kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сын т?р?ысынан ойлаутехнологиясымен ж?мыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

?азіргі заман а?ымы болаша? ?рпа?ты? ой-?рісіні? шындалуын, жеке т?л?а ретінде ?алыптасуын талап етуде. Осы орайда ?лы педагог Ушинскийді? «Бала бал?ытыл?ан алтын» деген ?анатты с?зді еске т?сіреді. Егеменді елімізді? ал?ышарттары ?ркениетті елдер ?атарына к?терілуі керек болса, ?ркениетке жету ?шін жан – жа?ты дамы?ан, рухани бай т?л?аны ?сіру керек. Жас ?рпа?ты? бойында?ы ?абілетін к?ру, оны жетілдіру ізденгіштік ?асиетін дамыту м??алімні? саба? берудегі ізденушілік, шеберлік ?абілеттеріне байланысты. Ж.Аймауытов «саба? беру ?йреншікті жай ?ана шеберлік емес, ол жа?адан жа?аны табатын ?нер» деген, я?ни о?у ?рдісін жа?аша ?йымдастыру, о?ушыларды? ?рекеті ар?ылы ойлау да?дыларын жетілдіруге, шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту?а негізделуі ?ажет.

   Елбасы Н.?.Назарбаев халы??а жолда?ан жолдауында «Бізді? міндет жа?а технологияларды, идеялар мен к?з?арастарды пайдалана отырып, білім мен б?секеге ?абілетті ?рпа? т?рбиелеу» деп ?стаздар ?ауымы алдына жа?а міндеттер ?ойды. Бастауыш сынып-о?ушы т?л?асыны? ?алыптасуы мен дамуыны? басты баспалда?ы.  Бастауыш сынып о?ушыларымен ж?мыс істеу ?здіксіз білім беруді? ал?аш?ы бас?ышы. Жеке адамны? ??ндылы?ын арттыру, оны дайындайтын ?стаз жауапкершілігіні? ?суі, тынымсыз е?бек, сапалы н?тиже деген ??ыммен егіз.

   ?стаз ?шін е? негізгі ма?сат – ?р саба?ын т?сінікті, тартымды, тиімді ?ткізу. Саба? барысында о?ушыны? ізденуі мен зерттеу да?дыларын ?алыптастыра отырып, п?нге деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру ма?сатында ?олдаылатын технологиялар баршылы?. Соларды? бірі сын т?р?ысынан ойлау технологиясы.

   Ма?сатым:

   Сапалы білім беруде жа?а технологияны? ?діс-т?сілдерін тиімді пайдалана отырып, о?ушыларды? ізденімпаздылы?,зерттеушілік, шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту. Ата-ана, м??алім мен о?ушы арасында?ы ынтыма?тасты?ты ?алыптастыра отырып, білім саласын арттыру.

   Міндеттерім:

  1. А?паратты? ж?не СТО ба?дарламасыны? тиімді ?дістерін пайдалану ар?ылы білімге деген ?ызы?ушылы?ын арттырып, танымды? ?абілеттерін дамыту?а жа?дай жасау. ?з ойын еркін айту?а м?мкіндік жасай алатын орта ту?ызу.
  2. О?ушы ж?регіне жол табу ар?ылы саба?тарды? ?рбір с?тін ?ызы?ты, ?тымды ?ткізу. О?ушыларды тек берілген м?ліметті ты?даушы емес ізденуші,зерттеуші ?з ойын еркін д?лелдей алатын, пікірін орта?а сала білетін жеке т?л?аны ?алыптастыру. О?ушыны? бойында?ы ынта-ы?ыласын жойып алмай, жеке дара ?абілетіні? дамуына м?мкіндік жасай отырып, ?абілетін дамытып, шы?армашылы?ын шы?дау.
  3. О?ытуды? жа?а технологияларын ?олдана отырып, жеке, ж?пта, топта ж?мыс істеу барысында м??алім мен о?ушыны? ынтыма?тасты?ын ?алыптастыру, о?ушыларды? ойына ерекше ??рметпен ?арау. О?ушыларды ?зін-?зі ?ада?алай алатын, іс-?рекетін ретімен орындап, ?зін-?зі жетілдіретін шы?армашыл, ізденімпаз т?л?а ?алыптастыру.

   Та?ырыпты? жа?ашылды?ы:

ХХІ ?асырды? ал?аш?ы жылдарыны? негізгі проблемаларыны? бірі «Білім б?кіл ?мір бойына» ?а?идасын ж?зеге асыратын білім ж?йесіні? ?йымды? ??рылымдарына іздеу болып табылады.

   А?паратты? технология а?паратты алуды?, жеткізуді?, са?тауды? ж?не пайдалануды? ?дістерімен ??ралдары.

   Дьюиді? айтуы бойынша м?селелерге ерекше к??іл аудару о?ушыларды? таби?и ?уес?ойлы?ын оятып, оларды сыни т?р?ыдан ойлау?а итермелейді, я?ни «на?ты бір м?селені ?арастырып, ?иын жа?дайдан  шы?уды? жолын ?зіндік іздеу ар?ылы о?ушы шын м?нінде ойланады». Осыдан сын т?р?ысынан ойлау ба?дарламасыны? б?секеге ?абілетті жеке т?л?аны ?алыптастыруда жа?ашылды?ы ерекше.

   О?ытуды? осындай жа?а педагогикалы? технологияларын саба??а ендіру б?гінгі та?да ?рбір ?стазды? басты ма?саты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай ?алыптан тыс ойлай алатын, ш??ыл шешімдер ?абылдай білетін, белсенді, шы?армашыл азаматтар ?ажет. М?іалім б?л ж?йемен ж?мыс жаса?анда, ?немі о?ушы санасында болып жат?ан ?згерістерді ба?ылап, оны? дамуын жан-жа?ты зерттей отырып, ?з саба?тарын со?ан сай ?згертіп отыруы тиіс. Сыни т?р?ыдан ойлау ?зіндік, жеке ойлау болып табылады. Ал, саба? сыни т?р?ыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, ?ркім ?з ойлары мен пікірлерін жеке ба?алауларын бас?алардан т?уелсіз ??ратын болады. Сыни т?р?ыдан ойлайтын адам бас?аны? к?з?арасымен жиі келісе бермейді. Олар не ойлау керектігін ?здері шешетін болады. Сыни т?р?ыдан ойлауды дамытуда?ы ?діс-т?сілдерді ?олдану саба?та к?п н?тиже береді. О?ушыны? жеке басын дамыту ?шін мынандай ?а?идаларды есте ?немі ?стап отыру керек. 1.Баланы? бойында?ы ??марлы?ын, ?ызы?ушылы?ын жойып алмай оны ?немі ал?а жылжу?а деген талап тілектерін, с?раныс пен м??таждарын ескеру, шы?армашылы?ын жетілдіру. 2.Білімді ?з бетімен іздену ар?ылы ойлау?а жа?дай жасау. 3.?зін – ?зі ?алыптастыратын т?л?а ?алыптастыру. Мен ?з саба?тарымда сыни т?р?ыдан ойлау технологиясыны? бірнеше стратегияларын ?олданамын.

   «Ма?ан айт, мен оны ?мытамын, к?рсет м?мкін есімде са?тармын, мені ?ызы?тыр, мен сонда т?сінемін» деген Конфуцийді? с?зін негізге ала отырып, т?жірибеме ?згерістер енгіздім.

Саба?ты? ??рылымы:

   І.?ызы?ушылы?ты ояту – жа?а саба?ты т?сіндіру кезіндегі ?йрету процессі. Б?л ?ткен саба? пен жа?а саба?ты ?йымдастырудан т?рады. Б?л процесс бойынша о?ушы нені біледі, не айта алады, осы кезде «топтау», «ми шабуыл», «болжау» т?сілдерін пайдаланамын. Б?нда ойды ?оз?ау, ояту, ми ?ыртысына тітіркендіргіш ар?ылы ?сер ету ж?зеге асады. ?ызы?ушылы?ты ояту кезе?іне? екінші ма?саты – ?йренушіні? белсенділігін, ынта - ж?регін арттыру.  О?ушы ?з білетіні? еске т?сіреді, ?а?аз?а жазады. Ж?бымен, тобымен тал?ылайды.

   ІІ.Ма?ынаны тану – б?л кезе?де о?ушы жа?а жа?алы?пен танысады, та?ырып бойынша ж?мыс істейді, ?р т?рлі  тапсырмалар орындайды. Стратегиялар INSERT, кубизм.

   ІІІ.Ой тол?аныс кезе?інде Венн диаграмма, семантикалы? карта еркін жазу, Sinkuein немесе бес жолды ?ле?, эссе т.б. стратегиялар ?олданылады. Олар ар?ылы баланы? дамуына, оны? бойында?ы жеке ?абілеттерді? ашылуына, шы?армашылы?пен ізденуіне жол ашады.

    ?орыта келгенде, о?у – т?рбие ?рдісінде жа?а педагогикалы? технологияларды пайдалану с?зсіз білім сапасыны? артуына алып келеді. Сонды?тан  жа?а технологияны ?рбір ?стазды? пайдалануы – ?мір талабы. ?рбір о?ушы о?ып – тану  ?рдісіні?  ?зіндік ?згеретін субъектісі ретінде даму?а ?мтылуы. Барлы? о?ушылар ?з, ?абілеті жеткен жерге дейін е?бек етуге ?йренді, м?селені шешу жолдарын іздей отырып, ?иынды?ты шешуге талпынды ж?не с?здік ?орлары ке?ейді, сол ар?ылы ?зіні? ойын ауызша, жазбаша т?рде жеткізе білу икемділігі мен да?дыларын ?алыптастырды.

   Мен ?з о?ушыларымды 5-ші сынып, ?шінші сыныптан бастап СТО стратегияларымен таныстыра бастадым. ?азіргі уа?ытта мына стратегияларын ме?герді: «Топтастыру», «Sinkuein» немесе бес жолды ?ле?», «Венн диаграмма», «ББ?», «Эссе», «Болжау», «Буриме», «Т-таблица», «Кубизм», «Альтернативті тест», «Екі т?рлі т?сініктеме», «Константинополь», «Ассоциациялы?», «Автор орынды?ы», «ЖИГСО». «Болжау стратегиясы».

    ?азіргі заман талабына орай бастауыш мектепте о?ушыны? жас ерекшелігін ескере отырып, о?ушыны? ой-?рісін дамытуды, о?у?а деген ?ызы?ушылы?ын арттыруды басты жол?а ?ою керек. ?р кездегі ?здіксіз ізденіс, та?ыда ізденіс ?ажет екенін білеміз. Себебі білім сапасы мен т?рбие те?ізге ??сайтын т???иы?. Сол т???иы?тан о?ушыны алып шы?атын к?сіби білікті шебер ?стаз. ?з саба?тарыма жеті модульді енгізе отырып о?ушыларды сыни т?р?ыдан ойланатын, диалоктік ?арым-?атынас?а т?се алатын, пікір алмасып, бас?аны? ойын ты?дай білесін, бір-бірін ?діл ба?алап, е? басты т?йы? о?ушылармен д?рыс ж?мыс жасап, о?ушы ойы, пікірін ?р?ашан д?рыс ?абылдап дарынды о?ушылармен ж?мысты дамытамын. Демек, саба? барысында?ы ?леуметтік ?зара іс-?рекеттер о?уда ма?ызды р?л ат?арады. ??лама Ж?сіп Баласа??ны? «?анша білсе?, ізден та?ы да, білікті адам жетер тілек, ба?ына» деген с?здерін ма?сат ете отырып мен жа?а ?діс-т?сілдеріні? о?ушы ж?не м??алім ?шін тигізер пайдасы мол екенін т?сіндім.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сын т?р?ысынан ойлаутехнологиясымен ж?мыс»

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.



Қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой-өрісінің шындалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала балқытылған алтын» деген қанатты сөзді еске түсіреді. Егеменді еліміздің алғышарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуі керек болса, өркениетке жету үшін жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіру керек. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру, оны жетілдіру ізденгіштік қасиетін дамыту мұғалімнің сабақ берудегі ізденушілік, шеберлік қабілеттеріне байланысты. Ж.Аймауытов «сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, яғни оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында «Біздің міндет жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымы алдына жаңа міндеттер қойды. Бастауыш сынып-оқушы тұлғасының қалыптасуы мен дамуының басты баспалдағы. Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс істеу үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.

Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолдаылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Мақсатым:

Сапалы білім беруде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың ізденімпаздылық,зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ата-ана, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, білім саласын арттыру.

Міндеттерім:

  1. Ақпараттық және СТО бағдарламасының тиімді әдістерін пайдалану арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып, танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Өз ойын еркін айтуға мүмкіндік жасай алатын орта туғызу.

  2. Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу. Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші,зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушының бойындағы ынта-ықыласын жойып алмай, жеке дара қабілетінің дамуына мүмкіндік жасай отырып, қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау.

  3. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, өзін-өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.

Тақырыптың жаңашылдығы:

ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасын жүзеге асыратын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарына іздеу болып табылады.

Ақпараттық технология ақпаратты алудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың әдістерімен құралдары.

Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді, яғни «нақты бір мәселені қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын өзіндік іздеу арқылы оқушы шын мәнінде ойланады». Осыдан сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда жаңашылдығы ерекше.

Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Мұіалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ал, сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін жеке бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның көзқарасымен жиі келісе бермейді. Олар не ойлау керектігін өздері шешетін болады. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудағы әдіс-тәсілдерді қолдану сабақта көп нәтиже береді. Оқушының жеке басын дамыту үшін мынандай қағидаларды есте үнемі ұстап отыру керек. 1.Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай оны үнемі алға жылжуға деген талап тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру. 2.Білімді өз бетімен іздену арқылы ойлауға жағдай жасау. 3.Өзін – өзі қалыптастыратын тұлға қалыптастыру. Мен өз сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау технологиясының бірнеше стратегияларын қолданамын.

«Маған айт, мен оны ұмытамын, көрсет мүмкін есімде сақтармын, мені қызықтыр, мен сонда түсінемін» деген Конфуцийдің сөзін негізге ала отырып, тәжірибеме өзгерістер енгіздім.

Сабақтың құрылымы:

І.Қызығушылықты ояту – жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрету процессі. Бұл өткен сабақ пен жаңа сабақты ұйымдастырудан тұрады. Бұл процесс бойынша оқушы нені біледі, не айта алады, осы кезде «топтау», «ми шабуыл» , «болжау» тәсілдерін пайдаланамын. Бұнда ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Қызығушылықты ояту кезеңінең екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін, ынта - жүрегін арттыру. Оқушы өз білетінің еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен, тобымен талқылайды.

ІІ.Мағынаны тану – бұл кезеңде оқушы жаңа жаңалықпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, әр түрлі тапсырмалар орындайды. Стратегиялар INSERT, кубизм.

ІІІ.Ой толғаныс кезеңінде Венн диаграмма, семантикалық карта еркін жазу, Sinkuein немесе бес жолды өлең, эссе т.б. стратегиялар қолданылады. Олар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол ашады.

Қорыта келгенде, оқу – тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану сөзсіз білім сапасының артуына алып келеді. Сондықтан жаңа технологияны әрбір ұстаздың пайдалануы – өмір талабы. Әрбір оқушы оқып – тану үрдісінің өзіндік өзгеретін субъектісі ретінде дамуға ұмтылуы. Барлық оқушылар өз, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуге үйренді, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге талпынды және сөздік қорлары кеңейді, сол арқылы өзінің ойын ауызша, жазбаша түрде жеткізе білу икемділігі мен дағдыларын қалыптастырды.

Мен өз оқушыларымды 5-ші сынып, үшінші сыныптан бастап СТО стратегияларымен таныстыра бастадым. Қазіргі уақытта мына стратегияларын меңгерді: «Топтастыру», «Sinkuein» немесе бес жолды өлең», «Венн диаграмма», «ББҮ», «Эссе», «Болжау», «Буриме», «Т-таблица», «Кубизм», «Альтернативті тест», «Екі түрлі түсініктеме», «Константинополь», «Ассоциациялық», «Автор орындығы», «ЖИГСО». «Болжау стратегиясы».

Қазіргі заман талабына орай бастауыш мектепте оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, оқушының ой-өрісін дамытуды, оқуға деген қызығушылығын арттыруды басты жолға қою керек. Әр кездегі үздіксіз ізденіс, тағыда ізденіс қажет екенін білеміз. Себебі білім сапасы мен тәрбие теңізге ұқсайтын тұңғиық. Сол тұңғиықтан оқушыны алып шығатын кәсіби білікті шебер ұстаз. Өз сабақтарыма жеті модульді енгізе отырып оқушыларды сыни тұрғыдан ойланатын, диалоктік қарым-қатынасқа түсе алатын, пікір алмасып, басқаның ойын тыңдай білесін, бір-бірін әділ бағалап, ең басты тұйық оқушылармен дұрыс жқмыс жасап, оқушы ойы, пікірін әрқашан дұрыс қабылдап дарынды оқушылармен жұмысты дамытамын. Демек, сабақ барысындағы әлеуметтік өзара іс-әрекеттер оқуда маңызды рөл атқарады. Ғұлама Жүсіп Баласағұның «Қанша білсең, ізден тағы да, білікті адам жетер тілек, бағына» деген сөздерін мақсат ете отырып мен жаңа әдіс-тәсілдерінің оқушы және мұғалім үшін тигізер пайдасы мол екенін түсіндім.






Кіріспе:



Мен, Тукенова Аяжан Құттыбекқызы 1975 жылы 2-сәуірде дүниеге келдім.

1993 жылы Шучье педагогикалық колледжін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша аяқтадым.

2003 жылы Көкшетау университетін сырттай оқып, «Педагогика және бастауышты оқыту әдістемесі» мамандығын алып шықтым.

1993-1996 жылдар аралығында Еңбекшілдер ауданының Мақпал орта мектебінде, 1993-2007 жылдар аралығында осы ауданның Мамай орта мектебінде еңбек еттім.

2009-2015 жылдар аралығында Макинск қаласының мектеп-гимназиясында қызмет еттім. 2015 жылдан бастап Бұланды орта мектебінде қызмет етіп келемін.

Бүгінгі берген білімің – ертеңгі өміріңе қосқан үлесің деп білемін. Бастауыш буында баланы қалай уйретсең, сондай нәтиже алатының да анық. Ежелгі грек философы Платон: «Егер кебіс тегуші олақ болса, мемлекет одан көп зардап шеге қоймайды, - бар болғаны азаматтар нашар киінеді, ал егер шәкірт ұстазы өз міндетін нашар орындаса, онда елде надандар мен бұзақылар көбейіп кетеді», - дей келе, жан дүниесі пәк, ниеттері ақ, ақкөніл де адал, құлық-сұмдықтан бейхабар баланың адам болып қалыптасуының негізін салатын бастауыш сынып мұғалімдерінің қоғам алдындағы жауапкершілігін атап көрсетеді.

Ұстаз тәжірибесі дегенді өз басым мектеп мұғалімдерінің көп жылдық еткен еңбегі мен оның жемісі, оқушыларға берген білім сапа дәрежесінің қорытындысы деп білемін. Ұстаз еңбегі ұшан теңіз. Ұстаз неғұрлым ізденген сайын өсе түседі. Өскен сайын, ой-өрісі кеңейе түседі. Бұл мен ашқан жаңалық емес, әрине. Сондықтан мен өз жұмысымда оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, көзқарастарын жан-жақты дамытып, яғни, оқуын, сөйлеу мәдениетін, өз ойын нақты дәлелдеуге, жағдайларды обьективті түрде бақылап, талдау жасауға үйретемін. Балалардың жеке бастарының қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын іздестіреміз, көңіл-күйлерінің көтеріңкі болуына көңіл бөлемін.

Мен әр кез тәрбие беру жұмысын оқытумен қатар қоямын. Тәрбие әдістерінің ішінен көбінесе – жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері, әңгіме, өнеге, диспут, қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістерінен педпгогикалық талап, тапсырма беру, жаттықтыру, ойындар, тәрбиелеушілік ситуациялар, халықтық педагогиканы қолданамын. Әр мерекеге, атаулы даталарға байланысты сынып сағаттарын, сыныптан тыс іс – шаралар жиі өткізіп тұрамын. 2010-2011 оқу жылында даярлық топпен «Тілашар» , ашық сынып сағатын, 2011-2012 оқу жылында «Тілдер апталығына» байланысты «Асыл мұрам-қазынам» атты ашық сынып сабағым, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына арналған ашық сынып сағаттарым дәлел бола алады. Ата – аналармен де тығыз байланыс жасап отырамын. Бірлесіп өткізген сынып сағаттарымыз, әсіресе, «Жол ережелерін сақтаймыз», «Әліппемен қоштасу» ертеңгіліктеріміз өте жоғары деңгейде өтті.

Өзін – өзі тану бағдарламасы бойынша да жұмыстар атқарып, «Мен табиған қамқоршысымын» атты сыныптан тыс жұмыс өткіздім.

Оқушылырға сауатты білім, саналы тәрбие беруде осындай жұмыстар атқарып келемін. Жас ұстаздарға да көмек беріп, тәжірибе алмасып тұрамын.

Мектептің қоғамдық жұмыстарына да ат салысуға тырысып келемін.Көркемөнерпаздар үйірмесін ұйымдастырып, еңбек еткен қай мектептепте де фольклорлық ансамбльдер құрып байқауларда жүлделі орындарға ие болдық.Метептерде ,қала көлемінде мұғалімдер хорында ән айтамын.Бос уақытымда көркем шығармалар оқып,өлеңдер шығарып оған ән де жазамын.

Жақсы мұғалім- бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашыл тұлға болуы тиіс.

Әсте «мұғалім-өмір бойы шәкірт» деген сөз бекер айтылмаған. «Ізденбеген, үйренбеген мұғалім – жаман мұғалім» деген сөз көбімізге сабақ болса, оқу мен тәрбие істері бір адым ілгері жылжыр еді.

Болашақта менің оқушыларым оқуларын жақсымен бітіріп, еліміздің көркеюіне өз үлестерін қосып, мамандарының адал іскерлері болса, ұстаз үшін одан артық бақыт жоқ шығар деп ойлаймын.

Оқушылардың қызығушылық қабілетттерін арттыру үшін сабақты түрлендіріп отырамын. Ол үшін: қосымша әдебиеттер, ертегілер мен жұмбақтар, жаңылтпаштар мен мақал-мәтелдер, тірек-сызбалар, перфокарта мен қызықты ойындарды әр сабақ жоспарыма еңгізіп отырамын. Кейде қызықты викториналық сұрақтар мен тапсырмалар, ребустар мен сөзжұмбақтар әзірлеймін. Отанды сүюге, ұлттық намысқа тәрбиелеуде, еңбекке, табиғатты сүюге, адалдыққа, этикалық-эстетикалық тәрбие беру жұмысы әр сабақ жоспарымның сабағына сай етіп ұштастыруды мақсат етемін. Оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін сайыс, жарыс, пәнаралық саяхат және тағы басқа сабақ түрлерін өткіземін. Осындай сабақ түрлерімнің бірі – 2010-2011 оқу жылында аудандық мектепалды даярлық топтарының семинарында ұсынған ашық «Ғарышқа математикамен бірге» саяхат сабағым және 2011-2012 оқу жылында 1-сыныптардың аудандық семинар – практикумында өткізген «Пысықтау, Сандар және олардың құрамы» атты дәстүрлі емес проблемалық сабағым жоғары деңгейде өтті деп бағаланғаны осыған дәлел.

Болашақ қайраткер ең алдымен ойын арқылы өседі»-деп Макаренко босқа айтпаса керек. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын балалары, сондықтан да сабақты ойын түрінде өткізудің тиімді жақтары өте көп болатынына өз басым көзім жетті. «Ойнай білмеген – ойлай білмейді» - дейді қазақ. Ойын сабақтарын өткізу барысында төмендегідей нәтижеге келдім: оқушының ынтасы артады, нашар оқитын бала белсене араласады, тұйық бала ойын ашық айтуға үйренеді, өтілген сабақ бала ойында ұзақ сақталады, шығармашылық пайда болады. Кейбір сабақ жоспарыма ұлттық ойындарды енгіземін. Оқушылар ойын сабақтарында бір-бірінен қалмауға, не озып кетуге тырысады. Ойынның көптеген түрлерін қолдануға болады. Әсіресе: рөлдік ойындар, жұмбақтар шешу, құрастыру, сөзден сөз шығару, мақалды жалғастыру, «Кім жылдам?», «Ретімен қой», «Алтын сақа», «Бақытты сәт», «Алтын қақпа» т.б. ойындарды 1 – сынып оқушыларымен жиі өткізіп тұрамын.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Сын т?р?ысынан ойлаутехнологиясымен ж?мыс

Автор: Тукенова Аяжан Куттыбековна

Дата: 24.04.2016

Номер свидетельства: 322109


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства