Біз кітапханашылар, сіздердің жақсы оқып, жан- жақты болуларыңызға, озат мамандық иесі болып, болашақ қоғам қайраткері болуларыңыз үшін әрқашан өз үлесімізді қосып, қажетті әдебиеттер, газет журналдарды пайдалануда ақыл- кеңесімізді, игі жұмыстарымызды атқарып келеміз және осы мақсатта кітаптың қаншалықты қажет екенін түсіндіру үшін, біз сіздерге “Кітап – алтын қазына” деген ауызша журнал ұсынамыз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Кітап– алтын қазына»
КІТАП– АЛТЫН ҚАЗЫНА
(Ауызша журнал 4-5 сыныптар арасында)
Кітапханада кітап көрмесі: “Кітап – көпшіліктің ұстазы”
I бөлім: Кітап – білім бұлағы
II бөлім: Білім кілті – кітапхана.
Дәйек сөз:
Кел,балалар,келіңдер,
Қызық кітап көріңдер.
Қане, қарап шығыңдар
Сурет сырын ұғыңдар.
Білім бар да, оқу бар
Оқығанды тоқыңдар.
Кітапханашы: Біз кітапханашылар, сіздердің жақсы оқып, жан- жақты болуларыңызға, озат мамандық иесі болып, болашақ қоғам қайраткері болуларыңыз үшін әрқашан өз үлесімізді қосып, қажетті әдебиеттер, газет журналдарды пайдалануда ақыл- кеңесімізді, игі жұмыстарымызды атқарып келеміз және осы мақсатта кітаптың қаншалықты қажет екенін түсіндіру үшін, біз сіздерге “Кітап – алтын қазына” деген ауызша журнал ұсынамыз.
Ауызша журнал үш беттен тұрады.
1-беті: “Біздің мектеп кітапханасы”
2-беті: “Кітап – сенің досың”
3-беті: “Кітапты аялайық”
Бірінші бетін кітапхана меңгерушісі береді:
Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңгесіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де кітапханадан табамыз.
Кітапхана – оқырмандар мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Мектеп кітапханасы – мектептің жүрегі, бір бөлігі. Жаңа заман комьютер дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық,көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы – кітапхана. Біздің барлығымызға да ортақ міндет – әрбір оқушы өзінің керек кітабын тауып, білімін жетілдіруге өзіндік тұлғасын қалыптастыруына жағдай жасау.
Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты – жан-жақты сауатты ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі егемен еліміздің болашағы, халық тағдырын шешетін азамат. Алайда қазіргі кезде шәкірттеріміздің кітап оқумен тұрақты шұғылдануына кедергілер көбейді. Компьютерлік ойындар, теледидарға да қадалып, небір “сұмдық” фильмдерге қызығады. Кітап оқуға уақыт таба алмайды. Бірақ оқушы қалайда кітап оқып, сауатты болуы керек. Кітап оқу – мемлекеттік мәселе. Сондықтан балалар, кітапты көп оқу керек. Кітапханада “Қазақстан менің - Отаным” атты кітап көрмесі бар. Онда өздеріңе керекті мағлұматтар таба аласыңдар.
Журналымыздың екінші беті: “Кітап сенің досың”
Кітапханашы: Кітап – ең керемет ғажайып зат. Кітапты оқыған сайын керемет ғажайып құбылыстарға тап боласыңдар. Көз алдарыңызға әр түрлі оқиғалар елестейді.Сендер білмейтін адамдар өздері туралы айтып, кітап тілімен сөйлеседі. Жер бетінде кітаптан қызық ғажайып нәрсе жоқ.
Қазақ халқы кітапты киелі, әулие, қасиетті, құдіретті зат деп бағалаған.
“Ой маржаны - кітапта”,
“Кітап – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы ” деп кітапты жоғары бағалап, оны жадына сақтай білген. Кітап – адамгершіліктің қайнар көзі, адамзаттың рухани байлығы, өмір айнасы, тарих шежіресі,өнер – білім бұлағы, оқу тәрбие құралы. Сондықтан біздер, оқырмандар, кітапты оқып, өзімізге керек білімімізді алып қана қоймай, оны сақтап, ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдыруымыз керек. “Кітап - рухани азық” дейді қазақ халқы. Кітап оқушылардың жан-жақты білімін, ой –өрісін кеңейтеді. Балалар, Р.Гамзатов: “Кітаппен дос бол, жомарт беттері көзіңді ашар, адал дос одан жоқ тегі”десе, М.Горкий: “Кітапты сүйіңдер! Ол сенің өміріңді жеңілдетеді.Өзіңді де сыйлауға үйретеді, ақыл – ойың мен жүрегіңді бүкіл әлемге, адамға деген сүйіспеншілік сезіммен қанағаттандырады”.Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің сөзімен айтқанда:”Кітап – әр адамның өмірлік досы”. Ендеше, кітап сендердің мәңгі сенімді достарың, серіктерің болсын.
Журналдың үшінші беті: “Кітапты аялайық”
Кітапханашы:
Кітап – адам баласының ақыл – ойынан туған, байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын білім және тәрбие беретін құрал. Кітап – сенің ақылшың, досың, сырласың. Білімді кітаптан үйренесің.
Кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі. Ол мәңгілікке сапар шеккен ақыл ескерткіші. Кітап оқу – рухани байлық. Кітап жан серігің, кітаптан ұлттық құндылықтарымызды, тарихымызды оқып білеміз.
Сондықтан біз кітапты бағалайық, қастерлейік.
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл,терең білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Сондықтан балалар, біз бәріміз кітапты қадірлейік,сақтайық, жан серігімізге айналдырайық.