Мақсаты: Оқушыларға қазақтың қадірлі ақындарының бірі әрі бірегейі Қадыр Мырза Әлі туралы мәлімет беру. Талантты жерлес ақынымыздың шығармаларын жас ұрпаққа дәріптеу. Оқушыларды мәнерлеп оқуға, сөз алысын түсіне білуге, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу, ұлттық асыл қасиеттері мен құндылықтарын бойына сіңіру.
Альбина: Қайтесің, дос, тамығыңды құр кенеп!
Қиналғанда,
Жолдас емес,
Жыр керек.
Сөздің бәрі құдіретті,
Әйтсе де
Ел деген бар,
Оның орны бір бөлек!
Айсана: Құрметті қонақтар ұстаздар! Талантты жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әліге арналған «Қазақтың Қадыры» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
Ақжарқын: Туған халқымыздың әдебиетінде бүгінде еңбектеген баладан, еңкейгенқартқа дейін есімі ауыздарынан түспейтін Қадыр Мырза Әлі шығармалары – көл, теңіздері шалқыған, жасыл ормандары, мәңгі мұз құрсанған шыңдары көк тіреген асқақ таулары, миу жемістері тіл үйіретін бақша – баулары мол, бір шетінен екінші шетіне бағыт түзеп ұшқан құстың қанаты талатындай өзінше бір әлем. Халқымызға, әсіресе, жерлестерін, Қадыр Мырза Әлідей ақынды таныстырып жату артық шығар. Себебі, бүгінгі ұрпақ Қадыр жырымен сусындап өсті.
Айсана: Иә, ақын түйінінде үлкен шындық бар. Өзгелер сияқты Қадырдың қадірін оқырман қауым бірден ұғынды. Талантына табынды, өзгеге ұқсамайтын жауһар жырларын тұтына оқыды. Қадір ақын да сүйікті оқырманына халқының қазақы қасиеттерін, тектілігін, тазалығын ту еткен туындылар ұсынды. Халқымыздың ән ұранына айналып кеткен сүйікті әніміз «Атамекенді» бәріміз бір айтып, осы кешті ашуды ұсынамын.
Ән: «Атамекен» бір топ оқушылардың орындауында.
Ақжарқын: Ақын 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысының Жымпиты топырағында дүниеге келген. Ол Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік және тарлан сыйлықтарының иегері. Тілі шыққан баладан данаға дейін, Қадыр есімі қадірлі. Ақын шығармашылығы бойынша слайдтар сөрсетіледі.
Альбина: Ақын болып тұйық жан саналдым,
Көкіректі тас қылып жаба алмадым,
Әңгімеде кей сырды жасырсам да
Өлең – жырда сыр бүгіп қала алмадым.
Айсана: Олай болса сөз кезегін Қадыр Мырза Әлі атамыздың өлеңдеріне берейік.
Ернар: «Адамның артықшылығы».
Асан: «Дала».
Ақжарқын: «Бір үзім нан».
Арайлым: «Ақыл мен арман».
Ақжарқын: Ақынның әр өлеңін оқыған сайын қанаттанасың, рухтанасың, жігерленесің. Бірде бала, бірде дана боласың, сүйсінесің, тамсанасың, күй тартқандай боласың, халқымыздың бүкіл болмысы көз алдыңа келеді, қысқасы, басыңнан бақайшағыңа дейін ұлттық асыл қасиеттерімен құндылықтарымен қаруланасың.
Айсана: Жайлаудың болар желіміз,
Төсегің болар төріміз.
Білгіңіз келсе қазақты,
Қонағы болып көріңіз.
Төгілген қан мен теріміз,
Туыстық бірде еліміз
Білгіңіз келсе қазақты
Тегіне тиіп көріңіз.
Ән: «Қазақ осы» орындайтын Бекзат
Альбина: Қазақ поэзиясына осы ғасырдың орта тұсынан өте бер келіп, соңғы отыз жылда тек қана өзіне тән өзгеше ашқан, тек қана өзіне тән өзгеше пішінін тапқан шын мәніндегі шынайы талант екеу болса – бірі, біреу болса – өзі Қадыр Мырза Әлі. Қадыр музасының қайталанбас өз үні, машығы мен мәнері, айшығы мен өрнегі бар. Қадыр лирикасының сыңғырлы бөлек, сыры терең.
Ақжарқын: Айналайын, Қадырым!
Елге қымбат қадірің.
Сенен басқа ақын жоқ,
Елдің ойлар тағдырын!
Айсана: Тамылжыған сыршыл әннен сан қилы,
Кең даламның жұпар иісі аңқиды
Қуат алам сырға толы әуеннен,
Жан дүниеге шуақ төккен әуелден.
Альбина: Дәл осы сәтте Қадыр атамыздың мына жұмбақ өлеңі есіме түсіп тұр, айтып берейінші.
Көзім түсті апамның,
Көзіндегі жасына
«Белгісі ме қапаның»
Деп келдім мен қасына
Ақжарқын: Ия, ия есіме түсті, жұмбақ өлеңінің арғы жағын мен жалғастырып көрейінші.
Сұрамақпын, білмекпін,
Жанына не батқанын.
Байқамаппын, көрмеппін,
Пияз турап жатқанын – деп ақын жырлағандай Қадыр атамызда түрлі тақырыптарға балаларға арнап өлеңдер жазған болатын, ендеше соларды қабыл алыңыздар.
Саида: «Ана тілі»
Ана тілің, біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің, біліп қой.
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
Нұрзия мен Арайлым: «Не үшін?»
Арайлым: Екі көзің не үшін керек?
Нұрзия: Жақсыларды көру үшін.
Арайлым: Екі қолың не үшін керек?
Нұрзия: Елге көмек беру үшін.
Арайлым: Құлақ деген не үшін керек?
Нұрзия: Ақыл – кеңес тыңдау үшін.
Арайлым: Жүрек деген не үшін керек?
Нұрзия: Жауларымнан қыңбау үшін керек.
Арайлым: Тіл мен жағың не үшін керек?
Нұрзия: Ақиқатты айту үшін керек?
Арайлым: Ал аяғың не үшін керек?
Нұрзия: Шет жүрсем, туған жерге қайту үшін керек.
Сандуғаш: «Мұғалима»
Мынау менің сезгенім
Ол кластың анасы
Өзінің де өзгенің
Баласы оның баласы
Қайғармайды өзі үшін
Біздер үшін қуанып,
Қызарады біз үшін
Қай кезде де, ол анық
Бекназар: «Кәмпит»
Азу тісім ауырды,
Жатып қалдым бүк түсіп,
Тауыстым бар сабырды
Бір ұртым кетті ісіп
Қарындасым монтиған
Мұны анықтап көрмейді
Ұртыңдағы томпиған
Кәмпитіңнен бер! – дейді.
Альбина: Ақынның әр өлеңін оқыған сайын қанаттанасың, рухтанасың, жігерленесің. Бірде бала, бірде дана боласың сүйсінесің, тамсанасың, күй тартқандай боласың, халқымыздың бүкіл болмысы көз алдына келеді.
Айсана: Келесі бөліміміздің тақырыбы: «Тапқыр болсаң шешіп көр ... » Қадыр атамыз балаларға арнап көптеген жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар жазған. Ендеше қазір барлығымыз жұмбақтар шешіп көрелік, экранға назар аударайық.
1.Дос үйіне түстің бе?
Түгел соның үстінде. (дастархан)
2. Қайнаған шілдеде оған суық,
Ыссыға төзбегенді тығам қуып. (тоңазытқыш)
3. Бояуларым қашып кетті,
Көк қағазды басып кетті.
Қатарланып тізіп алды
Арттарынан ізі қалды. (кемпірқосақ)
4. Екі езуі құлағына жетеді,
Тамақ жесе ызың, ызың етеді. (ара)
5. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)
Биялай мен қолғап
Әже, әже! Биялай кисем қолым тоңбайды. Ал қолғап кисем – ақ болды тоңа бастайды. Неге олай?
Биялайдың ішінде төрт саусағың біріне – бірі жақын тұрып жылу береді. Ал қолғапта әр саусақ өз алдына дара қалады. Біраздан кейін тона бастайтыны сол! Жақындық бар жерде жылу бар балам.
Құлақ не үшін керек?
Құлақ не үшін керек? – деп сұрады тәрбиеші тәтей.
Жеу үшін! деді атасының жанында көп жүретін қонақшыл балдырған.
Шерту үшін! – деді бір үйдің шалдүарлаү жалғыз ұлы
Бұрау үшін – деді әлден тілазар болып өсіп келе жатқан бала
Тыңдау үшін! – деді ақырын ғана ағайынның қолында өсіп келе жатқан кішкене жетім.
Айсана: Ұнатамын халық әні сарынды
Биіктеткен ой – санамды, арымды.
Ізгіліктің әндерінен Қадырдың
Парасатты шұғыласы тарады.
Ақжарқын: Қадыр Мырза Әлі – 200-ге жуық ән мәтіндерін жазған. Оның әндері халық арасына көп тараған. Өлеңдеріне Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев сынды қазақтың дарынды сазгерлері әндер жазған Қазақстан Республикасының Әнұранының авторларының бірі де Қадыр болатын.
Ән: «Өз елім» орындайтын Асан мен Дильназ.
Альбина: Иә, ол бір Ақжайықтың емес, тұтас қазақ елінің Қадыры, ұлы ақыны еді. Күні кеше арамызда жүрген аяулы ағамыз, арқалы ақынымыз туралы өткен шақпен сөз қозғау қандай ауыр десеңізші. Қадыр Мырза Әлі – сөздің сәйгүлігі Ақынның жазғандары бір кітаптан ғана тұрмайды, бірнеше томнан тұрады. Бір ғана әдеби жанрмен шектелмейді, бүкіл көркем жанрларды қамтиды.
Айсана: Уақыт – ай,
Өтініш те, наз да меннен – Қаламаймын өзгергенін аздап әлем.
Ақынсың
Күнге нұрмен
Көкке бұлтпен
Жаманға жаңбырменен жазған өлең.
Би «Жалқаубек» 4 сынып оқушылары
Ақжарқын: Ендеше, өзі айтқан күн нұрсыз, көк бұлттсыз, жапан жаңбырсыз болу мүмкін емес десек, төл әдебиетіміздің қазақ поэзиясының Қадыр Мырза Әлісіз болуы да мүмкін емес. Өйткені – адамзат ойшылдары қатарында саналатын алып тұлға, жыр әлемінде алға шыққан дарабоз ұлы ақын! Сондықтан да Қадырдың өлең жолдарын кітап оқитын қазақ жатқа айтады. Жадында ұстайды. Қадыр атамыздың жырлары елімізбен бірге жасай берсін дей отырып әдеби кешімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.