Просмотр содержимого документа
«"Жолы? болсын, бала?ай!"»
Мақсаты
Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу
Жадыңа сақта!
Қай көше, қалаға қай барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да
Жол жүру ережесі Заңды тәртіп,
Ол ортақ! Үлкен- кіші баршамызға .
Басталар әр қадамың аттауменен,
Жол жүру ережесін сақтауменен!
Көшеде бағдаршам болмаса,
Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе.
Кідірме, абыржып онда аса,
Сенгейсің өзіңнің көзіңе.
Көшеде ортаға жеткенше,
Әуелі көзің сал сол жаққа,
Балақай, ортадан өткен соң,
Мойның бұр сол жақтан оң жаққа.
Қызыл жарық жанғанда,
Қалт тоқтай қал табанда .
Сары шамы жағылса,
Сақ, абай бол барынша
Жасыл жарық – жол ашық!
Зымырай бер, бел асып.
Тротуар – француз тілінен аударғанда “жаяу жүргіншіге арналған жол” деген мағынаны білдіреді.
Жиек жол – жол мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қапал.
Велосипедпен жол бойына жүруге 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
Сайыс кезеңдерімен таныстыру:
1.Таныстыру ( әр топ өздерінің ұрандарымен топ аттарымен таныстырып өтеді.)
2. «Кім жылдам?» ( әр топқа сұрақтар беріледі .)
3. Жол әліппесі.(Суреттерді бояп шығу,әрқайсысына шұғыл телефондарын жазу,белгісін табу.)
4.Жол ережесі емтиханы. ( Сауалнама . тест белгілеп береді.)
5. Жасырдым жұмбақ. (жұмбақтар шешу)
6. Шығармашылық жұмыс ( Өлең құрастыру)
7."Жол белгілерін еске түсірейік” ойыны
(жол белгілернің өз орнын табу .)
I– кезеңТаныстыру
II– кезең
«Кім жылдам?»
«Кім жылдам?»
І-топқа:. Жолаушылар дегеніміз кімдер ? Бағдаршам дегеніміз не ? ІІ-топқа: Велосипедпен неше жастан бастап жүруге болады ? Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ? ІІІ-топқа: 1. Жаяу жүргіншілерге жолды қай жерден өтуіне болады? 2.Жиек жол деген іміз не?
І-топқа:.
Жолаушылар дегеніміз кімдер ?
Бағдаршам дегеніміз не ?
ІІ-топқа:
Велосипедпен неше жастан бастап жүруге болады ?
Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ? ІІІ-топқа:
1. Жаяу жүргіншілерге жолды қай жерден өтуіне болады?
2.Жиек жол деген іміз не?
III– кезеңЖол әліппесі
IV –кезең
Жол ережесінің емтиханы
Тестілік сұрақ (дұыс жауапты белгіле)
1.Бағдаршамның жасыл белгісі ескертеді:
А) «Жол бос! Жүріңіз!»
Б) «Тоқта!»
В) «Назар аударыңыз! Дайындалыңыз!»
2. Бағдаршамның қызыл белгісінде жаяу жүргінші:
А) жүреді;
Б) күтеді;
В) тоқтайды;
3. 103 – кімнің телефоны?
А) полицияның;
Б) өрт сөндіру қызметінің;
В) жедел жәрдемнің
4. 102 - кімнің телефоны?
А) полицияның;
Б) өрт сөндіру қызметінің;
В) жедел жәрдемнің
5. 101 – кімнің телефоны?
А) полицияның;
Б) өрт сөндіру қызметінің;
В) жедел жәрдемнің
6. Жолдың шетімен жүреді:
А) келе жатқан көмекке қарсы;
Б) өтетін бөлікке жақын;
В) қозғалыс бағыты бойынша.
7. Бағдаршамның сары белгісінде жолдан өтуге бола ма?