kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқушыларға тиімді кері байланыс берудің 20 жолы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Зерттеулерге сүйенсек, кері байланыс неғұрлым жағымсыз болса, оқушылардың оқуы мен ынтасына кері әсерін тигізетінін көреміз. Оқушының оқуын жақсарту үшін, оқу жетістігін ілгерілетуде жағымды кері байланыстың ықпалы зор болады. Әйтсе де оқушының оқуына кері әсерін тигізбеу үшін, оның жұмысын дұрыс бағалауда кері байланыстың ең тиімдісін сұрыптай алу керек. Өз оқушыларының жұмыстарынан үнемі оң нәтижелерді көре білетін мұғалімдер – ұстаздардың ұстазы. Мұғалім оқушыға кері байланыс беруде тек оның білімді меңгеруіне ғана емес, оның тәрбиесіне де жауапты болады. яғни сыныпқа келген оқушы өзінің уақытының босқа өтпегенін сезінуі керек. Төменде мұғалімдерге пайдалы болуы мүмкін тиімді кері байланыс берудің 20 жолын ұсынып отырмыз. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқушыларға тиімді кері байланыс берудің 20 жолы.»

ТАҚЫРЫБЫ: ОҚУШЫЛАРҒА ТИІМДІ КЕРІ БАЙЛАНЫС БЕРУДІҢ 20 ЖОЛЫ


Аннотация


Бұл жұмыста оқыту үдерісін жақсартуға мүмкіндік беретін кері байланысты тиімді түрде байланыстырудың 20 әдісі қарастырылған. Мақалада кері байланыстың оқу процесіндегі рөлі, сонымен қатар кері байланысты жүргізудің барлық принциптерін сақтау қажеттілігі туралы айтылады. Бұл жұмыс формасы

әр оқушыға өз қызметі туралы ой жүгіртуге мүмкіндік береді.


Аннотация


В статье даны 20 путей эффективной передачи обратной связи, которые способствуют улучшению процесса обучения. В статье идет речь о роли обратной связи в процесе обучения, а также о необходимости соблюдения всех принципов проведения обртаной связи. О том, что данная форма работы

дает возможность каждому ученику прорефлексировать над своей деятельностью.


Аnnotation


The article gives 20 ways of effective feedback transmission, which contribute to the improvement of the learning process. The article deals with the role of feedback in the learning process, as well as the need to comply with all the principles of the obrtana communication. The fact that this form of work allows

each student to reflect on their activities.


Кіріспе.


Зерттеулерге сүйенсек, кері байланыс неғұрлым жағымсыз болса, оқушылардың оқуы мен ынтасына кері әсерін тигізетінін көреміз. Оқушының оқуын жақсарту үшін, оқу жетістігін ілгерілетуде жағымды кері байланыстың ықпалы зор болады. Әйтсе де оқушының оқуына кері әсерін тигізбеу үшін, оның жұмысын дұрыс бағалауда кері байланыстың ең тиімдісін сұрыптай алу керек. Өз оқушыларының жұмыстарынан үнемі оң нәтижелерді көре білетін мұғалімдер – ұстаздардың ұстазы. Мұғалім оқушыға кері байланыс беруде тек оның білімді меңгеруіне ғана емес, оның тәрбиесіне де жауапты болады. яғни сыныпқа келген оқушы өзінің уақытының босқа өтпегенін сезінуі керек. Төменде мұғалімдерге пайдалы болуы мүмкін тиімді кері байланыс берудің 20 жолын ұсынып отырмыз.









Негізгі бөлім.


1. Кері байланыстың тәрбиелік мақсаты.

Кері байланыс оқушыға нені дұрыс, нені қате істегенін көрсету мақсатында беріледі. Дегенмен де басымдық оқушының нені дұрыс орындағанына бағытталуы керек. Себебі, оқушыға орындаған жұмысынан нені дұрыс орындағанын білу оның оқуын жақсартуға ықпал етсе, қателігін түзету - оның ілгерілеуіне септігін тигізеді. Бұл жерде «Сэндвич» әдісі өте тиімді болады.

2. Мадақтау. Кері байланыс беруде уақытты қатты ұстану. Егер кері байланыс оқушының тапсырманы орындап бола салысымен дереу берілсе, оқушы айтылған ұсынысты қабылдап, дер кезінде нені дұрыс орындау керектігі жөнінде нақты түсінік алады. Егер кері байланыс беру уақыты созылып кетсе, оқушы кері байланыс пен өз әрекетін байланыстыра алмай, уақытты жоғалтып алады.

