открытый урок посвещен на тему "Сгодня мое день рождение". презентация дается с заданими и раотой в группе, класс делила 3 выбирала сама и лидера группы. Лидер должен свое временно управлят группой, эффективно иползоат время и оценивать. Для рефлексии использовано 3д картинка детям раздало липистки трех цветов красный-мне урок понравился,желтый- у меня есть вопросы.синий- мне ыло трудно, каждый прекрепляет свой липесток к бутону и получитя картинка.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«презентация урока по казахскому языку»
Сабақтың тақырыбы : "Бүгін-менің туған күнім“
Мақсаты: Оқушылардың туған күн жайлы түсініктерін кеңейту. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына тоқтап кету.
Білімдік: Оқушыларға жаңа тақырыптың мазмұнын аша отырып, жаңа сөздерді меңгерту. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын байыта отырып, білім, білік, дағдыларын арттыру.
I.Ұйымдастыру кезеңі. А) Амандасу. - Оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ. Бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Олай болса, қонақтарға сәлем берейік. Үлкенге де сізКішіге де сізСәлем бердік сіздергеҚұрметпенен біз.
ә) Сыныпты түгендеу. Жоқ оқушыларды белгілеу.
III. Жаңа сабақ. Балалар бүгін біз 3 топқа бөлініп отырмыз
1топ «Қонақтар»
2топ «Тілек»
3топ «Сыйлық» әр топтың өзінің Асабасы болады оның міндеттері алдында жазылып қойылған
А) уақытқа жұмыс жасау, тиімді пайдалану
Ә) топ ішінде басқару
Б) бағалау
1 .Балалар, достар туралы түсініктерің көрініп тұр. Жаңа сабақты бастамас бұрын ән тыңдап көрейк, ән не туралы балалар. Осы достарымызбен, отбасымызбен бірге қандай мерекелерді тойлаймыз? (Оқушылар жауап береді.) Ал сыйлық алуды ұнатасыңдар ма? Олай болса, сөзжұмбақты бәріміз бірігіп шешейік. Орысша берілген сөздер тақтада ілулі тұрады, аудармасын табу арқылы сөзжұмбақ шешіледі. Әр оқушы өздері шешкен сөздерді плакатқа келіп маркермен жазып кетеді.
1.Дружный 3.Ученый 5. Точка 2.Время 4. Столица 6. Просторный
7. Дом 8. Хлеб
Туған күн
2) а) Жаңа сабаққа даярлау: Сөздікпен жұмыс:
а) сөздікті оқиды. туған күн –день рождения құттықтаймын – поздравляю тілеймін – желаю шын жүректен - от всей души келешекте – в будущем қонақ - гость тілек, лебіз – пожелания әсемхат - открытка шын жүректен – от всего сердца табыс – успех зор денсаулық–крепкое здоровье бақыт – счастье ұзақ өмір – долгих лет жизни сәттілік – удача тілеймін - желаю в) Дәптерге жаздыру.
б) Жаңа тақырып: сонымен бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы – Менің туған күнім. Әр адам баласы өзінің туған күнің асыға күтеді. Туған күнді тойламайтын, күтпейтін бала жоқ. Балалардың көпшілігі туған күнінде сыйлық алуды ұнатады?
- Туған күнді міндетті түрде атап өту керек деп ойлайсыңдар ма? - Сен туған күніңе қандай сыйлық алғың келеді? - Өзің қандай сыйлық сыйлағанды ұнатасың?
3) 2-тапсырма 61 бет «Отбасындағы қос қуаныш» мәтінді сыныпта оқу,аудару
4). Мәтіннен кейінгі жұмыс: Мәтінге бірнеше сұрақтар дайындау. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, оларды салыстырмалы және күшейтпелі шырай түрлеріне айналдыру .
5) Туған күн және ырымдар • Туған күнге өткір заттар мен бөлме өсімдігін сыйлауға болмайды. Сондай-ақ, бет орамал, айна, тарақ тарту етуге де тыйым салынады. • Туған күніңізде бос әмиянды қабыл алмаңыз. Әйтпегенде, осы жылы қаржылық қиындықтарға ұшырау қаупі бар, бес теңге болса да әмиянға салынуы керек. • Туған күндегі жаңбыр, қар – жақсылықтың нышаны. Әсіресе, таңертең күн шығып тұрып, арты жаңбырға ұласса тіптен жақсы. • Осы жылдың қалай өтуі туған күнді қалай атап өткеніңізге байланысты. Егер, бұл күні айналаңызда жақсы достарыңыз болып, керектеріңізді сыйлаған болса, келер жылы да әр қадамыңыз қуаныш пен сәттіліктерге толы болмақ. Ал егер бұл күні көңіл-күйіңіз құлазып, жалғыз қалып жылаумен болсаңыз жыл бойы барлық қиындықты өзіңіз арқалайтын боласыз.
6) 1 –топ. Тиісті септік жалғауын қойып, көшіріп жазыңдар. Жомарт сен туған күн кеші... сыйлық алдың ба? Гүлдерді үстел... ортасына қойыңдар. Қонақтар... сусын беріңдер. Сіз қонақ... жиі барасыз ба? (-не,-дің,-ға,-қа ) 2 – топ . Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді аудару: Бүгін менің ... . Мен он жасқа ... . Маған ... достарым келеді. Туған күнде әртүрлі ... сыйлайды, жылы ... айтылады. Қонаққа бай ... жайылады. Мен туған күнді ... жақсы көремін. Тиісті сөздер : тойлатқанды, толамын, туған күнім, қонаққа, сыйлықтар, дастарқан, лебіздер 3 - топ . Дұрыс сөйлем құрау. 1. Шын жүректен, жазыпты, әсемхатқа, тілектерін, достарым 2. Туған күніме, қонақтар, менің, келді, көп 3. Сыйлық, Сәуленің, туған күнінде, айтып, берді, жылы лебіздер
8) Мұқағали Мақатаев туралы мағлұмат беру
1 оқушы: Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Әкесі Сүлеймен аздап ұстаздығы болған қарапайым ғана шаруа адамы екен. Ақынды әкесі Тиын баққандықтан шешесі Нағиманды Нақа деп атаса керек. Ақынның асқар таудай биіктігі, Шалкөде жайлауындай кеңдігі, шалқыма көңілі туған жердің қасиеттілігінен бе деп қаласыз?!
9) 4 тапсырма 62 бет. Сұхбатты рөлдеп оқу
10) 3-тапсырма 61 бет.
Өлең шумағын оқыңдар
11) Келесі тапсырмада оқушыларға тірек сөздерді қолданып ашықхат дайындайды, құттықтау жазады. Оқушылар оны жатқа айту тиіс.(кластер орныдау барысында Т.Әшімбекованың “Сен туған күн”әнің қосу ) Тірек сөздер: Құттықтаймын, ашық аспан, зор денсаулық,достар,тату, табыс, сәттілік, бақыт, жылы лебіз, тілеймін, туған күн, әсемхат.
12) Үй жұмысы:
Туған күн туралы сұхбат (диалог) құру. Сөздік жаттау
Қорытынды. Рефлексия 3түрлі түс таңдау,балалар сендерге сабақ ұнадыма, қандай әсер қалдырды алдарына қойылған үш түстің біреуін таңдайсыңдар
Қызыл- бәрін түсіндім
Сары - менің сұрақтарым бар
Көк-маған сабақ аздап қиындық тудырды
14) Бағалау. Топ асабаларының қойған бағаларын тыңдау Қоштасу.