kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мені? Астанам

Нажмите, чтобы узнать подробности

Cаба? Астана ?аласы та?ырыбында. Саба? саяхат саба? т?рінде ?теді. О?ушылар ?аланы? к?рікті жерлеріне саяхаттау барысында ?аза? тілі п?нінен ?рт?рлі тапсырмалар орындайды. Саба?та м?нерлеп о?у, топты? ж?мыс, с?ра?-жауап, талдау, с?йлесу, ??гімелеу, аудару ?дістері ?олданыл?ан. Саба?та ?олдан?ан техникалы? ??ралдар мен к?рнекіліктер: интерактивті та?та, А.Жорабаеваны? орындауында?ы «Елімні? ж?регі» ?ні, «POWER POINT» ба?дарламасында жасал?ан слайд, «Астана-болаша?ты? ?аласы» атты бейне-ролик. Саба?та п?наралы? байланыс музыка, бейнелеу ?нері, ?аза? ?дебиеті п?ндерімен  к?рініс тап?ан. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Менің Астанам 3 кл»

Сыныбы: 3 «В»

Тақырыбы: Менің Астанам

Мақсаты:Жаңа білімді игерту.

Міндеттері:1. Еліміздің елордасына саяхат жасау арқылы көрнекті жерлері туралы білімдерін толықтырады.

2. Сұрақтарға жауап беру, сөйлесу, әңгімелеу арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениеттері қалыптасады, сөздік қорлары молаяды.

3. Туған жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиеленеді.

Тегі:жаңа сабақ

Түрі:саяхат сабақ

Әдісі:мәнерлеп оқу, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, сөйлесу, әңгімелеу, аудару

Көрнекілігі: «Астана қаласына саяхат» бағыт маршруты, автобус, маркерлер, ақ беттер, кеспе қағаздар, кітап көрмесі

Техникалық құрал: интерактивті тақта, А.Жорабаеваның орындауындағы «Елімнің жүрегі» әні, «POWER POINT» бағдарламасында жасалған слайд, «Астана-болашақтың қаласы» атты бейне-ролик.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Сәлемдесу

Ә) Түгендеу

ІІ. Балалар, назарымызды тақтаға аударайық, «Астана-болашақтың қаласы» атты бейне-роликті тамашалайық.

-Балалар, роликтегі қай қала?

-Сіздер не көрдіңіздер?

ІІІ.Сабақтың мақсатымен таныстыру. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Еліміздің елордасы Астана қаласы туралы мағлұмат алу.

IV.Жаңа сабақ.

  • Қазақстан Республикасының астанасы-Астана қаласы. Ақмола (Астана) 1997 жылы Қазақстан Республикасының астанасы болды. 1998 жылы қаламызға Астана атауы берілді.

  • Балалар, бүгін біз сіздермен елордамызға саяхатқа шығамыз. Астанамызда қандай көрікті жерлер бар екеніне тоқталамыз.

Саяхатқа шығу үшін бізге көлік керек болады. (Тақтадан көліктің түрлері беріледі, ішінен көлік таңдап аламыз).Біз, балалар, екі топқа бөлініп отырдық. Ендеше, топ жетекшілерін сайлап алайық.

1 топтың жетекшісі-Темірлан

2 топтың жетекшісі-Ибрагим

  1. Ең бірінші аялдамамыз - «Бәйтерек» кешені.

Бәйтерек –Астананың символы. Бәйтерек үш бөліктен тұрады. Биіктігі-97 метр. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы бар. «Аялы алақан» елбасымыз Н.Назарбаев алақанының таңбасы бар күміс тұмар. Бәйтерек идеясының авторы –елбасымыз Н.Назарбаев.

Осы жерден автобусқа билет алып, отыру керекпіз. Билет алу үшін сұрақтарға жауап береміз, сол арқылы өткен тақырыпты және үй тапсырмасын қайталаймыз (Кеспе қағаздағы сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар автобусқа отырады). Үй тапсырмасына сіздерге 129 беттегі 3-тапсырма берілген болатын.

1.Сен қай республикада тұрасың?

2.Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

3.Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

4.Елбасы кім?

5.Сен қай қалада тұрасың?

6. Астана қандай қала?

6.Қазақстан Республикасында тағы қандай қалалар бар?

7.Қалада қандай үйлер бар?

8.Қалада саябақтар, ескерткіштер, мектептер көп пе?

9.Сен қай мектепте оқисың?

10.Мектепте не бар?

11.Сен нешінші сыныпта оқисың?

11. Сенің сыныбыңда не бар?

12. Сенің сыныбың нешінші қабатта?

13. Қалада қандай көліктер жүреді?

14. Сен қалаңды жақсы көресің бе?

  1. Келесі аялдамамыз –«Ақорда».Ақорда– Есілдің сол жағалауында орналасқан, ҚР Президентінің резиденциясы.Жалпы көлемі- 36 720 м2. Ақорданың тұсаукесері-24 желтоқсан 2004 жылы болды. Резиденция жанында Парламент, Жоғары сот, Министрліктер үйі бар. Ғимараттың биіктігі-80 м.

Біз сіздермен тәуелдік жалғауының жекеше түрін өткенбіз.

І топ- «Қала» сөзін, ІІ топ - «Астана» сөздерін тәуелдейді.

  1. Келесі аялдамамыз –«Бейбітшілік пен келісім сарайы».

Бейбітшілік және келісім сарайы Қазақстан жеріндегі достықтың, бірлік пен бейбітшіліктің белгісі. Сарайды салу идеясының авторы-Нұрсұлтан Назарбаев. Жобаның авторы белгілі британдық архитектор-Норман Фостер. Пирамиданың негізі 62x62 метр, биіктігі 62 метр. Пирамиданың төбесі, яғни күмбезі – елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерін суреттейтін 130 көгершін бейнеленген

«Бейбітшілік пен келісім сарайы» аялдамасында сіздерді мынадай тапсырма тосып тұр. Берілген мәтінді оқып, орыс тіліне аудару.

1 топ. Мен Астана қаласында тұрамын. Астана-үлкен, жас қала. Көшелері кең. Көшелерде көп ағаштар мен гүлдер өсіп тұр. Қалада алаңдар, ескерткіштер, кинотеатрлар, саябақтар бар. Мен Астана қаласында №71 мектеп-лицейде оқимын. Мен өз қаламды жақсы көремін.

2 топ. Мен биыл Астанада болдым. Астана –Қазақстан Республикасының астанасы. Астанада менің атам мен әжем тұрады. Астана-әдемі қала. Астанада көп жаңа үйлер бар. Астанада Есіл өзені ағады. Маған Астана қаласы ұнады.

  1. Келесі аялдамамыз –«Думан» ойын – сауық орталығы. Еңселі елордамыздың төріндегі «Думан» ойын-сауық орталығы 2003 жылдың мамырында ашылды. «Думанның» океана­риу­мы «мұхитарал» деп те аталады. Бұл керемет мекенде теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрі тіршілік етеді, олардың жалпы саны 2000-нан асады. Думан сіздерге әдемі ән тыңдауды және сергіту сәтін жасауды ұсынады.(А.Жорабаева «Елімнің жүрегі»)

  2. Келесі аялдамамыз –Тұңғыш Президент мұражайы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы – Қазақстанның жаңа тарихының музейі. Ол Президенттің 2004 жылғы 28 тамыздағы Жарлығымен құрылды. Музей экспозицияларында айтылатын негізгі идея республиканың мемлекеттік егемендікке қол жеткізуі мен оның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы тарихи рөлі болып табылады. Мұражай сіздерге «Менің Астанам» тақырыбында әңгіме жазуды ұсынады.

  1. Келесі аялдамамыз-«Мәңгілік ел» Салтанат қақпасы. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы күні Астанада “Мәңгілік Ел” Салтанат қақпасын ашты. Мәңгілік елдің дайындаған тапсырмасы – мәнерлеп оқу. Оқулығымыздың 131 бетін ашып, «Астана» өлеңін мәнерлеп оқимыз

  2. Келесі аялдамамыз –«Есілдің жағасы». Есілдің жағасы сіздерге елордамыз Астана туралы сурет салуды ұсынады. Оқушылар өз постерлерін қорғайды.

VI. Бекіту

«Астана» сөзіне топтау жасап, сабақты бекіту.

VII.Бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: «Астана» өлеңін жаттау.































Астана қаласы

«№71 мектеп-лицейі» КММ

























Ашық сабақ

Тақырыбы: Менің Астанам

(3-сынып)





















Пән мұғалімі: Қайранбаева А.Б.





















Астана қаласы

Просмотр содержимого презентации
«слайд Астана»

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Қазақстан Республикасының астанасы-Астана қаласы. Ақмола (Астана) 1997 жылы Қазақстан Республикасының астанасы болды. 1998 жылы қаламызға Астана атауы берілді.

Қазақстан Республикасының астанасы-Астана қаласы. Ақмола (Астана) 1997 жылы Қазақстан Республикасының астанасы болды. 1998 жылы қаламызға Астана атауы берілді.

аВТОБУС

аВТОБУС

Астананың символы-«Бәйтерек» кешені

Астананың символы-«Бәйтерек» кешені

Елбасы Резиденциясы – «Ақорда»

Елбасы Резиденциясы – «Ақорда»

Пирамида -  «Бейбітшілік пен келісім сарайы»

Пирамида - «Бейбітшілік пен келісім сарайы»

«Думан» ойын-сауық орталығы

«Думан» ойын-сауық орталығы

Тұңғыш Президент мұражайы

Тұңғыш Президент мұражайы

« Мәңгілік ел» салтанат қақпасы

« Мәңгілік ел» салтанат қақпасы

Есіл өзені

Есіл өзені


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мені? Астанам

Автор: Кайранбаева Альмира Болатовна

Дата: 28.11.2015

Номер свидетельства: 259248

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "Саба? жоспары "Мені? Астанам" мектепалды даярлау сыныбы "
    ["seo_title"] => string(58) "sabak-zhospary-mienin-astanam-miektiepaldy-daiarlau-synyby"
    ["file_id"] => string(6) "194394"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427774366"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Мені?  т???ыш президентім"
    ["seo_title"] => string(27) "mienintungyshpriezidientim2"
    ["file_id"] => string(6) "289204"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454758093"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) ""Мені? елім-мені? болаша?ым" "
    ["seo_title"] => string(31) "mienin-ielim-mienin-bolashag-ym"
    ["file_id"] => string(6) "191296"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427290639"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) ""Мені? ?аза?станым - мені? болаша?ым""
    ["seo_title"] => string(41) "mienin-k-azak-stanym-mienin-bolashag-ym-4"
    ["file_id"] => string(6) "249845"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446984388"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(159) "Конспект внеклассного мероприятия "Мен т?уелсіз ?аза?стан республикасыны? азаматымын!" "
    ["seo_title"] => string(94) "konspiekt-vnieklassnogho-mieropriiatiia-mien-t-uielsiz-k-azak-stan-riespublikasynyn-azamatymyn"
    ["file_id"] => string(6) "143685"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1418570394"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства