kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын қолдану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа инновациялық технологиялармен әріптестермен  бөлісу 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын қолдану»

Тауекелова Гакку Дулатовна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

«Ленин жалпы білім беру орта мектебі» КММ

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Самарқанд ауылы


Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын қолдану


«Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен

әлдеқайда жоғары болу керек.

Ол үшін жаңа формацияның педагогы қажет”

Н.Ә.Назарбаев



Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оқушының талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан-жақты жетілдіруде таным баспалдақтарына жетелер дағды – машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, меңгеру, біліктілігін арттыру. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің алдында тұрған негізгі мақсат – тіл үйрету, мемлекеттік тілді меңгерту, осы тілде дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық ережелер мен сөйлем құрылысын меңгерту. Өзге тілді оқытуда бірден-бір тиімді әдіс – сын тұрғысынан ойлау әдісі деп ойлаймын. Сын тұрғысынан ойлаудағы мұғалімнің басты міндеті оқу материалын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойылған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру.

Қазақ тілін оқыту – қиын да қызықты жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, олардың ойлау, көру қабілеттерін жетілдіру, уақытты дұрыс пайдалану, әртүрлі әдістерді қолдану, сабақты мазмұнды да қызықты өткізу, мұғалімнің жеке басының интелектісін дамыту, оқу іс-әрекетін, өтілетін тақырып мазмұнын аша білу. Сонымен жеке тұлғаны дарынды, білімді де білікті етіп шығару мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. Яғни оқытудың жаңа инновациялық технологиясын қалыптастыру. Атақты ғалым В.М.Шепель «Технология, бұл – өнер, шеберлік, іскерлік әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі» дейді.

Оқушының ойлау қабілетін байытуға игі ықпал ететін жаңаша оқытудың бір түрі – оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Сын тұрғысынан ойлау әдісі, оқытуда дамыған технологияға жатады. Бұл иллюстративті-түсіндірмелі, ішінара іздену. проблемалық, пікір-сайыс, ойын, шығармашылық, өзін-өзі дамыта оқыту әдістерінің жиынтығы. Сын тұрғысын оқу-тәрбие үрдісінде басқару мен ұйымдастырудың тиімділігі оқушылардың өз алдына белсенді дамуына негізделеді

Бұның мақсаты – барлық жастағы балаларды кез келген мазмұнға сын тұрғысынан қарауды үйрету. Кез келген қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін шешуге, әр түрлі жағдайларды сын тұрғысынан қарауға, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға, сапалы шешім жасауға үйрету қажеттігі айдан анық болып тұр.

Сын тұрғысында ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра оқыту, оқушылардың жеке топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталады. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Яғни оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сыни қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады.

Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес,шыңдалған ойлау.Бұл технологияның ішкі құрылымында ерекшелік бар.

Бұл құрылым 3 деңгейден тұрады: қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс.

Сын тұрғысында ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт.

1.Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт беру арқылы мүмкіндік жасау

2.Оқушыларға ойлануға рұхсат беру.

3.Оқушылардың әр түрлі идеялары мен пікірлерін тыңдау.

4.Үйренудегі оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.

5.Сенімділік.

Мұғалімнің іс-әрекеті:

— Топқа бөліп ой қозғайды

— Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды

— Шығармадағы ең қажетті, құнды нәтижені анықтауды ұсынады.

— Шығарманың тілдік ерекшелігі туралы сұрақ тастайды

— Ойларын жазуды ұсынады

— Қорытындылауға бағыттайды

Оқушылар іс-әрекетіндегі өзгерістер

1.Бірлесіп жұмыс істеуге, шешім қабылдауға, өзі білмегенін үйренуге, білгенін ортаға салуға үйретеді.

2.Ұжымдық, жұптық, топтық жұмыс істеу дағдылары қалыптаса бастайды.

3.Білімді өз бетінше іздеуге, салыстыра болжауға, ойын еркін жеткізе білуге дағдыланады.

4.Оқушылар сабақтың басынан-бастап білімді игеруге белсене кіріседі, қызығушылығы артады.

5.Сабаққа енжар қатысып отырған оқушыларда ерекше белсенділік пайда болады.

6.Өзін-өзі бағалауға

7.Саралауға

8.Ғылыми жұмыспен айналысуға

9.Өз пікірін қалыптастыру «мен» деген рөлін көтеру.

«Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын» өз тәжірибемде қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жиі қолданамын. Жаңа сабақты өз бетінше меңгеру немесе мағынаны тану кезінде түртіп алу немесе INSERT стратегиясын пайдаланамын.

