kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мені? Отаным- ?аза?стан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Елді – мекен: Алматы облысы Е?бекші?аза? ауданы Шелек ауылы

Сынып:  Мектепалды даярлы? тобы

М??алім: Мухадиева Арайлым Турлибековна

Ашы? шара

Та?ырыбы:  Мені? Отаным - ?аза?стан.

Саба?ты? ма?саты: Балаларды Отанды с?юге, ?аза?стан  Республикасыны? р?міздерін ?астерлеуге, еліне, ту?ан жерге деген с?йіспеншіліктерін арттыру ма?сатында оларды? с?здік ?орларын к?бейтіп, танымды? ?ызы?ушылы?тарын арттыру.

Керекті ??ралдар: Елбасыны? суреті, ?Р р?міздері.

Саба? барысы: Саба? елімізді?  Гимнмен басталады.

Хор: Гимн

М??алім:  Бейбіт та?дар арайланып атады,

                   Ту?ан жерді аймалады шапа?ы,

                    Байта? елім, ?аза?стан!

                   Е? ба?ытты балаларды? Отаны!

Отанымыз ?аза?стан  туралы балаларды?   ?ле? жолдарына кезек берсек.

Ал?ыс:

Армысы?дар, ту?ан жер, ту?андарым,
Кезіп жерді? тау – тасын, нулы орманын
Келіп т?рмын, безгем жо? ?здері?нен –
Мені алыс?а сендерден ?уды арманым.

Мустафа:

Мені? елім ?аза?стан

Бар ?ой онда б?рі де:

?зен де бар, к?л де бар,

Орман да бар, тау да бар,

Жайна?ан сансыз ?аласы бар,

Жай?ал?ан жомарт даласы бар.

Аяла:

Алтын д?нді даласы бар

А? к?містей ?аласы бар

Неткен с?лу, неткен к?ркем

Осы мені? ту?ан ?лкем

Аружан:

?зі?сі?, ?аза?стан, ?н, арманым да,

Аяулым, алтын бесік, ?ара орманым да.

Бір н?рсе жетпейді деу ?ате болар

?зі?дей ?лан байта? далам барында.

Г?л дала – ?аза?станым.

Назира:

Тол?ы?анда сезім –ой,

?ппа? арым, тілегім.

Ту?ан елім ?зі? ?ой –

Ар?а с?йер тірегім!

Рухия:

 Ен даласын егін жап?ан,

Бар баласы ба?ыт тап?ан,

Мені? елім, ту?ан жерім

К?н с?улелі, ?аза?стан!

Жанел:

Абай ту?ан, С?кен ту?ан

К?рметте,  досым, ?аза?ты? жерін.

?амба?а жылда мол асты? к?й?ан

?аза?стан –Республикам мені?!

 К?усар:

Ту?ан елім, ?зі?ні?,

Жазира?ды кездірді?.

Жайма –шуа? кезімні?,

Рахатын сездірді?!

 Г?лнар:

Ту?ан елім – г?л елім,

?асиеті?ді білемін.

?зі?е деп ж?ремін –

Л?пілдеген ж?регім!

Назым:
Аспанымдай м?лдірмін,
Жайлауымдай жазы?пын.
?зенімдей ?ршілмін,
Г?лдерімдей н?зікпін.
?уат ал?ан ?зі?нен,
Ту?ан елді? ?лымын.
Ба?ытты етіп ?сірген
Отанымны? ?лымын!

Оралбай:

?аза?стан дейтін, мені? бар елім,

Жатыр алып жарты д?ние ?лемін,

Б?л даланы анам жаспен суар?ан

 Б?л далада атам ?ол?а ту ал?ан,

Б?л дала?а жылап келіп уан?ам

Б?л даланы к?ріп ал?аш ?уан?ам,

Б?л далада ?скен жанда жо? арман.

Н?рберді:

Байта? дала – ту?ан жерді?

?ымбат ма?ан ?р тасы.

?зен, к?лі, самал желі

Ас?ар тауы, баршасы.

?анат:

?арсы т?рып ?ас жауына ?апта?ан,

Ешбіріне ар-ожданын сатпа?ан.

Ба?ы тайып боданды?тан ж?рсе де,

Дархан пейіл, жомартты?ын са?та?ан.

Мен ?аза? боп ту?аныма ма?танам.

Бауржан:

Отан - ту?ан ?йіміз
Отан - ту?ан жеріміз.
Отан - орта? ?йіміз,
К??ілді ?н мен к?йміз.

Ал?ыс:

Ба?ытты боп ж?ргенім

Сені? ар?а?, ?лы Отан.

Елім мені? –тірегім,

??ша?ында г?л атам.

Шы?ысы?нан арайлы,

К?ліп ат?ан ??ба та?.

Сенен ба?ыт тарайды

Баршамыз?а ?лы Отан.

Сар?ылмайтын ?уатым,

Тірегімсі? сен, Отан.

М??гі со?ып т?ратын

Ж?регімсі? сен, Отан!

Руман:

?р Елім, ма?дайы?нан жары? к?рдім,

Бабалар ?негесін алып келдім.

 Ескерткіш Елім ?шін орнатпасам,

 Мына жал?ан ?мірге не?ып келдім?

Хор: « Отан»

М??алім:  Балалар, Отан туралы ?андай ма?ал – м?телдер білеміз? Балалар кезекпен ма?ал - м?телдерін айтады.

1.« Отан –елді? анасы».

2.« Отан – оттан да ысты?»

3.« Ту?ан жердей жер болмас, ту?ан елдей ел болмас».

4.« Отанды с?ю отбасынан  басталады».

5.« Жері байды? елі бай».  

6. Отан елді? анасы, Ел ерді? анасы.

7.Отан ?адіріне жетпеген ?з ?адіріне жетпейді.

8.Отан от басынан басталады.

9.Отан оттан да ысты?, жалыны бар шо?тан да ысты?.

10. Отансыз адам — ормансыз б?лб?л.

11.Отансызды? оты жанбайды.

12.Отан ?шін е?бек етсе? хал?ы?ны? с?йген ?лы боласы?.

13.Отан ?шін к?рес — елге тиген ?лес.

14. Отан ?шін от?а т?с — к?ймейсі?,

15. Отанын сат?ан о?бас.

16.Отанын с?йген: от?а жанбайды, су?а батпайды.

17.Отаны? тыныш — сен тыныш.

18. Ел ?адірін к?рген біледі,

      Жер ?адірін ж?рген біледі

19. Отан?а опасызды? еткені?,

      ?з т?бі?е ?зі? жеткені?.

20.Ту?ан жердей жер болмас,

      Ту?ан елдей ел болмас.

М??алім:  К?й ойнайды ?аза?ымны? ?анында,

К?й ойнайды ?аза?ымны? жадында,

Ж?регіні?, ж?регіні?, ж?регіні? д?рсілі.

К?мбірлеген домбырасы барында

Сіздерді? алдары?ызда 0 «Б» сыныбыны?  ?ыздарды? орындауында «Домбыра» биі ?арсы алы?ыздар.

Би: «Домбыра»

М??алім:  Жарайсы?дар, балалар.   Ал бізді? Отанымызды? бас ?аласы ?алай аталады?  (Балалар жауабы)

Та?па?: 

Даниал:

Астана – арман ?ала

Астана – с?лу ?ала

Біз оны анамыздай

С?йеміз шынында.

Дарын:

Есілді? жа?асына ?он?ан ?алам,
Ж?регі ?аза?ымны? бол?ан ?алам
К?н санап ертегідей ?скен ?алам,
Жайнашы, жайнай берші н?рлы Астанам!

Мадина:

Бабаларды? к?зіндей 
Даналарды? с?зіндей
Ту ?ста?ан Астанам
?сем ?алам, бас ?алам!

Г?лнар:

Астана арман ?ала
Ба?ы бір жан?ан ?ала
Т?рады ол жап – жас болып
Мен ?лкен бол?анда да

М??алім: Ал, елімізді? мемлекттік р?міздерін кім айтады?

Балалар: Ту, Елта?ба, Гимн

М??алім: -Д?рыс,  мемлекетті? р?міздері:  елта?ба, ту, Гимн  жатады. 

М??алім:  -Кім осы р?міздер жайында толы?тырып та?па?тар айтып береді? (орта?а р?міздер жайында білетін та?па?тарды айтады)

«Бізді? ту»

Оралбай:

Желбіресе к?к туым,

К?терілер шо?ты?ым.

