Баланың бүгінгі демалысы – олардың ертеңгі өміріне көзқарасы
Баланың бүгінгі демалысы – олардың ертеңгі өміріне көзқарасы
Балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жазғы каникул балалардың жылдық бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады. Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең. Сондықтан №19 жалпы орта білім беретін мектепте жыл сайын 1 маусымнан 30 маусым аралығында 1-4 сынып оқушыларына «Айгөлек» танымдық – ойын лагері, 5-8 сынып оқушыларына «Жас ұлан» әскери-спорттық лагері ұйымдастырылады. Мақсаты: оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу және таным белсенділіктерін дамыту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Баланың бүгінгі демалысы – олардың ертеңгі өміріне көзқарасы»
Баланың бүгінгі демалысы – олардың ертеңгі өміріне көзқарасы
Балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жазғы каникул балалардың жылдық бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады. Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең. Сондықтан №19 жалпы орта білім беретін мектепте жыл сайын 1 маусымнан 30 маусым аралығында 1-4 сынып оқушыларына «Айгөлек» танымдық – ойын лагері, 5-8 сынып оқушыларына «Жас ұлан» әскери-спорттық лагері ұйымдастырылады. Мақсаты: оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу және таным белсенділіктерін дамыту.
Лагерь жұмысының жүйелі, қызықты өткізілуі үшін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.А.Жунусова, Ж.Т.Жамалбаева және тәлімгер Ж.А.Қадырбекова әскери бөлімдермен және кітапхана, театр, мұражайларымен тығыз байланыс орнатылқан. Лагердің жұмыс уақыты сағат 9.00 ден 13.00 ге дейін ұйымдастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Лагерь балалары жоспар бойынша қауіпсіздік ережелермен таныстырылады. Күн сайын лагерьде ертеңгілік гимнастика өткізіледі.
«Айгөлек» және «Жас ұлан» лагерлері жоспар бойынша өткізілген іс – шаралар эстетикалық, этикалық, патриоттық, спорттық, көшбасшылық және үштілділік бағытты қамтиды және қала деңгейінде өткен іс-шараларға қатысады.Жұмыс жоспарына сәйкес оқушылар қаламыздағы мәдени орындарға саяхат жасап, танымдық және рухани білімдерін толықтырады. Лагерьге келген балалар әртүрлі шараларға қатысып, ой-өрістерін дамытып, талай-талай танымдық дүниелермен танысады.
«Жас ұлан» әскери-спорттық лагерлерінің тәрбиеленушілері №31767, №36803 әскери бөлімдеріне саяхат жасап, әскер өмірінен мәлімет алды. Болашақ Отан қорғаушылар қару-жарақ пен әскери техника үлгілерімен танысты, медициналық пунктті және жауынгерлік даңқ мұражайын аралады. №31767 әскери бөлімінің сарбаздары мен оқушылар арасында өткен «Жас Ұландар» атты әскери-спорттық сайысы өте жоғары дейгейде өткізіледі.Оқушылар бойында патриоттық рухты жетілдіру үшін мектеп пен №31767, №36803 әскери бөлімдерімен арасында тығыз қарым-қатынас орнаған.
Лагерьдің әр күні қызықты өтуде. Балалармен өткізіліп жатқан түрлі шаралар балалардың көңілінен шығуда. Әр күні бір-біріне ұқсамайтын жаздың шуақты күндерін балалар да тиімді пайдалануға тырысып-ақ жүр. Бәрі ұйымдастырылған түрлі шараларға белсене қатысады. Балалардың демалысы мағыналы өтіп жатқанына ата-аналар да дән риза.
«№19 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары