kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мені? педогогикалы? ?станымым: м?ні,??ндылы?тары, басымды?тары" (эссе)

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                Ба?анас мектеп-интернаты

                                                              Эссе

Та?ырыбы: «Мені? педагогикалы? ?станымым: м?ні,??ндылы?тары,басымды?тары»

Бастауыш сынып м??алімі: Мамышева Д.К

                                                    2016 жыл

   Мен лайы?тымын а?ылдымын абзал жанмын

     Арманны? ?иялынан та?да?анмын

  “?стаз” деген ?лы істі? м?нін біліп,

    ?міріме ді?гек ?ып та?дап алдым.   деген

  ж?рекжарды ?стазды? ?лы іске ??лшын?ан ж?регімнен шы??ан біраз ?ле?    жолдарыммен бастауды ж?н к?ріп отырмын.

    Мен ?зімні? ?стаз бол?аныма ма?тан етемін, себебі, ал?аш мектеп табалдыры?ын аттап, ал?аш рет ?олыма ?алам ?ста?ан к?ннен бастап, мені? арманым м??алім болу еді. ?азір мен ?з арманыма жеттім деп ойлаймын ж?не ма?ан д?ріс берген ?стаздарыма, ата-анама  ал?ысым шексіз. М??алімні? бейімділігі, дарындылы?ы к?бінесе о?ушыны? та?дырын шешеді. «?стазсыз ш?кірт т?л, ш?кіртсіз ?стаз т?л, ?стазды? еткен жалы?пас ?йретуден бала?а » дейді ?аза?. Б?л бас?а емес, д?л педагог маманды?ына арнап айтыл?ан ма?ал. ?рине, ?стаз деп тек м??алімдерді айту?а болмайды. Мені?  ?мірі?е ба?ыт берген, к?сібімді  ?йреткен, тіршілігіме  н?р берген адамны? барлы?ын ?стаз санаймын. Егер мектептегі ?стаз?а келер болса?, б?ларды жаны ?те н?зік, жомарт, сезімтал жандар деп айтар едім. О?ушы?а ?стазды? жасайтын адамны? бойында ?з маманды?ына берілген, бар ?уатын о?ушы?а сар?ып бере алатын, онымен бірге ?уана да, ?ай?ыра да білетін барлы? асыл ?асиеттер болу ?ажет. Мені? ойымша, ?стаз болу - кез-келген адамны? ?олынан келе бермейді. На?ыз ?стаз ш?кірттерін «біз жа?сы ?стаздан саба? алды?» деп айтатындай д?режеге жеткізу керек. Мені? ?стаздарымды, ата-анамды мен «на?ыз ?стаз» деп айта аламын ж?не оларды? жолын ?уып ?зімні? де ?стаз бол?аныма ?уаныштымын!«Орта мектепті ая?та?аннан кейін еш ойланбастан  м??алімдік маманды?ты та?дап,  Алматы ?аласына «?здіксіз білім беру» колледжге о?у?а т?сіп, колледжіні бітіргенен кейін, сол ?алада Жемпи де педагогикалы? институтта   жо?ар?ы о?у орнында білім алдым. М?нда?ы ?ткен 3 жыл мен ?шін зымырап тез ?те шы?ты. ?олыма диплом алып, м??алім маманды?ын алып, мен мектепте, бастауыш сыныптар?а  д?ріс бере бастадым. О?ушыларым мені? жа?алы?тарыма, жа?а т?жірибеме ?ызы?ушылы?пен жауап берді. Осылайша мені? бірінші ?станымым пайда болды: о?ушыларды о?ыту ?шін, бірінші ?зі? о?уы?  керек, о?ушылар?а т?рбие беру ?шін, т?рбиені ?зі?нен бастауы? ?ажет, о?ушыларды дамыту ?шін, ?рдайым ?зі? іздену, даму ?стінде болуым ?ажет сонда ?ана осы маманды??а лайы?тын деп санаймын. Б?рі бірден жа?сы болып кете ?ой?ан жо?. Мен к?п іздендім, ?з ісіні? на?ыз мамандарын, е? ?здіктерін іздедім. Осылайша, мен ?зімні? екінші ?станымыма келдім: биіктерге жету ?шін, болаша??а к?з ж?гіртіп, ?з идеалы?ды таба білуім керек. Мен ?з ?ріптестерім арасынан Рахимбаева Назг?лді?   ?стазды? т?жірбиесін ?зіме ?лгі етемін.  

