kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы – ойды шыңдау құралы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл модульдің негізгі ойлау тәртіптері әр түрлі дағдыларды, зерттеуді жазып алуды және бағалауды талап етеді. Осы жолдағы ең оңтайлы тәсіл – балаларды түрлі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Сыни ойлауға берілетін тапсырмалар жеке тұлғаның өз пікірін негіздеп, дәлелдеуді талап етеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«сыни ойлау ойды шыңдау»

Тақырыбы

Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы – ойды шыңдау құралы

Өткізген

ШҚО Аягөз қаласы «№6 жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы интернатпен» КММ

ІІІ деңгейлік бастауыш класс мұғалімдері Қапанова Ж.А, Бөкесқұлова С.Қ

Семинар мақсаты

 Сыни тұрғыдан ойлау-ойлау туралы ойлану деп сипатталады және көбінесе оқушыларды қарсы пікір айтуға, ойлау немесе жаңа тәсілдерді енгізуге дайын болуға баулиды. Оқушылардың қызығушылығын оятуда көптеген жұмыс түрлерін ұсынып, ойлау дағдыларын дамытуға болады. Бұл модульдің негізгі ойлау тәртіптері әр түрлі дағдыларды, зерттеуді жазып алуды және бағалауды талап етеді. Осы жолдағы ең оңтайлы тәсіл – балаларды түрлі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Сыни ойлауға берілетін тапсырмалар жеке тұлғаның өз пікірін негіздеп, дәлелдеуді талап етеді.

Оқыту нәтижесі

Еркін ойлауға мүмкіндік беріледі, ақыл ойын дамытады; Шығармашылық белсенділігі артады, тіл байлығы жетіледі;

Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді; Жан – жақты ізденеді, өз ойын жеткізеді.

Түйінді идея

Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болып, жаңашыл идеяларға сеніммен қарайды. Сондықтан да сыни ойлауды оқыту кезінде оқушылардың бойынан мынадай ерекше қасиеттерді байқауға болады: Бір – біріне қарсы сұрақтар қою, дәлелдерді талап етуді, нақты жан – жақтылықты және өз көзқарастары мен сенімдерінің орнауын. Сабақта қолданылған әдістердің көмегімен жеке тұлға ретінде дамыған шығармашылық ойлау арқылы білімді меңгереді.

Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Стратегия

Жеке, жұптық, топтық жұмыс, диалогтік оқыту,

Ресурстар

А4 қағазы, стикерлер, маркерлер, қағаз, ноутбук

Кері байланыс

Берілген тапсырманы орындау және «Тазалық» ойыны арқылы кері байланыс жасау

Бағалау әдісі

Қалыптастырушы, бір – бірін бағалау

Семинар жүрісі

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Мұғалімдерді коучинге психологиялық дайындау, өзін – өзі реттеу, топқа бөлу.

Топқа бөлу

Берілген стикерлерге байланысты топтасу

Іс – әрекет

Ұйымдастырушы іс- әрекеті Қатысушылар іс –әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: «Мен елімді сүйемін»

  • Егер сіздің досыңыз болса, көршіңіздің басын сипаңыз.

  • Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз.

  • Егер итті жақсы көрсеңіз, көршіңізді құшақтаңыз.

  • Егер құстарды жақсы көрсеңіз, құстарща қанат қағыңыз.

  • Егер мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызбен топырлатыңыз.

  • Егер Отаныңызды жақсы көрсеңіз, алақандарыңызды соғыңыздар.

Тізбектеле тұрған ойыншылар, айтылған нұсқаулар бойынша қимылдар жасап, аудиторияда жағымды ахуал қалыптасады.

Тренинг

Қатысушыларға 1 парақтан және кішкене доп беріледі, допты қол тигізбей парақ көмегімен бір-біріне жылжыту арқылы жүргізіп өту ұсынылады.

Қатысушылар дөңгелене орналасып, коуч берген тапсырманы орындайды.

Талқылау

  1. Қай ойыншы бұл жерде көшбасшылық жасады?

  2. Қай қатысушыны ойынға тарту қиын болды?

  3. Не үшін қиын болды деп ойлайсыз?

  4. Бұл жерде қандай ойға көбірек жүгіндік?

Осы жерде қатысушылар жауабы арқылы топтық жұмыстың алтын ережесі және тақырып ашылады.

Мағынаны тану


Сыни тұрғыдан ойлауға қатысты мәліметтер беріліп, презентация көрсетіледі.

«Банкадағы күріш» видеоролигі арқылы топтарға жұмыс жасау беріледі.

Сыни тұрғыдан ойлай отырып, оқу әдісіне

байланыстырып топта талқылайды. Пікірлерін жазады. Топ мүшелерінің бірі қорғайды.

Сергіту сәті


«Қыдырып қайтайық» әні

Ән ырғағымен шеңбер жасап билей жүріп, соңындағы адам алдыңғы қатысушының суретін салады.

Ой қозғау

«Дыбыстар сөйлейді»


Мақсаты: Әріптестер кез-келген дыбысты таңдап алып, сыни тұрғыдан ойлаудың әдістерін сол әріпті сөзден бастап жауап беруі сұралады.

А – аялдама ойыны, аквариум әдісі, ақылдың алты қалпағы т.с.с

Ә - әуедегі сауал, әліпби, әрекеттесу әдістері т.с.с

Б – бес жолды өлең, балық қаңқасы, блум таксономиясы, БББ әдісі т.с.с

К – кластер, кубизм, кейс-стади т.с.с

...

Ө - өзін-өзі бағалау, өрмекші торы, өзгерісті тап, өздік жұмыс т.с.с

Қолдарына берілген әріптер бойынша жауап береді. Топ мүшелері өздері сабақта қолданып жүрген сыни тұрғдын ойлау әдістерінің бірін көрсетіп тәжірибе бөліседі.

Кері байланыс

Үй, жол, жылан, бокал, шалбар, орамал суреті арқылы суретті тест жүргізіледі

Қатысушылар әзіл суретті тестке қатысып өздерін бағалайды.

Рефлексия


«Тазалық» ойыны Чемодан  - қоқыс жәшігі - еттартқыш


Әр қатысушы өз ойларын білдіреді


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы – ойды шыңдау құралы

Автор: Бокескулова Сериккайша Кабдоллиевна

Дата: 30.01.2017

Номер свидетельства: 385713

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Орта  мерзімді жоспар "
    ["seo_title"] => string(24) "orta-mierzimdi-zhospar-2"
    ["file_id"] => string(6) "198789"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1428468552"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Конспект урока сауат ашу "А дыбысы мен әрпі""
    ["seo_title"] => string(44) "konspiekt_uroka_sauat_ashu_a_dybysy_mien_rpi"
    ["file_id"] => string(6) "382862"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485183168"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) "Саба?та тиімді ?діс-т?сілдерді  ?олдана отырып,  білім сапасын арттыру"
    ["seo_title"] => string(69) "sabak-ta-tiimdi-dis-t-sildierdi-k-oldana-otyryp-bilim-sapasyn-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "252945"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447494104"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства