kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мені? ?станымым

Нажмите, чтобы узнать подробности

                              Мені? ?станымым.

Мен ауылды? жерде е?бек етіп келе жатыр?ан ?арапайым ?стазбын. Е?бек ?тілімім 30 жыл?а таяды. Мені? к?п жыл?ы ?стазды? еткен т?жірибемнен т?йгенім: мен ?з ?мірімді ?стазды? ете ж?ріп, келешек ?рпа?ты т?рбиелей, о?ыта ж?ріп,?мірімді ажарландырып келемін. «Ажарландыру» ??ымы ау?ымды, ке?. Мені? ?мірім – ш?кіртке деген с?йіспеншілікпен ажарлы, ш?кіртке ?ызмет етумен ?сем, с?нді ж?не мен осы ой жетегінде отырып, ?зімді «таби?и, шынайы» «туа біткен» ?стаздар ?атарына жат?ызамын.Олай дейтінім мен ?з ?мірімді ?стазды? ?ызметсіз елестете алмаймын. Мен ?шін ш?кіртпен ж?мыс жасау – б?рінен де ?ымбат! Мені? ?мірлік ?станымым – 45 минут саба??а адал ?ызмет ету.?рбір 45 минут саба?ты мен  ш?кіртке деген с?йспеншілікке толы, шебер ?діс – т?сілдерге негізделген, мейірімділікпен адамгершілік ?асиеттер жиынты?ымен ?рілген, жо?ары д?режеде ?йымдастырыл?ан шы?армашылы? орта деп ?абылдаймын. Мен ?шін 45 минут саба? – бір б?тін, б?лек ?лем.?зімні? ?ажайып ?лемім – 45 минут саба?ым – ?зіндік мерекем саба??а кірген с?ттен басталады, себебі мен к?тері?кі к??іл – к?йде, ш?кірттеріме деген с?йіспеншілігіммен, ?лкен  жауапкершілікпен енемін. Мен ?шін 45 минут саба??а ену – аса зор мемлекеттік тапсырманы орында?аннан да арты?, себебі мені? саба?ым ?рбір болаша? ?рпа?ты? іргетасын ?алауымен ??нды. 45 минут саба??а к?нделікті ты??ылы?ты дайындалып келуді? к?кжиегінде жар?ын болаша?ты? да??ыл жолы сайрап жатыр.45 минут саба? – о?ытуды? негізгі формасы. ?р саба?ымды ?лкен ма?сат жетегінде шебер, ?тымды жоспарлау – айнымас ?станымым.Жоспарды д?рыс жасай алса?, саба? ?зі?е ?ызмет ете береді. Мені? жанатын жерім де, жаным жай табатын жерім де – мені? 45 минут саба?ым. ?рбір 45 минут саба?тан со? ?атты шаршаймын, біра? сол шаршау ма?ан т?тті л?зат сыйлайды, себебі н?тижеге ба?ыттал?ан саба?ты? керемет жетістіктері болары аны?. Мен ?шін  45 минут саба? – мені? т??ырым, білігім, шы?армашылы?ым, же?ісім, алар асуым! Саба?ты? ?тілуі, ма?сатына жетуі, ш?кіртке ?ызмет етуі… - б?рі – б?рі ?стаз шеберлігіне тікелей байланысты. 

   Саба??а  енгеннен бастап, сізді? жан д?ние?із тек «ш?кірт» деп елжіреп т?руы ?ажет, ш?кірт оны тез сезіне ?ояды да, к?з?арасы б?лек, ерекше бола бастайды. Атам ?аза? «б?ла? к?рсе? к?зін аш» деп бекер айтпа?ан ?ой … Ш?кірт ?леміне еніп кетуіміз ?ажет… Ш?кіртпен кісілік ?атынас?а т?ссе?, ол да адами ?алыпта сенімен бірге шынайы ?йлесе, ?ндесе ?алады. ?рине керемет саба?ты? артында тынымсыз е?бек, ізденіске толы к?ндер, жылдар жатыр.

45 минут саба? – ол білімге талпынысты оятатын бірден – бір шеберхана деп т?сінемін. ?рбір саба?тан ш?кірт ?анаттанып шы?уы ?ажет. Біле білсе?із, 45 минут – адам?а адамша ?арауды ?йретеді. 45 минут – ол ?мір с?руді?, ?мірге бейімделуді? таптырмас, ?айталанбас ортасы. ?рбір саба?та  ?рбір жеке т?л?аны 11 жыл бойы ?лкен адам ?ылып о?ытып, т?рбиелеп, ?мірге ?осу деген – ?лкен ерлік! 45 минут саба? – ?стазды? е?бегіні? айнасы, ?стаз шеберлігі мен о?ушы біліктілігіні? ?йлесімділігі. ?стазды? ма?саты – жетілдіру, жа?сарту, т?рлендіру жолдарымен айналысу. ?рбір ш?кірт ?рбір 45 минут саба?тан ?зіне керегін алып, ?сіп, ?ніп, ?алыптасып, жылдар ?те ?зіні? ?мірлік азы? алып жатыр?анын сезінуі ?ажет. Осындай ?суді, ?згеруді, дамуды к?ру, сол іс – ?рекетке ?атысты болу – тек ?стаз еншісіне тиесілі. Ш?кірт бойында?ы ?згеруді к?ру, сезіну, ба?ылау сия?ты ??былыстарды? иесі болу – мен ?шін ?лкен ??рмет!

    ?рбір ш?кірт ?стазына ?арап ?седі, еліктейді, себебі на?ыз ?стаз ?рбір 45 минут саба??а деген с?йіспеншілігін ш?кіртке деген с?йіспеншілікпен ?штастыра білсе, сол саба?тан ш?кірт шабыттанса, ол ?йіне келгенде, сол саба??а дайындаларда сол ?стаз бейнесін, іс- ?рекетін елестете отыра, жан т?німен орындау?а тырысады, ш?кіртті? саба??а ?стаз?а деген с?йіспеншілік сезімінен оны? шы?армашылы?ы оянады. Міне, ?стаз шеберлігі! ?стазды? барлы? ма?танышы, шатты?ы – оны? ш?кірттері болуы ?ажет. Ол ?рбір бала – болаша? данышпан деп ?арауы ?ажет. Ол ?з ?мірін, болмысын о?ыту?а, т?рбиелеуге, ш?кірт жолында сарп еткенде ?ана шынайы жетістікке жете алады деп есептеймін. Ш?кіртті? саба?тан тыс ?мірі мен саба?та?ы ?мірін бір- бірінен б?лмей, бірдей ?ста?анда ?ана ?лкен ма?саттарымыз с?зсіз орындалма?. ?рбір 45 минут саба? ?стазды? да, ш?кіртті? де м?мкіндіктеріні? ашылатын мекені. ?зіні? ?стазды? ?ызметін с?йетін адам ш?кіртке с?улесін, жалынын шашып, мейірімімен аймалап, ?ам?орлап ж?руі ?ажет.

    ?лы Абайды? «н?рлы а?ыл, ысты? ?айрат, жылы ж?рек» ?а?идасы 45 минут саба??ты? тірегіне айналу ?ажет. С?з жо? – ?стаз?а ?ажымайтын жігер, о?ыту?а, білдіртуге деген ??штарлы?, ?зіне, ш?кіртке ?оятын ?ата? талап ?ажет, саба??а деген зор ілтипат, ж?йелі педагогикалы? іс- ?рекеттері болуы міндетті. Е?бек бар жерде ?нбек бар. 45 минут – ?стаз бен ш?кіртті? та?дыры. Екеуі б?лінбейді де. Оны? (та?дырды?) ?алай сызылуы немесе жазылуы тек осы 2 жа?ты? ж?ректеріні? ??ынысуымен болады деп есептеймін. Ж?рекпен істелген ?рбір іс ж?рекке жететтіні а?и?ат. Ш?кірт та?дыры – тек ?стаз ?олында. ?рбір саба? сайын ш?кіртті? ашылуына, талмай ізденуіне м?мкіндік жаса?ан сайын, ш?кірт м?мкіндіктері ашыла береді, ашыла береді. Жетістіктерді? шары?тауыны? кілті – ш?кірт ж?регіні? кілтіне жол табу.Сол кілтті тауып, ш?кірт т?рбиелеуде ?зіндік жолымды салдым. (о?ан сан мы?да?ан саба?тарым д?лел, ш?кіртерімні? жо?ары к?рсеткіштері д?лел, ?ріптестерім ку?). Ш?кірттерімді шабыттандырамын деп ж?ріп, саба?тарымды т?рлендіремін деп тынымсыз е?бек етуімні? н?тижесінде ?зім де реттелдім, к?сіби ?стім, жетілдім.?з ісімні? хас шеберіне айналдым, ?діскер ?стаз ретінде жас ?стаздар?а т?лімгерлік етудемін. Ш?кірттеріме адал ?ызмет етудемін, ?лкен ж?регімні? жылуын ш?кірттеріме арнап келемін, арнаймын да, рахаттанамын ж?не со?ан шынайы ?уанамын.

     Мен ??мырымды мектепсіз елестете алмаймын. Шарша?анда мау?ымды басатын да, алыстап кетсем, са?ынышымды басатын да – мені? мектебім, ш?кірттерім. Мен ?з та?дырыма ризамын.

     

 

                                                                       ??марова Аманг?л ??мар?ызы.

                                                                       ?Р Білім Беру ісіні? ?здігі.

                                                                   Жо?ары санатты а?ылшын тілі п?ні

                                                                       м??алімі.   

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мені? ?станымым »

Менің ұстанымым.

Мен ауылдық жерде еңбек етіп келе жатырған қарапайым ұстазбын. Еңбек өтілімім 30 жылға таяды. Менің көп жылғы ұстаздық еткен тәжірибемнен түйгенім: мен өз өмірімді ұстаздық ете жүріп, келешек ұрпақты тәрбиелей, оқыта жүріп,өмірімді ажарландырып келемін. «Ажарландыру» ұғымы ауқымды, кең. Менің өмірім – шәкіртке деген сүйіспеншілікпен ажарлы, шәкіртке қызмет етумен әсем, сәнді және мен осы ой жетегінде отырып, өзімді «табиғи, шынайы» «туа біткен» ұстаздар қатарына жатқызамын.Олай дейтінім мен өз өмірімді ұстаздық қызметсіз елестете алмаймын. Мен үшін шәкіртпен жұмыс жасау – бәрінен де қымбат! Менің өмірлік ұстанымым – 45 минут сабаққа адал қызмет ету.Әрбір 45 минут сабақты мен шәкіртке деген сүйспеншілікке толы, шебер әдіс – тәсілдерге негізделген, мейірімділікпен адамгершілік қасиеттер жиынтығымен өрілген, жоғары дәрежеде ұйымдастырылған шығармашылық орта деп қабылдаймын. Мен үшін 45 минут сабақ – бір бүтін, бөлек әлем.Өзімнің ғажайып әлемім – 45 минут сабағым – өзіндік мерекем сабаққа кірген сәттен басталады, себебі мен көтеріңкі көңіл – күйде, шәкірттеріме деген сүйіспеншілігіммен, үлкен жауапкершілікпен енемін. Мен үшін 45 минут сабаққа ену – аса зор мемлекеттік тапсырманы орындағаннан да артық, себебі менің сабағым әрбір болашақ ұрпақтың іргетасын қалауымен құнды. 45 минут сабаққа күнделікті тыңғылықты дайындалып келудің көкжиегінде жарқын болашақтың даңғыл жолы сайрап жатыр.45 минут сабақ – оқытудың негізгі формасы. Әр сабағымды үлкен мақсат жетегінде шебер, ұтымды жоспарлау – айнымас ұстанымым.Жоспарды дұрыс жасай алсаң, сабақ өзіңе қызмет ете береді. Менің жанатын жерім де, жаным жай табатын жерім де – менің 45 минут сабағым. Әрбір 45 минут сабақтан соң қатты шаршаймын, бірақ сол шаршау маған тәтті ләзат сыйлайды, себебі нәтижеге бағытталған сабақтың керемет жетістіктері болары анық. Мен үшін 45 минут сабақ – менің тұғырым, білігім, шығармашылығым, жеңісім, алар асуым! Сабақтың өтілуі, мақсатына жетуі, шәкіртке қызмет етуі… - бәрі – бәрі ұстаз шеберлігіне тікелей байланысты.

Сабаққа енгеннен бастап, сіздің жан дүниеңіз тек «шәкірт» деп елжіреп тұруы қажет, шәкірт оны тез сезіне қояды да, көзқарасы бөлек, ерекше бола бастайды. Атам қазақ «бұлақ көрсең көзін аш» деп бекер айтпаған ғой … Шәкірт әлеміне еніп кетуіміз қажет… Шәкіртпен кісілік қатынасқа түссең, ол да адами қалыпта сенімен бірге шынайы үйлесе, үндесе қалады. Әрине керемет сабақтың артында тынымсыз еңбек, ізденіске толы күндер, жылдар жатыр.

45 минут сабақ – ол білімге талпынысты оятатын бірден – бір шеберхана деп түсінемін. Әрбір сабақтан шәкірт қанаттанып шығуы қажет. Біле білсеңіз, 45 минут – адамға адамша қарауды үйретеді. 45 минут – ол өмір сүрудің, өмірге бейімделудің таптырмас, қайталанбас ортасы. Әрбір сабақта әрбір жеке тұлғаны 11 жыл бойы үлкен адам қылып оқытып, тәрбиелеп, өмірге қосу деген – үлкен ерлік! 45 минут сабақ – ұстаздың еңбегінің айнасы, ұстаз шеберлігі мен оқушы біліктілігінің үйлесімділігі. Ұстаздың мақсаты – жетілдіру, жақсарту, түрлендіру жолдарымен айналысу. Әрбір шәкірт әрбір 45 минут сабақтан өзіне керегін алып, өсіп, өніп, қалыптасып, жылдар өте өзінің өмірлік азық алып жатырғанын сезінуі қажет. Осындай өсуді, өзгеруді, дамуды көру, сол іс – әрекетке қатысты болу – тек ұстаз еншісіне тиесілі. Шәкірт бойындағы өзгеруді көру, сезіну, бақылау сияқты құбылыстардың иесі болу – мен үшін үлкен Құрмет!

Әрбір шәкірт ұстазына қарап өседі, еліктейді, себебі нағыз ұстаз әрбір 45 минут сабаққа деген сүйіспеншілігін шәкіртке деген сүйіспеншілікпен ұштастыра білсе, сол сабақтан шәкірт шабыттанса, ол үйіне келгенде, сол сабаққа дайындаларда сол ұстаз бейнесін, іс- әрекетін елестете отыра, жан тәнімен орындауға тырысады, шәкірттің сабаққа ұстазға деген сүйіспеншілік сезімінен оның шығармашылығы оянады. Міне, ұстаз шеберлігі! Ұстаздың барлық мақтанышы, шаттығы – оның шәкірттері болуы қажет. Ол әрбір бала – болашақ данышпан деп қарауы қажет. Ол өз өмірін, болмысын оқытуға, тәрбиелеуге, шәкірт жолында сарп еткенде ғана шынайы жетістікке жете алады деп есептеймін. Шәкірттің сабақтан тыс өмірі мен сабақтағы өмірін бір- бірінен бөлмей, бірдей ұстағанда ғана үлкен мақсаттарымыз сөзсіз орындалмақ. Әрбір 45 минут сабақ ұстаздың да, шәкірттің де мүмкіндіктерінің ашылатын мекені. Өзінің ұстаздық қызметін сүйетін адам шәкіртке сәулесін, жалынын шашып, мейірімімен аймалап, қамқорлап жүруі қажет.

Ұлы Абайдың «нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» қағидасы 45 минут сабаққтың тірегіне айналу қажет. Сөз жоқ – ұстазға қажымайтын жігер, оқытуға, білдіртуге деген құштарлық, өзіне, шәкіртке қоятын қатаң талап қажет, сабаққа деген зор ілтипат, жүйелі педагогикалық іс- әрекеттері болуы міндетті. Еңбек бар жерде өнбек бар. 45 минут – ұстаз бен шәкірттің тағдыры. Екеуі бөлінбейді де. Оның (тағдырдың) қалай сызылуы немесе жазылуы тек осы 2 жақтың жүректерінің ұғынысуымен болады деп есептеймін. Жүрекпен істелген әрбір іс жүрекке жететтіні ақиқат. Шәкірт тағдыры – тек ұстаз қолында. Әрбір сабақ сайын шәкірттің ашылуына, талмай ізденуіне мүмкіндік жасаған сайын, шәкірт мүмкіндіктері ашыла береді, ашыла береді. Жетістіктердің шарықтауының кілті – шәкірт жүрегінің кілтіне жол табу.Сол кілтті тауып, шәкірт тәрбиелеуде өзіндік жолымды салдым. (оған сан мыңдаған сабақтарым дәлел, шәкіртерімнің жоғары көрсеткіштері дәлел, әріптестерім куә). Шәкірттерімді шабыттандырамын деп жүріп, сабақтарымды түрлендіремін деп тынымсыз еңбек етуімнің нәтижесінде өзім де реттелдім, кәсіби өстім, жетілдім.Өз ісімнің хас шеберіне айналдым, әдіскер ұстаз ретінде жас ұстаздарға тәлімгерлік етудемін. Шәкірттеріме адал қызмет етудемін, үлкен жүрегімнің жылуын шәкірттеріме арнап келемін, арнаймын да, рахаттанамын және соған шынайы қуанамын.

Мен ғұмырымды мектепсіз елестете алмаймын. Шаршағанда мауқымды басатын да, алыстап кетсем, сағынышымды басатын да – менің мектебім, шәкірттерім. Мен өз тағдырыма ризамын.



Құмарова Амангүл Құмарқызы.

ҚР Білім Беру ісінің үздігі.

Жоғары санатты ағылшын тілі пәні

мұғалімі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мені? ?станымым

Автор: Кумарова Амангул Кумаровна

Дата: 13.02.2015

Номер свидетельства: 172453

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) ""Мені? педагогикалы? ?станымым" "
    ["seo_title"] => string(34) "mienin-piedaghoghikalyk-u-stanymym"
    ["file_id"] => string(6) "133499"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1416510148"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Мені? педагогикалы? ?станымым; м?ні,??ндылы?тары"
    ["seo_title"] => string(55) "mienin-piedaghoghikalyk-u-stanymym-m-ni-k-u-ndylyk-tary"
    ["file_id"] => string(6) "252024"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447325184"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) ""Мені? педогогикалы? ?станымым: м?ні,??ндылы?тары, басымды?тары" (эссе)"
    ["seo_title"] => string(63) "mieninpiedoghoghikalykustanymymmnikundylyktarybasymdyktaryessie"
    ["file_id"] => string(6) "295863"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1455884002"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Мені? педагогикалы? ?станымым "
    ["seo_title"] => string(36) "mienin-piedaghoghikalyk-u-stanymym-1"
    ["file_id"] => string(6) "169592"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423422908"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Эссе. Та?ырыбы: "Мені?  к?сіби  ?станымым" "
    ["seo_title"] => string(40) "essie-tak-yryby-mienin-k-sibi-u-stanymym"
    ["file_id"] => string(6) "174256"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1424102869"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства