kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кітап - сарқылмас байлық.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу. Оқушының білімділік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру. Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кітап - сарқылмас байлық.»

Тақырыбы: Кітап – сарқылмас байлық
Мақсаты: Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу. Оқушының білімділік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру. Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: Кітаптар көрмесі, нақыл сөздер.
Жүру барысы
Мұғалім: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Кітап – сарқылмас байлық» атты тәрбие сағатын А.Байтұрсынұлының мына өлеңімен бастағалы тұрмын.
Балалар, бұл жол басы даналыққа
Келіңдер, оқып байқап қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп, 
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық
Жүріңдер іздеп, тауып алалық та!
«Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған ғой. Бүгінгі әдеби кешіміз бәрімізді білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені – кітапқа арналады.

Кітап – ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап – ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап – ақылдың кені. Кітап – бар білімнің бастауы, бар ғылымның бастауы. Кітап – барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы. Өз бетімен кітап оқып, оның көмегімен үздік білім алған, сөйтіп атақты ғалым болған адамдарда дүние жүзінде аз емес.

Мысалы, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өз білімін өз бетімен ізденуінің, кітапты көп оқуының арқасында жетілдіреді әрі бірнеше тілді меңгереді, алдыңғы қатарлы ойшылдардың еңбектерімен танысады. Ал М.Горький болса «Мен өз бойымдағы барлық жақсылығым үшін алдымен кітапқа борыштымын» деген. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

- Балалар, кітап қалай жасалады?
- Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалады.
- Тұңғыш қазақ кітабы қай жылы шықты?
- Тұңғыш қазақ кітаптар 1800 жылы шығарыла бастады.

Кітап: - Ой, бәрекелді! Өздерің менің тарихымды жақсы біледі екенсіңдер. Мен адамның досымын. Менің атым – кітап. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңірді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Содан соң оған авторлар жазады, суреттер салады. Баспахана жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Жұмысшылар машина мен поездарға тиеп ауыл-ауылға, қала-қалаға таратады. Міне, мен енді сенің қасыңда тұрмын. Мені күтіп, жыртпай ұста. Мен сенің сенімді досыңмын!

Ұлжан: Тұрады басын құрап әріп неден, 
Басталған білім басы Әліппеден
Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит
Оқысақ кітап сырын ашып терең
Нұртілек: Кітапты оқымайды, сыйламаған, 
Білімге жанын жанып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой-өрісін, 
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
Айдана: Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп, 
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп, 
Береді білім нәрін кітап көктеп.
Әділет: Кітаптар бейне жапырақ, 
Жырлайтын сырын өмірдің
Оқисың кейде жаттап, 
Көтеріп күйін көңілдің.
Мөлдір: Айдын шалқар кейде бір, 
Кітапты тұнған көл дерсің, 
Ауадай қажет бейне бір, 
Таппасаң нәрін шөлдерсің.

Мұғалім: - Қазақ даласында мектеп салған, қазақ балаларына арнап «Әліппе» жазған кім?
Бәрі: - Ыбырай Алтынсарин.
- Оның балаларға арнап жазған өлеңі қалай аталады?
- «Кел, балалар, оқылық!»
Ән: «Аналарға» орындайтын - Алтынбекұлы Әділет.
Би: «Өзбек биі» билейтін - Қадірбекқызы Дана
Гүлайна: Кітап!
Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады, 
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсиетін, 
Шешіліп кейде достай сырласады.
Дана: Кітап!
Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы, 
Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.
Ашқанда-ақ өткен күнмен беттеріңді, 
Келер күн көз алдыма кеп тұрады.

Ән: «Әкешіме» орындайтын - Сұңғатқызы Гүлайна.
Көрініс: «Кітаптар мұңы»
Би: «Аққу биі» билейтін - Бекболатқызы Айдана

Жандарбек: Адамның досы кітап, өмір кілті, 
Тең келмес оған жиған дүние-мүлкі.
Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы, 
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
Лаура: Кітабың – сенің құралың
Жағар білім шырағың
Баса алмайсың ешқашан, 
Онсыз алға бір адым.
Зүлфина: Елімізде атақты
Ғалым ата не тапты
Бәрін - бәрін көріпті
Оқи берген кітапты.
Білім алар көп адам, 
Жақсы нәрсе жоқ одан, 
Қызыға кеп оқимын
Кітап көрсем жаңадан
Көрініс:
«Науқас кітап»

Мұғалім:
Кітаптар да адам сияқты, ауырып қалуы мүмкін. Ауырған жағдайда оларды емдеу қажет. Сол үшін де кітаптарда аялап ұстауымыз қажет.

Енді ортаға кітапханашы апайды шақырайық.
(Ол оқушыларға кітапхана ережесін таныстырады).

Мұғалім: «Кім тапқыр?» ойынын ойнайық (жұмбақтар жасырылады).

Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама (кітап)

Бойлаған сайын тереңге
Шығасың биік белеңге (білім)

Білімнен мол сый асы, 
Балардың ұясы (мектеп)

Білімнің жолбасшысы
Шәкірттің қолбасшысы (мұғалімі)

«Кім көп біледі?» ойынын ойнайық (мақал-мәтелдер айтылады).

Кітап – асыл қазына

Оқу – білім азығы, 
Білім – ырыс қазығы

Оқу – білім бұлағы
Білім – өмір шырағы
Қына тасқа бітеді
Білім басқа бітеді

Білікті бірді жығады, 
Білімді мыңды жығады.

Мұғалім: Жайнатып жанымызды, 
Келтіріп сәнімізді.
Арнайық бас қосқанда
Тамаша әнімізді
Сәбилік көңілден
Арналды бұл әнім.
Баулитын өмірге
Ақылшы – мұғалім.

Ән: «Мұғалім ол біздің»

Қорытынды: Балалар, біздің ата-бабаларымыз «Кітап – көп ақылдың құйылған көлі», «Кітап – ғажап дос» деп бекер айтпаған. Барлық білімді кітаптан аламыз. Кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділдікке үйретеді.
Осымен «Кітап – сарқылмас байлық» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Кітап - сарқылмас байлық.

Автор: Ербатирова Токжан Умбетовна

Дата: 06.04.2018

Номер свидетельства: 465302

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Сабақтың тақырыбы: “ Кітап-сарқылмас қазына”."
    ["seo_title"] => string(44) "sabak_tyn_tak_yryby_kitap_sark_ylmas_k_azyna"
    ["file_id"] => string(6) "393703"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1487562833"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Т?рбие са?атыны? та?ырыбы:   Кітап -білім ?азынасы. "
    ["seo_title"] => string(50) "t-rbiie-sag-atynyn-tak-yryby-kitap-bilim-k-azynasy"
    ["file_id"] => string(6) "193100"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427564043"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Кітапхана- сар?ылмас ?азына"
    ["seo_title"] => string(25) "kitapkhanasarkylmaskazyna"
    ["file_id"] => string(6) "305645"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457970409"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Тіл – сар?ылмас ?азынам.     ( ?деби ойын – сайыс) "
    ["seo_title"] => string(40) "til-sark-ylmas-k-azynam-diebi-oiyn-saiys"
    ["file_id"] => string(6) "242787"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445535580"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Кітап-р?хани ?азына"
    ["seo_title"] => string(22) "kitap-ru-khani-k-azyna"
    ["file_id"] => string(6) "296986"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456130261"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства