«Тәрбие – отбасынан басталады» демекші баланың отбасынан көрген – білгені оның бүкіл өміріне жолдама болып қалмақ. Ата-ана баласына көбірек көңіл бөлмесе, таңертеңнен кешке дейін теледидардың алдында отырған өскіншек керектіні де, керексізді де өзінің бойына талғамсыз сіңіре береді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тәрбие -тал бесіктен басталады»
Тәрбие – отбасынан басталады
«Тәрбие – отбасынан басталады» демекші баланың отбасынан көрген – білгені оның бүкіл өміріне жолдама болып қалмақ. Ата-ана баласына көбірек көңіл бөлмесе, таңертеңнен кешке дейін теледидардың алдында отырған өскіншек керектіні де, керексізді де өзінің бойына талғамсыз сіңіре береді. Нәтижесінде бала психикалық ауытқушылыққа ұрынуы да мүмкін. Балалар ата-аналарынан гөрі өз заманына ұқсайды деген сөз бар. Ата-аналар балаларының қай заманда өсіп жатқанын ескермейді, бала тәрбиесі назардан тыс қалып жатады. Бүгінгі күнде күнкөріс қамы бірінші кезекке шықты, балаға әр күні ең болмағанда 2-3 сағат көңіл бөлу жөн.
Тектілігі тереңге тамырланған қазақ халқы бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұлтымыз қашан да баласының рухани жағынан бай болуына көңіл бөлген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл - ойының жетілуіне назар аударған. Кішкентайынан бала бойына адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде.
Халықтық педагогиканың маңызы зор. Үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылы баланы жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулуды да кішкентай кезінен бастаған дұрыс.
Тәрбие бесіктегі баладан, еңкейген қартқа дейін қажет. Өйткені, тәрбие болғанда ғана, адамдық қасиетің пайда болып, өмірдегі роліңді біле аласың. Қазақтың батыр тұлғаларының бірі Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпсіз ел болмайды. Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп тәрбиенің маңызын ашып көрсеткен. Біздің аталарымыз да тәрбиенің негізгі мақсатын дап болып, өз өмірлерінде дұрыс қолданғандай сыңай танытады. Бұлай дейтін себебіміз атадан қалған ұлағатты сөздердің түп төркіні осындай тұжырымға еріксіз жетелейді. Мәселен тәрбиедегі әдептілікті мына сөзбен өрнектеген: «Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала». Міне мұнда тәрбиеге көңіл бөлініп қарастылатын ар мәселесін әдептілікке апарып теліп, жоғарғы деңгейге көтеріп отыр. Бізді тәрбиені ар-намыспен байланыстыра отырып, негізгі мақсатқа жетудің жолын тапқан. Осының нәтижесінде өміріне адамдықты ту етіп ұстайтын қанша арыстай ағаларымыз болашақ буын өкілдеріне өшпестей із қалдырған.
Бүгінгі мектеп тəрбиесіндегі басты міндеттерден жазбау. Мадақтау мəселесін шешуде өз шəкірттеріңізбен пікір алысуды да жадтан шығармаңыз. Әр түрлі тәрбие әдістерін пайдалану арқылы баланы дұрыс тәрбиелеп отыру керек. Айта кетсек, жарыс әдісі.
Жарыс, бəсеке. Көп бала топтала қалса, сол бойда өзара бедел таластыра бастайды. Балалар табиғатына аса тəн құбылыс – бəсекелестік. Төңірегіндегілер арасында өз беделін танытып, оны бекіту – əр адамның тума қажеті. Ал бұл қажеттілікті іске асыру басқалармен жарысуды керек етеді. Жарыс нəтижесі баланың ұжымдағы беделін ұзақ уақытқа айқындап, бекітеді. Жарыс əдісімен баланың бəсекелестікке деген табиғи қажеттігін жеке тұлғаға жəне жалпы қоғамға сай қасиеттерді баулитын тəрбие арнасына бұруға болады. Өзара жарыса жүріп, оқушылар қоғамдық қылық тəжірибелерін тез игеріп, тəн-дене, адамгершілік, эстетикалық сапаларын дамытады. Жарыс əсіресе үлгерімі төмен оқушылар үшін аса қажет: өз нəтижелерін жолдастарының жетістіктерімен салыстыра отырып, өз білімдері мен ептіліктерін көтеруге болған қозғау күш алады, оқуы мен өзіндік тəрбиесіне ден қоя бастайды. Жарыс ұйымдастыру – оңай іс емес: балалар психологиясын жете тану қажет, біртұтас маңызды шарттар мен талаптарды ұстану əрі орындау керек. Жарыс тиімділігі оның ұйымдастырылуында. Бұл үшін жарыстың мақсаттары мен міндеттері айқындалады, бағдарлама түзіледі, баға өлшемдері белгіленеді, жарыстыру шарт - жағдайлары жасалады, қорытынды шығарылып, жеңімпаздар марапатталады. Жарыс өзіне сай күрделілігімен əрі қызықты өткізілуі тиіс. Сонымен бірге жарыс ережелері соңғы нəтижелерді бағалап, салыстыруға келетіндей нақты болғаны жөн. қорытындылау мен жеңімпаздарды анықтау жариялы болып, бағалау өлшемдері қарапайым, баршаға түсінімді болғаны дұрыс.
Тəрбие əдісін таңдай отырып, тəрбиеші əрбір тəрбиеленушіге өз жасампаздық іскерлігін жүзеге асыруға, даралық шығармашылығын танытуға, табыс көздерін іздестіре білуге, нəтижелерді болжастыруға, көзделген мақсатты іске асыруға толық мүмкіндік беретіндерін пайдалануға ұмтылуы қажет.