Т?рбиелеуде м??алімні? ?зіні? не біліп, не істейтіні ма?ыздыра?, біра? оны? ы?палымен ш?кірттеріні? не біліп, не істейтіні онан да ма?ыздыра?. М??алімдер, міне осынысымен ба?аланады. Цицерон. Елімізді? болаша?ы м??алімні? білімі мен біліктілігіне, рухани ?леуетіне, ???ы?ты? ж?не саяси м?дениетіне байланысты. Білім беру ж?йесін одан ?рі жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын ж?зеге асыру ?стаздар?а шеберлік пен іскерлікті, к?сіби дайынды?ыны? сапасын ?сіру ж?не дамыту міндеттерін ?ойып отыр. Жа?сылы??а бастайтын жары? ж?лдыз-о?у.«Надан ж?ртты? к?ні – ?ара?, келешегі т?ман»,-деп М.Дулатов айт?андай, егеменді елімізді? тірегі-білімді ?рпа?. Білім беру ісіндегі жоспарлауды? ма?ыздылы?ын айта келіп, ?аза?стан Республикасыны? президенті Н.?.Назарбаев былай дейді:«?лтты? б?секеге ?абілеттілігі оны? біліміні? к?рсеткішімен белгіленеді». Білімдену ж?йесіні? табысты болуы к?біне ?олданылатын о?у ?дістеріне т?уелді.О?у ?дісі – білім игеру ма?саттарына ?ол жеткізуге ба?ыттал?ан о?ытушы мен о?ушыны? бірліктегі іс-?рекеті ?имыл-т?сілдері.О?у ма?саты жолында?ы ?стазды? о?ыту ж?мысы мен ш?кіртті? о?ып-?йрену ?рекеттеріні? ?зара байланыстылы?ы осы о?у ?дісінен к?рінеді.О?ушы?а белгілі бір д?режеде білім берумен ?атар о?у?а, ?йренуге деген ы?ыласын арттыру ?р ?стазды? басты міндеті. Саба? барысында ш?кіртті? білімге ??штарлы?ын арттыру, ?здігінен ойлау ?абілетін жандандыру, е?бек етуге баулу, жалпы о?ушы.бойына жауапкершілік сезімін ?алыптастыру, еш?ашан к?н т?ртібінен т?спейтін м??алімдерге ?ойылатын басты талап. Де?гей ба?дарламасы м??алімні? алдына, о?ушыны? жан д?ниесін жа?сы т?сіне білу ж?нінде на?ты міндеттеме ?ойып отыр.Кембридж ба?дарламасы бойынша ?ткізілген курс тапсырмаларын орындау, м??алімдерді? шеберлігін арттыру– жас ?рпа?ты ?з бетімен ж?мыс істеу, тияна?тылы??а, ?стамдылы??а т?рбиелеу, жауапкершілігін арттырады. Осы жоба ?аза?стан мектептерінде толы? ж?зеге асатын болса бас?а елдермен б?секеге т?се алатын жас ?рпа?ты т?рбиелеп шы?уымыз с?зсіз.Мектептегі о?ушылар?а сапалы білім беру н?тижесі м??алімні? ?станымына байланысты.?станым дегеніміз не? М??алімні? ?станымы -оны? к?з?арасы, ?абылда?ан шешімі мен іс-?рекетіні? негізі. Педагогикалы? ?станым– б?л педагогты? ?зіні? т?жірибелік іс-?рекетінде ж?не мінез – ??л?ында басшылы??а алатын негізгі, бастап?ы жа?дайлары. О?ыту ?станымдары – о?ытуды? мазм?нына, ?йымдастырылуына ж?не ?дістемесіне ?ойылатын талаптар ж?йесін аны?тайтын негізгі жа?дайлар. Мені? бастауыш п?нін о?ыту технологиясыны? мазм?нын жа?арту жа?дайында?ы педагогикалы? ?станымым:«Ма?ан айтып берсе? – ?мытып ?алармын, к?рсетсе? – есімде са?тармын, ?зіме жасатса? ?йреніп алармын» –деп Конфуций айт?андай,  білімді о?ушыларды? ?здері ме?геруіне ?мтылдыратын ?діс-т?сілдерді жетілдіру. Баланы ?з алдына ма?сат ?ою?а ж?не жеке м?дделерін аны?тау?а ж?не ?ор?ау?а ?йретуіміз, я?ни ашып айт?анда баланы? та?дауын ж?не оны? ?алауын д?рыс т?сінуге, арманына жету ?шін к?ресе білуге ?йрету. Осы орайда Конфуцийді? :«Бала?а балы? ?стап берсе?, бір рет жейді. Ал, сен о?ан ?арма? беріп, балы? аулау?а ?йретсе?, ол балы?ты ?мір бойы жейтін болады»,- деген с?зі сай келеді. Жалпы мен ?ш айлы? курста ?йренген барлы? ?діс –т?сілдерді ?олдана келіп, бір н?рсеге к?бірек то?талуды орынды деп есептеймін. О?ушыны? білім сапасын арттыру ?шін е? алдымен о?ушыны? есте са?тау ?абілеттеріне назар аударып отыру керек деп ойлаймын. Мені тол?андыр?ан осы бір кедергіні болдырмау жолын іздеген кезімде «Хадис» кітабынан жауап тап?ан болатынмын, б?л жауап былай айтыл?ан еді: «Білімні? апаты – есте са?тамау, немесе оны ?ызы?ушылы?ы жо? біреуге ?йретіп алтын?а те? уа?ыты?ды бос?а ?ткізу». Сол к?ннен бастап мен о?ушыны? есте са?тауына м?н беріп отырдым ж?не б?л іс-?рекетімні? жемісін к?ре бастадым. Алдымен мен ?рбір саба?ыма жа?сылап дайындалатын болдым, содан со? о?ушыларды? сол саба?та не ?йренгені ж?не сол та?ырыпты о?ай есте са?тауларына ?з к?шімді салып отырдым. ?арап отырсам б?л ж?мысымнан ?зімде рухтанып, бойымда ??лшыныс пайда бол?анын сездім ж?не де?гейлік ба?дарламаны? о?у ?дерісіне ?згеріс ?келетінін мойындадым, к??ілде ж?рген к?п т?йткілді? кілті іспеттес екеніне біртіндеп к?з жеткіздім. Ендігі ма?сатым «кембридж т?сілдерін» саба?та ?лтты? педагогикамен ?йлестіре пайдалану ар?ылы білім сапасын арттырумен ?атар, тарихынан т?лім ал?ан ?лтжанды, патриот т?л?аларды ?алыптастыру «А?ша жо?алтса? – еште?е?ді жо?алтпайсы?, уа?ыты?ды жо?алтса? – к?п н?рсе?ді жо?алтасы?, досы?ды жо?алтса? – к?п н?рсе?ді жо?алтасы?, ?зі?ді жо?алтса?  - б?рін жо?алтасы?» деп неміс ма?алы д?рыс айтыл?ан. Осы?ан орай, мені? ?мірлік ?а?идам – еш?ашан ?з ?адір-?асиетімді жо?алтпау, ?р?ашан тек шыншыл, адал, ?з ісіне берілген т?л?а болып ?алу».

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мені? педогогикалы? ?станымым: м?ні,??ндылы?тары, басымды?тары" (эссе)»

Бақанас мектеп-интернаты





Эссе

Тақырыбы: «Менің педагогикалық ұстанымым: мәні,құндылықтары,басымдықтары»











Бастауыш сынып мұғалімі: Мамышева Д.К











2016 жыл











Мен лайықтымын ақылдымын абзал жанмын

   Арманның қиялынан таңдағанмын

  “Ұстаз” деген ұлы істің мәнін біліп,

   Өміріме діңгек қып таңдап алдым.   деген

 жүрекжарды ұстаздық ұлы іске құлшынған жүрегімнен шыққан біраз өлең жолдарыммен бастауды жөн көріп отырмын.

    Мен өзімнің ұстаз болғаныма мақтан етемін, себебі, алғаш мектеп табалдырығын аттап, алғаш рет қолыма қалам ұстаған күннен бастап, менің арманым мұғалім болу еді. Қазір мен өз арманыма жеттім деп ойлаймын және маған дәріс берген ұстаздарыма, ата-анама  алғысым шексіз. Мұғалімнің бейімділігі, дарындылығы көбінесе оқушының тағдырын шешеді. «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл, ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға » дейді қазақ. Бұл басқа емес, дәл педагог мамандығына арнап айтылған мақал. Әрине, ұстаз деп тек мұғалімдерді айтуға болмайды. Менің  өміріңе бағыт берген, кәсібімді  үйреткен, тіршілігіме  нәр берген адамның барлығын ұстаз санаймын. Егер мектептегі ұстазға келер болсақ, бұларды жаны өте нәзік, жомарт, сезімтал жандар деп айтар едім. Оқушыға ұстаздық жасайтын адамның бойында өз мамандығына берілген, бар қуатын оқушыға сарқып бере алатын, онымен бірге қуана да, қайғыра да білетін барлық асыл қасиеттер болу қажет. Менің ойымша, ұстаз болу - кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Нағыз ұстаз шәкірттерін «біз жақсы ұстаздан сабақ алдық» деп айтатындай дәрежеге жеткізу керек. Менің ұстаздарымды, ата-анамды мен «нағыз ұстаз» деп айта аламын және олардың жолын қуып өзімнің де ұстаз болғаныма қуаныштымын!«Орта мектепті аяқтағаннан кейін еш ойланбастан  мұғалімдік мамандықты таңдап,  Алматы қаласына «Үздіксіз білім беру» колледжге оқуға түсіп, колледжіні бітіргенен кейін, сол қалада Жемпи де педагогикалық институтта   жоғарғы оқу орнында білім алдым. Мұндағы өткен 3 жыл мен үшін зымырап тез өте шықты. Қолыма диплом алып, мұғалім мамандығын алып, мен мектепте, бастауыш сыныптарға  дәріс бере бастадым. Оқушыларым менің жаңалықтарыма, жаңа тәжірибеме қызығушылықпен жауап берді. Осылайша менің бірінші ұстанымым пайда болды: оқушыларды оқыту үшін, бірінші өзің оқуың  керек, оқушыларға тәрбие беру үшін, тәрбиені өзіңнен бастауың қажет, оқушыларды дамыту үшін, әрдайым өзің іздену, даму үстінде болуым қажет сонда ғана осы мамандыққа лайықтын деп санаймын. Бәрі бірден жақсы болып кете қойған жоқ. Мен көп іздендім, өз ісінің нағыз мамандарын, ең үздіктерін іздедім. Осылайша, мен өзімнің екінші ұстанымыма келдім: биіктерге жету үшін, болашаққа көз жүгіртіп, өз идеалыңды таба білуім керек. Мен өз әріптестерім арасынан Рахимбаева Назгүлдің  ұстаздық тәжірбиесін өзіме үлгі етемін.  

Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңыздырақ, бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне осынысымен бағаланады. Цицерон. Еліміздің болашағы мұғалімнің білімі мен біліктілігіне, рухани әлеуетіне, құқықтық және саяси мәдениетіне байланысты. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыру ұстаздарға шеберлік пен іскерлікті, кәсіби дайындығының сапасын өсіру және дамыту міндеттерін қойып отыр. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу.«Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман»,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Білім беру ісіндегі жоспарлаудың маңыздылығын айта келіп, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев былай дейді:«Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білімінің көрсеткішімен белгіленеді». Білімдену жүйесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу әдістеріне тәуелді.Оқу әдісі – білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірліктегі іс-әрекеті қимыл-тәсілдері.Оқу мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шәкірттің оқып-үйрену әрекеттерінің өзара байланыстылығы осы оқу әдісінен көрінеді.Оқушыға белгілі бір дәрежеде білім берумен қатар оқуға, үйренуге деген ықыласын арттыру әр ұстаздың басты міндеті. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жалпы оқушы .бойына жауапкершілік сезімін қалыптастыру, ешқашан күн тәртібінен түспейтін мұғалімдерге қойылатын басты талап. Деңгей бағдарламасы мұғалімнің алдына, оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр.Кембридж бағдарламасы бойынша өткізілген курс тапсырмаларын орындау, мұғалімдердің шеберлігін арттыру– жас ұрпақты өз бетімен жұмыс істеу, тиянақтылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу, жауапкершілігін арттырады. Осы жоба Қазақстан мектептерінде толық жүзеге асатын болса басқа елдермен бәсекеге түсе алатын жас ұрпақты тәрбиелеп шығуымыз сөзсіз.Мектептегі оқушыларға сапалы білім беру нәтижесі мұғалімнің ұстанымына байланысты.Ұстаным дегеніміз не? Мұғалімнің ұстанымы -оның көзқарасы, қабылдаған шешімі мен іс-әрекетінің негізі. Педагогикалық ұстаным– бұл педагогтың өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез – құлқында басшылыққа алатын негізгі, бастапқы жағдайлары. Оқыту ұстанымдары – оқытудың мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын негізгі жағдайлар. Менің бастауыш пәнін оқыту технологиясының мазмұнын жаңарту жағдайындағы педагогикалық ұстанымым:«Маған айтып берсең – ұмытып қалармын, көрсетсең – есімде сақтармын, өзіме жасатсаң үйреніп алармын» –деп Конфуций айтқандай, білімді оқушылардың өздері меңгеруіне ұмтылдыратын әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Баланы өз алдына мақсат қоюға және жеке мүдделерін анықтауға және қорғауға үйретуіміз, яғни ашып айтқанда баланың таңдауын және оның қалауын дұрыс түсінуге, арманына жету үшін күресе білуге үйрету. Осы орайда Конфуцийдің :«Балаға балық ұстап берсең, бір рет жейді. Ал, сен оған қармақ беріп, балық аулауға үйретсең, ол балықты өмір бойы жейтін болады»,- деген сөзі сай келеді. Жалпы мен үш айлық курста үйренген барлық әдіс –тәсілдерді қолдана келіп, бір нәрсеге көбірек тоқталуды орынды деп есептеймін. Оқушының білім сапасын арттыру үшін ең алдымен оқушының есте сақтау қабілеттеріне назар аударып отыру керек деп ойлаймын. Мені толғандырған осы бір кедергіні болдырмау жолын іздеген кезімде «Хадис» кітабынан жауап тапқан болатынмын, бұл жауап былай айтылған еді: «Білімнің апаты – есте сақтамау, немесе оны қызығушылығы жоқ біреуге үйретіп алтынға тең уақытыңды босқа өткізу». Сол күннен бастап мен оқушының есте сақтауына мән беріп отырдым және бұл іс-әрекетімнің жемісін көре бастадым. Алдымен мен әрбір сабағыма жақсылап дайындалатын болдым, содан соң оқушылардың сол сабақта не үйренгені және сол тақырыпты оңай есте сақтауларына өз күшімді салып отырдым. Қарап отырсам бұл жұмысымнан өзімде рухтанып, бойымда құлшыныс пайда болғанын сездім және деңгейлік бағдарламаның оқу үдерісіне өзгеріс әкелетінін мойындадым, көңілде жүрген көп түйткілдің кілті іспеттес екеніне біртіндеп көз жеткіздім. Ендігі мақсатым «кембридж тәсілдерін» сабақта ұлттық педагогикамен үйлестіре пайдалану арқылы білім сапасын арттырумен қатар, тарихынан тәлім алған ұлтжанды, патриот тұлғаларды қалыптастыру «Ақша жоғалтсаң – ештеңеңді жоғалтпайсың, уақытыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, досыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, өзіңді жоғалтсаң  - бәрін жоғалтасың» деп неміс мақалы дұрыс айтылған. Осыған орай, менің өмірлік қағидам – ешқашан өз қадір-қасиетімді жоғалтпау, әрқашан тек шыншыл, адал, өз ісіне берілген тұлға болып қалу».


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Мені? педогогикалы? ?станымым: м?ні,??ндылы?тары, басымды?тары" (эссе)

Автор: Мамышева Динара Куанышевна

Дата: 19.02.2016

Номер свидетельства: 295863


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства