Просмотр содержимого документа
««Қазақстан - достықтың мекені»»
ЖББ Абай орта мектеп - балабақша кешені
«Бекітемін»_____
ДТІЖО Т.М.Бержанова
Тақырыбы:
«Қазақстан - достықтың мекені»
/МАДС, 1-11 сыныптар арасындағы тәрбиелік шара/
Ұйымдастырушылар:Қарғабаева Л.Б.
Айтимов Н.Н.
2017 жыл
ЖББ Абай орта мектеп – балабақшасындағы 1 мамыр «Халықтар достығы мен татулығы» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Қазақстан - достықтың мекені» атты МАДС, 1-11 сынып оқушылары арасындағы шара
Тақырыбы: «Қазақстан - достықтың мекені»
Мақсаты:
Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт-дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт-саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу.
Көрнекілігі: плакат, әр ұлт өкілдерінің киім үлгілері.
Барысы:
Нұрсұлтан:
Армысыздар! ата – аналар, оқушылар, ұстаздар қауымы. Бүгінгі біздің «Қазақстан - достықтың мекені» деп аталатын мәдени- тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер!
Жаса елім, жаса достық бірлікпен, көштен қалма, қалма және тірліктен. Елім менің-Қазақстан Отаным. Алға өрле үшінші мың жылдықпен Тек достықпен,өзгеде ел-халықпен-
деп бүгінгі тәрбиелік шарамызды ашық деп жариялаймыз.
Лаура: Қазақстан көп ұлтты мемлекет.Онда қазақтар, орыстар,түріктер, қытайлар,өзбектер,корейлер украиндар,дүнгендер және т.б ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтседе Қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді.Олар өз елдерінің болмасада, қазақтардың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде, әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату-тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін білдіреді. Бүгінгі біздің МАДС, 1-11 сынып оқушыларымен бірге ұйымдастырып отырған тәрбиелік шарамызда, оқушыларымыз әр түрлі ұлт өкілдері болып өнер көрсетеді.
Бүгінгі кешімізге келген түрлі ұлттарды ортаға шаырайық
Кешіміздің жоспарымен таныстырып өтетін болсақ,
1.Ұлт таныстырылымы
Әні
Биі
2.Ұлтаралық татулықты насихаттау /көрініс, біріккен сыныптар бойынша, МАДС,1-4 сынып, 5-8 сынып, 9-11 сынып/
3.Тілек /сол ұлт тілінде/
4.Қорытынды
Қара қылды қақ жарған, әділ сынды дәл айтқан бағаларын береді Көрсеткен жақсы өнерге-дей келе әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
Лаура Бірлігі жоқ ел тозады дейді қазақ мақалында. Бұл сөздің қаншалықты дұрыстығын өмір көрсетіп отыр. Мынадай бір аңыз бар: Бір қарт өзінің ұлдарына бір бума шыбықты сындыруды ұсынады.Ұлдары олай әурелеп, былай әурелеп шыбықты сындыра алмайды. Сонда қарт буманы шешіп, шыбықтарды бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оңай сынады.Сонда қария: Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің әлі келмейді, ал жеке-жеке өз беттеріңмен жүрсеңдер, әр қайсысыңды біртіндеп құртады.- дейді. Әрине мұның барлығы шындық. Бірлігі жарасқан елдің болашағы жарқын болады. Сонымен кезекті «Қазақстан - достықтың мекені»
атты сайысқа береміз.
Ендеше Таныстыру кезеңіне сөз берейік. /Ән, би/
Нұрсұлтан:
Қазақстанда 130 жуық ұлт өкілдері тұрады. Адам санының өсімі мен дамуы жағынан Қазақстан БҰҰ-на мүше мемлекеттер қатарында да қомақты орын алады. Даму жағынан қазіргі күні ТМД-ға кіретін мемлекетердің ішінде алдыңғы орында.,Қазақстанда 87 қала,200 кент,2036 аудандық округ, 7684 ауылдық мекендер бар. Қанша ұлт болсын Қанша салт болсын Ынтымағы жарасқан Мәдениетті ел болсын-дей келе сайысқа түсуші қонақтарымызға келесі кезекті берсек. Ұлтаралық татулықты насихаттау /бірлескен сыныптар арасында көрініс/
Әділқазылар шешімі
Лаура: Көз тойғысыз қазағымның жері бар Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар, Қазағымның елін, туған жерін сүйетін Біз қазақтың ұланымыз, еріміз-дей келе барлықтарыңызға рахметімізді айтамыз. Бірлігіміз жасасын, татулықтың оты мәңгілік лауласын.
Қазақ елі жасасын, елбасымыз аман болсын.
Номер
Номер
Номер
Номер
Номер
Номер
Номер
Номер
Номер
Номер
Номер
Номер
Көрініс
«Тың игеру жылының жемісті күндері»
1954 жыл
Соғыстан кейінгі алғашқы жылдар ауыл шаруашылығы үшін ауыр болды. Ол жылдары Қазақстанның егіншілік мәдениеті мейлінше төмен болды. Ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуінен келеңсіздіктерге ұшырап, аштық орын ала бастады. Тың игеруге жаппай кірісу- 1953 жылдың соңынан басталды. Қазақ еліне көптеген елдерден көмекке келді.