?аза?ты ?лем таныды,

Егеменді ел б?гін.

?ыран сам?ап барады,

К?нді ыйы??а ар?алап.

Тынышты?ты? д?міндей,

Туымда?ы алтын к?н.

Даулеткелді:

Туымыз?а к?гілдір
Бір ?арамай ?тпейміз
Сол к?к туды? астында
К?гереміз, к?ктейміз.

Жа?сылы?:

Айнымайды аспаннан

Бізді? туды? бояуы,

Оны халы? ?ашанда

Биікке іліп ?ояды

Жанел:

К?нді ??ш?ан ?ос ?ыран,

Аясында ?ал?ы?ан

Аспан т?сті туым бар

К?к те?іздей шал?ы?ан.

Т?жім етіп бас иер,

Туы елімні? егемен.

Т?тасты?ым ку?сі

Ту?андай бір енеден.

Елдігімді ?лемге

Паш ететін байра?ым,

Т?ны? мені? к?гімдей

?уемде м??гі жайна?ан!

?н: «К?к туды? желбірегені»

Орындайтын: Серікжан?лы Даулеткелді

 «Елта?ба»

Г?лнар:

Ша?ыра?ты? шатты?ы
Ас?а?татып т?р м?ны

Елта?басы елімні?
Елді? тыныш тірегі.

?анат:

Елтанбасы елімні?

Неткен ?йбат, ?демі.

Т?ны?ындай к??ілді?

Ортада аспан ?лемі!

Мадина:

??т, береке ша?ыра?

Орын ал?ан ол т?рден.

?анатты ?ос ар?ыма?

Екі жа?тан к?мкерген.

«Гимн»

Дарын:

Гимны бар елімні?

Ша?ырады бірлікке.

Егеменді хал?ымны?

Болаша?ы бірлікте.

М??алім:  Ту?ан тілім тірлігімні? ай?а?ы,                                                                                  Тілім барда айтылар с?з ойда?ы,
                                                                                                                                                           ?ссе тілім, мен де бірге ?семін,
                                                                                                                                                          ?шсе  тілім, мен де бірге ?шемін.

- Келесі кезекті балаларды? тіл туралы та?па?тарына берсек.

Та?па?тар:

Оралбай:

Жары? бізді? к?німіз,

Біз ?мірді? г?ліміз,

?аза?стан – жан Отан

?аза? тілі – тіліміз!

Дарын:

Ба?ыт ??сы ?онды ?ой,

Мені? ту?ан еліме.

Тіліміз бен дініміз

?айта келді еліме.

Жа?сылы?:

Ана тілім, ж?регісі? анамны?,

 Ж?рек ана, мен ?зі?нен жаралдым.

Са?ат сайын саулы?ы?ды тілеймін,

Сенсіз ма?ан керегі жо? ?аламны?.

Назира: ж

Ана тілім бал тілім 
?зі? барда шалкыдым
?з тілімде ?н шыркап 
Термелетіп балкыдым 


Мадина: ж
Тілім барда мактанам 
Тілім мені? аппа? ?н
Бірлігімді б?гінгі

Ана тілім сакта?ан
Би: Заманауи би

Аружан мен Н?зира

М??алім:   Бізді? ?аза?станда к?п ?лттар  т?рады. Олар ?алай т?рады екен?

Балалар:  - Олар бір- бірімен дос, тату т?рады.

Та?па?: 

Назым:

 Орта? бізге бір Отан,

Т?бемізде бір аспан

Барлы?  ?лтты? баласы

Досты?ымыз жарас?ан.


?орытынды: Балалар сендерді? кішентай ?ана ж?ректері?нен шы??ан тілектері? ?абыл болсын! Енді осы Отанымызды? адал азаматы болу ?шін не істеуміз керек? (Балаларды? жауабы)

 Ендеше ?зіміді? тобымызда?ы Ал?ысты? ?ле? шума?ымен саба?ымызды ая?таймыз.

Та?па?:

Ал?ыс:

Бабамны? да арманы,

Осы еді ?ой а?са?ан,

Т?уелсіздік тандары

Ба? береді барша?а

К?к туымды ?олыма

Б?гін берік ?стадым

Т?сті ба?ыт жолыма

Мені? ?аза?станым

Хор: Гимн

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мені? Отаным- ?аза?стан»

Елді – мекен: Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы

Сынып: Мектепалды даярлық тобы

Мұғалім: Мухадиева Арайлым Турлибековна

Ашық шара

Тақырыбы:  Менің Отаным - Қазақстан.

Сабақтың мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан  Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Керекті құралдар: Елбасының суреті, ҚР рәміздері.

Сабақ барысы: Сабақ еліміздің  Гимнмен басталады.

Хор: Гимн

Мұғалім:  Бейбіт таңдар арайланып атады,

Туған жерді аймалады шапағы,

Байтақ елім, Қазақстан!

Ең бақытты балалардың Отаны!

Отанымыз Қазақстан  туралы балалардың   өлең жолдарына кезек берсек.

Алғыс:

Армысыңдар, туған жер, туғандарым,
Кезіп жердің тау – тасын, нулы орманын
Келіп тұрмын, безгем жоқ өздеріңнен –
Мені алысқа сендерден қуды арманым.

Мустафа:

Менің елім Қазақстан

Бар ғой онда бәрі де:

Өзен де бар, көл де бар,

Орман да бар, тау да бар,

Жайнаған сансыз қаласы бар,

Жайқалған жомарт даласы бар.

Аяла:

Алтын дәнді даласы бар

Ақ күмістей қаласы бар

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем

Аружан:

Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,

Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.

Бір нәрсе жетпейді деу қате болар

Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.

Гүл дала – Қазақстаным.

Назира:

Толқығанда сезім –ой,

Әппақ арым, тілегім.

Туған елім өзің ғой –

Арқа сүйер тірегім!

Рухия:

Ен даласын егін жапқан,

Бар баласы бақыт тапқан,

Менің елім, туған жерім

Күн сәулелі, Қазақстан!

Жанел:

Абай туған, Сәкен туған

Кұрметте,  досым, Қазақтың жерін.

Қамбаға жылда мол астық кұйған

Қазақстан –Республикам менің!



 Кәусар:

Туған елім, өзіңнің,

Жазираңды кездірдің.

Жайма –шуақ кезімнің,

Рахатын сездірдің!

 Гүлнар:

Туған елім – гүл елім,

Қасиетіңді білемін.

Өзіңе деп жүремін –

Лүпілдеген жүрегім!

Назым:
Аспанымдай мөлдірмін,
Жайлауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін,
Гүлдерімдей нәзікпін.
Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген
Отанымның ұлымын!

Оралбай:

Қазақстан дейтін, менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін,

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далаға жылап келіп уанғам

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

Нұрберді:

Байтақ дала – туған жердің

Қымбат маған әр тасы.

Өзен, көлі, самал желі

Асқар тауы, баршасы.

Қанат:

Қарсы тұрып қас жауына қаптаған,

Ешбіріне ар-ожданын сатпаған.

Бағы тайып бодандықтан жүрсе де,

Дархан пейіл, жомарттығын сақтаған.

Мен қазақ боп туғаныма мақтанам.

Бауржан:

Отан - туған үйіміз
Отан - туған жеріміз.
Отан - ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйміз.

Алғыс:

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің –тірегім,

Құшағында гүл атам.

Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң.

Сенен бақыт тарайды

Баршамызға Ұлы Отан.

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!

Руман:

Өр Елім, маңдайыңнан жарық көрдім,

Бабалар өнегесін алып келдім.

Ескерткіш Елім үшін орнатпасам,

Мына жалған өмірге неғып келдім?

Хор: « Отан»

Мұғалім:  Балалар, Отан туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз? Балалар кезекпен мақал - мәтелдерін айтады.

1.« Отан –елдің анасы».

2.« Отан – оттан да ыстық»

3.« Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас».

4.« Отанды сүю отбасынан  басталады».

5.« Жері байдың елі бай».  

6. Отан елдің анасы, Ел ердің анасы.

7.Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді.

8.Отан от басынан басталады.

9.Отан оттан да ыстық, жалыны бар шоқтан да ыстық.

10. Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

11.Отансыздың оты жанбайды.

12.Отан үшін еңбек етсең халқыңның сүйген ұлы боласың.

13.Отан үшін күрес — елге тиген үлес.

14. Отан үшін отқа түс — күймейсің,

15. Отанын сатқан оңбас.

16.Отанын сүйген: отқа жанбайды, суға батпайды.

17.Отаның тыныш — сен тыныш.

18. Ел қадірін көрген біледі,

Жер қадірін жүрген біледі

19. Отанға опасыздық еткенің,

Өз түбіңе өзің жеткенің.

20.Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Мұғалім: Күй ойнайды қазағымның қанында,

Күй ойнайды қазағымның жадында,

Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі.

Күмбірлеген домбырасы барында

Сіздердің алдарыңызда 0 «Б» сыныбының қыздардың орындауында «Домбыра» биі қарсы алыңыздар.

Би: «Домбыра»

Мұғалім:  Жарайсыңдар, балалар.   Ал біздің Отанымыздың бас қаласы қалай аталады? (Балалар жауабы)

Тақпақ: 

Даниал:

Астана – арман қала

Астана – сұлу қала

Біз оны анамыздай

Сүйеміз шынында.

Дарын:

Есілдің жағасына қонған қалам,
Жүрегі қазақымның болған қалам
Күн санап ертегідей өскен қалам,
Жайнашы, жайнай берші нұрлы Астанам!

Мадина:

Бабалардың көзіндей 
Даналардың сөзіндей
Ту ұстаған Астанам
Әсем қалам, бас қалам!

Гүлнар:

Астана арман қала
Бағы бір жанған қала
Тұрады ол жап – жас болып
Мен үлкен болғанда да

Мұғалім: Ал, еліміздің мемлекттік рәміздерін кім айтады?

Балалар: Ту, Елтаңба, Гимн

Мұғалім: -Дұрыс,  мемлекеттің рәміздері:  елтаңба, ту, Гимн  жатады. 

Мұғалім:  -Кім осы рәміздер жайында толықтырып тақпақтар айтып береді? (ортаға рәміздер жайында білетін тақпақтарды айтады)

«Біздің ту»

Оралбай:

Желбіресе көк туым,

Көтерілер шоқтығым.

Қазақты әлем таныды,

Егеменді ел бүгін.

Қыран самғап барады,

Күнді ыйыққа арқалап.

Тыныштықтың дәміндей,

Туымдағы алтын күн.

Даулеткелді:

Туымызға көгілдір
Бір қарамай өтпейміз
Сол көк тудың астында
Көгереміз, көктейміз.

Жақсылық:

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

Жанел:

Күнді құшқан қос қыран,

Аясында қалқыған

Аспан түсті туым бар

Көк теңіздей шалқыған.

Тәжім етіп бас иер,

Туы елімнің егемен.

Тұтастығым куәсі

Туғандай бір енеден.

Елдігімді әлемге

Паш ететін байрағым,

Тұнық менің көгімдей

Әуемде мәңгі жайнаған!

Ән: «Көк тудың желбірегені»

Орындайтын: Серікжанұлы Даулеткелді



«Елтаңба»

Гүлнар:

Шаңырақтың шаттығы
Асқақтатып тұр мұны

Елтаңбасы елімнің
Елдің тыныш тірегі.

Қанат:

Елтанбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі.

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі!

Мадина:

Құт, береке шаңырақ

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

«Гимн»

Дарын:

Гимны бар елімнің

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте.

Мұғалім:  Туған тілім тірлігімнің айғағы,                                                                              Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
                                                                                                                                             Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
                                                                                                                                           Өшсе  тілім, мен де бірге өшемін.

- Келесі кезекті балалардың тіл туралы тақпақтарына берсек.

Тақпақтар:

Оралбай:

Жарық біздің күніміз,

Біз өмірдің гүліміз,

Қазақстан – жан Отан

Қазақ тілі – тіліміз!

Дарын:

Бақыт құсы қонды ғой,

Менің туған еліме.

Тіліміз бен дініміз

Қайта келді еліме.

Жақсылық:

Ана тілім, жүрегісің анамның,

Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.

Назира: ж

Ана тілім бал тілім 
Өзің барда шалкыдым
Өз тілімде ән шыркап 
Термелетіп балкыдым 


Мадина: ж
Тілім барда мактанам 
Тілім менің аппақ ән
Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сактаған
Би: Заманауи би

Аружан мен Нәзира

Мұғалім:   Біздің Қазақстанда көп ұлттар  тұрады. Олар қалай тұрады екен?

Балалар:  - Олар бір- бірімен дос, тату тұрады.

Тақпақ: 

Назым:

Ортақ бізге бір Отан,

Төбемізде бір аспан

Барлық  ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан.

Ән: «Қошақаным»

Орындайтын: Бақберген Гүлнар

Мұғалім:   Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін,  мемлекеттік тілін кұрметтеп, өз еліңді, жеріңді қорғап, халқына адал еңбек ету керек.  Сондағана  адал азамат, азаматша болып ер жетесіңдер.

 Қазақстаның әрі қарай бұданда жақсы көркейуі үшін сендер мына салынған картаға  өз тілектеріңді тілеп, қолдарыңның ізін қалдырасыңдар. (Балалар дайын бояуға қолдарын батырып, карта ортасына алақандарын қойып тілектерін білдіреді)

Тәуелсіздік туралы тақпақтар.

Руман:

Күміс күй мен әнге толып тұла бой,
Қуанышқа кенелтеді асыл ой.
Шаттандырған баласы мен бабасын,
Тәуілсіздік күні бүгін - ұлы той.

Нұрберді:

Келмей мүлде көңілдің бұрауы шын,

Қайғы-мұңға уланып тұр-ау ішім.

Өткеніне қарасам қазағымның

Жаралғандай өмірге жылау үшін.

Мустафа:

Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,

Талай қазақ гүлдерін де солдыра,

Ел билеуге алып келді Колбинді

Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.

Қанат:

Егемендік – бұл елімнің елдігі,

Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.

Егемендік – елін, жерін қорғаған,

Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

Жақсылық:

Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі.

Оралбай:

Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!

Дарын:

Желтоқсанда бір сыр бар,
Жел соқсын, мейлі жаусын қар.
Ұмытылмас ешқашан
Қайрат, Ләззат қыршындар.
Кәусар:
Желтоқсанның қарамай ызғарына,
Желтоқсанның қарамай ызбарына.
Тәуелсіздік тұғырға жету үшін
Өлді талай боздақтар желтоқсан мұздарында.

Алғыс:

Қорықты сұм КСРО өр намыстан,
Зұлымдар, қатыгездер өлді дұшпан.
Бүгінде Тәуелсіздік тұғырында
Әлемге аты мәшһүр Қазақстан

Би: «Қара жорға»

Хор: «Атамекен»
Қорытынды: Балалар сендердің кішентай ғана жүректеріңнен шыққан тілектерің қабыл болсын! Енді осы Отанымыздың адал азаматы болу үшін не істеуміз керек? (Балалардың жауабы)

 Ендеше өзімідің тобымыздағы Алғыстың өлең шумағымен сабағымызды аяқтаймыз.

Тақпақ:

Алғыс:

Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған,

Тәуелсіздік тандары

Бақ береді баршаға

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным

Хор: Гимн


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Мені? Отаным- ?аза?стан

Автор: Мухадиева Арайлым Турлибековна

Дата: 14.01.2016

Номер свидетельства: 276731

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "«Менің Қазақстаным»"
    ["seo_title"] => string(17) "menin_kazakstanym"
    ["file_id"] => string(6) "492719"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1545745358"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Отаным мені?, байта? ?лкем "
    ["seo_title"] => string(27) "otanym-mienin-baitak-olkiem"
    ["file_id"] => string(6) "140055"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417868203"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(15) ""А? орда" "
    ["seo_title"] => string(9) "ak-orda-1"
    ["file_id"] => string(6) "179611"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1425038116"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "Конспект мероприятия  "День Независимости Республики Казахстан""
    ["seo_title"] => string(67) "konspiekt-mieropriiatiia-dien-niezavisimosti-riespubliki-kazakhstan"
    ["file_id"] => string(6) "316509"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460104694"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие-Мәңгілік елдің кепілі."
    ["seo_title"] => string(79) "t_rbie_sagatynyn_takyryby_urpakk_a_bergen_ulagatty_t_rbie_m_ngilik_eldin_kepili"
    ["file_id"] => string(6) "479508"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1538501496"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства