Мағынаны тану 1-тапсырма. Композияциялық талдау. «Жусан иісі» әңгімесін композициялық құрылымы бойынша талдау 1. Басталуы. Соғыс кезінде әжесі мен Аянның ауылға көшіп келуі . 2. Байланысуы. Аян мінезінің жайлылығы арқасында ауыл балаларымен тез тіл табысады. 3. Дамуы. Аянның әжесі қайтыс болып, оны Бапай атты туысы қасына алады 4. Шиеленісуі. Аянның тобығын тайдырып алуы. Бапайдың Аянға немқұрайлы қарауы. 5. Шарықтау шегі. Майдандағы әкесінен қара қағаздың келуі. 6. Шешімі. Аянның ауылдағы достарымен қимай қоштасып, қаладағы балалар үйіне жіберілуі. 2-тапсырма. Жазылым тапсырмасы. «Кейіпкерге хат» әдісі арқылы кейіпкерге хат жазады 3-тапсырма. Шығармадағы образдарды талдау үшін алдымен кейіпкерлер тізімін жасайды: Әр кейіпкерге мінездеме береді Әңгімеші бала Тұржан Садық Бапай Асылбек шал Бапайдың кемпірі Есікбай Асылбектің кемпірі Әңгімеші баланың анасы Иманжанов 4-тапсырма. Кейіпкермен сұхбат Дәптерге жаздыру Өтіп жатқан шығарманың авторымен кездесуді көз алдарыңа елестетіңдер. Сендердің тек қана екі сұрақ қоюға мүмкіндіктерің бар (өздерің, ол туралы). Сендер қандай сұрақ қояр едіңдер? Ол қалай жауап берер еді деп ойлайсыңдар? Оқушылар жеке екі сұрақ дайындайды, топта үздік екі сұрақты айқындайды. 5-тапсырма. Тыңдалым тапсырмасы. Аудиожинақтан берілген үзіділерді жалғастыру 7.00-8.00 16.00-16.17 25.15-25.35 35.40-35.47 56.25-56.45 1.07.48- 1.08.29 6-тапсырма. Сәйкестендіру Оқушылар қай кейіпкерлердің қашан, қай жерде айтқанын табады. 1) - Әй, анау кім, ей? (Садықтың Аянды ең алғаш атыспақ ойнап жүргенде көрген кезі) 2)Барлық әріптерді неге тезірек үйретпейді екен? (Аянның мектепке барып жүргендегі сөзі) 1) - Үйбай, бетім–ай, бұ дүбірлеген не десем, мыналар екен ғой (Бапайдың кемпірінің ертегі тыңдап отырған балаларға айтқан сөзі) 2) – Тұра ғой. Мына жарты күрешкідегі сүтті Аянға апарып берейін (Автордың анасы, Аянды Тұржан сабап тастағанда сүт апарып беретін кезі ) 1) –Иә, неге келдіңдер , балалар? (Аян аяғын салдыруға барғандағы Асылбек шалдың айтқан сөзі) 2) - Әй, жетпегірлер , тұрыңдар! (Тұр жанның жер жырту науқанындағы балаларға көрсеткен қорлығы) |