Бұл баяндама мектептегі көптілділік бағдарламының жүзеге асырылуы жайында. Бұл бағдарламаның қандай маңыздылығы бар екендігі, және өз тәжірибемде қалай қолданғаным жайында.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Мектепте көптілділік бағдарламасын жүзеге асыру"»
«Мектепте көптілділік бағдарламасын жүзеге асыру».
Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті түлға қалыптастыру — өзекті мәселелердің бірі. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Біз алдағы уақытта осы алған бағытымыздан таймай әлемдік биіктерді бағындыра беретін боламыз. Сондай биік белестердің бірі – Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі. Ол мақсатқа жету үшін, ең алдымен, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болу керек» дей отырып, осы мақсатқа жету жолдарымен де таныстырып өтті. Тіл мәселесін сөзге тиек етіп, елбасы қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата- аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырды. Елбасының биылғы халыққа арнаған “Қазақстан халқының әл - ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” атты Жолдауында Үкіметтің алдына “Тілдердің үш тұғырлығы” мәдени жобасын іске асыруды жеделдету міндетін алға қойып отыр.
Осыған орай 2015-2018 оқу жылдарында көптілділіктің дамуына арналған аймақтық бағдарлама жасалды.
Жасалуына негізделген міндеттер:
Елбасының бес институционалдық реформасына негізделген “100 нақты қадам ” мемлекеттік жоспары
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарына негізделген білім берудің мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекеттік жалпыміндетті, жалпы орта білім беретін стандарт
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің нормативті-құқықтық құжаттары.
Осы бағдарламаның біздің мектепте қалай жүзеге асырылып жатқандығын келесі слайдтардан көруге болады.
Ағылшын тілін оқытып үйретуде алдыма койып отырған басты мақсатым:
Оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу тілін дамыту, сауаттылығын арттыру.
Міндеттер:
- Сөйлеудің қарапайым дағдысын қалыптастыру
- Мұғалімнен кейін кайталау аркылы сөздерді фонетикальқ жағынан дұрыс айту
- Окушылардың тыңдау, зейінін қалыптастырып сөздерді, дұрыс айтуға дағдыландыру
- Окушылардын сөздік қорын молайтып, оны дұрыс қолдана білуге үйрету
- Жай грамматикалық құрылымдарды менгерту.
Осы мақсат, міндеттерді басшылыққа ала отырып, мен өз сыныптарымда жас ерекшеліктеріне байланысты вариатив бөліктердің тақырыптарын да әртүрлі алдым.
Бастауыш сыныптарда «Happy English», ал орта буында «Қызықты грамматика» деп аталады.
Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерды, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолдануда. Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын, ағылшын тілінде өз ойын ауызша жеткізе алатын, оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалай қалыптастыруға болады? деген сұрақ туындайды. Менің байқап бақылағаным бойынша оқушылардың сөйлеу дағдысы алғаш сабақ басталғаннан бастап қалыптаса бастайды. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту, білім — білік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділіген арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарға төмендегідей әдістерді жатқызуға болады:
Мысалы: ойындар, видео, аудио, слайдтар, жұппен, топтық жұмыстарды, сыныптан тыс шаралар: апталықтарды жүргіздім.
Ойын жүргізуде Bridge game
Апталық: tale «Turnip»
Слайдтан
Аудио, видео
Аталған әдістерді пайдалана отырып түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды, теориялық мәселелер мен қағидаларды меңгерту тиімді болып табылады. Сонымен қатар оқушылырадың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады. ағылшын тілі пәні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Өз тәжірибемнен мысал келтіретін болсам осы оқу жылында 5-8 сыныпта өткізген апталықта түрлі әдіс-тәсілдермен жаттығуларды, сонымен қатар жаңа оқыту технологиялардың элементтерін қолданып оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыруға тырыстым.
Қорыта келе оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді әдістерді пайдалана отырып, жаттығулар орындатудың маңызы зор екендігін байқауға болады. Демек олардың іскерлік сөйлеу дағдыларын белсенді ұйымдастыра отырып, тиянақты білім беру – мұғалімнің ой ұшқырлығына, комуникативті құзіреттілігіне байланысты.
2016-2018 жылдарда нәтижеге жетуге ұмтылу барысында биылғы жылғы I және II тоқсандардағы білім сапасын назарларыңызға ұсынамын. Бұл жерде көріп тұрғандарыңыздай білім сапасының тепе-теңдігін байқауға болады. Дегенмен болашақта