kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ескі қазақ жазба тілі.Ескі қазақ жазба тілінің қазақ қоғамы үшін маңызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ескі қазақ жазба тілі. Ескі қазақ жазба тілінің  қазақ қоғамы үшін маңызы

Ескі Қазақ тілі— орта ғасырларда( XІV - XVІ ғғ.) қолданылған Қазақ халқының тілі.

Бұл кезде қыпшақ және басқа қазақ тайпалары Алтын Орда мемлекетінен бөлініп шығып, "Қазақ" деген этникалық атпен өз алдына этнос болып қалыптасқан. Орта ғасырларда қоңырат, қыпшақ, алшын, үйсін, дулат, арғын, найман, керей, жалайыр т. б. тайпалардың, олардың бірлестіктерінің ауызекі сөйлеу тілімен қатар жазба әдеби тілі болған, ол ауыз әдеби тілімен қатар өмір сүрген. Ескі Қазақ тілінің негізінде Қазақтың халық тілі, одан кейін қазіргі ұлттық тілі дамып қалыптасқан.[1]

Даму мен жетілу дәуірі ( XІV - XVІІ ғғ.) және жаңа дәуір, яғни оның одан әрі де өркендеген уақыты ( XX ғ.). Ескі қазақ тілі өзінің бастау кезін орта ғасырдың орта кезеңінен ( ІX - XІІІ ғғ. ) алады. Ол кездегі халықтар "түрк/түрік, түркі" сияқты жалпы атаумен аталып, сол дәуірдегі жазылып қалынған мұралар "ескі түркі ескерткіштері" деген атпен белгілі болған. Алғашқы орта ғасырдан ( V - VІІІ ғғ. ) қалған жадыхаттарды "көне түркі ескерткіштері" деп есептейді. Әрине, қазіргі қазақ тілі өзінің ескі түрі арқылы осы айтылған тарихтың қойнауына қарай үңілсек, ескі түркі тілдерімен де, көне түркі тілдерімен де тарихи өзектесіп жатады. Оның кейбір ерекшеліктері мен тамырлары алтай тілдерімен (олар арқылы орал тілдерімен де) араласып кетеді, демек, біз өз тіліміздің пайда болу (жаратылу) табиғаты мен өзгеруінің эволюциялық жолдарын антикалық дәуірден (прототүркі дәуірінен, б. з. д. ІІІ ғ. - б. з. ІV ғ.) іздеуіміз керек (О. Ысмағұлұлы). Кезі келгенде "көне қазақ тілі" (тіпті "ежелгі қазақ тілі" деп те айта беруге болар, бірақ көне түркі тілдерінің ( V - X ғғ. ) кезінде, әрине, "қазақ" ("қазақ тілі") деген сөз дәл қазіргі мағынасында айтылмаған (жазылып та қалмаған), ал ескі түркі тілдерінің кезінде ( ХІ - XVІІ ғғ. ) "қазақ" деген сөз жазылып қалғанымен, оның беретін мағынасы дәл қазіргідей болмаған, яғни ол этникалық термин емес, бейтарап сөз болған (қазіргі "Түркі-араб сөздігі"). Алайда, қазақ тілінің көне, ескі тіл екендігін теріске шығаруға болмасы-ты. Оның көнелік (ескілік) сипаттары көне (ескі) түркі жазба нұсқаларының тілінен айқын байқалып отырады (қазіргі Көне түркі тілі, Көне түркі жазба ескерткіштері).

Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына үлкен үлес қосқан рулар мен тайпалардың, ұлыстар мен халықтардың өз заманында қолданған тілдері - қазіргі қазақ тілінің қалыптасуы мен дамуының қайнар көзі. Олар X - XV ғғ. өмір сүрген бұлғар, қыпшақ, оғыз және қарлұқ сияқты басты-басты тайпалар одақтарының құрамына еніп, солардың тілінде сөйлеген. Басты бір фонетикалық заңдылықтар д-з-й (адақ - азақ - айақ), н-ң-й (қон-қоң-қой), ғ мен г дыбыстарының й, у болып өзгеруі немесе айтылмай түсіп қалуы т. б. осы кезде қалыптасқан (д, з, н, ң, ғ, г дыбыстарын қолданатын тілдер не көне, не ескі болып есептеледі, осыған орай қазақ тілінде адақтау - айақтау, суғар - суар, жаз-жай сияқты сөздер кездесе береді). Орта ғасыр түріктерінің, соның ішінде қоңырат, қыпшақ, алшын, дулат, арғын, керей, найман, жалайыр т. б. рулар мен тайпалардың, олардың одақтық бірлестіктерінің ауызекі сөйлеу тілі мен қатар жазба әдеби тілі де болған, ол ауыз әдеби тілімен қатар өмір сүрген. Сол тілдерде жазылып қалған (немесе айтылып жүрген) нұсқалар мен ескерткіштер де аз емес: "Едіге", "Ер Сайын" жырлары (алшындар тілінде), "Ер Көкше", "Қабанбай батыр" (керейлер тілінде), "Мұхаббатнаме", "Алпамыс" (қоңыраттар тілінде), "Орхон - Енисей ескерткіштері" (дулаттар тілінде), "Наһдж-ул-Фарадис" (кердерілер тілінде), "Кодекс куманикус" (қыпшақтартілінде) пайда болған (профессор С. Аманжолов). Әрине, "Ескі қыпшақ тілінің ескерткіштері" өз алдына. Қазіргі қазақ тілінің қалыптасу дәуіріне дейін (15 ғасырға дейін) оның өзіндік белгілерінің бәрі де сараланып, өзіндік табиғи қасиеттерін айқындап, басқа түркі тілдерінен айырым жүйелерін айшықтап бөліп алған. Олар, сөз жоқ, ғасырлар бойы бір тілге жинақталып, өзара сіңісіп қалыптасқан. Мысалы, қазақ тілінің ж дыбысымен айтылу ерекшелігі (жоғарыда көрсетілген) орта ғасырдың орта кезінде пайда болған. Одан бұрынғы дәуірлерде бұл дыбыстың ешқандай ізі болмаған (бұл іспеттес фактілері аз емес). " XV - XVІІ ғғ. қазақ халқының мәдени өмірінде жаңа құрала бастаған халықтың сөйлеу тілі мен қазақ халқын құраған ру-тайпалардың әріден келе жатқан, поэзия тілінің негізінде ауызша дамыған әдеби тіл қызмет етті" (Р. Сыздықова).

Халық тілінің орайына қарай қалыптасқан іс қағаздары (кеңсе тілі) мен ғылым әдебиеттер жазылатын (ғылыми стиль), хат-хабар қағаздарын жазатын арнаулы тіл (эпистолярлық стиль) т. б. да қоғамдық-әлеуметтік, саяси-әкімгершілік, мәдени-шаруашылық салаларында қызмет жасайтын жазба тіл әртүрлі стильдер бойынша жүзеге асу процестерінен көріне бастады. Ол жалпы түркілік, ортаазиялық жазба әдеби тілмен ("түркі" деп аталатын тілмен) байланысты болды, оған, бірінші жағынан, Орта Азия халықтары тілдерінің өзара жақындығы мен халықтардың құрдай араласып жатқандығы себеп болса, екінші жағынан, сол кездегі тілдік материалдардың кейінірек көбінесе шет өлкелерде (Қазан, Омбы, Орынбор, Санкт-Петербург, Ыстамбул, Томск, Тройцк, Уфа т. б.) басылып отыруы әсер еткен болу керек. Ол кездегі қазақ пен ноғай тілдеріне ортақ туындылар әрбір ұлттық тілдердің тағдырына өз іздерін қалдырды, дегенмен, олар "біршама қазақыланды". Қазіргі қазақ тіліне қарағанда, ол дәуірдегі тілдің азды-көпті өзіндік (лексикалық, фонетикалық, грамматикалық, синтаксистік,стильдік т. б.) ерекшеліктері болды.

Просмотр содержимого документа
«Ескі қазақ жазба тілі.Ескі қазақ жазба тілінің қазақ қоғамы үшін маңызы»

Ескі қазақ жазба тілі. Ескі қазақ жазба тілінің қазақ қоғамы үшін маңызы

Ескі қазақ тілі

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ескі қазақ жазба тілі.Ескі қазақ жазба тілінің қазақ қоғамы үшін маңызы

Автор: Кулахметова Мадина Алимжановна

Дата: 10.05.2017

Номер свидетельства: 414108

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(140) "?лтты? шешендік ?нер. ?аза? шешендік ?неріні? бірінші кезе?і. Май?ы би мен Аяз би."
    ["seo_title"] => string(82) "ulttykshieshiendikonierkazakshieshiendikonierininbirinshikiezienimaikybimienaiazbi"
    ["file_id"] => string(6) "289373"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454786726"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(176) "Қазақ тілін деңгейлеп оқыту жүйесін жасау және қазақ әдебиетінің білім беру мазмұнын жетілдіру"
    ["seo_title"] => string(80) "k_azak_tilin_dien_ghieiliep_ok_ytu_zhuiiesin_zhasau_zh_nie_k_azak_diebiietinin_b"
    ["file_id"] => string(6) "366617"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1481044993"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Ма?ал-м?телдерді? т?рбиелік м?ні "
    ["seo_title"] => string(36) "mak-al-m-tieldierdin-t-rbiielik-m-ni"
    ["file_id"] => string(6) "183956"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1425980367"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "конспект урока на тему"?ам?орлы?" "
    ["seo_title"] => string(36) "konspiekt-uroka-na-tiemu-k-amk-orlyk"
    ["file_id"] => string(6) "181035"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425295347"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) ""?аза?станым-елім мені?" Атаж?рт интеллектуалды тарихи танымды? ойын"
    ["seo_title"] => string(65) "kazakstanymielimmieninatazhurtintielliektualdytarikhitanymdykoiyn"
    ["file_id"] => string(6) "299055"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456427682"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства