Оқушылардың танымдық-шығармашылық ойлауын арттыруда сыни тұрғыдан ойлаудың әдістерін тиімді қолдану
Оқушылардың танымдық-шығармашылық ойлауын арттыруда сыни тұрғыдан ойлаудың әдістерін тиімді қолдану
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кез келген пәнді ұғындырудың тиімді жолы – жаңа технология негіздері болып табылады. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы білім беру арқылы, еліміздің жарқын болашағына нұрлы жол ашу болып табылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына, тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайына көп көңіл бөлініп отыр. Осы тұрғыда жаңа технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында кеңінен пайдаланамыз. Соңғы жылдары оқытудың жаңа технологиялары білім беру саласында кеңінен қолданылып келеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кез келген пәнді ұғындырудың тиімді жолы – жаңа технология негіздері болып табылады. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы білім беру арқылы, еліміздің жарқын болашағына нұрлы жол ашу болып табылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына, тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайына көп көңіл бөлініп отыр. Осы тұрғыда жаңа технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында кеңінен пайдаланамыз. Соңғы жылдары оқытудың жаңа технологиялары білім беру саласында кеңінен қолданылып келеді. Олардың ішінде отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Модульдік оқыту технологиясы» (М.Жанпейісова), «Деңгейлік тапсырмалар» (Ж.Қараев), әсіресе қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына арналған «Сатылай кешенді талдау» (Н.Оразақынова), «Сыни тұрғысынан ойлау» М. Мирсеитова т.б. технологиялары мұғалімдердің қызығушылығын арттырып, оқу үдерістеріне кеңінен ендірілуде.
Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап қолданамын. Мен үшін әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді. Өзімнің әрбір сабағымда озық технологияларды пайдалану жақсы нәтижелер бергенін көрудемін. Кез келген сабағымда тақырып бойынша жаңалықтармен таныстыру арқылы бастау дәстүрге айналды. Қызығушылықты арттыру арқылы сабақты бастау сол сабақтың аяғына дейін қызық өтуіне себеп. Биылғы оқу жылында біздің мектептің алдына қойып отырған әдістемелік тақырыбы «Сыни тұрғысынан ойлау» технологиясымен тікелей байланысты. «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы сабақты жоспарлауда өте тиімді. Мұнда оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады.
Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады:
Қызығушылықты ояту – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Білім алушы жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы білім алушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау, «Әлемді шарлау» т.б. деген аттары бар әдістер жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – білім алушының белсенділігін арттыру. Білім алушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Білім алушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Мағынаны тану - бұл кезеңде білім алушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Білім алушының тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, білім алушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.
Ой-толғаныс – бұл кезеңде күнделікті оқыту процесінде білім алушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Білім алушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда білім алушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі», «Эссе жазу» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
Осы аталған стратегиялардың бірнешеуі әр сабағымда қолданыс табады. Мазмұны өте күрделі шығармалардың мәнін жете түсінуде, еске сақтауда сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары оқушыларға көп көмегін тигізеді. Енді сол әдіс – тәсілдердің өзім жиі қолданатындарыма тоқталсам: Тақырыпты толық ашып түсінуде көмектесетін оқыту стратегиясы «INSERT» стратегиясын жиі қолданамын.
«V»- білемін;
«-»- білмеймін
«+»- мен үшін жаңа ақпарат
«?»- мені таң қалдырады белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT –оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын ашық білдіруге үйрететін ұтымды құрал.
«РАФТ» стратегиясы – бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.
«Жуан-жіңішке сұрақтар» стратегиясы -оқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.
«Куббизм стратегиясы» – ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады. Сипатта (түрі, түсі, көлемі) Салыстыр (ұқсастығы, айырмашылығы) Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланылады?)- Дәлелде (қарсы және қарсы емеспін) Талда (қалай жасалған, неден тұрады?) Ой толғау (бұл неден жасалған?) Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды.
Сыни тұрғысынан ойлаудың және бір бағыты – тәрбиелік. Оқушылар өзгелердің пікірімен санасуға, әр адамның пікірі маңызды екенін бағалауға, өз ісіне есеп беруге үйренеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі тиіс. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», - деп Әбу – Насыр әл – Фараби айтқандай әр сабақта баланы адамгершілікке тәрбиелеу өте маңызды.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде сабақта оқушылар арасында: — бір-бірінің пікірін тыңдауға, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланады; — өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға; — бір-біріне құрметпен қарауға; — өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға; — өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға; — мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға; — достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге; — белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деген болатын. Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Жас жеткіншектердің ақыл-ой әлеуетін барынша дамыту үшін олардың санасына өз халқының тарихи тамырын, рухани және адамгершілік қағидаларын, азаматтық және отансүйгіштік идеяларын сіңіруіміз қажет. Осының бәрі әдебиет пәні арқылы жүзеге асатындықтан да, егеменді еліміздің еркін ойлы азаматын қалыптастырудағы әдебиет пәнінің маңызы зор екенін ескере келе, оны оқыту мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарауымыз қажет.