3. Оқушылардың жеке қажеттілігіне мән беру. Кері байланыс беруде әрбір оқушының жеке ерекшелігін ескеру керек. Кез келген сыныпта әртүрлі стильдегі оқушылар отыр. Кейбір оқушылар өздерінің қабілеттеріне сәйкес жоғары деңгейге жетуді қаласа, басқа оқушылар өз-өздеріне сенімсіздіктен келесі қадамды жасауға батылы бармайды. Оқушының сезімін жаралап алмау мен оған тиісті кері байланысты беру арасында тепе-теңдік ұсталуы қажет.

4. Төрт сұрақ қою. Төменде ұсынылған төрт сұраққа үнемі жауап беру арқылы

оқушыларға тиімді кері байланысты қамтамасыз етуге болады. Бұл сұрақтар ата-аналарға кері байланыс ұсынғанда да қолдануға тиімді:

  • Оқушы нені істей алады?

  • Оқушы нені істей алмайды?

  • Бір оқушының жұмысы басқа оқушының жұмысымен қалай салыстырылады?

  • Оқушы нені жақсарта алады?

Кері байланыста нақты білім мен дағдыны қалыптастыру.

Мұндай кері байланыстарда рубрикалар пайдалы құрал болып саналады. Рубрика – оқушыдан күтілетін нәтиже мен тапсырманы байланыстыру құралы. Тиімді рубрикалар – өздерінің орындайтын жұмысында оқушыны нақты ақпаратпен қамтамасыз етеді және белгіленген стандартқа бағыттайды. Кіші жастағы оқушылар үшін рубрикаларды белгілеп беруге немесе стикерлер арқылы ұсынуға болады.

6. Мақсатқа жету үшін оқушыларды үнемі «фокусте» ұстау. Оқушыларға өз

білімдерінің қандай деңгейде екенін біліп отыру үшін оларды жүйелі түрде қадағалап отыру маңызды. Ұсыныстар беру үшін жоғарыдағы төрт сұрақты қолдануға болады.

7. «Бетпе-бет» конференциясы. Оқушылармен бетпе-бет кездесіп сұхбаттасу – кері байланыс берудің ең тиімді жолдарының бірі. Оқушы үнемі өзіне мұғалімнің назар аударуын күтіп отырады және өзін мазалап жүрген сұрақтарын еркін түрде қоюға дайындалып отырады. «Бетпе-бет» конференциясы негізінде оптимистік бағытта болу керек, себебі ол оқушыны ынталандырып, келесі кездесуді асыға күтуіне өз ықпалын тигізеді.

8. Вербальды, вербальды емес және ауызша формадағы кері байланыстар. Кері байланыс беруде өз эмоцияңызды қатаң бақылауда ұстау керек. Вербальды емес кері байланыста беттің құбылуы, жестукяция, мимика сіздің көзқарасыңыздың көрінісі болуы мүмкін. Сол себепті, кері байланыс ұсынуда бетіңізді тыжырайтпаңыз, өзіңізді қатаң бақылауда ұстаңыз.

9. Бір мезетте бір қабілетке мән беру. Оқушыға өзі орындаған әр жұмысы бойынша қателігін көрсетуде бір кемшілікті ғана айтқан жөн. Мысалға тілдік пәндерде бастауыш сынып оқушыларының жазба жұмысын тексеруде, мұғалім тек абзацтың қойылуын тексеруі мүмкін. Бұл оқушылардың назарының бір бағытқа шоғырлануына ықпал етеді. Келесі жолы жаңа фокус алуға болады.

10. Оқушыларға/сыныпқа қосымша уақыт беру. Құжаттарды топтастыру немесе тест тапсырмасымен жұмыс істегенде осы тәсілді қолданған тиімді. Себебі, қосымша уақыт ұсыну арқылы сапалы жазбаша кері байланыс беруге қол жеткізуге болады. Бұл тәсілді сонымен қатар, оқушыларға тақырып төңірегінде тереңірек мағлұмат алуға мүмкіндік беру үшін айналма диаграммасы арқылы мұғаліммен конференцияға шақыруға да болады. Оқушылар кезекпен мұғаліммен конференцияны күтіп, өздерінің сұрақтарын да дайындап отырады.

11. Оқушыларды өзара кері байланыс беруге дағдыландыру. Оқушыларға тиімді кері байланыс ұсынудың үлгісін көрсетіңіз. Бастауыш сынып мұғалімдері арасында, бұл тәсілді «жұптық конференция» тәсілі деп те атайды. Оқушыларға бір-біріне сындарлы кері байланыс беруге дағдыландыруда ұсыныстың позитивті және пайдалы болуын қадағалаңыз. Ол үшін оқушыларға «post-it» әдісімен өз ұсыныстарын стикерге жаздырдып, қолдау білдіріп отырыңыз.

12. Басқа ересек адамдардан кері байланыс алу. Оқушылардың жұмыстарына кері байланыс беруде басқа әріптес-мұғалімдерден кері байланыс алуға болады. Мысалға, елестетіп көріңізші, оқушы жұмысына мектеп директоры кері байланыс берсе, оқушының оқуға деген ынтасы қандай болатынын. Бірақ мектеп басшысының қолы тимеген жағдайда, мектеп әкімшілігіндегі басқа қызметкерлерден немесе мұғалімдерден кері байланыс алуға болады.

13. Кері байланыс беруде оқушылардың ұсыныстарды жазып алуы.

Жазбаша тапсырмаларға кері байланыс беруде, оқушылардан өздеріне берілген ұсыныстарды қағаз бетіне түсіріп алуларын сұрауға болады. Нәтижесінде оқушы ауызша берілген кері байланысты қайта оқу арқылы өз жұмысын жақсартуға мүмкіндік алады.

14. Әрбір оқушының жеке жетістігін бақылап отыру үшін жазба жүргізу.

Сыныптағы әрбір оқушының күнделікті, апталық оқу жетістіктеріне берілген кері

байланыстарды берілген мерзімі бойынша қағаз бетіне түсіріп отырыңыз. Оқушының қойған жақсы сұрақтары, даму аймағы, тест нәтижелері т.б. Әрине, бұл көп уақытты талап ететіні сөзсіз, әйтсе де оқушымен «бетпе-бет» конференция өткізгенде немесе ата-анамен сұхбаттасқанда бұл жазбалардың сізге қаншалықты көмектесетініне көзіңізді жеткізесіз.

15. Оқушы жұмыстары мен ұсыныстарды сабақ басында таратып беру. Оқушының орындаған жұмысы (тест, жазба жұмысы) мен оған берілген кері байланысты сабақ басында беріп қойса, оқушылар өз жұмыстары бойынша сұрақтар қойып, жақсарту бағытында тиісті шараларды жасауға көмектеседі.

16. «Post-it» әдісін қолдану. Өз жұмысына берілген кері байланысты ауызша

тыңдағаннан гөрі, стикерге немесе жазбаша ұсынған әлдеқайда тиімді. Сабақ үстінде бос уақытыңыз болғанда оқушыға берген кері байланысыңызды стикерге жазып, оқушы үстеліне жапсырып қойыңыз. Оқушы стикерді көріп, өзінің жұмысын қайта жақсарту жолдарын қарастырады. Стикердегі ұсыныстан оқушы өзінің қай кезде «ағында», қашан «белсенділігі» төмен болғанын біліп отырады.

17. Шынайы мақтау айту. Оқушылар мұғалімнің әрбір сөзін мұқият бақылап

отырады. Егер мұғалім үнемі «Жақсы жұмыс!» «Жарайсың!» сөздерін қолданатын болса, уақыт өте келе, ол сөздердің оқушы үшін мағынасы төмендейді. Оқушының дұрыс орындаған жұмысына мақтау айтқанда, оның алдыңғы жұмысынан қандай артықшылығы

және өсу бар екенін атаңыз. Оқушының оқуындағы өзгерістер бойынша ата-анасына телефон шалып, хабарлап отырыңыз. Бұл жерде кері байланыс оқушының нақты меңгерген тәжірибелік білімі мен оның қабілеті қай деңгейге жетуіне мүмкіндік беретінін нақты жеткізу керек.

18. «Мен байқадым...». Оқушының тапсырманы орындаудағы әрбір мінезі мен әрекетін назарда ұстаңыз. Мысалға, «Мен сіздердің үлкен топқа біріккен кезде есепті шешудің ұтымды жолдарын тапқандарыңызды байқадым», «Сіз бұл аптада сабаққа мүлде кешікпей жүргеніңізді байқадым». Оқушы мұғалім тарапынан өз әрекетінің үнемі назарда болғанын сезінуі оған позитивті ықпал етіп, оқуын жақсартуға көмектесді.

19. Модель немесе үлгі ұсыну. Оқушыларды бағалауда немесе кері байланыс ұсынуда көбірек әңгімеге тартыңыз. Жоғары қабілетті оқушыларды келесі деңгейге көтеру үшін кері байланыс беруде толық орындалған жұмыс үлгісі қандай болу керектігі жайлы үлгі немесе модель қолданған пайдалы.

20. Оқушыларды мұғалімге кері байланыс беруге үйрету. Бұл тәсілді қолдану үшін, өзіңіздің арнаулы немесе жоғары оқу орнын бітірген кезіңізді елестетіп көріңіз. Қолыңызға диплом алған кезде профессорға немесе оқытушыға курс барысында оқудың қаншалықты қиын әрі «қызықсыз» болғанын айта алдыңыз. Міне, осы секілді, әрбір сабақтан кейін, оқушыға да осындай мүмкіндік беріп, сабақтың қалай өткенін, «сіздің қандай мұғалім екендігіңізді» айтуға үйретіңіз. Мұндай тәсілді «жасырын» берген жөн. Толық жауап алу үшін түсіндірме сұрақтарын ұсыныңыз: «Сыныпта сіздерге не ұнады? Не ұнамады? Егер мұғалімнің орнында болсаң, нені басқаша істер едің? Мұғалімнен нақты не үйрендіңіз?» Егер

бұл бағытта неғұрлым шынайы кері байланыс алсаңыз, өзіңізге педагог ретінде нақты бағаңызды көре аласыз. Кері байланыс екі жақты жүретінін естен шығармаңыз: біріншісі мұғалім ретінде оқу мен ізденуді ешқашан тоқтатпау, екінші жағынан дағдыны үнемі жетілдіріп отыру.








Қорытынды.


КЕРІ БАЙЛАНЫС ҚАҒИДАТТАРЫН ҰСТАНАЙЫҚ!

Рефлексия адамның өз білімі мен әрекеттерін талдау, сол туралы өзіне есеп беру

болғандықтан мұнда басқа адамдардың пікірлері мен бағалауының алатын орны ерекше, өйткені өзіне сырт көзбен қараған адам басқа адамдардың өзі туралы пікірлері арқасында рефлексиясын тереңдете түседі. Өзі туралы сырт пікірлерді адам қарым-қатынаста біледі. Осындай қарым-қатынаста өзі туралы пікірді есту мен білуді кері байланыс деп атайды.

Сырт пікірлер адамға өзінің қайда және қандай екендігін білуге көмектесіп, болашақ әрекеттеріне түзету енгізіп, оларды жоспарлау мүмкіндігін береді. Сол себепті кері байланыс - келесі әрекеттерді ынталандыруға бағытталған рефлексияның ақпараттық негізі. Адамның бір ерекше қасиеті бар: біз өзіміз туралы өзгелердің пікірін естігіміз келіп тұрады. Сондықтан да кез келген әрекеттен кейін басқалардан «Қалай болды? Мен сырт көзге қалай болып көріндім? Қалай сөйледім (жасадым, отырдым, тұрдым, жаздым, т.б. әрекеттерді келтіруге болады)?» деп өзіміз туралы пікірін сұраймыз. Сол әрекетті бақылаған адам өз пікірін айтады, бағасын береді. Оның пікірі өзіміздің оймен сәйкес келуі немесе

келмеуі де мүмкін. Алайда сырт пікір бізге білім мен әрекеттерімізді түзету, өзгерту, жақсарту мүмкіндігін береді. Олардың мұндай пікірі біз үшін кері байланыс болады. Осылайша өзгелердің өзіміз туралы пікірлері бізге өзімізді тануға, ішкі «Мен»-нің қалыптасуына көмектеседі. Ал енді осыған қарама-қарсы жағдаятты көз алдыңызға елестетіп көріңіз: Сіздің әрекетіңізден кейін бір де бір адам ләм-мим деп жұмған аузын ашпады, өз ойын айтпады делік. Осындайда өзіңізді қалай сезінер едіңіз? Әрине, мұндай жағдаяттың қуаныш және қанағат әкелуі екіталай, өйткені біз өз әрекетімізді басқалардың талдағанын және бағалауын қалаймыз.