Ой қозғау стратегиясында «Бұл туралы не білетін едік, есімізге түсірейікші?» — деп 2-3 минут оқушыларды ойлана білуге бағыттаймын.

Ой-толғанысында оқушылар өтілген мәтіннен не әсер еткенін, қандай ой түйгенін жазуға үйренеді. Алғашқыда оқушылар мәтіннің мазмұнын қысқаша жазып келіп жүрді. Бірте-бірте мәтіндегі өзін толғандырған нәрсені де айта алатындай болды.

«ДЖИКСО» әдісінде мәтінді топқа бөліп оқу оқушылардың жауапкершілігін арттырады. Өз тобына келгенде оқығанын айтып беру үшін әлсіз оқушылар да әрбір сөйлемге мән беріп оқитын болды. Мұның өзі жауапкершілік.

«INSERT» стратегиясын мәтінмен жұмыс жүргізгенде қолданамыз.Оқушы ең алдымен тақырыпты өзі оқиды, таныс мәліметтерді белгілейді, өзі білмеген мәліметтерді табады да кестені толтырады, білмегенін мұғалімнен сұрайды, нені білгісі келетінін айтады.

Білемін Білдім Білгім келеді

Әр оқушы кестені толтырып, білмеген сұрақтарын мұғалімге қояды.

Оқушы өзін-өзі дамытуына білімінің жеткіліксіз екенін сезініп, білімнің қажеттілігіне деген қызығушылығы артады.

Мысалы «Кубизм» стратегиясында кубик фигураның атауы емес, оқытудың кезеңдері мен сатыларын, оъектіні танудың тақырыпты ашудың жолкөрсеткішін, алгоритімін бейнелейді.

1-қыр Сипаттаңыз

2-қыр Салыстырыңыз

3-қыр Ассоциация құрыңыз

4-қыр Талдау жасаңыз

5-қыр Ұсынысыңыз

6-қыр Дәлелдеңіз

Мұғалім оқушыларға белгілі бір тақырыпты ашу үшін, мәселені шешуде бірігіп топқа қарай кубиктің әр қырын таңдап алады. Өтілетін тақырып әр қырынан ашылады, жан-жақты сипатталады, қорытындыланады.

«Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының қай әдісін алсақ та оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын жан-жақты дамытатынын көрудемін. Осы әдістерді үзбей қолдану – жеке оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің ашылуына жол сілтеді. Сабақтарымда жиі қолданатын «Галлерияны аралауда» суреттерді оқушылардың өздері салатын болды, эссе мен бес жол өлең жазуда да шығармашылық қабілеттері дами түсті.

СТО стратегиясын қазақ тілі сабақтарында пайдалану – оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыруға септігін тигізеді, оқушы жоғары нәтижеге қол жеткізеді.

Қорыта айтқанда, сабақта тиімді әдіс –тәсілдерді, жұмыс түрлерін қолдану мұғалімнің біліктілігі мен әдістемелік шеберлігіне байланысты. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті үштұғырлы тілін дамытуда, қазақ тілінің мәртебесін көтеруде, өз ойын, пікірін ауызша және жазбаша тілде көркем де анық, нақты етіп бере білу жолында «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» стратегияларын дамыту жұмыстары көмегін көптеп тигізері анық. Бүгінгі өмірін бала оқытып, білім беруге бел байлаған әр ұстаздың жан дүниесі сенім мен тілектің шуағымен нұрлана түспек деп ойлаймын.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс

Автор: Досанова Жанар Токтасыновна

Дата: 29.05.2017

Номер свидетельства: 419228

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(177) "Краткосрочное планирование по казахскому языку на тему "Мемлекетіміз туралы не білуіміз керек?" "
    ["seo_title"] => string(104) "kratkosrochnoie-planirovaniie-po-kazakhskomu-iazyku-na-tiemu-miemliekietimiz-turaly-nie-biluimiz-kieriek"
    ["file_id"] => string(6) "145760"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1418988487"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Сыни т?р?ыдан ойлану?а ?йрететін тапсырмаларды? ма?ызы"
    ["seo_title"] => string(51) "syniturgydanoilanugauirietietintapsyrmalardynmanyzy"
    ["file_id"] => string(6) "281803"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1453582547"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Жамбыл Жабаев "Калкаман - Мамыр" поэмасы "
    ["seo_title"] => string(39) "zhambyl-zhabaiev-kalkaman-mamyr-poemasy"
    ["file_id"] => string(6) "181956"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425433318"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства