kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Эссе. Та?ырыбы: "Мені? к?сіби ?станымым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Эссе

Мені?  к?сіби  ?станымым

                ?аза? хал?ында  «Жас  келсе-іске!»-деген   керемет  с?зі  бар.  Ендеше  мен бойымда?ы жасты? жігерімді, к?ш ?уатымды, жа?ашылды?ымды,?йренгенім мен білген-т?йгендерімді  ш?кірт  т?рбиелеуге  ж?мсасам деген алдыма ма?сат ?ой?ан болатынмын. Мен ?шін е? ?астерлі де, ?асиетті маманды? ол – ?стаз болу. Мен педагог-психолог маманды?ын осы ма?сатта та?дап, жа?сы к?рдім. Осынау ?астерлі маманды?ты? иесі атан?аныма міне, биыл бес жыл болды. ?ызы?ы мен ?уанышы, ?иыны мен же?ілі мол е?бек жолында?ы педагогикалы? ?станымым – ?немі жа?алы??а ?мтылып, алды??ы ?атардан к?ріну ж?не ?р о?ушыны? бойында жа?сылы? шамын жа?ып, б?ла?ты? к?зін ашу ар?ылы биік армандар?а жетелеу.

             Мектептегі о?ушылар?а сапалы білім беру н?тижесі м??алімні? ?станымына байланысты деп ойлаймын. В.А.Сухомлинскиді? « М??алімдік маманды? – б?л адамтану, адамны? к?рделі ж?не ?ызы?ты, шым-шытыры?ы мол рухани жан д?ниесіне  ??іле білу. Педагогикалы? шеберлік пен  педагогикалы? ?нер – ол даналы?ты ж?ректен ??а білу болып табылады»-деген ?анатты с?зін де мен маманды?ыма сай ?станым ретінде ?абылдаймын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Эссе. Та?ырыбы: "Мені? к?сіби ?станымым" »

Эссе

Менің кәсіби ұстанымым

Қазақ халқында  «Жас  келсе-іске!»-деген   керемет  сөзі  бар. Ендеше  мен бойымдағы жастық жігерімді, күш қуатымды, жаңашылдығымды,үйренгенім мен білген-түйгендерімді  шәкірт  тәрбиелеуге  жұмсасам деген алдыма мақсат қойған болатынмын. Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол – ұстаз болу. Мен педагог-психолог мамандығын осы мақсатта таңдап, жақсы көрдім. Осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма міне, биыл бес жыл болды. Қызығы мен қуанышы, қиыны мен жеңілі мол еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойында жақсылық шамын жағып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік армандарға жетелеу.

Мектептегі оқушыларға сапалы білім беру нәтижесі мұғалімнің ұстанымына байланысты деп ойлаймын. В.А.Сухомлинскидің « Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады»-деген қанатты сөзін де мен мамандығыма сай ұстаным ретінде қабылдаймын.

Менің ойымша, біріншіден ұстаз міндеті өз пәнін шәкірттеріне жақсы үйретуден де тереңіректе жатыр. Педагог алдындағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол әлі зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, әрқайсысының басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу мен үшін бұлжытпас борыш деп білемін.

Екіншіден психология – бүгінгі ғасырдың мамандығы. Қазіргі таңда кез келген мекеме психолог мамандығын қажет етеді. Адам баласын жаман жолдан сақтандыру үшін алдын-ала жұмыстануда немесе адамның тығырыққа тіреліп, шырғалаңға түскен шақта қол ұшын беріп,дұрыс жол көрсету үшін білгір психолог маман болу керек. Мен педагог-психолог қызметін атқаруда өзімнің ұстанымдарымды басшылыққа алып, қызмет атқару барысында бала жанын түсініп қана қоймай оқушыларды дұрыс жолға салуда және тәрбиелеуде барынша игілікті жұмыстар жүргізуге тырысып жүрмін. Атап айтсам: мектеп оқушыларымен жас ерекшелігіне қарай әр түрлі кеңестер, психологиялық тренингтер мен сауалнамалар және ойындар өткіземін. Ата-аналармен кеңестер, жеке оқушылармен өмірде кездесетін кез-келген жағдайдың алдын алу мақсатында сұхбаттар жүргіземін. Сондай-ақ ақпарат кеңістігінен хабар алып, өзімнің әріптестерімнен іс-тәжірибе алмасуда ақыл-кеңестер алып отырамын. Сонымен қатар сыныптағы балалардың ішінен дарынды, қиын балаларды анықтап, әрқайсысымен жеке сұхбаттасып, кеңес беремін.

Тегінде, тәрбие - үлкен үлкен жауапкершілікті, жүйелі көңіл бөлуді талап ететін өзгеше бір әлем. Ғылымда осы өзгеше тәрбие мәселесімен айналысатын педагогика-психология саласы – халық педагогикасын зерделеуге, бала психологиясын, оның эстетикалық талғамын, ұлттың дәстүрлі мәдениетін, өмірдегі жаман-жақсы адамдар психологиясын зерттеуге арналған бірден-бір ғылым. Осы ғылымның терең тамырлы, жан-жақты халықтық тәрбие, еңбек тәрбиесі, әскери тәрбие, патриоттық тәрбие, экономикалық тәрбие салалары бар. Барлық салалардың көздеген мақсаты - біреу ғана, ол – адам тәрбиелеу, яғни бүгінгі ұлттың менталитетіне лайық икемді, жан-жақты жетілген парасатты ұлт азаматын тәрбиелеу және адам бойындағы ешқандай аспаппен өлшеп болмайтын асыл қасиет – адамгершілік нәрін адам бойына сіңіру болып саналады.

Қорытындылай келе, ұстаз бақыты- білімді ұрпақта, абыройлы еңбекте дер едім. Мен үшін даңқ та, ақша да маңызды емес, шәкірт тәрбиелеуде сөзімді, еңбегімді бағалайтын ұрпақ болса - сол маңызды.

«Ел есінде бір қалғың келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе – ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе – бала тәрбиеле» дейді халық даналығы. Сол айтқандай болашақта өз   оқушыларымды   биік  белестерден    көрсем,    

сол  үшін  өзімнің   кішкене   де   болса   үлесім тиген    болса,  мен  өзімді  

мамандығыма сай кәсіп иесімін және бақытты   адаммын  деп   білемін.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Эссе. Та?ырыбы: "Мені? к?сіби ?станымым"

Автор: То?па?ова Айгерім Алибаевна

Дата: 16.02.2015

Номер свидетельства: 174256


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства