Т?рбиеші: –Балалар, жер шарымызда ?андай елдерді білесі?дер?
Балалар: - Германия, Америка, ?ытай, Ресей, Жапония, Т?ркия т.б.
Т?рбиеші : - Балалар , ал біз т?ратын мемлекет ?алай аталады?
Балалар: - ?аза?стан !
Т?рбиеші: - Д?рыс айтасы?дар , біз ?аза?стан елінде т?рамыз !
Барлы?ымыз да ?аза?стан картасына назар аударайы?. Мынау бізді? байта? жеріміз(?аза?станны? жерін картадан к?рсетеді)?аза?станны? жері ?те бай, таби?аты ?р алуан т?рлі, жазы? дала, орман, тау, ?зендер, к?лдер ш?лді айма?тар да бар.
Осы картадан елімізді? басты ?алаларын кім к?рсетеді?
Т?рбиеші: -Кім осы р?міздер жайында толы?тырып та?па?тар айтып береді?
«Бізді? ту»
Айнымайды аспаннан
Бізді? туды? бояуы,
Оны халы? ?ашанда
Биікке іліп ?ояды
«Ел та?ба»
Елта?басы елімні?
Неткен ?йб?т, ?демі.
Т?ны?ындай к??ілді?
Ортада аспан ?лемі!
??т, береке ша?ыра?
Орын ал?ан ол т?рден.
?анатты ?ос ар?ыма?
Екі жа?тан к?мкерген.
«?н?ран»
?н?раны елімні?
Ша?ырады бірлікке.
Егеменді хал?ымны?
Болаша?ы бірлікте.
Т?рбиеші: Жарайсы?дар , балалар.Ал енді балалар,бізді? мемлекеттік тіліміз ?ай тіл болады?(балаларды? жауабы: мемлекеттік тіл- ?аза? тілі)
Та?па?тар:
1.Жары? бізді? к?німіз,
Біз ?мірді? г?ліміз,
?аза?стан - жан Отан
?аза? тілі- тіліміз!
2. Ба?ыт ??сы ?онды ?ой,
Мені? ту?ан еліме.
Тіліміз бен дініміз
?айта келді еліме.
Т?рбиеші: Бізді? ?аза?станда к?п ?лттар т?рады. Олар ?алай т?рады екен?
Балалар: -Олар бір-бірімен дос тату т?рады.
Та?па?:
Орта? бізге бір Отан,
Т?бемізде бір аспан
Барлы? ?лттан баласы
Досты?ымыз жарас?ан.
Т?рбиеші:Балалар, естері?де болсын ?аза?стан Республикасыны? р?міздерін, мемлекеттік тілін ??рметтеп, ?з елі?ді, жері?ді ?ор?ап, хал?ына е?бек ету керек.Сонда?ана адал азамат, азаматша болып ер жетесі?дер.
?орытынды:
Балалар біз ?ай елде т?рамыз?
Балалар р?міздерге не жатады?
Туымызды? т?сі ?андай?
Туымызда нені? суреті бейнеленген?
Елта?бамызда не бейнеленген?
Саба? «Атамекен» ?німен ая?талады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мені? ?аза?станым »
Білім беру саласы: қатынас, әлеуметтік,шығармашылық.
Бөлімі:Тіл дамыту,қоршаған орта, бейнелеу.
Тақырыбы: Менің Қазақстаным
Сабақтың мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының
рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Керек құралдар: Қазақстанның картасы, елбасының суреті, Қ.Р. рәміздері,
«Менің Қазақстаным» презентация, глобус.
Сабақ барысы: Сабақ еліміздің әнұранымен басталады.
Тәрбиеші: -Балалар Біздің планетамыз неге ұқсайды?(Тәрбиеші глобусты балаларға көрсетіп, неге ұқсайтынынсұрайды)
Балалар: -Дөңгелек шарға ұқсайды.
Тәрбиеші: -Балалар қалай ойлайсыңдар, глобустағы көк түс нені білдіреді?
Балалар: - Мұхиттар,көлдер,өзендер.
Тәрбиеші: - Ал сары түс ше?
Балалар: - Мемлекеттер мен елдер!
Тәрбиеші: –Балалар, жер шарымызда қандай елдерді білесіңдер?
Балалар: - Германия, Америка, Қытай, Ресей, Жапония, Түркия т.б.
Тәрбиеші : - Балалар , ал біз тұратын мемлекет қалай аталады?
Балалар: - Қазақстан !
Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар , біз Қазақстан елінде тұрамыз !
Барлығымыз да Қазақстан картасына назар аударайық. Мынау біздің байтақ жеріміз(Қазақстанның жерін картадан көрсетеді)Қазақстанның жері өте бай, табиғаты әр алуан түрлі, жазық дала, орман, тау, өзендер, көлдер шөлді аймақтар да бар.
Осы картадан еліміздің басты қалаларын кім көрсетеді?