Кері байланыс (ағылш. feedback) – адамның өзі куә болған оқиғаға немесе басқалардың әрекетіне айтылған пікірі, реакциясы. «Сырт көз сыншы» дегендей, мұндай сырт пікірдің өз әрекеттеріңді реттеуге, жақсартуға тигізетін септігі өте жоғары. Сол себепті бүгінде кері байланыс үйренудің (білім алу жүйесінің) маңызды ұғымы деп есептелінеді. Кері байланыс арқылы алынатын мәліметтер әсіресе өз біліміне түзету мен өзгертулер енгізу ісінде өте құнды болып табылады.

Кері байланыстың мәнін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» атты тәсіл жақсы келтіреді.

Алдымен біреудің әрекеті мен жасаған ісін мақтаймыз, оның жағымды және тиімді жақтарын атап көрсетеміз, содан соң бұл жұмысты қалай жақсартуға болатындығы туралы ұсыныс айтамыз, бағыт-бағдар сілтейміз.

2013 жылдың наурыз айында Амстердамда өткен «Ұстаз сапасы» атты оқытушылық қызметтің Халықаралық Саммитінде оқу мен оқытудың сапасы көп жағдайда кері байланысқа тәуелді екендігі аталды. Ұстаздардың оқушылар тәрбиесіне жасайтын ықпалын бағалау өте қиын, алайда ата-ана, оқушылар мен қоғам мүшелерінің кері байланысы осы мәселені айқындауға қолғабыс болады. Саммит мұғалімдерге өздерінің кәсіби біліктілігін жақсарту үшін кері байланыстың өте қажет екендігін және біраз жетістіктерге бастайтындығын кеңінен атап көрсетті (http://asiasociety.org/teachingsummit). Әлемнің ең бай адамы Билл Гейтстің «Мұғалімдерге шынайы кері байланыс керек!» деп баса айтып, АҚШ білім беру жүйесі алдында осындай мақсат қойғандығы бекерден

бекер жәйт емес (www.youtube.com/watch?v=CW1Ssx-s2U4). Оның ойынша, АҚШ білім беру жүйесі Шанхай мектептерінен үлгі алуы керек: Қытайдың бұл мегаполисінде әрбір мұғалім – мейлі ол тәжірибелі болсын, мейлі жас болсын – өз сабақтары мен әрекеттеріне кері байланыс алуға және өзгелерге беруге құқылы екен: мұнда кері байланыс мұғалім кәсібінің ең маңызды бөлігі деп есептелінеді. Кері байланысты қолданғанда мынандай жәйттерді есте ұстаған дұрыс:

- Кері байланыстың үйренудің ең тиімді әдісі екендігін ұмытпаңыз, өзіңізге қажетті

екендігін де естен шығармаңыз. Бұған қоса кері байланысты жұмысымызды жақсартудың, өз олқылықтарымызды түзетудің ең тиімді нысаны деп қабылдау керек. Сол себепті кері байланысты сабырлықпен және іштей болса да ризашылықпен қабылдау керек. Бұл жерде «Ал егер кері байланыс атаулының бәрі де ақшаға жасалынып, ақылы болса, не болар еді?» деп өзімізден сұраған орынды болар.

- Кері байланыс әрқашан да субъективті болады, өйткені ол біреудің өзіндік пікірі. Осы тұрғыдан алғанда кері байланысты ақиқат деңгейіне шығарудың қисыны жоқ шығар. Оны басқа адамның бағасы деп қабылдап, оның еш міндетті емес екендігін естен шығармаған абзал. Бізге қандай да кері байланыс берілсе де оның тиімді/тиімсіздігін, пайдалы/пайдасыздығын өзіміз өлшейміз және бағалаймыз, оны қабылдау не қабылдамауды өзіміз шешеміз.

- Мүмкін кері байланыстың ең құнды жағы бізге ұнамайтын бөлігі болатын шығар:

айтылған сын мен ескертпелер, айқындалған кемшіліктеріміз бен қателеріміз. Алайда мен сіздерге кері байланыс бергенде тым қатал сыншы болмауды ұсынамын, өйткені «Суық-суық сөйлесе, мұсылман діннен таяды», «Адамның көңілі бір шөкім насыбайдан қалады», «Итің жаман!» дегенде, ой, өлгенім-ай!» дегендерді ұмытпайық! Сондықтан да кемшіліктерді тіке бетке баспай, оларды жанамалай жеткізген жөн болар? Мысалы, мынандай сұрақтар арқылы:

«Неліктен Сіз бұлай жасадыңыз (айттыңыз, жаздыңыз, ұйғардыңыз, т.б.)? Мүмкін олай емес, былай болар?» немесе «Егер мына жерге мынандай өзгертулер енгізсе, не болар еді?»

- Негізінен кері байланыстың үш негізгі қызметін ажыратуға болады: әрекеттерді түзету мен реттеу, тұлға аралық қатынастарды реттеу, өзін өзі тану құралы. Сондықтан оның мазмұны жағымды, позитивті болу керек. Кері байланыстың негізгі идеясы жасалған істі бағалау емес (оның жақсы не жаман жасалынғандығын анықтау), керісінше, не жасалуы керектігін көрсету.

Сонымен, кері байланыс оқу/оқыту мен үйренудің/үйретудің қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтау мүмкіндігін береді. Кері байланыс арқылы оқу мен оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға болады. Кері байланыс дұрыс жауап немесе бағыт таңдалынып, қателерді түзету әрекеттерін іске қосады.





Кері байланысты ұсынғанда мынандай ережелерді ұстанған дұрыс:

Позитивті болу.

Талданып жатқан әрекеттің жағымды, ұтымды жақтарын көруді ұмтылу қажет. Тіпті адамның мақтайтындай қасиеті болмаса, онда оның ниеті мен ынтасын жағымды деп тану керек. Ұсыныс жасағанда жұмысты жақсартатын мәселелерге тоқтаған дұрыс. Әңгімені өзгені жақтыру және сыйлау тұрғысынан жүргізу керек.

Бағалаушы болмау.

«Адамның басқа адамдардан айырмашылығы – оларға ұқсамайтындығында» деген

қағиданы ұстанған орынды, яғни біз басқалардан артық та, кем де емеспіз, тек өзгешеміз. Кері байланыста сол себепті өзімізді жоғары да, төмен де қоймау керек, тек өз ойымыз бен түсінігімізді келтіру қажет.

Кеңес бермеу, үйретпеу, тек ұсыныс жасау.

Адам біреуге кеңес бергенді ұнатады да, алайда өзіне ақыл айтқанды ұнатпайтындығын ұмытпау керек. Осыны есте сақтай отырып, ақылгөйсінбей, «Мынаны жасау керек!», «Олай ету қажет!» немесе «Мен Сіздің орныңызда былай жасар едім!» деген сөздерді айтпай, өзіміздің пікірімізді келтірейік, ал оны қабылдау не қабылдамау – кері байланысты алушы адамның құзыры. Мұнда кері байланыс берушінің сөйлеу интонациясы сұраулы, ал ең жиі

қайталайтын сөзі «мүмкін» болуы керек болар, яғни ол ылғи да кері байланыс алушыныңпікірін сұрап, онымен ақылдасып тұрғандай болады: «Мүмкін былай жасау керек шығар?»

Ынталандыруға ұмтылу.

Кері байланыстың бір мақсаты - адамды шығармашылық жұмысқа ынталандыру.

Жағымды пікір айтумен қатар адамды болашақта өз жұмысына игі өзгертулер енгізетіндей қызықтырып, шабыттандырған дұрыс.

Сыпайы болу.

Адамды жекімей, ұрыспай, дөрекі сөйлемей, ренжітпеуге тырысу керек, өйтпеген

жағдайда оның кері байланысты ризашылықпен қабылдап, өз әрекеттеріне соны өзгерістер енгізетіндігі екіталай.

Көмектесу, жәрдем беру.

Адамға шынайы түрде жақсылық тілеп отырғандығымыз-ды дәлелдеп бағу керек. Кері байланыста «Мен Сізге қалайша көмектесе аламын деп ойлайсыз?» деген секілді сұрақтар арқылы өзіміздің қол ұшын беруге дайын екендігімізді білдірген жөн.

Тең ұстау.

Кері байланысты жүргізудің негізгі нысаны ақылдасу, кеңесу болғандықтан мұндай әңгімеде екі жақ та бір-біріне пара-пар болуы керек. Біреудің екіншіден жоғары тұруы кері байланыстың нәтижелі болатындығына нұқсан болады.

Сәттілікке бағыттау.

Тыңдаушының көкейіне «Кері байланыс - игі әрекет» деген оймен қатар оның

нәтижелерінің тұлғаның дамуы мен өсуі үшін маңызды екендігін ұялату керек. Ал игі нәрсенің қорытындысы тек жағымды болатындығын да ұмытпаған жөн. Кері байланыс тиімді әрі сәтті болған сайын мұғалім оқу/оқытудың қалай жүріп жатқандығы, оқушылардың қалай оқитындығы туралы қажетті мәлеметтер алып отырады. Кері байланысты алғанда мынандай ережелерді ұстанған дұрыс:

Ризашылық білдіру.

Кері байланыстың бір адамның екіншіге шын көңілмен көмек көрсету екендігін ескере отырып, айтқан ескертпелер мен ұсыныстарға ризашылықпен қарау керек: кері байланыс берушіге жиі рахмет және алғыс айтып, ол Сізді ынталандырғандай, оны да жігерлендіріп отыру қажет.

Тыңдай білу.

Кері байланыс берушінің сөзін бөлмей, оны ылғи да мақұлдап отырған дұрыс (бас изеп, ишаратпен). Қажет болған жағдайда оған ойын нақтылайтын сұрақтар қою арқылы бұл мәселе бойынша өзіңіздің келісетіндігіңізді және хабардар екендігіңізді білдіріңіз, әңгімені өзіңізге қажетті бағытқа бұрып отырыңыз.

Мадақтай білу.

Ризашылықты білдірумен қатар кері байланыс берушіні мадақтауды да ұмытпаған жөн. Осы арқылы біз тиімді қарым-қатынаспен бірге берілген ұсыныстардың сапасын да арттырамыз. «Сіз бұл мәселеге тіпті де мен ойламаған жақтан қарадыңыз! Шындығында да бұл өте тиімді ұсыныс (идея, ой, әдіс, тәсіл, т.б.) екен! Менің ойымша, Сіздің сөздеріңізде терең мағына бар! Бұл ұсынысыңыз менің тәжірибемде маңызды орын алады деп ойлаймын!» секілді сыпайы мақтаулардың әңгімені мәнді жасайтындығы анық.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Әлімов А. Интербелсенді оқыту әдістемесі. - 2014ж.

2. Математика журналы. - №5. -2016.

3. Әлімов А. Интербелсенді оқыту әдістемесі. - 2014ж.

4. Математика журналы. - №5.2016.

7



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Оқушыларға тиімді кері байланыс берудің 20 жолы.

Автор: Жумагазинова Багдат Жумагазиновна

Дата: 21.12.2020

Номер свидетельства: 568095

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "Статья "ЖАНА АКПАРАТТЫК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТАРИХ САБАГЫНДА ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ" "
    ["seo_title"] => string(77) "stat-ia-zhana-akparattyk-tiekhnologiialardy-tarikh-sabagynda-tiimdi-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "113569"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1410468888"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) ""Жа?аша білім беруді? тиімділігі" та?ырыбында шы?армашылы? есеп"
    ["seo_title"] => string(72) "zhan-asha-bilim-bierudin-tiimdilighi-tak-yrybynda-shyg-armashylyk-iesiep"
    ["file_id"] => string(6) "256971"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1448257418"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі"
    ["seo_title"] => string(43) "kriterialdy_bagalau_zhuiesinin_tiimdiligi_1"
    ["file_id"] => string(6) "521419"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1569859514"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(171) ""Жеті модульді кіріктіру ар?ылы танымды? іс-?рекеттегі дамыту" . Та?ырыбы "?сімдікті? тыныс алуы""
    ["seo_title"] => string(98) "zhieti-modul-di-kiriktiru-ark-yly-tanymdyk-is-riekiettieghi-damytu-tak-yryby-osimdiktin-tynys-aluy"
    ["file_id"] => string(6) "295816"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455878722"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "КЕМБРИДЖ Т?СІЛІМЕН О?ЫТУ МЕН О?У ?ШІН БА?АЛАУДЫ? МА?ЫЗДЫЛЫ?Ы "
    ["seo_title"] => string(70) "kiembridzh-t-silimien-ok-ytu-mien-ok-u-ushin-bag-alaudyn-man-yzdylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "179944"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1425102135"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства