kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық тәрбие сағаты "Тән тазалығы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық тәрбие сағаты "Тән тазалығы"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық тәрбие сағаты "Тән тазалығы"»

Пән мұғалімі: Ержанова И

Тақырыбы: Тән тазалығы

Мақсаты: Адамзат бойында жан және тән тазалығы орын алады. Соның ішінде тән тазалығы ерекше маңызға ие. Оқушыларды тазалыққа, тәртіпке шақыра отырып, оның өмірдегі, денсаулыққа өте маңызды әсер ететінін түсіндіру, үйрету, тәрбиелеу.



Тән – адам жанының мекені, дүниедегі тіршілігін атқаруға мүмкіндік беретін физикалық денесі. Тән саулығы, тазалығы, сұлулығы адамның сыртқы келбетінен көрініс беретін жағымды қасиеттер ғана емес, сонымен қатар адамның ішкі жан дүниесін сипаттайтын белгі, адам жанының саулығы мен тазалығына негіз болатын алғышарт ретінде танылады. Тән жанмен өзара тығыз байланыстағы, өзара ықпалдастықтағы үйлесімді құбылыстар ретінде көрініс береді. Жанды көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтіндіктен де Тән жанның шұғылаланған сәулесі яки көлеңкесі ретінде немесе жанның барлығын айқындайтын қарама-қарсы құбылыс ретінде де үнемі қатар айтылады. Тән құмары, Тән қызығы, Тән рақаты, т.б. тіркестерде Тән сөзі – нәпсі ұғымының баламасы ретінде қолданылады. “Тән – жанның терезесі” деген түсінік ежелден келе жатқан Тәннің жанмен ықпалдастығын, үйлесімін айқындайтын ұғым. Демек, Тән жанның тек тіршілігі үшін ғана қажет емес, оның көркейіп өсуіне, тәрбиеленіп қалыптасуына, дүниетаным көкжиегінің кеңеюіне ықпал ететін таным көзі.



Қоғамның тазалығы әрбір адамның өзінің жеке тазалығына мән беруінен басталады. Тазалық дегенде моншаға кіріп шығуды, ғана түсініп қалмайық. Әр нәрсенің тазалығы бар. Тазалық-адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткішінің бірі. Ол —адамның денсаулығы, өң түсінің шырайлылығы, өмір жасының ұзақтығы, тұла бойының сәнділігі, өз қадыр-қасиетін бағалауы, айналасына  тартымдылығы, сүйкімділігі деген сөз.

Адамдардың бір-бірімен жақсы қарым-қатынасындағы шынайы адамгершілігін сипаттап «Жаны таза», «Ойы кіршіксіз», «Ниеті таза», «Ақ пейіл» сияқты сөздермен бағалай білген. Тұрған ауылы мен қала көшелерінің тазалығын  мақтанышпен әспеттеп «Таза қалам»  деп, атаған.

Әрбір ата-ана да ұл-қыздарының өздеріне қарап тәрбие алатынын естен шығармағаны жөн. Кез келген тазалық адамның өз бойынан көрініс тапсын. Өзін таза ұстай білген адам, өзгеге де сол тазалығын көрсете алады.

Осы себепті қазақта: «Сен баланы тазалыққа, әдептілікке тәрбиелеймін деп әуре болма, бала бәрібір саған ұқсайтын болады. Сен одан да өзіңді тәрбиеле. Ұл-қызың саған қарап өседі, бой түзейді» - деген.

«Жақсы әйел ұлтты тәрбиелейді»,- дей отырып, дәстүрлі санамызда қазан-ошақ иесі –әйелге қатысты керемет түсініктер қалыптасқан. Үйінің таза болуына мән берген әйел – берекені кіргізеді. Сырт көз сыншы емес пе? Үй шаруасын дөңгелетіп, балалардың тәрбиесіне қарап отырған әйелдің үйіне келген қонақ та үйдің тазалығына қарап отырып, әйелдің қандай екенін білетін болған. Сыртта жүргенде сәнденіп, адамдар көзіне таза болып көрінген әйелдің үйі шашылып, дастарханы жиылмаса, ол үйдің берекесі сол ластықпен шығып кетеді. Қазақта: «Жұғын бар жерде – шыбын бар, Шыбын бар жерде – шығын бар»-деп, берекенің келетін жолын тауып айтқан.



«Бірінші байлық – денсаулық, денсаулық кепілі-тазалық»,

«Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса, тамағыңды тый» – деп,  денсаулығын басты байлық деп бағалай білген халқымыз тазалыққа, пәктікке мән бере отырып, ұл-қыздарының есімін де Тазабек, Тазагүл, Ақмарал десе, ас қоятын дастарханын да тазалықтың белгісі ретінде «Ақ дастархан» деп атаған. Ал барлық жақсы амалдың қайнар бұлағы болған Құранда Алла Тағала  тазалықтың жолдарын көрсетіп, күнә атаулыдан таубамен тазарғандарды және дәретпен тәнін тазалағандарын Менің сүйікті құлдарым болады деп дәрежелерін көтерді.



Адамның 7 тазалығы

Адам атаулысына ортақ тазалықтың 7 ережесін ұсынамыз:



1. «Қол тазалығы». Бұл ешкімің ала жібін аттамау, артық затын алмау деген сөз. Мұнымен қатар айналамыздағы жағдайы жоқ адамдарға 1/40 немесе 1/10 үлесімізді беруіміз керектігі жайында айтылады.

2. «Құлақ тазалығы». Өсек, мақтан, өтірік сөзді, қорқақ, ашушаң және жігерсіз адамдарды тыңдаудан бас тартуымыз керек. Алтын уақытты бос сөз өлтіреді.

3. «Көз тазалығы». Көзді көреалмаушылықтан, кектен, қызғаныштан аман сақтау.

4. «Тіл тазалығы». Тілімізді жаман, былапыт, бос сөздерді айтудан сақтандырғанымыз абзал. Үнсіздік алтынмен тең.

5. «Тән мен киім тазалығы». Бұған гигиеналық тазалықтың да қатысы бар. Яғни тән мен киімді әрдайым таза ұстау.

6. «Ой тазалығы». Бұл – ойымызды жамандықтан арылту. Әрдайым позитивті ойлауға шақыру. Өзімізге жанашырлықпен қарауды доғару. Одан біз не ұтамыз? Орнына жарқын болашаққа жақсы бастамалармен аттанғанымыз жөн.

7. «Жан мен жүректің тазалығы». Рухани құндылықтарымызды жоғары қоюмыз керек. Өзгені сүйіп, қайтарымына еш нәрсе сұрамаңыз. Махаббат пен сүйіспеншілік – нағыз бақыт. 







Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағдайы.



Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен және жүре пайда болған сырқат белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды. Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық, физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.

Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты. Адам денсаулығының мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға да өте қатты мән берген. Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау», «Жаны саудың – тәні сау» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Ашық тәрбие сағаты "Тән тазалығы"

Автор: ЕРЖАНОВА ИНДИРА АЛТАЕВНА

Дата: 26.12.2019

Номер свидетельства: 533658

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "Ашы? т?рбие са?аты. Та?ырыбы: "Салауатты ?мір – к?тері?кі к??іл" "
    ["seo_title"] => string(65) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-tak-yryby-salauatty-omir-kotierin-ki-kon-il"
    ["file_id"] => string(6) "157818"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421657640"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Ашық тәрбие сағаты: «Денсаулық әліппесі»"
    ["seo_title"] => string(41) "ashyk_t_rbiie_sag_aty_diensaulyk_lippiesi"
    ["file_id"] => string(6) "451905"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1516698896"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Ашы? т?рбие са?аты: "?н падишасы - Ш?мші а?а" "
    ["seo_title"] => string(46) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-n-padishasy-sh-mshi-ag-a"
    ["file_id"] => string(6) "169880"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423481954"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Ашы? т?рбие са?аты.Та?ырыбы: "Имандылы?-ізгілік  негізі" 8-сынып "
    ["seo_title"] => string(67) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-tak-yryby-imandylyk-izghilik-nieghizi-8-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "202933"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429358012"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Т?рбие  са?аты "Ба?ыт дегеніміз – денсаулы?" "
    ["seo_title"] => string(46) "t-rbiie-sag-aty-bak-yt-dieghienimiz-diensaulyk"
    ["file_id"] => string(6) "207246"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430383279"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства