқу орындары алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті басты шарт екені аян. Педагогтің оқу процесінің жаңаруының шарты кез келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатыны мектеп ұстаздарының педагогикалық шеберлігін, кәсіби біліктілігін арттыру арқылы үлкен табыстарға жетуге болатыны сөзсіз.

Ақылды ұстаз ешнәрсені назардан тыс қалдырмай, тәлімгерді білдірмей жетелейді, байқатпай бағыт-бағдар береді. Жас тәлімгерлердің жігерлеріне жалын беріп, көкірек көкжиектерін кемелдендіруге тамшыдай қосар үлесіміз болса, бұл да біздің ұстаздық мақсатымыздың орындалғаны. Ендеше білім күші құдіретті. Үнемі үздіксіз ізденуден жалықпайық. Ізденіс бар жерде, әрқашан табыс болады, тың дүние болады. Бұл барлық мамандық иесіне қатысты. ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Еңсесі биік егеменді елдің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал ұл-қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, үнемі ізденістен шаршамай, еңбегіміздің жемісін көре берейік дегім келеді.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Үздіксіз ізденіс – ұстаз міндеті

Автор: Нурахатов Серикбол

Дата: 23.07.2020

Номер свидетельства: 555014

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "«?стазым мені шы?армашылы??а шабыттандыр»"
    ["seo_title"] => string(40) "ustazymmienishygarmashylykkashabyttandyr"
    ["file_id"] => string(6) "267739"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1450450947"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Мені? педагогикалы? ?станымым; м?ні,??ндылы?тары"
    ["seo_title"] => string(55) "mienin-piedaghoghikalyk-u-stanymym-m-ni-k-u-ndylyk-tary"
    ["file_id"] => string(6) "252024"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447325184"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(159) "А?ПАРАТТЫ?-КОММУНИКАЦИЯЛЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ?  ?АЗА? ТІЛІ МЕН ?ДЕБИЕТ САБА?ТАРЫНДА?Ы МА?ЫЗЫ"
    ["seo_title"] => string(87) "akparattykkommunikatsiialyktiekhnologiialardynkazaktilimiendiebiietsabaktaryndagymanyzy"
    ["file_id"] => string(6) "295092"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455781741"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сын т?р?ысынан ойлаутехнологиясымен ж?мыс"
    ["seo_title"] => string(50) "syn-tu-rg-ysynan-oilautiekhnologhiiasymien-zhu-mys"
    ["file_id"] => string(6) "322109"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1461509894"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "«Білім берудегі Кэмбридж т?сіліні? саба?та ы?палдастырылуы»"
    ["seo_title"] => string(55) "bilimbierudieghikembridzhtsilininsabaktaykpaldastyryluy"
    ["file_id"] => string(6) "274003"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452323026"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства