kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

“Елбасы жолы – ерте?ге ?неге”

Нажмите, чтобы узнать подробности

а) білімділік: О?ушылар?а ?аза?стан Республикасыны? Президенті Н?рс?лтан Назарбаев ?мірі мен шы?армашылы??а толы ат?арыл?ан істері туралы м?ліметтер беру.
?) Дамытушылы?: О?ушылар?а президентті? ел ?шін жаса?ан істерін ?лгі - ?неге ету.
б) Т?рбиелік: О?ушыларды ?з Отанын, хал?ын с?йетін азамат болып ?суге, елжандылы??а, патриотты? сезімге т?рбиелеу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«“Елбасы жолы – ерте?ге ?неге”»

Тақырыбы: “Елбасы жолы – ертеңге өнеге”
Мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.
ә) Дамытушылық: Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Міндеті:

  • Елбасының өмір жолы, ерекше қадір-қасиеті, тұлғалық тұғыры, ерен еңбегі туралы түсінік беру, Елбасының өмірі мен еңбегін үлгі тұту, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін, ұлттық сана-сезімі жоғары, саяси-құқықтық мәдениеті қалыптасқан тұлға тәрбиелеу; көпшілік ортада еркін сөйлеу, өз ойларын ашық айта алу дағдысын, болашаққа деген оң көзқарасын қалыптастыру.

Көрнекілігі: итерекактивті тақта, слайдтар, Елбасы кітаптары, Елбасы туралы жазылған кітаптар, бейнероликтер, Н. Ә. Назарбаевтың түрлі жанрларда түскен суреттері, нақыл сөздер, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Қазақстан туралы әндер.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
ІІ. Кіріспе

Әнұран

Эльмира:

Армысыздар, мұғалімдер, әз-жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Бахтияр:

Болашаққа болашақты жырлатып,

Шәкіртттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге.

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.

Апай: Құрметті ұстаздар 7 «б» сыныбының “Елбасы жолы – ертеңге өнеге” атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз!

Ен алдымен тәуелсіздік деген ұғымды қалай түсінеміз балалар? Ендеше осы ұғымды түсіну үшін қысқаша көрінісімізді тамашалайық!

Көрініс

Бала – Меруерт: Ата,ата айтыңызшы, тәуелсіздік деген не?

Ата – Бақтияр: Тәуелсіздік деген сөзде үлкен мағына бар балам. Тәуелсіз ел ерікті ел, яғни жеке мемлекет. Оны тілі, жері, рәміздері, халқы, президенті болады. Тәуелсіздіктің туын көкке көтеретін мына сіздердер боласыздар, балғындарым!

Бала – Меруерт: Иә, ата. Дұрыс айтасыз. Енді бәрін түсіндім.

Тәуелсіздік, тәуелсіздік жыр-әнім,

Ел іргесі берік болсын-ұраным

Тәуелсіздік-өзіңді еркін сезіну

Салт-дәстүрім-қолдан түспес құралым

Тәуелсіздік!-ар-ожданың,кісілік,

Адамға адам жолдас,бауыр,туыс бол,

Ел-жұртының алма құнын түсіріп!

Эльмира:

Желтоқсаннан бастау алған егемен,

Егеменді елде берік керегем.

Қазақстан бірлігімнің айғағы,

Әлембілген басшысымен көреген.


Бахтияр:

Қазақ бүгін бар әлемнен баға алған,
Құт қонған ел қасиеттен жаралған.
Бірлігімнің туын биік ұстаған,
Жаңарған ел желтоқсаннан нәр алған.

Былтыр ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан Парламентінің Сенаты «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесін бекіткен заңын қабылдағаны баршаға мәлім. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – барша қазақстандықтарға құтты мереке болғай. Халық үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстан келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенеміз.

БИ

Ендеше мың бұралған биші қыздарымызды қарсы алайық Балбырауын

Эльмира: Бұл – еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, жиырма жыл бұрын, яғни 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Сөйтіп, ғасырлар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата - бабаларымыздың тарихи аманаты орындалды. Бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды жарқын болашаққа батыл бастады.

Бақтияр: (хормен)

1. Біздің Республикамыз қалай аталады? .................................................

2. Біздің президентіміз кім? ..................................................

Тәуелсіз ел Қазақстан – гүлстан

Ақындары жыр арнаған алыстан

Хан шатыры мен мұндалап көрінсе

Бәйтерегі көз тартады алыстан

Егеменді елім менің Қазақстан

Бар әлемге айқара есік ашқан

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы

Істері айта берсек үлкен дастан ---- дей келе Елбасымыздың өмір жолына кезек берейік.

Эльмира:

Өмір жолы кезеңі 5 бөлімнен тұрады:

1.Балалық шағы

2.Жасөспірім шағы

3.Жастық шағы

4.Кемел кезеңдері

5.Отбасы

Эльмира: Елі құрмет тұтқан, Елағамыз,
Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.

1.Балалық шағы.-Меруерт. Нұрсұлтан Назарбаев - түп атасынан, арғы тегінен батырлық үзілмеген, қазақ та­рихында қолбасшылығымен, билігімен, шешендігімен өшпестей із қалдырған қайраткерлердің ұрпағы. Бабалары – еңсегей бойлы Есімханның туын ұстаған қолбасшы Қарасай батыр, Қарасайұлы Көшек батыр, Назарбай би. Әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұла бойы тұң­ғы­шы, әулиеге түнеп жүріп, Құдайдан тілеп алған баласы. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қояды. Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балғар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды. Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді. Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.

2.Жасөспірім шағы - Айдос. Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Қаскелеңдегі Нұрсұлтан бітірген орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі Сейітхан Исаев жас ұланның білімге құштарлығын және ақылдылығы мен алғырлығын бірден байқайды. Сейітхан Исаев елбасымыз туралы былай деген «Ол ең үлгілі оқушы болды. Сабақты ұйып тыңдайды, оқу бағдарламасынан тыс сұрақтар да қояды. Мұғалімнің әр сөзіне мән береді. Кітаптан бас көтермейтін, үнемі оқып отыратын». Нұрсұлтанның балалық және жастық шағы ұзаққа созылған жоқ.  Мектепті бітіріп, 18-ге таяған Нұрсұлтан өз қатарластарының арасында терең білімімен, ой-өрісінің кеңдігімен ерекше көзге түсті. Теміртаудағы металлургия комбинатының құрылысына комсомолдарды жинап жатқанын білген соң, Нұрсұлтан металлург болуға бел буды. Теміртауға келген соң, ол болашақ металлург ретінде Днепр металлургия комбинаты жанындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға жіберілді.Оқуды үздік аяқтап, “домна пешінің сегізінші разрядты екінші горновойы” куәлігін иеленді.

Эльмира: Кезекті әсем әнге берейік. Қол соғып-қошеметтеп отырыңыздар! Көк тудың желбірегені

3.Жастық шағы – Дариға.Теміртауға оралғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев өмірбаянының «жалынды» кезеңі басталды. 1960 жылы 3 шілдеде сол кезде Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы және бірден бір домна пеші іске қосылды. Қазақстанның алғашқы шойынын қорытуға тәжірибелі шеберлермен бірге жас металлург Назарбаев та қатысты.   Ол «Қарметте» басқа да тектес мамандықтарды игеріп, құю машинасының шойыншысы, домна пешінің горновойы, домна цехының диспетчері, газшысы болып жұмыс істеді. Осы жылдарда оның өмірінде тағы бір маңызды оқиға болды. Нұрсұлтан Әбішұлы кейіннен былай деп жазды: «Ал сол жылдардың өмір бойы есте қалатын ең бір елеулі оқиғасы – болашақ келіншегім Сарамен алғашқы кездесуім. Ал бұл кездесу... бір апаттан кейін домна пешінің жанында болған еді. Осындай қолайсыз бір сәт еді – тәулік бойы дерлік табанымыздан тік тұрған кезіміз, тұла бойымыз қазанның түп күйесіндей қап-қара, тек көзіміз жылтырап, аппақ тісіміз ақсияды. Сол күні қосалқы электр станциясында кезекші болып, біздің пешіміздің түбінде не болып жатқанын көруге келген қызға кез бола кеттім. Көп ұзамай тойымыз болды. Бақытты жас отбасы тез жетіліп, өсіп-өніп келе жатты, шаңырақтарында үш қыз – Дариға, Динара және Әлия дүниеге келді. Н.Ә.Назарбаев Қарағанды политехникалық институтында 3 жыл оқып, одан соң Теміртауда Қарағанды металлургия зауыты жанынан қайта құрылған зауыт-втузға ауыстырылды, оны инженер-металлург дипломымен бітіріп шықты. Оның ізінше зайыбы Сара Алпысқызы Назарбаева да 1967 жылы «Қармет» жанындағы зауыт-втузды бітіріп, экономист дипломын алды. Нұрсұлтан Назарбаевтың алдынан жаңа мүмкіндіктер ашылды. Ол 1969 жылдан бастап туған қаласындай болып кеткен Теміртауда өзіне ұсынылған партиялық, комсомолдық жұмысқа ауысуға келісім береді.

4.Кемел кезеңдері – Камила. Елбасы еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастайды. Әке-шешесі мұндай ауыр жұмыс істеуіне қарсы болады. Бірақ 20 жастағы жас жігіт табандылығының, еңбекқорлығының арқасында жұмысын жалғастырып, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. Осылайша еліміздің басшысы металлург болып еңбек жолын бастаған еді. Өміріндегі бетбұрысты сәт оның 1972 жылы өзіне етене жақын Қарағанды металлургия комбинатында партия комитетінің хатшысы лауазымына тағайындалуы болды. 1977 жылдың өзінде ол Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, одан соң екінші хатшысы болды. Нұрсұлтан Назарбаев 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болды. 1984 жылы 44 жасында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды. Ол КСРО-дағы одақтық республикалардағы ең жас премьер еді. КСРО-да 1989 жылғы көктемде алғашқы рет мемлекеттік биліктің ең жоғары органының баламалы негіздегі сайлауы болып өтті. Қазақ КСР Компартиясының Орталық Комитеті 1989 жылғы 22 маусымда  бірінші хатшы лауазымына Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады. Оған пленумға қатысқан 158 адамның 154-і жақтап дауыс берді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Президенті лауазымын белгіледі. 1991 жылғы 1 желтоқсанда республика президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы өтіп, оның барысында Назарбаев сайлаушыларының толық қолдауына ие болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заң қабылдады және Қазақстан  Президентін ұлықтау рәсімін өткізді. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жария етті. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстан  Республикасының Президенті қызметіне кірісті.

5.Отбасы – Альбина. Зайыбы, Сара Алпысқызы Назарбаева, 1992 жылғы ақпаннан – Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін салушы және президенті. С.Назарбаева – 1994 жылғы шілдеден бастап « Қазақстанның балалар қалашықтары» қорының президенті. Ол 2010 жылы өз өмірін Kinderdorf балалар қалашығының балаларына арнаған әйелдерге берілетін Kinderdorf International Халықаралық қорының марапаты –  «Алтын жүзікке» ие болды. Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы (1963 ж.т.), үлкен қызы. Екі ұлы және қызы бар. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Саяси ғылымдар докторы. ҚР Парламенті Мәжілісінің 5-шақырылымдағы депутаты. Әлеуметтік-мәдени даму комитетін басқарады. Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы (1967 ж.т.), ортаншы қызы. Ұлы мен қызы бар. 1989 жылы А.В.Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын бітірді. 2004 жылдан бері Қазақстан-Британ техникалық университеті директорлар кеңесінің төрайымы. Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қорын басқарады. Назарбаева Әлия Нұрсұлтанқызы (1980 ж.т.), кіші қызы. Қазақстандағы және шетелдердегі мектептер мен университеттерде оқыды. ҚазМЗУ-ді бітірген. Екі қыз тәрбиелеп отыр. «Европа плюс» радиосында директордың көмекшісі,  «ТұранӘлемБанкте» заң департаментінің стажері,  Нұрсұлтан Назарбаевтың хатшысы болып жұмыс жасады.

КӨРІНІС

Эльмира:

Тәуелсізідк ата-бабам аңсаған

Жете алмай құрбан болды қанша адам.

Қазақ халқы азаматтық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.


Уәзір - (Жақсылық): Қазақтар келіп тұр.


Хан – Серікболсын : Кірсін.

-Иә, неменеге келдіңдер. Айтатындарды айтындарда, үйлеріңе қайтындар.


Қазыбек би - (Төрекен): Біз қазақ деген елміз, бірақ ешкімге жәй жатқан елміз. Елімізден құт – береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Дәм-тұзды сақтай білген елміз. Сен қалмақ та, біз қазақ қарпысқалы келгенбіз. Табысуға көнбесен, шабысқалы келгенбіз. Берсең жөндеп бітімді айт, не тұратын жерінді айт!


Хан – Серікболсын: Балам атың кім?


Қазыбек би – Т: Атым – Қазыбек би, әкем – Келдібек би, сүйегім – қазақ, руым – Қаракесек.


Хан – Серікболсын : ендеше дауысын қаздың дауысындай қанқылдап шығады екен. Есімің – Қаз дауысты Қазбек би боп қайта жаңғырсын. Қамаудағы қазақтарды босатыңдар.


Қазыбек би - Т:

Алыстан алаш десе аттанамын,

Қазақты қазақ десе мақтанамын.

Болғанда әкем қазақ, шешем – қазақ.

Мен неге қазақтыөтан сақтанамын.


БИ

Бақтияр: Тағы да биші қыздармызды қарсы алайық. Қамажай


Бахтияр:

“Елбасына”

Ауыр күнді артымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім,дінім,ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

“Елім,жерім” деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!


Ендеше оқушылар елбасымыздың өткен жылдары туралы сыр шертейік.


Анеля:

-1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.


-1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы.

-1960 – 1969 жылдары - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.


Жақсылық:

-1969 – 1973 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

-1973-1977 жылдары - Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

-1977 – 1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы

-1979 – 1984 жылдары - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

Айымгүл:

-1960 – 1969 жылдары - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

-1984 – 1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.


-1989 – 1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы


-1990 жылдың сәуірінен – Қазақ КСР президенті


Жансая:

-1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.

-1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

-1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78% дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды.

-2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.


Айдос:

-2010 жылғы 14 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің -Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 298-ІV Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы күшіне енді.


-2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,5 пайыз дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта  сайланды.Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.

Рәміздер айту

Эльмира: 1992 жылы 4 маусымда Елбасымыз мемлекеттік рәміздер туралы заңға қойып, Қазақ елі өзінің мемлекеттік рәміздеріне ие болды. Мемлекетіміздің биік мәртебесі – Туы, Елтаңбасы, Әнұранына зер салайық.

Меруерт.........Ту. 1992 жылы 4 маусымда Президент Н.Ә.Назарбаев ту шашағын сүйіп тұрып, “Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін”- деді. Туымыздың авторы: Шәкен Оңалсынұлы Ниязбеков.

Торекен.........Елтанба. Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

Қалай оның Елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса  ен – таңба ?!

Еліміздің нышандарын бекіткен күні Нұрсұлтан ата тебірене былай деді. “Ұлттық рухты осыншама кемел жеткізген елтаңба әлемге сирек кездеседі десек те артық болмас. Айбынымызды асырып, рухымызды аспандатар Елтаңбамыз қуатты болсын!”.

Бұған бүкіл еліміз қуанды.

Авторы: Жандарбек Мәліков мен Шотаман Уалиханов.


Анеля.........Әнұран. Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын , өзі әнші халықта ,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран ?!

1992 жылы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранның мәтіні туралы заңға қол қойылды.

Авторы: Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди,Мұқан Төлебаев

Сөзін жазған: Жадыра Дәрібаева, Мұзафар Әлімбаев,Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырзалиев.

Тәуелсіздіктің 10 жылдық мерейтойына орай әнұранды екінші рет жаңғырттық. Қазіргі әнұранның авторы: Шәмші Қалдаяқов.

сөзі: Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

ӘН

Эльмира: Ендеше, Дариға мен Меруерттің орындауында “Қазақ елі” әнін қабыл алыңыздар!


Өлең оқу

Бақтияр:

Өлең дейді,шіркін-ау, өлең дейді,

Кейде өлең байқаусызда елеңдейді.

Жаныңа дауа болып жадыратар,

Өлеңсіз өмір гүлге бөленбейді. – дей келе, егеменді тәуелсіз елдің кемеңгер басшысына арналған өлең жолдарына кезек берейік.


Айымгүл............ Елбасымыз ол біздің

Нұрлы жолға бастаған.

Болашаққа жол ашып,

Білімді жасты қолдаған.

Әліппеден таныған,

Нұрсұлтан біздің атамыз

Кең байтақ мына әлемде

Қамқоршы біздің панамыз.

Ақниет.......... Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші,ағайындар-бәріміз.

Ұлтым,елім деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Серікболсын ......Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

Ну орманы,тауы,өзен,көлі бар.

Қазағымның елін,жерін қорғайтын

Жас жеткіншек ұланы бар,елі бар.

Міне,осындай егеменді еліміз,

Кең жазира,ұлан-байтақ жеріміз.

Туған елін,туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз,еріміз.


Жансая... Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерержер даңқын.

Президентім,елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса,жас қазағым,өр халқым!


Альбина.... Төбемнен төңкергендей қара түнді

Түлетті тәуелсіздік қанатымды.

Елбасы арқасындаел жаңарып,

Арқаға Астанадай қала тұрды.

Аделя ... ... Ежелде елтұтқалар ел орнатқан,

Ұласқан ұрпағына олар мақтан.

Елбасы –қасиетті, аталы сөз

Мазмұны,мағынасы терең жатқан.

Елбасы кітаптары

Эльмира: «Елбасы – жазушы, ақын» (Елбасы кітаптары көрсетіледі.)
Нұрсұлтан Назарбаев – бірқатар ғылыми еңбектердің, ғылыми қоғамдық, саяси тақырыптағы кітаптардың авторы. Демек елбасы – жазушы. Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары:

  1. Айымгүл: «Қазақстан жолы» – Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл - Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Автор бұл кітаптың Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп сенеді. (Жібек Жолы, 2012)

  2. Диана: «Тарих толқынында» - Кітапта автор өткеннің кейбір іргелі сабақтарына жүгіне отырып, қазақ халқының тарихи жолы туралы ой толғайды, рухани мұраны дамыту мәселесіне тоқталады. (Атамұра, 1999)

  3. Ақниет: «Ғасырлар тоғысында» - Бұл кітаптың мақсаты – расында да, болмыстарынан бедерлі жаратылған саяси ықпалдастарымыздың бейнелерін жарқыратып сомдап шығу емес. Біздің көздегеніміз – кешегі кеңестік үрдіс құлағаннан бергі кезеңде кездескен саяси мәселелердің күрделі табиғатына ұоқырмандарымызды өз көзімен үңілдіріп, өз тұжырымын жасауына көмектесу. (Атамұра, 2003)

  4. Анеля: «Сындарлы он жыл» - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий аймағы, халықаралық құқық, жікшілдік саласында соңғы 10 жылда әлемде және Қазақстан Республикасында болған жағдайлары мен өзгерістері туралы айтады. (Атамұра, 2003)


  5. Жансая: «Жүз жылға татитын он жыл» - Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі. (Атамұра, 2001)

  6. Ерболат: «Тарих тағылымдары және қазіргі заман» - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің бес жылдығына арналған салтанатты жиналыста жасалған баяндама. (Қазақстан, 1997)

  7. Камила: «Қазақстан халқының азаматтық таңдауы» - тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар» - Қазақстан халықтары ассамблеясының IV сессиясындағы баяндама, Ақмола, 1997 жылғы 6 маусым. (Қазақстан, 1999)

Бақтияр: Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! – деген елбасымыздың сөзін айтқым келеді.

Эльмира: Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген:
«Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда».

АПАЙ: Тәуелсіз еліміздің аспаны ашық, елі аман, жұрты тыныш болсын, ел басқарған Елбасымыз аман болсын! Еліміздің болашағы, жас ұрпақ, біздің қолымызда. Сондықтан елдің, халықтың қамын ойлайтын азамат болайық дегім келеді. Бүгінгі тәрбие сағатымызды Елбасымыздың мынадай сөзімен аяқтағым келіп тұр: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе шын жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың жалғыз ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет, елдің де, жердің де иесі екеніңді ұмытпа». «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!


11



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
“Елбасы жолы – ерте?ге ?неге”

Автор: ?уантай?ызы ?арлы?аш

Дата: 12.12.2015

Номер свидетельства: 265485

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Елбасым ма?танышым "
    ["seo_title"] => string(21) "ielbasym-mak-tanyshym"
    ["file_id"] => string(6) "201535"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429084846"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Конспекта урока  "Ертегілер еліне саяхат""
    ["seo_title"] => string(47) "konspiekta-uroka-iertieghilier-ielinie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "287666"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1454515022"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "?ліппе,  са?ан  мы?  ал?ыс "
    ["seo_title"] => string(26) "lippie-sag-an-myn-alg-ys-1"
    ["file_id"] => string(6) "150794"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420557151"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Экологиялық білім мен тәрбиені дамыту баяндама"
    ["seo_title"] => string(51) "ekologhiialyk_bilim_mien_t_rbiieni_damytu_baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "380306"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1484632899"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(16) "Б?йтерек "
    ["seo_title"] => string(10) "b-itieriek"
    ["file_id"] => string(6) "154601"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421169373"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства