В билете 11 класса 25 вопросов и меется приложение, в каждом вопросе 4 задания: 1. задание составить придложение, 2. рассказ, 3. правило, 4. работа с текстам.
Билеты соотвествует требованиям министерство образований. Документ, удостоверяющий право пользования. Документ удостоверяющий принадлежность к уроку. Документ, удостоверяющий, что данное лицо учился.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
2. «Қазақстан - менің Отаным» тақырыбына әңгіме құрастыр.
3. Көптік жалғауларын жалға.
4.Сапар шегу, жол жүру туралы мәтінмен жұмыс
21 билет
1. «Астанаға саяхат» тақырыбына сөйлесу құрастыр.
2. Астана туралы әңгімеле.
3. Зат есім. Ереже, мысалдар келтір.
4. Қонақ үйі туралы мәтінмен жұмыс
22 билет
1. «Алматы қаласы» тақырыбына сөйлесу құрастыр.
2. «Алматы – еліміздің оңтүстік астанасы» тақырыбына әңгімеле.
3. Сын есім. Ереже, мысалдар келтір.
4. Қала, ауыл туралы мәтінмен жұмыс
23 билет
1. «Наурыз мерекесі» тақырыбына сөйлесу құрастыр.
2. Наурыз мейрамы туралы әңгімеле.
3. Сан есім. Ереже, мысалдар келтір.
4. қала, дала табиғаты туралы мәтінмен жұмыс.
24 билет.
1. «Менің қалам» тақырыбына сөйлесу құрастыр.
2. Ахмет Байтұрсынов туралы әңгімеле.
3. Есімдік. Ереже, мысалдар келтір.
4. Мәдени орталықтар туралы мәтінмен жұмыс
25 билет
1. «Көше» тақырыбына сөйлесу құрастыр.
2. Шоқан Уәлиханов туралы әңгімеле.
3. Етістіктің шақтары. Ереже, мысалдар келтір.
4. Жастар киімі туралы мәтінмен жұмыс
Согласовано
Утверждаю
МО
ГУ «Первомайская средняя школа»
Директор
ГУ «Первомайская средняя школа»
«________»_______________2013г.
«________»_______________2013г.
_______________/______________
_______________/Рыбина Н.Н.
Қазақ тілі пәні бойынша 11- сыныпқа
арналған билет сұрақтарына қосымша
1 билет.
4. Техникалық және кәсіптік білім беру облыста 99 техникалық және кәсіптік білім мекемелері, оның ішінде 43 кәсіптік лицей және 56 колледж қызмет етеді. Облыстың барлық аудандары кәсіптік біліммен қамтылған. Кадрларды дайындау 115 мамандық бойынша жүзеге асырылады. Жұмыс берушілер оқу орындарының материалды-техникалық базасын нығайтуға, өндірістік оқыту мастерлері мен педагогикалық кадрлардың біліктіліктерін арттыруға, оқушылардың өндірістік практикадан өтулері үшін орындар құруға қатысады. Проблема: Түлектердің жұмысқа орналасуларының жеткіліксіз көрсеткіші (69 пайыз) экономика саласының кадрларға нақты қажеттіліктерімен әлеуметтік тапсырыстың сәйкес келмеуіне байланысты жекелеген мамандықтарға мемлекеттік лицензия беру тоқтатылды (құқық жүргізу, экономика, менеджмент, қаржы және т.б);
2 билет.
3. Әншілеріміздің, оқушыларға, кітапханашылардың.
4. Театр туралы мәтінмен жұмыс. Астана қаласындағы Қ. Қуанышбаев атындағы драма театры өзінің тарихын 1991 жылы 15 қарашадан бастайды. Бірінші қойылым шебер режиссер Ж. Омаровтың басқаруымен Ғ. Мүсіреповтың «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасынан басталды. 1996 жылы театр халықаралық фестивальдің лауреаты аталды. Атақты Алдар көсе рөлін Қазақстанның Еңбегі сіңірген артисі Қадыр Жетпісбаев ойнады. Бұл театрды осыған дейін «халық қаһарманы» Азербайжан Мәмбетов басқарып келді.
3 билет.
3. Астана, бесеу, әдемірек.
4. Қазақстандағы жоғарғы оқу орындары туралы мәтінмен жұмыс.
Әбунасыр әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университеті – республикамыздағы ең ірі жоғарғы оқу орны. Университет 1934 жылы құрылған. Бұл университетте 20-дан астам мамандық бойынша білімді мамандар дайындайды. Онда мынадай факультеттер бар: филология, журналистика, заң, тарих, философия, саясаттану, биология, география, шығыстану, экономика, математика, механика, химия, физиология. Медициналық институттар және академиялар Астанада, Қарағандыда, Алматыда, Семейде, Ақтөбеде бар. Шығыс Қазақстанда екі үлкен университет бар: Д.Серикбаев атындағы ШҚМТУ, онда Машина құрау және көлік факультеті; Тау –кен металлургия факультеті; Құрылыс-сәулет факультеті; Ақпараттық технологиялар және энергетика факультеті; Экономика және менеджмент факультеті бар. С. Аманжолов атындағы университетте педагогикалық мамандықтар мен экономикалық, қаржылық және заң мамандықтарын дайындайды
4 билет.
3. Қарлығаштар биыл ерте ұшып келді.
4. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі туралы мәтінмен жұмыс.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы негізінде білім беру жүйесінің құрылымы екіге бөлінеді: жалпы білім беру және кәсіптік білім беру. Орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Жалпы орта білім 3 сатылы: бастауыш (1-5 сыныптар) негізгі(6-10 сыныптар) және жоғары (10-12 сыныптар). Лицей - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны. Лицейлердің ең басты ерекшелігі - ақыл-ой (интеллектуалдық) қабілеттері жоғары жастарды топтап оқытып, оларды жоғары оқу орындарына даярлайтын бірыңғай элитарлық мектеп.
5 билет.
3. 1. Келді, анам, қаладан, кеше
2. Халқының, ұлы, Абай, ақыны, қазақ.
3. Ахмет Байтұрсынов, реформаторы, жазуының, қазақ.
4. Интернет туралы мәтінмен жұмыс. Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрылқтарды біріктіріп отыр. Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi. Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз.Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады. Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi. Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып , бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды. Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.
6 билет.
3. Ана, үй
4. Дербес компьютер туралы мәтінмен жұмыс. Дербес компьютерлер соңғы 20 жылда қарқынды дамып келеді. Олар пайдаланушы деп аталатын бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Дербес компьютермен жұмыс істегенде пайдаланушының арнайы программалау тілін білуі қажет емес. Қазіргі дербес компьютерлер көлемі шағын, құны жоғары емес. Дербес компьютер пайдаланушымен диалогтік режимде жеке жұмыс істеу үшін арналған. ДК негізінен қарапайым құжаттарды бастап, баспа беттеріне дейін әр түрлі мәтін дайындау, есептеулерді орындау, деректер базасын жасау, ақпарат іздеу және т.с.с. жұмыстарға арналған.
7 билет.
3. Оқушы, әке
4. Ұялы телефон туралы мәтінмен жұмыс. Өзіңізді алданудан сақтаңыз ! Танымайтын адамдарға жауап бермеңіз. Телефон немесе SMS арқылы алынған бейтаныс адамдардың нұсқаулығы бойынша, әсіресе қандай да бір жолдармен сізден қаржы аударуды талап ететін нұсқаулықтары бойынша әрекет жасауға асықпаңыз. Асығыс әрекеттер сізге қаржылық зиян келтіруі мүмкін. Телефоныңызды бейтаныс адамға «1 қоңырау шалуға» беруге асықпаңыз. Соңғы кезде осындай жолмен телефондарды ұрлау жайттарының көбейгенін есте сақтаңыз
8-билет.
4. Электронды поштаның туралы мәтінмен жұмыс. Электрондық поштаның пайда болуын 1965ж жатқызуа болады. Осы жылы Массачусетк – технологиялық институтының (MIT) қызметкерлері Ноэль Моррис және То Ван Влек, CTSS (Compatible time-sharing system) операциялық жүйесіне арналған MAIL бағдарламасын жазды. Ал бұл бағдарлама IBM 7090/7094 компьютерінде орнатылды. Е-пошта жіберу үшін алдымен осы қызметке тіркелу керек. Е-поштасы қолдануға оңай әрі көп жағдайда тегін.
