Просмотр содержимого документа
«"Ойын –қызығушылықты арттырудың тәсілі" эссе»
Озганбаева Мереке Бегалиевна
Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы
№10 орта мектеп
«Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты
дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес»
В. А. Сухомлинский
Ойын –қызығушылықты арттырудың тәсілі
\Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу\
Ойын технологиясында назар аударатын жағдай – оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынатындығында, ойынның оқушыларға тапсырма ретінде қойылатындығында. Ойын оқушының дамуына әсер ететіндей, қабілетінің ұшталуына септігін тигізетіндей жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі.Оқушы тек білім алып қоймай,шығармашылықпен жұмысқа үйренуі керек.Ойын іс- әрекетіне қалыптасқан баланың бойында білім алумен бірге ой ұшқырлығы,тапқырлық, ұстамдылық дағдылары қалыптасады.
Ұлттық ойындарда баланы жастайынан шыңдап,оларды дәлдікке,байсалдылыққа тәрбиелейтін күш бар. Ол барлық оқушыны білімге бірдей жеткізу үшін өз мүмкіндіктеріне сай сабақты меңгертіп,тілін дамытып, шығармашылыққа жетелейді.Ойын кіші жастағы балалар үшін әрі ойын,әрі оқу,әрі еңбек .Ұлттық ойындарды жай ғана ойната салуға болмайды.Ойын –тәрбие құралы.Оны жас ерекшеліктерін ескере отырып, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттыратын , адамгершілік құндылықтарын қалыптастыратын айналадағы дүниені тану тәсіліндей орынды ойната білу керек.
Мен ұлттық ойындарды ойнату кезінде оқушының зерігу мен жайбарақаттылығын жойып,шығармашылыққа бастар жолды көріп отырамын.Бастауыш сынып оқушыларын ойната отырып ойландырып, тәрбиелік мәні зор ойындар арқылы дамытуға болады. Ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілген сабақтың тақырыбының мазмұнына сай таңдалып алынады. Ойын үстінде қалыптасқан балалық шақтың көрінісі мен әсері адам көңіліне із қалдырады. Ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады,дүниетанымы кеңейеді. Бала ойын арқылы ой -өрісін кеңейтіп, оқуға белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін ұштаса, болашақ өмірде ойын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Ұлттық ойын-халқымыздың байлығы әрі ғажайып туындысы. Халқымыздың болашағы үшін өсіп келе жатқан ұрпақтың жеке қабілетін ескере отырып, ойынды сабақта жүйелі, тиімді пайдалану біздің міндетіміз. Балаларымыз намысшыл, рухты болсын десек,онда ең алдымен қазақ халқының ұлттық ойынын дамытуға күш салғанымыз жөн.
Ойын-балалар өмірінің нәрі. Теңдесі жоқ- байлық. Ұлттық ойын – халықтың, ұлттың тілі. Ойын-ұлттық қазына. Ұрпағымыз бар да қазынамыздың сарқылмайтыны анық.