(балалар жеке-жеке картадан көрсетіп, қысқаша мағлұмат береді)
Тәрбиеші: - Біз картаға қарап байтақ жерімізбен таныстық. Ендешеосы Отанымыз Қазақстан туралы тақпатарды айтып еске түсірейік.
1.Менің елім Қазақстан
Бар ғой онда бәрі де:
Өзен де бар, көл де бар,
Орман да бар, тау да бар,
Жайнаған сансыз қаласы бар,
Жайқалған жомарт даласы бар.
2.Байтақ дала- туған жердің
Қымбат маған әр тасы.
Өзен, көлі, самал желі
Асқар тауы, баршасы.
3.Алтын дәнді далсы бар
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен сұлу ,неткен көркем
Осы менің туған өлкем
4.Ен даласын егін жапқан,
Бар баласы бақыт тапқан,
Менің елім ,туған жерім
Күн сәулелі,Қазақстан!
5. Абай туған, Сәкен туған
Құрметте, досым,Қазақтың жерін.
Қамбаға жылда мол астық құйған
Қазақстан –Республикам менің!
Тәрбиеші: - Балалар,Отан дегеніміз не?
Отан туралы кім тақпақ айтып береді?
Отан-деген атамекен
Отан- деген туған жер
Отан- ана, отан –үлкен
Қазақстан туған ел.
Отан туралы қандай мақал –мәтелдер білеміз?
«Отан –елдің анасы»
«Отан оттан, да ыстық»
«Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас»
«Отанды сүю отбасынан басталады»
«Жері байдың елі бай»
Тәрбиеші: Жарайсыңдар ,балалар.Ал біздің отанымыздың бас қаласы қалай аталады? (Астана жайында суреттер көрсету) (Балалардың жауабы)
Тақпақ:
Астана-арман қала
Астана – сұлу қала
Біз оны анамыздай
Сүйеміз шынында
Тәрбиеші: -Балалар, әр мемлекеттің өз президенті және мақтан ететін рәміздері бар, ал біздің ел басымыз кім?
Балалар: - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Елбасы жайында қысқаша мәлімет беру
Тәрбиеші: - Ал, еліміздің мемлекеттік рәміздерін кім атайды?
Балалар: - Ту, Елтаңба, Әнұран.
Тәрбиеші: - Дұрыс, Мемлекеттің рәміздері : ту, елтаңба, әнұран жатады.
Осы рәміздер туралы жек түсінік берейін.
Мынау Қазақстан Республикасының туы.Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды – көк, ортсында күн шуағы. Астында қыран құс ұшып келе жатыр.
Қазақстанда тұратын барлық халықтардың өмірі күндей жарқырап, қырандай самғай берсін дегені.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы: суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы. Елтаңбаның орталық элементі – шаңырақ. Шаңырақ бастауы – отбасы ошағын бейнелейді.
Қанатты тұлпар – мәңгілік өмір, болашақ үміт артар жасұрпақтың арманы, самғау биігі.Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар.Әр адаманың өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады.Мемлекеттің де өз жұлдызы болу керек.Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазуыбар.Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторы суретшілер: Шота Уалиханов пен Жандарбек Малибеков.
Ал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранның сөзін жазғандар:
Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов
Сергіту сәті.
Көк жалау желбіре
Асқақатап аспанда,
Жас ұлан ел бірге
Сап түзе, жасқанба.
Тәрбиеші: -Кім осы рәміздер жайында толықтырып тақпақтар айтып береді?
«Біздің ту»
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
«Ел таңба»
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі!
Құт, береке шаңырақ
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
«Әнұран»
Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар , балалар.Ал енді балалар,біздің мемлекеттік тіліміз қай тіл болады?(балалардың жауабы: мемлекеттік тіл- қазақ тілі)
Тақпақтар:
1.Жарық біздің күніміз,
Біз өмірдің гүліміз,
Қазақстан - жан Отан
Қазақ тілі- тіліміз!
2. Бақыт құсы қонды ғой,
Менің туған еліме.
Тіліміз бен дініміз
Қайта келді еліме.
Тәрбиеші: Біздің Қазақстанда көп ұлттар тұрады. Олар қалай тұрады екен?
Балалар: -Олар бір-бірімен дос тату тұрады.
Тақпақ:
Ортақ бізге бір Отан,
Төбемізде бір аспан
Барлық ұлттан баласы
Достығымыз жарасқан.
Тәрбиеші:Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін, мемлекеттік тілін құрметтеп, өз еліңді, жеріңді қорғап, халқына еңбек ету керек.Сондағана адал азамат, азаматша болып ер жетесіңдер.
Қорытынды:
Балалар біз қай елде тұрамыз?
Балалар рәміздерге не жатады?
Туымыздың түсі қандай? Туымызда ненің суреті бейнеленген? Елтаңбамызда не бейнеленген?