9-билет.
4. Біз дайындаған мектеп формасы ретінде жәкет, белдемше, пиджактардың алуан түрлерін ұсынамыз. Жартылай жүн, вискоза, мақта маталарының барлық түрінде бар. 2008 жылы Қазақстан мұғалімдерінің офистік киімі дайындалды. Мектеп киім үлгісіне қосымша дене шынықтыру пәні үшін спорттық форма, алғашқы әскери дайындық сабағына арналған формалар, экология жағынан таза, халықаралық сапа стандартына сай балалар аяқ киімдері дайындалады.
10-билет.
4. Киіну әдебі туралы мәтінмен жұмыс. Бірыңғай мектеп формасына көшуді мұғалімдер қауымы оң қабылдайды. Олардың айтуына қарағанда балалар мектепке қалай болса, солай киініп келмейтін болады. Талапқа сай тігілген мектеп формасы оқушыларды олардың негізгі міндеті-оқуға бейімдейді. Мұнтаздай таза болып жүру тәртіпке, тазалыққа, мектептің ішкі тәртібін сақтауға оң ықпалын тигізеді. Бірыңғай мектеп формасын киіп жүру психологиялық түрғыдан сынып, мектеп ұжымын қалыптастыруға бейімдейді, балалар бір ұжым екенін сезінеді. өздерінің оқу орнына қатыстылығы сезімдері тәрбиеленеді.
11-билет.
4. Мектеп формасы жиынтығын (юбка, пиджак, жилет және шалбар) өзімізде тігуде «Сымбат», «Мақпал», «Ерке-Нұр» тігін компаниялары көпке танылып қалды. Алайда, көп ұзамай-ақ қытай өндірушілері біздің дизайнерлеріміз жасаған үлгілердің дәлме-дәл көшірмесіндей мектеп формасын тігумен айналысып,біздің базарларға түсіре бастады. Бағасы да ұшып тұрған жоқ, көңілге қонымды. Сондықтан бүгінгі таңда ата-аналардың таңдау аясы кеңи түсті, айырмашылығы-тек сапасында. Ауылдық жердегі көпбалалы жанұялар әдетте арзанға түсетін қытай өндірушілерінің формасын сатып алып жатады. өзіндік жеке ерекшеліктерін сақтауға тырысатындарға балама болудың тағы бір жолы: белгіленген үлгі шегінен шықпай, ательеге тапсырыс беруге немесе азды-көпті қымбатқа түсетін ресейлік және түрік өндірушілерінің өнімдерін сатып алуға болады.
12-билет.
4. Киім дүкені туралы мәтінмен жұмыс. Мен Алматыдағы атақты киім дүкеніне келдім. Сатушыдан олардағы киім коллекциясына қысқаша түсінік беруін өтіндім. Сатушы былай деді: Атақты дизайнер Саят Досбаевтың сөзін келтірсек: «Біз нарықты бірнеше топқа бөле аламыз. Алдымен, Түркия мен Қытайдан келетін арзанқол киім киетін адамдар тобы бар. Екіншіден, көпшілікке арналған арзан дегенімізбен сапалы тігілген киім нарығы бар – бұлар Манго, Зара мен Бенеттонның киімдері. Одан кейін, кием десеңіз мұнда Джорджио Армани сынды шеберлер даярлаған қымбат киімдер де табылады», – деп түсіндірді ол.
«Алайда, қазір кейбір адамдар әртүрлі стилдерді араластыра киюді ұнатып жүр. Мәселен, тек «Ди энд Джидің» өнімін киюдің орнына, олар денесіне осы фирманың джинсын, ал бастарына Құралайдың қолынан шыққан бас киімді киіп жүре береді. Жергілікті шеберлердің өнімдері халықаралық шеберлердің өнімінен бәлендей арзан емес, десе де, бұлардың өзіндік нақышы бар».
13 билет.
3. жылы, ұзын, жақсы, кең, ақ, таза, көп.
4. Қазақстан Республикасының Парламенті туралы мәтінмен жұмыс.
Қазақстан мемлекеті – президенттік жүйемен басқарылатын демократиялық мемлекет. Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Республикада мемлекеттік билік біртұтас. Еліміздегі билік жүйесі мынадай тармақтардан тұрады: Президент, Үкімет, Парламент. Парламент – заң шығарушы, ал Президент және Үкімет атқарушы билік болып саналады. Парламент екі палатадан тұрады: Мәжіліс – төменгі палата, сенат – жоғарғы палата. Республика үкіметі өзіне берілген өкілдіктер шегінде ғана мемлекет атынан билік жүргізеді.
14-билет.
4.Сайлау жүйесі туралы мәтінмен жұмыс.
Жалпыға бiрдей сайлау құқығы - Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы бар.
Учаскелiк сайлау комиссиясы: сайлау учаскесiнде Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң, мәслихаттардың депутаттарын және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiндегi сайлау шараларын жүргiзедi; учаскелiк комиссияның орналасқан жерi туралы хабарландырады; сайлаушылардың тiзiмiн нақтылайды; сайлаушыларды дауыс беру күнi, уақыты және орны туралы хабарландырады; сайлау өтетін орынды, кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi; сайлаушылардың дауыс беруін, дауыс санауды жүргiзедi және учаскедегi дауыс беру нәтижелерiн анықтайды.
15-билет.
4. Депутаттық туралы мәтінмен жұмыс.
Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы саяси партияларда, сондай-ақ белгiленген тәртiппен өзiн-өзi ұсыну жолымен тiркелген азаматтарда болады. Саяси партияның депутаттыққа кандидат етiп осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын адамдарды ұсынуға құқығы жоқ. Саяси партия әрбiр сайлау округiнде Мәжiлiс депутаттығына бiр ғана кандидатты ұсына алады. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы шешiм саяси партияның жоғары органы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және хаттамадан үзiндi көшiрмемен ресiмделедi. Саяси партиялардың партиялық тiзiмдерге осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын адамдарды кiргiзуге құқығы жоқ.
16-билет.
4. Қазақ театрлары туралы мәтінмен жұмыс.1926 жылы қазақтың тұңғыш ұлттық театры ашылды. Театрды дарынды режиссер және артист Жұмат Шанин басқарды. 1933 жылы Алматыда тұңғыш ұйғыр музыкалық драма театры, 1937 жылы Қызылордада корей театры ашылды. 1926 жылдан бастап қазақ драма театры М,Әуезов атымен аталады.Қазақ мемлекеттік Абай атындағы опера және балет театры дүние жүзіне әйгілі театр. Оның іргетасын қалаушылар: Күләш Байсейітова, Канабек Байсейітов, Құрманбек жандарбеков, Роза Жаманова сияқты халық артистері.
17-билет.
4. Қазақ актерлері туралы мәтінмен жұмыс. Қазақ актері, режиссері Шәкен Айманов Шекспирдің «Отеллосын» ойнаған. Оның «Махаббат туралы аңыз», «Алдаркөсе», «Атаманның ақыры» деген кинолары бар. «Абай» операсында Абайдың партиясын Ермек Серкебаев, ал Айдардың партиясын Әлібек Дінішев орындайды. Арал қасіреті туралы режиссер С.Әзімовтың «Жоқтау: Өлі теңіз шежіресі» фильмі түсірілді. Семей полигонындағы жарылысқа қарсы «Невада - Семей» қозғалысы туралы «Полигон» фильмі бейнеленді. Бұл фильмді режиссер В.Рерих пен О. Рымжанов түсірген. Қазіргі киноларда атақты актерлер Асанәлі Әшімов, Меруерт Өтекешова, Тұңғышбай Жаманқұлов, т.б.
18 билет.
Астана әуежайы – бүгін Еуразия континентіндегі қазіргі уақытқа сай келетін әуежайлардың бірі болып табылады. Жыл сайын Астана әуежайында кем дегенде екі – үш авиакомпания жаңа рейс ашады. Астана әуежайынан Қазақстан Республикасының барлық облыс орталықтарына, сондай-ақ ТМД қалалары: Мәскеу, Санкт - Петербург, Киев, Минск, Ташкент, Новосибирскке дейін тұрақты рейстер ұшады. Сондай-ақ алыс шетел қалалары: Франкфурт, Вена, Ганновер, Анталия, Абу – Даби, Стамбул қалаларына дейін рейстер ұшады. Астана әуежайында жолаушыларға арналған екінші “Duty Free” дүкені, дәріхана, «Альбатрос» мейрамханасы, «Кофе ауласы» атты кафе, тұтынушыларды ақпараттық қолдау орталығы (Call-орталығы) ашылды. Астана әуежайы өз жолаушыларына ең қолайлы қызметтерді ұсынады: СИП және ВИП залдары, ана мен бала бөлмесі, діни әдет-ғұрыптар бөлмесі, жүк сақтау камерасы, ұшу залында орналасқан шылым шегу бөлмесі. Рейсті күту кезінде жолаушыларға мейрамхана, бар, кафе қызметкерлері қызмет көрсетеді. Сондай-ақ аэробекет кешенінде пошта қызметін, бірнеше банктер банкоматтарының қызметін, валюта айырбастау пунктінің қызметін пайдалануға болады. Авиабилеттерді аэробекеттің екінші қабатындағы кассалардан сатып алуға, өзіңізге немесе достарыңызға сыйлық алғыңыз келсе кәдесый дүкенінен ұлттық кәдесыйлардың түр – түрлерін сатып алуға болады. Жолаушылардың жеке автокөлігіне арналған көлік тұрағы қарастырылған.
19 билет.
3.Мектеп, қала.
4. «Алматы-1», темір жол бекеті Алматы қаласында, Станционная көшесінде 1 үйде орналасқан. 1- залы кассалардан тұрады, 2және 3 - залдарында жолаушылардың күту залдары және мейманхана орналасқан. Жер асты бөлмесінде жүк сақтау қоймасы, тұрмыстық қамту бөлмелері бар. Жоба бойынша бұл бекеттің қасында «Алматы – 1» метросы болады.
«Алматы-2», Алматы қаласында, Абылай хан даңғылында орналасқан. Бекетте газет киоскісі, дәріхана, сыйлықтар киоскісі, пошта бөлімі, анықтама бөлімі бар. Шығыс бөлігінде билет кассалары, тосу залы, жүк сақтау қоймасы орналасқан
Мен жұмыс бабымен Астана қаласына ұшақпен ұштым. Ұшақтағы жолсерігім студент бала екен. Ол мұндай үлкен қалаға бірінші рет бара жатыр екен. Қаланы жақсы білмейтіндігін айтты. Жол бойы мен оған Астана қаласының атақты жерлері туралы қалта телефонымнан көрсеттім. Бұл жерлерге қандай автобуспен және қалай жету керектігін үйреттім. Жолсерігім өте ұғымтал бала екен. Ертеңінде кездесетін жерімізді жазып бердім. Сөйтіп, тәулік бойы Астанаға қалай жеткенімізді білмей қалдық. Жолсерігім маған алғысын білдірді.
21 билет.
4. Қонақ үйі туралы мәтінмен жұмыс.
Туристерді орналастыру орындары - қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақтарға арналған үйлер, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы және оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа үйлер мен ғимараттар.
Қонақ үй - уақытша тұруға арналған, әдетте, оқшауланған үйлер (үйлер кешені) болып табылатын заңды тұлға.
Мотель - автомобиль жолдарына жақын орналасқан қонақ үй.
Кемпингтер - шатырға, автофургонға, автотіркемеге, доңғалақтағы үй мен туристік лашыққа арналған жабық алаңда орналастырылатын ұжымдық объектілер.
Сырттан келгендерге арналған жатақхана - қонақ үйдің алуан түрлілігі; Қонақ үй кәсіпорындарының бір жолғы сыйымдылығы нөмірлерде қойылған тұрақты кереует саны бойынша анықталады.
22 билет.
4. Қала, ауыл туралы мәтінмен жұмыс.
Мен Астана қаласында тұрамын. Қалам өте әдемі. Мен өз астанаммен мақтанамын. Қаланы көркейтуге барлық күшімді саламын. Қалада өте үлкен бизнес компаниялары, саябақтар, мәдени орындар көп. Бұл қалада көптеген ұлттар тату тұрады. Қалаға Қазақстанның жастары көп келеді. Шетелден келген адамдар да осында білім алып, жұмыс істейді. Қаланың түнгі көрінісі де өте әдемі.
Менің атам мен әжем ауылда тұрады. Олардың тұратын жерлерінің табиғаты керемет әдемі. Әсіресе жазда онда жасыл жайлау, таза ауа, тұнық су, әсем табиғатты тамашалауға болады. Мен жазда демалуға атам мен әжемнің ауылына барамын, оларға шаруаға көмектесемін. Қала ауылсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан ауылды көркейту керек.
23 билет.
4.Қала, дала табиғаты туралы мәтінмен жұмыс.
Қаланың табиғаты үлкен үйлерімен, жарықтарымен, зәулім ғимараттарымен ерекшеленеді. Әсіресе көгалдандырылыған көшелер мен отырғызылған гүлзарлар қалаға ерекше сән береді. Қалада жеке меншік көліктер, ірі зауыттар мен фабрикалар көп болады, сондықтан ауа тез ластанады. Қалаға көптеп жасыл ағаштар егу керек.
Ал ауылдың жөні басқа. Ауылдағы табиғат жасанды емес. Ондағы жасыл желек, мөлдір бұлақ, таза ауа, жайқалған дала гүлдері адамға ерекше көңіл-күй береді. Ауылда қаладағыдай қарбалас жүріс те болмайды. Халқы жайдарлы, кең болады. Ауылдың кез – келген мезгілі өте әдемі болады.
24 билет.
4. Мәдени орталықтар туралы мәтінмен жұмыс.
Адам мәдениетсіз өмір сүре алмайды. Онда даму да тоқтатылады. Мәдениетті қалада Мәдениет сарайлары, ауылда клубтарда дамытуға болады. Мектептерде де мәдени шаралар өтеді. Осының бәрі адамның мәдениетін көтереді. Ал, ең бірінші мәдениет адамның біліміне байланысты. Оқыған адам мәдениетті болады. Қазір жаңа білім бағдарламасы бойынша барлық жерлерде мәдени орталықтар ашылуда. Мектеп жасына дейінгі балаларға шағын мәдени орталықтар ашылып жатыр. Ауылдарда бұрынғы клубтар ашылуда. Зырян қаласында «Достық үйі » ашылады. Мектептерде ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді. Мысалы: татар, неміс, славян, қазақ мәдени орталықтары бар. Ол жерлерде ұлттық киімдер тарихы, ұлттық аспаптар туралы материалдар табуға болады. Сол елдің тілін үйренуге болады. Өскемен «Достық үйінде», Зырян қаласының «Тілдер орталығында» ағылшын, қазақ тілдерін тегін оқытады.
25 билет.
4.Қазір кейбір адамдар әртүрлі стилдерді араластыра киюді ұнатып жүр. Мәселен, тек «Ди энд Джидің» өнімін киюдің орнына, олар денесіне осы фирманың джинсын, ал бастарына Құралайдың қолынан шыққан бас киімді киіп жүре береді. Жергілікті шеберлердің өнімдері халықаралық шеберлердің өнімінен бәлендей арзан емес, десе де, бұлардың өзіндік нақышы бар.
Мұнда өнімді өткізу мақсатына баса мән беретін көрінеді дейді Айрис ван Нотен. Біз шымылдықтың артында әңгімелесіп тұрғанымызда, Айристің киімдер жинағынан әсем киім үлгілерін көрмек боп бірнеше адам біз тұрған маңға келді, олар киімдердің бағаларын сұрап жатты, – деп әңгімелейді «Бизнес нью юроуп» тілшісі Клэр Натал.
«Бұл сәнді киім көрсету қойылымдарын ұйымдастырудың мүлде бөгде жолы екен. Мұнда Лондонда, Парижде немесе Миланда өтетін дефилелерге қарағанда, көбіне өнерге емес, сәндік киімнің қымбаттылығына баса назар аударылатын сыңайлы. Мәселен, мұнда мен теріден тігілген киімді көп байқадым» – дейді Нидерландылық сән үлгісінің шебері