Просмотр содержимого документа
«ХХІ ғасыр көшбасшысы»
ХХІ ғасыр көшбасшысы(зияткерлік сайыс)
Мақсаты: Оқушылардың тіл туралы білімдерін кеңейту және тереңдету. Балалардың дүниетанымын кеңейту. Ана тіліне және басқа ұлт өкілдерінің тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Өз сөзін дәлелдей білу дағдысын жетілдіру, өз көзқарасын жеткізе білу, ауызша сөйлеу біліктілігін жетілдіру және сөздік қорын байыту. Көрнектілігі: интерактивті тақта, слайдтар, сигналдық дөңгелекшелер, сыйлықтар, мадақтама қағазы, тест тапсырмалары.
Сайыстың барысы:
- Құрметті қонақтар, қатысушылар, әділ-қазы алқасы! Бүгінгі өткелі жатқан «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер!
Ең алдымен, сайысымызда өз білімдерімен күш сынасатын қатысушылары
ды таныстырып өтейін. (Сайыскерлермен таныстыру)
Ойынымызды қадағалап, өзінің әділ бағасын беретін әділ-қазы алқасымен де таныс болайық. ( Әділ-қазылармен таныстыру)
Барлығымыз таныс болғаннан кейін, ойынымыздың кезеңдері жайлы бірер сөз:
1-тур. Бәйге.
2-тур. Тіл өнер.
3-тур. Жұмбақ шешу.
4-тур. Дода.
5-тур. Жорға.
Алғашқы айналымымыз – Бәйге туры. Бұл турда қатысушыларға жалпы сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа сәйкесінше 1 ұпайдан беріледі.
Қатысушылар даяр болса, іске сәт!
1-тур. Бәйге.
ҚР –сының тәуелсіздік күні? (16-желтоқсан)
Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу? (9 дыбыс)
Абай қанша қара сөз жазған? (45 қара сөз)
ҚР – ның елордасы? (Астана қаласы)
Қазақ тілінде неше септік бар? ( 7 септік)
Қазақ халқының білетін 3 ұлттық ойындарын ата. (тоғызқұмалақ, асық, сақина салу, т.б.)
Оқушылар мектепке қай айда келеді? ( қыркүйек айында)
Киіз үйдің төбесі қалай аталады? ( шаңырақ)
Бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс? ( у дыбысы)
«Үлкен» сөзінің синонимі ( кішкентай)
№ 27 мектеп директоры ( Ибраева Г.Х.)
Көктем айларын ата. (наурыз, сәуір, мамыр)
2-тур. Тіл өнер.
Яғни көп тіл білетін қатысушыны анықтаймыз. Мен мақал-мәтелдер оқимын, ал сіздер қалып қойған сөздерді тауып, ол сөзді орыс және ағылшын тіліне аударасыздар. Екі тілге аударған ойыншыға 2 ұпай, ал бір тілге ғана аударған ойыншы 1 ұпай иеленеді. Өкінішке орай, бұл турда ұпай саны аз 2 ойыншымен қоштасамыз.
Отан оттан да .... ( ыстық – горячий – Һот)
... – білім бұлағы. ( кітап – книга – воок)
Отансыз ..... , ормансыз бұлбұл. ( адам – человек – реорІе)
Ел іші - ... бесік. ( алтын – золото – gold)
Туған жердің ... да шипа. ( ауасы – воздух – аіr)
Ер елінде, ... жерінде. ( гүл – цветок – flower)
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей .... болмас. ( ел – страна – country)
Әділ – қазыларға сөз беріледі. 2 ойыншымен қоштасу, оларды марапаттау.
3-тур. Жұмбақ шешу.
Бұл айналымда қатысушыларға 3 түрлі тақырыпта 3 сұрақ жасырылған. Дұрыс жауапқа сәйкесінше 10, 20, 30 ұпай жинайды. Айналым соңында ұпай саны аз ойыншымен қоштасамыз.
Ұлы тұлғалар 10 - Қазақ халқындағы 3 жүздің билерін ата. ( Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
Ұлы тұлғалар 20 - Бұл тұлғаның есімімен еліміздегі зияткерлік мектептер мен университеттер, шетел көшелері мен
Қызықты есеп 10 - Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? (( градус)
Қызықты есеп 20 - Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? ( 3 стақан)
Қызықты есеп 30 - Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? ( 4 мысық)
Менің жерім 10 - Қазақстанның елордасы (Астана қаласы)
Менің жерім 20 - Қай қаланың елтаңбасы?
Менің жерім 30 - Бұл қай қала? (Алматы қаласы)
Әділ – қазыларға сөз беріледі. 1 ойыншымен қоштасу, оны марапаттау.
4-тур. Дода
Бұл айналымда қатысушылар сандар жазылған асықтар таңдап алады. Әрбір сан артында бір салт – дәстүр жасырылған. Ойыншы таңдап алған санына сәйкес ортаға шығып, салт – дәстүр жайлы өз білгенін айтады. Дұрыс жауап беоген ойыншы 5 ұпайға ие болады. Айналым соңында аз ұпай жинаған ойыншымен қоштасамыз.
1 – асық. «Тұсау кесу»
2 – асық. «Бесікке салу»
3 – асық. «Шілдехана»
4 – асық. «Сырға салу»
5 – асық. «Беташар»
Әділ – қазыларға сөз беріледі. 1 ойыншымен қоштасу, оны марапаттау.
5-тур. Жорға
Соңғы қалған 2 ойыншы арасында жарыс ұйымдастырамыз. Бір ойыншымыз сыныптан шығып, 2-ші ойыншыға жалпы сұрақтар қойылады. Қай ойыншы тез, әрі дұрыс жауап берсе, сол жеңіске жетеді. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай.